Picture Manager бағдарламасы туралы

Microsoft Office Picture Manager бағдарламасын пайдалану суреттеріңізді реттеуіңізге, өңдеуіңізге ортақ пайдалануыңызға мүмкіндік береді. Сақталған орнына қарамастан, барлық суреттеріңізді көруіңізге болады; Суреттердің орнын анықтау мүмкіндігі сізді іздеуді жүзеге асыру арқылы оларды табуға көмектеседі. Сондайөақ, Picture Manager бағдарламасы автоматты түрде суреттеріңізге түзетулер енгізеді. Егер сізге ерекшесін дұрыстау қажет болса, бірнеше жеке сурет өңдеуші құралдардан таңдауыңызға болады. Суреттерді ортақ пайдалану суреттерді электрондық пошта хабарларымен жіберуге немесе бірлескен интражелі сурет кітапханасын жасауға мүмкіндік беретін Picture Manager бағдарламасы арқылы қуаттана түседі.

Суреттеріңізді реттеу

Суреттермен жұмыс істеген сайын қалталардың орындары мен ұзын тізімдері арасында шарлаудың орнына, ендерді жиі қолданылатын суреттері бар орындардың барлығына қосуыңызға болады. Picture Manager бағдарламасы ағымдағы қалта иерархиясын сақтап, сізден жаңа санаттар құруды немесе суреттерді импорттауды талап етпейді. Енін қосқаннан кейін, сіз файл жүйесімен жұмыс істеген болсаңыз, сол орынның суреттерімен жұмыс істейсіз.

Суреттеріңізді өңдеу

Төмендегі параметрлер арқылы суреттеріңіздің көріну жолын өзгертуіңізге болады: ашықтық және контраст, түс, кес, айналдыру және бұру, қызыл көзді жою және өлшемін өзгерту.

Өңдеп болған соң, өңдеулерді ағымдағы файлға сақтауыңызға болады немесе өзгертілген суретті басқа файл атауын немесе басқа орынға экспорттау арқылы бастапқы файлды сақтауыңызға болады.

Суреттеріңізді ортақ пайдалану

Суреттеріңізді өңдеп болғаннан кейін, сіздің оларды жұмыс тобыңызбен ортақ пайдаланғыңыз келуі мүмкін. Суреттерді электрондық пошта хабарларымен жіберуіңізге немесе қарапайым басқару және рольдік рұқсат жүйесімен ерекшеленетін бай бірлескен жұмыс тәжірибесіне, сондай-ақ бастапқы суреттерді тиімді сақтай отырып, кез келген өлшеммен немесе ажыратымдылықпен сурет нұсқаларын пайдаланушылардың қотаруына мүмкіндік беретін бірегей суретте басқару моделіне арналған ортақ сурет кітапханасын жасауыңызға мүмкіндік береді. Суреттерді ортақ пайдаланғанда, суретті пайдаланғыңыз келген жол үішн ең тиімді саналатын өлшемге файлдарды сыға алатыныңызды есте ұстаңыз. Кішірек файл өлшемдері веб бетіне жылдам шығып, дисктен аз орын алады, ал суреттерді электрондық пошта хабарымен жіберу арқылы ортақ пайдаланғаныңызда, оларды жылдам жеткізуге болады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×