Outlook 2013 бағдарламасындағы негізгі тапсырмалар

Microsoft Outlook 2013 бағдарламасы электрондық пошталарды, күнтізбелерді, тапсырмаларды, әрекеттер тізімін бір жерден ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламада электрондық поштамен жұмыс істеуді бастай аласыз, оларды тапсырмаларға не кездесулерге ауыстыра аласыз және қатынасатын адамдарыңызды контактілер тізіміне сақтай аласыз, сөйтіп, электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөмірлерін есте сақтаудың еш қажеттілігі болмайды. Осы негізгі қадамдарға қысқаша тоқталып өтейік.

Электрондық пошта орнату

Бірінші қадам — электрондық пошта орнату. Одан кейін, хабарламаларды алуға және жіберуге, күнтізбені пайдалануға, контактілер құруға және тапсырмалармен жұмыс істеуге дайын боласыз.  

Компьютерде Outlook бағдарламасының ескірек нұсқасы пайдаланылатын болса, орнату автоматты түрде жүзеге асады. Егер пайдалнбасаңыз, Outlook бағдарламасын алғаш іске қосқанда, Тіркелгіні автоматты түрде орнату шебері қосылып, үрдісті қадам-қадам бойынша жүргізеді.

Аты-жөніңізді, электрондық пошта мекенжайыңызды және құпиясөзіңізді енгізу сұралады. Бұл ақпарат әдетте жеткілікті, алайда, егер автоматты орнату мүмкін болмаса, Outlook бағдарламасы пошта серверінің атау секілді қосымша ақпаратты енгізуді сұрауы мүмкін.

Егер бұл ақпарат жоқ болса, электрондық пошта провайдері бұл мәліметті бере алады.

Backstage view көрінісіне тіркелгі түймешігін қосу

Ескерту : Егер кейінірек тағы бір электрондық пошта тіркелгісін қосқыңыз келсе, тіркелгіні автоматты түрде орнату функциясын іске қосу үшін, Файл > Тіркелгі параметрлері түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Жаңа электрондық пошта хабарламаларын құру

Пошта бөлімінде Жаңа электрондық пошта пәрменін таңдаңыз.

Жаңа электрондық пошта

Пернелер тіркесімі    Электрондық пошта хабарламасын жасау үшін CTRL+SHIFT+M пернелер тіркесімін басыңыз.

Болған соң, Жіберу түймешігін басыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін, Электрондық пошта хабарын жасау бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Электрондық поштаны бағыттау не жауап беру

Оқу аймағы не таспадағы Жауап беру, Барлығына жауап беру не Қайта жіберу түймешігін басыңыз.

Жауап беру

Кімге және Көшірме жолдарынан атты жою үшін оны басып, Delete пернесін басыңыз. Алушыны қосу үшін Кімге, Көшірме немесе Жасырын көшірме өрісін басып, алушыны енгізіңіз.

Қосымша ақпарат алу үшін, Электрондық пошта хабарына жауап беру немесе қайта жіберу бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Электрондық пошта хабарламасына тіркеме қосу

Файлды ортақ павйдалану үшін оны хабарламаға тіркеңіз. Сондай-ақ, хабарламалар, контактілер не тапсырмалар секілді өзге Outlook элементтерін тіркей аласыз.

  1. Хабар жасаңыз немесе бар хабарды алу үшін, Жауап беру, Бәріне жауап беру немесе Қайта жіберу пәрменін таңдаңыз.

  2. Хабарлама терезесінде Хабарлама > Файл тіркеу пәрменін орындаңыз.

Файл тіркеу


Қосымша ақпарат алу үшін, Файл, хабар, контакт не тапсырманы электрондық пошта хабарына тіркеу бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Электрондық пошта хабарламасы тіркемесін ашу не сақтау

Тіркемені Оқу аймағы ішінен немесе ашық хабарламадан ашуға болады. Тіркемені ашып, қарағаннан кейін, оны сақтауға болады. Егер хабарда бірнеше тіркеме болса, бір уақытта бірнеше тіркемені топ ретінде немесе жалғыз сақтауға болады.

Тіркемені ашу

Тіркемені екі рет басыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін, Тіркемелерді ашу бөлімін қараңыз.

Тіркемені сақтау

  1. Оқу аймағында немесе ашық хабарда тіркемені басыңыз.

  2. Тіркемелер қойындысындағы Әрекеттер тобынан Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз. Сондай-ақ, тіркемені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Басқаша сақтау пәрменін таңдауға болады.

Тіркемелер ретінде сақтау

Қосымша ақпарат алу үшін, Тіркемелерді сақтау бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Хабарламаларға электрондық пошта қолтаңбасын қосу

Хабарламаның төменгі жағында көрсетілетін жеке қолтаңбалар құра аласыз. Электрондық пошта хабарламаларыңыз үшін құрамында мәтін, суреттер, Электрондық бизнес картасы, мекеме ені немесе тіпті қолмен қойған қолтаңба суреті бар жекелендірілген қолтаңбалар жасай алады.

Қолтаңба жасау

  1. Жаңа хабарламада Қолтаңба >Қолтаңбалар пәрменін орындаңыз.

