PERCENTILE.EXC функциясы

Ауқымдағы мәндердің k-процентилін қайтарады, мұнда k (қоса алмағанда) 0..1 ауқымында.

Синтаксис

PERCENTILE.EXC(массив,k)

PERCENTILE.EXC функциясының синтаксисінде мына аргументтер бар:

  • Массив     Міндетті. Қатысты орынды анықтайтын деректер массиві немесе ауқымы.

  • K     Міндетті. 0 мен 1 (қоса алмағанда) аралығындағы процентиль мәні.

Ескертпелер

  • Массив бос болса, PERCENTILE.EXC функциясы #NUM! қате мәнін қайтарады

  • k сан болмаса, PERCENTILE.EXC функциясы #VALUE! қате мәнін қайтарады.

  • k ≤ 0 немесе k ≥ 1 болса, PERCENTILE.EXC функциясы #NUM! қате мәнін қайтарады.

  • k 1/(n - 1) көбейткіші болмаса, PERCENTILE.EXC функциясы k-процентильдегі мәнді анықтау үшін интерполяцияны қолданады.

  • Көрсетілген процентильдің мәні массивтегі екі мән арасында болса, PERCENTILE.EXC функциясы интерполяцияны қолданады. Процентильге интерполяция жасау мүмкін болмаса, k берілген, Excel бағдарламасы #NUM! қатесін қайтарады.

Мысалы

Берілген кестеден мысал деректерді көшіріп алып, жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына салыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, соларды таңдап F2 түймешігін басыңыз және содан кейін Enter түймешігін басыңыз. Деректерді толық көру үшін баған енін қажетінше реттей аласыз.

Деректер

1

2

3

6

6

6

7

8

9

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=PERCENTILE.EXC(A2:A10, 0.25)

Көрсетілген процентиль үшін мән ауқымдағы екі мәндер арасында орналасқанда интерполяция жасайды.

2.5

=PERCENTILE.EXC(A2:A10, 0)

Көрсетілген процентиль үшін интерполяция жасай алмау себебті, Excel #NUM! қате туралы хабарды қайтарады.

#NUM!

=PERCENTILE.EXC(A2:A10, 0.01)

Көрсетілген процентиль үшін интерполяция жасай алмау себебті, Excel #NUM! қате туралы хабарды қайтарады.

#NUM!

=PERCENTILE.EXC(A2:A10, 2)

Көрсетілген процентиль 1 санынан үлкен болғандықтан, Excel #NUM! қате туралы хабарды қайтарады.

#NUM!

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×