PDF және XPS пішімдеріндегі файлдарды басып шығару, ортақ пайдалану және қорғау

PDF және XPS пішімдері басқа адамдармен ортақ пайдаланғанда немесе коммерциялық әдістермен басып шығарғанда файлдарыңыздың пішімін сақтауға көмектеседі. PDF және XPS пішімдеріне түйіндер, заңдық құжаттар, жаршылар және оқылу мен басып шығаруға арналған файлдар жатады.

Не істегіңіз келеді?

PDF және XPS файл пішімдері туралы мәлімет

PDF немесе XPS пішімінде сақтауға арналған Майкрософт қондырмасын орнату және пайдалану

Үшінші тарап шешімін орнату

PDF және XPS файл пішімдері туралы мәлімет

Қотарылып алынатын қосымша функция болып табылатын қондырманы пайдалану арқылы Microsoft Office бағдарламасындағы файлды PDF немесе XPS пішімдеріне түрлендіруге болады:

  • PDF (Portable Document Format)    құжаттың пішімдеуін сақтауға және файлды ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. PDF пішіміндегі файлды желіден көргенде не басып шығарғанда, ол сізге қажетті пішімді сақтайды. Сондай-ақ, PDF пішімі коммерциялық басып шығару әдістері арқылы басылатын құжаттар үшін пайдалы болып табылады.

  • XPS (XML Paper Specification)    құжаттың пішімдеуін сақтауға және файлды ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. XPS пішіміндегі файлды желіден көргенде не басып шығарғанда, ол дәл сізге қажетті пішімді сақтайды.

Беттің жоғарғы жағы

PDF немесе XPS пішімінде сақтауға арналған Майкрософт қондырмасын орнату және пайдалану

Файлды PDF немесе XPS пішімінде сақтау үшін, алдымен 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламалары үшін PDF немесе XPS пішімінде сақтауға арналған қондырманы орнату керек.

  1. 2007 Microsoft Office жүйесінің бағдарламаларына PDF немесе XPS пішімінде сақтауға арналған Microsoft қондырмасы тармағына өтіңіз де, сол беттегі нұсқауларды орындаңыз.

  2. PDF немесе XPS пішімінде сақтауға арналған қондырманы орнатқаннан кейін, файлдарыңызды PDF немесе XPS пішімінде сақтауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Үшінші тарап шешімін орнату

Деректерді Microsoft Office жүйесінен басқа пішімде сақтауға немесе экспорттауға мүмкіндік беретін PDF немесе XPS бағдарламаларына қоса басқа да шешемідер болуы мүмкін.

«Office.com Downloads» бетінде файл түрлендіргіштері мен көру құралдары тармағына өтіңіз де, басқа қондырмаларды шолыңыз не іздеңіз.

Қондырманы алғаннан кейін, оны орнату және пайдалану бойынша жеткізушінің нұсқауларын орындаңыз.

Ескерту : Осы мақалада талқыланған үшінші тарап өнімдері Майкрософт корпорациясына қарасты емес; Майкрософт бұл өнімдердің жұмыс өнімділігі және сенімділігі туралы ешқандай (тікелей не тұспалданған) кепілдік бермейді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×