PEARSON функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен PEARSON функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

Пирсон корреляция коэффициентін (r) -1,0 мен 1,0 (қоса алғанда)арасындағы өлшемсіз индексті береді; екі дерек жиындарының арасындағы сызықтық байланыс шамасын көрсетеді.

Синтаксис

PEARSON(1-массив, 2-массив)

PEARSON функциясы синтаксисінің келесі аргументтері бар:

  • 1-массив    Міндетті. Тәуелсіз мәндердің жиыны.

  • 2-массив    Міндетті. Тәуелді мәндердің жиыны.

Ескертпелер

  • Аргументтер сандар немесе сандары бар аттар, массив, тұрақты мәндер не сілтемелер түрінде болуға тиіс.

  • Егер массив немесе сілтеме аргументі құрамында мәтін, логикалық мәндер немесе бос ұяшықтар болса, ол мәндер еленбейді; дегенмен, нөл мәні бар ұяшықтар қамтылады.

  • Егер «1-массив» және «2-массив» аргументтерінде дерек нүктелерінің саны бос не әр түрлі болса, PEARSON функциясын #N/A қате мәнін береді.

  • Пирсон корреляция коэффициентінің (r) өрнегі:

    Теңдеу

    мұнда, x және y – AVERAGE(1-массив) және AVERAGE(2-массив) үлгілік орташа мәндер.

Мысалы

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Деректер

Тәуелсіз мәндер

Тәуелді мәндер

9

10

7

6

5

1

3

5

1

3

Формула

Сипаттамасы (Нәтижесі)

Н әтиже

=PEARSON(A3:A7,B3:B7)

Жоғарыда орналасқан деректер үшін Пирсон корреляция коэффициенті (0.699379)

0,699379

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×