Outlook Social Connector қондырмасына кіріспе

Outlook Social Connector қондырмасы Microsoft Outlook 2010 бағдарламасын іскерлік және жеке әлеуметтік желілермен байланыстырады. Outlook бағдарламасында ұйымның желісінде немесе Интернеттегі әлеуметтік желілік тораптарда болғаныңызға қарамастан, контактілердің күйі мен әрекеттері туралы ақпарат алып отыруға болады.

Мысалы, әріптесіңіз Қаныш Майлин сіз пайдаланатын екі әлеуметтік желілік торапқа тиесілі. Outlook Social Connector қондырмасы арқылы Outlook бағдарламасының бір орнынан оның күй жаңартуларын, аңғартпаларын, хабарларын және әлеуметтік желілік тораптардағы ескертулерін қарап алуға болады. Сондай-ақ, Қанышпен бірге ортақ пайдаланылатын алмасатын электрондық пошта хабарлары, тіркемелер және жиналыстар сияқты барлық Outlook элемент тізімін қарап алуға болады. Outlook Social Connector қондырмасы Контактілер қалтасындағы Қаныштың мәліметтерін әлеуметтік желілік профайлдарға енгізілген өзгертулермен жаңартады. Бұл ақпарат алып отыруға және келесі жолы Қанышпен байланысқанда кәсіби немесе әлеуметтік тұрғыдан хабардар болуға мүмкіндік береді.

Бұл мақалада:

Outlook Social Connector қондырмасын пайдалануды бастау

Адамдар тақтасында ақпарат алып отыру

Outlook Social Connector қондырмасын жасыру

Outlook Social Connector қондырмасын пайдалануды бастау

Әдетте Outlook Social Connector қондырмасы қайырылады және Outlook 2010 бағдарламасында Оқу аймағы төменгі жағындағы жалғыз бір жол ретінде пайда болады. Outlook Social Connector қондырмасын пайдалану үшін, шығарып алу көрсеткісін нұқыңыз немесе қажетті өлшемге дейін қайырылған тақтаның үстіңгі жағын апарыңыз. Бұл Outlook Social Connector қондырмасы әлеуметтік желілерден көрсететін ақпаратты қарап шығуға және оларды ашуға болатын Outlook бағдарламасындағы жаңа аумақты, яғни Адамдар тақтасын ашады.

Егер ұйымыңыз Outlook 2010 бағдарламасын және Microsoft Office SharePoint Server 2010 серверін пайдаланса, әріптестеріңіздің қол жетімді әрекеттер элементтерін көрсету үшін, Outlook Social Connector қондырмасы ұйымыңыздың SharePoint тораптарымен автоматты түрде қосыла алады.

Маңызды :  Пайдаланылатын Интернеттегі әрбір әлеуметтік желінің Outlook Social Connector қондырмасын қотарып, орнату керек. Бұл қондырмаларды Microsoft корпорациясы қамтамасыз етпейді — Outlook Social Connector қондырмасына қолдау көрсететінін анықтау үшін, пайдаланылатын әлеуметтік желілік тораптарға кіріңіз.

Outlook бағдарламасы іске қосылып тұрған кезде, Outlook Social Connector қондырмасы кәсіби және әлеуметтік желілік контактілер туралы ақпаратты автоматты түрде жаңартады.

Outlook Social Connector қондырмасын қосымша әлеуметтік желілерге қосу үшін, Көрініс қойындысындағы Адамдар аймағы тобынан Адамдар аймағы тармағын, одан кейін Тіркелгі параметрлері параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Адамдар тақтасында ақпарат алып отыру

Outlook элементін нұқығанда, Адамдар тақтасы сол элементпен байланыстырылған адам туралы ақпаратты және сол адамның орындаған соңғы әрекетін көрсетеді. Құрамында соңғы күй жаңартулары, аңғартпа хабарлары немесе әлеуметтік желілерден түскен хабарлары, оның ішінде электрондық пошта хабарлары, күнтізбе элементтері және тіркемелер сияқты Outlook элементтері бар.

Адамдар тақтасы көрінбейді

Outlook Social Connector қондырмасының Адамдар тақтасы көрінбеуінің бірнеше себебі бар.

  • Оқу аймағы өшірілген.    Көрініс қойындысындағы Орналасу тобынан Оқу аймағы тармағын, Оң немесе Төмен параметрін таңдаңыз.

  • Адамдар тақтасы өшірілген.    Көрініс қойындысындағы Адамдар тақтасы тобынан Адамдар тақтасы тармағын, Төменгі параметрін таңдаңыз.

  • Ұйымыңыз сыртқы веб-тораптармен қосылымына қолдау көрсетпеуі мүмкін.    Кейбір ұйымдар желіден тыс әлеуметтік желі тораптарына қатынасты қолдамайды. Қосымша ақпарат алу үшін, желілік әкімшіге хабарласыңыз.

Оқу аймағы бірге Адамдар тақтасы электрондық пошта хабарлары, кездесулер немесе жиналыстар мен контактілер сияқты ашық Outlook элементтерінің төменгі жағында пайда болады.

Outlook элементін таңдағанда, элементтің жіберушісі туралы ақпарат Адамдар тақтасынан көрінеді. Құрамында бірнеше адамы бар Outlook элементін таңдағанда, әрбір адамның кішігірім суреті Адамдар тақтасының үстіңгі жағындағы терезе тақырыбында пайда болады. Сол адамның мәліметтерін Адамдар тақтасында көрсету үшін, суретті нұқыңыз.

Элементке қосылған барлық адамдардың үлкен суреттерін көру үшін, терезе тақырыбындағы Барлық адамдар параметрін таңдаңыз. Сол адамның мәліметтерін Адамдар тақтасында көрсету үшін, суреттердің кез келгенін нұқыңыз.

Адамдар тақтасында адамның басқа мәліметтерін көру үшін, тізім терезесінің сол жағындағы қойындылардың кез келгенін нұқыңыз. Алты әдепкі қойынды бар:

  • Барлық элементтер.    Құрамында таңдалған адамның барлық әрекеттері мен хабарлары бар.

  • Әрекеттер.    Бұл ескертулер, аңғартпалар немесе хабарлар сияқты таңдалған адамның әлеуметтік желілік тораптарында орналастырылған әрекетін көрсетеді.

  • Пошта.    Таңдалған адаммен алмастырылған соңғы электрондық пошта хабарларының тізімі көрсетіледі.

  • Тіркемелер.    Таңдалған адамға жіберілген немесе алынған тіркемелер көрсетіледі.

  • Күнтізбе.    Сіздің және таңдалған адамның өткен және болашақ жиналыстары немесе кездесулері көрсетіледі.

  • Күй жаңартулары. Бұл таңдалған адам орналастырған ең соңғы күй жаңартуларын көрсетеді.

Қойындылар тізіміндегі кез келген элементті ашу үшін, элементті нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Outlook Social Connector қондырмасын жасыру

Барлық Outlook көріністерінде Outlook Social Connector қондырмасын жасыру үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  • Көрініс қойындысындағы Адамдар аймағы тобынан Адамдар аймағы тармағын, одан кейін Өшірілген параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Тамаша! Тағы пікір қалдырғыңыз келмей ме?

Мұны қалай жақсарта аламыз?

Пікіріңіз үшін рақмет!

×