Қолтаңба

  1. Электрондық пошта қолтаңбасы қойындысындағы Жаңа түймешігін басыңыз.

Қолтаңба қосу

Жаңа хабарламада Қолтаңба түймешігін басып, қажетті қолтаңбаны басыңыз.

Қолтаңба

Қосымша ақпарат алу үшін, Электрондық пошта хабарының қолтаңбасын жасау және қосу бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Күнтізбе кездесуін жасау

Outlook бағжарламасындағы кездесулер жиналыстармен бірдей әрекеттер емес. Кездесулер — басқа адамдарды шақыруды немесе конференция бөлмесі секілді ресурстарды сақтауды қамтымайтын күнтізбеде жоспарланатын әрекеттер.

Күнтізбе түймешігін басыңыз

Күнтізбе қойындысындағы Жаңа кездесутүймешігін басыңыз. Сондай-ақ, күнтізбе торындағы уақыт блогын оң басып, Жаңа кездесу түймешігін басуға болады.

Күнтізбедегі Жаңа кездесу

Пернелер тіркесімі    Кездесуді жасау үшін, Ctrl+Shift+A пернелер тіркесімін басыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін, Кездесуді жоспарлау бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Кездесуді жоспарлау

Жиналыс — басқа адамдарды қамтитын және жиналыс бөлмелері сияқты ресурстарды қамтуы мүмкін кездесу. Жиналысқа шақыруларға жауаптар Кіріс қалтасында пайда болады.

Күнтізбе қойындысындағы Жаңа жиналыс түймешігін басыңыз.

Күнтізбедегі Жаңа жиналыс

Пернелер тіркесімі   Outlook бағдарламасындағы кез келген қалтадан жиналыс сұрауын жасау үшін, Ctrl+Shift+Q пернелер тіркесімін басыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін, Басқа адамдармен жиналысты жоспарлау бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Еске салғышты орнату

Еске салғыштар ескерту хабарларын терезеде көрсетеді және маңызды күндерді ұмыту қаупі азаяды. Outlook бағдарламасындағы барлық дерлік мүмкіндіктер үшін есте салғыш қоса не жоя аласыз.

Кездесулер немесе жиналыстар үшін:

Кездесу не Жиналыс қойындысын басып, Еске салғыш ашылмалы тізімінен кедесу не жиналыс басаталар бұрын есте салғыштың қай уақыт аралығында қалқып шығарылуын таңдаңыз. Еске салғышты ажырату үшін Ешбір түймешігін басыңыз.

Электрондық пошта хабарламалары, контактілер және тапсырмалар үшін

Кейінгі әрекеттер> Еске салғыш қосу пәрменін басыңыз.

Орындалсын

Кеңес : Еске салғыштарды пайдаланып электрондық пошта хабарламаларын әрекеттер тізімі элементтері ретінде жылдам жалауша қоюға болады. Бұл әрекет хабарламаны Тапсырма жолағында және тапсырмалар бөлімінде көрсетеді, алайда, автоматты түрде еске салғыш қоспайды. Хабар тізіміндегі жалаушаны тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Ал хабар ашық болса, Кейінгі әрекеттер >Еске салғышты қосу пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Контакт жасау

Контактілер ат және электрондық пошта мекенжайы сияқты қарапайым болуы мүмкін немесе оған көше мекенжайы, бірнеше телефон нөмірлері, сурет, туған күндер секілді ақпарат пен егжей-тегжейлер кіруі мүмкін.

Адамдар

Адамдар қойындысында Жаңа контакт түймешігін басыңыз.

Жаңа контакт

Пернелер тіркесімі.   Outlook бағдарламасындағы кез келген қалтадан контакт жасау үшін, CTRL+SHIFT+C пернелер тіркесімін басыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін, Контактіні жасау немесе қосу бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Тапсырманы жасау

Көптеген адамдар әректтер тізімін қағазда, кестеде не бірнеше парақтарда және электрондық әдістер арқылы құрады. Outlook бағдарламасында бірнеше тізімдерді бір тізімге біріктіре аласыз, еске салғыштар қоса ааласыз және тапсырмалардың алға басуын бақылай аласыз.

Taпсырмалар қойындысындағы Жаңа тапсырма пәрменін таңдаңыз.

Пернелер тіркесімі    Жаңа тапсырма жасау үшін, Ctrl+Shift+K пернелер тіркесімін басыңыз.

Қосымша ақпаратты Тапсырмаларды және тапсырмалар тізімі элементтерін жасау бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Электрондық пошта хабарламасын, контактіні, күнтізбе элементін не тапсырманы басып шығару

Файл > Басып шығару жолағының астында электрондық пошта хабарламалары, контактілер не күнтізбе элементтері секілді элементтерді, не күнтізбе, мекенжай кітапшасы секілді үлкенңрек көріністерді, не пошта қалтасы үшін мазмұн тізімдерін басып шығаруға болады.

  1. Басып шығарғыңыз келетін элементті не қалтаны Outlookбағдарламасында басыңыз.

  2. Файл > Басып шығару пәрменін орындаңыз.

Басып шығару

Қосымша ақпаратты Outlook бағдарламасында элементтерді басып шығару бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×