Outlook 2013 бағдарламасындағы жаңалықтар

Your browser does not support video. Install Microsoft Silverlight, Adobe Flash Player, or Internet Explorer 9.

Outlook бағдарламасын алғаш ашқанда, жаңа көріністі байқайсыз. Бағдарлама электрондық пошта, күнтізбелер және контактілер секілді маңызды бөлімдерге назар аудару үшін айқын көрініспен жасақталған.

Outlook 2013 бағдарламасында электрондық хаттармен, тапсырмалармен немесе кездесулермен және күнтізбелермен жұмысты бастау жолы туралы мәліметтер алу үшін Outlook 2013 бағдарламасындағы негізгі тапсырмалар бөлімін қараңыз.

Байланысу

Хабарламалар тізіміндегі хабарламаларды алдын ала қарау

Қай хабарламаны бірінші оқу және жауап қайыру қажет екенін бір қарағаннан-ақ анықтаңыз.

Хабарламалар тізіміндегі хабарламаларды алдын ала қарау

Кірістірілген жауаптар арқылы жылдамырақ жауап беру

Жауабыңызды оқу аймағына енгізу арқылы бір басумен жауап беріңіз. Немесе, дәл сол мезетте сөйлесуді бастау үшін Lync ЖХ сөйлесулерін пайдаланыңыз.

Кірістірілген жауап

Жылдам әрекет ету үшін хабарлама тізіміндегі пәрмендерді пайдалану

Хабарлама тізіміндегі пәрмендер арқылы хабарламаларды оқылған не оқылмаған деп белгілеңіз, жойыңыз не жалаушалаңыз.

Жалаушалау және жою пәрмендері

Сондай-ақ, басты назарды қажетті хабарламаға аудару үшін кіріс қалтасындағы Барлығы және Оқылмаған түймешіктерін пайдалана аласыз.

Оқылған және оқылмаған

Қосымша оқыңыз:

Беттің жоғары бөлігі

Реттеуші

Қысқаша шолу

Кестеге, кездесулерге не хабарламаны жіберуші мәліметтеріне—мысалы, электрондық поштадан күнтізбеге не өзге де режимдерге ауыспай-ақ шолу жасаңыз.

Шолу

Қосымша оқыңыз:

Барлық контакт туралы мәліметті бір жерден көру

Контакт картасы контакт туралы барлық маңызды ақпаратты бір жерде сақтайды: телефон нөмірі, электрондық пошта, мекен-жай, компания ақпараты, әлеуметтік медиа жаңартулары,тіпті, олардың қол жетімді болуы туралы ақпарат. Картадан жиналыс жоспарлай аласыз, жедел хабарлама жібере аласыз, қоңырау шала аласыз, барлық сөйлесулер үшін бір рұқсат ету орталығын құра аласыз.

Контакт картасы

Outlook элементтері арасында жылдам ауысу

Шарлауды жеңілдету үшін Пошта, Күнтізбе, Адам және Тапсырма көріністері экранның төменгі жағындағы күй жолағынан сәл жоғары орналасқан.

Outlook элементтері

Қосымша оқыңыз: Күнтізбелеріңізді, контактілеріңізді не тапсырмаларыңызды қарау

Кіріс қалтасын реттеу

Өзіңіздің жұмыс істеу жолыңызға қолдау көрсету үшін қалталардың атын өзгертіп, оларды жылжытыңыз.

Кіріс қалтасын реттеу

Барлық жоба құжаттары мен электрондық пошта үшін бір ортақ орын — торап пошта жәшіктері

Топ қалтасын, күнтізбесін және тапсырмалар тізімін Outlook, Exchange және SharePoint қызметінің біріккен күші арқылы басқару үшін топтың әр мүшесіне топтық қатысу рұқсатын беріңіз.

Торап пошта жәшіктері

Ешқандай қондырмаларды пайдаланбай Outlook.com сайтына қосылу

Outlook 2013 бағдарламасы Exchange ActiveSync қызметіне арналған бекітілген қолдауды қамтиды, бұл Outlook.com жүйесіне (бұрынғы атауы Hotmail) қосылу үшін арнайы қондырма қажет емес дегенді білдіреді. Сондай-ақ, өміріңіздің әр бөлігін жоспарлау үшін Тапсырмалар қызметін пайдаланатын болсаңыз, барлық жоспарларды бір жерде сақтау үшін Hotmail тапсырмаларын Outlook.com қызметімен синхрондай аласыз.

Беттің жоғары бөлігі

Табу

Қажетті ақпаратты қалаған уақытыңызда табыңыз

Қажетті ақпаратты табу үшін электрондық поштада, тіркемелерде, күнтізбе кездесулерінде іздеу жұмыстарын жүргізіңіз.

Қосымша оқыңыз:

Жауын-шашын бола ма, әлде күн ашық бола ма?

Жергілікті ауа рай болжамын іздеудің қажеті жоқ, себебі, ол ағымдағы жағдайлармен бірге Күнтізбе көрінісінде көрсетілген.

Ауа райы аймағы

Қосымша оқыңыз:

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×