PDURATION функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен PDURATION функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

Көрсетілген мәнге жету үшін инвестиция талап еткен кезеңдердің санын қайтарады.

Синтаксис

PDURATION(мөлшерлеме, ағымдық_құн,келешектегі_құны)

PDURATION функция синтаксисінің мынадай аргументтері бар.

  • Мөлшерлеме    Міндетті. Мөлшерлеме - әр кезеңнің пайыздық мөлшерлемесі.

  • Қб    Міндетті. Қб - инвестицияның ағымдағы құны.

  • Кб    Міндетті. Кб- инветицияның келешектегі құны.

PDURATION функциясы көрсетілген құн келешектегі құнға, ал қазіргі құн ағымдағы құн болатын мынадай теңдеуді қолданады.

PDURATION теңдеуі

Ескертпелер

  • PDURATION функциясы барлық аргументтердің оң мәндер болуын талап етеді.

  • Егер аргумент жарамсыз болса, PDURATION функциясы #NUM! қате мәнін береді.

  • Егер аргумент жарамды деректер түрін пайдаланбаса, PDURATION функциясы #VALUE! қате мәнін береді.

Мысал

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=PDURATION(2,5%,2000,2200)

$2000 көлеміндегі жылдық өсімі 2,5%-ды құрайтын қаржының $2200 көлеміне жетуі үшін қажетті жыл саны (3,86 жыл).

3,86

=PDURATION(0,025/12,1000,1200)

$1000 көлеміндегі жылдық өсімі 2,5%-ды құрайтын қаржының $1200 көлеміне жетуі үшін қажетті жыл саны (87,6 жыл).

87,6

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×