Power Query ақауын жою

Осы мақалада:

POWER QUERY таспа қойындысы жоқ

POWER QUERY таспа қойындысы жоқ

Power Query қондырмсы орнатылғаннан кейін POWER QUERY қойындысы пайда болмаған кез болуы мүмкін. Бұл Excel бағдарламасына арналған Microsoft Power Query COM қондырмасын жүктеу сәтсіздігінен болады. Көп жағдайда шешім өте қарапайым - Excel бағдарламасына арналған Microsoft Power Query COM қондырмасын қайта жүктеңіз.

Microsoft Power Query COM қондырмасын қайта жүктеу

  1. Excel бағдарламасында ФАЙЛ қойындысын басыңыз.

  2. Контекстік мәзірден Опциялар тармағын таңдаңыз.

  3. Excel Опциялары диалогтық терезесінде Қондырмалар түймешігін басыңыз.

  1. Excel бағдарламасына арналған Microsoft Power Query қондырмасы қондырмалар арасында болмаса:

    1. Диалогтық терезенің төменгі бөлігінен Басқару түймешігін табыңыз.

    2. Ашылмалы тізімнен COM қондырмалары тармағын таңдаңыз

    3. Өту түймешігін басыңыз.

    4. COM қондырмалары диалогтық терезесінде Excel бағдарламасына арналған Microsoft Power Query тармағын таңдаңыз.

    5. OK түймешігін басыңыз.

  2. POWER QUERY қойындысы көрінгендігін растаңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×