Outlook күнтізбесіне кіріспе

Microsoft Office Outlook 2007күнтізбесі дегеніміз, Office Outlook 2007 жүйесінің күнтізбесі және кестесінің құрам бөлігі, сонымен қатар ол электрондық пошта хабарларымен, байланыстармен және басқа да мүмкіндіктермен толықтай біріктірілген. Күнтізбенің көмегімен:

  • Кездесулер және оқиғаларды     құра аласыз.

    Белгілеуде жазатыныңыз тәрізді, Outlook күнтізбесіндегі кез келген уақыт межесін шертіп қалып, сол жерге жаза бастайсыз.Жаңа градиентті реңктер сізге ағымдық ай-күн мен уақытты көруді жеңілдетеді.Ағымдық уақыт тек Күн жәнеАпта көріністерінде ғана басқа түспен ерекшеленіп көрсетіледі. Сіз кездесулер, жиналыстар, оқиғалар туралы ескертулердің дыбыс сигналымен не хабар арқылы келіп түсуін таңдай аласыз, сонымен қатар элементтерді бір-бірінен тез айырып көрі үшін жеке-жеке түспен белгілей аласыз.

  • Жиналыстарды ұйымдастыру    

    Күнтізбеден уақытты таңдап алыңыз, жиналысқа шақыру құрыңыз және шақырылмақ қатысушыларды таңдап алыңыз. Outlook сізге барлық шақырушылар бірдей бос болатын ең жақын аралықтағы уақытты анықтап береді. Жиналыс шақыруын электрондық поштамен жіберген кезде, бұл шақыру қатысушылардың хабар қабылдайтын жәшігіне келіп түседі. Шақыруды қабылдаушылар бір ғана түймені басу арқылы жиналысқа шақыруды қабылдауы, не сынақ мерзімімен қабылдауы не болмаса қабылдаудан бас тартуы мүмкін Егер сіздің шақыруыңыз шақырылып отырған адамның күнтізбесіндегі элементпен үйлесімсіз болса, онда Outlook хабарлама көрсетеді. Егер сіз, жиналысты ұйымдастырушы ретінде бұған рұқсат берсеңіз, онда шақырылушылар жиналысты ұйымдастыруға болатын басқа бір уақытты ұсынады. Ұйымдастырушы ретінде шақыруды аша отырып, оны кімнің қабылдап, кімнің одан бас тартқанын не кімнің жиналысты өткізуге басқа уақытты ұсынып отырғанын қадағалап отыра аласыз. .

  • Топ күнтізбелерін көрсету    

    Сіз адамдар топтарының кестесін, не ресурстарын бір мезетте көрсететін күнтізбелерді құра аласыз. Мысалы, сіз өз бөліміңіздегі адамдардың барлығының кестелерін көріп, не жұмыс ғимаратында орналасқан конференц-залдар тәрізді ресурстардың барлығын көре аласыз. Бұл жиналыстар кестесін тез ұйымдастыруға көмектеседі.

  • Күнтізбелерді қатар көрсету    

    Сіздің өзіңіз құрған күнтізбелерді, сонымен қатар басқа Outlook пайдаланушыларымен бөлісе пайдаланып отырған күнтізбелерді қатар-қатар ашып көруге мүмкіндігіңіз бар. Мысалы, сіз өзіңіздің жеке кездесулеріңіз үшін жеке бір күнтізбе құрып, осы жеке күнтізбеңіз бен ресми күнтізбеңізді қатар қойып ашып көре аласыз.

    Сондай-ақ, көрсетіліп тұрған күнтізбелердегі кездесулердің көшірмесін жасау арқылы бірінен біріне көшіре аласыз. Өз күнтізбеңізді тез арада басқалармен бөлісу үшін және басқалармен бөлісе пайдаланып отырған күнтізбелерді ашу үшін шарлау аумағын қолданыңыз. Күнтізбенің иесінің сізге рұқсат берген-бермегеніне қарай бөлісе пайдаланылып отырған күнтізбеде кездесулерді құрып, не құрылған кездесулерді өзгерте аласыз.

  • Күнтізбелерді бірінің үстіне бірін қойып ашып көрсету    

    Сіз өзіңіз құрған және басқа Outlook пайдаланушыларымен бөлісіп отырған бірнеше күнтізбелерді бірінің үстіне бірін қойып көрсете аласыз. Мысалы, сіз жеке кездесулеріңізге арналған жеке күнтізбені құрып, қандай кездесулердің уақыттары бір-біріне қайшы келіп тұрғандығын, не қандай бос уақыттың барлығын көру үшін жеке және ресми күнтізбелеріңізді бірінің үстінен бірін ашып көре аласыз.

  • Тораптардағы күнтізбелерге Windows SharePoint Services 3.0сілтеме    

    ЕгерWindows SharePoint Services 3.0 торабына қатынасуға мүмкіндігіңіз бар болса, онда осы тораптан күнтізбеңіздегі оқиғалар тізімін көре аласыз. Тіптен, дербес жұмыс істеп тұрсаңыз да Outlook жүйесіндегі тізімге өзгерістер жасай аласыз. Бұл өзгерістер интернетке қайта қосылған кезде, автоматты түрде қадамдастырылады. Сонымен қатар, сіз Windows SharePoint Services 3.0 күнтізбелерін басқа да жеке басыңыздың не бөлісе пайдаланылып отырған күнтізбелермен қатар ашып көре аласыз.

  • Күнтізбелерді кез келген адамға электрондық пошта хабарымен жіберу    

    Сіз өз күнтізбеңізді оның ішіндегі қаншалықты мәліметтің бөлісе пайдалануға рұқсатталатынын, және қаншасының пайдалануға рұқсатталмайтынын өз бақылауыңызда ұстай отырып, хабарды алушыға интернет күнтізбесі ретінде жібере алсыз. Сіздің күнтізбеңіздегі мәлімет, электрондық пошта хабарының ішінде интернет күнтізбесінің тіркемесі ретінде жіберіледі, оны қабылдаушы Outlook жүйесінен ашып көре алады.

  • Күнтізбені Microsoft Office Online жүйесінде жариялау    

    Сіз күнтізбелеріңізді Office Online веб-сайтында жариялап, оған қатынасушыларды бақылай аласыз.

  • Интернет күнтізбелеріне жазылу    

    Интернет күнтізбесіне жазылу, қотарылып алынған әрі интернетпен жиі-жиі қадамдастырылған және жаңартылған күнтізбелерден басқа интернет күнтізбелеріне ұқсайды.

  • Басқа пайдаланушының күнтізбесін басқару    

    Өкілдік қатынас мүмкіндігін пайдалана отырып, адам өз Outlook көшірмесі арқылы басқа адамның күнтізбесін оңайшылықпен басқара аласыз. Мысалы, менеджердің әкімшілік көмекшісі оның күнтізбесін басқара алады. Менеджер көмекшіні өз өкілі ретінде тағайындаған кезде, көмекші кездесулерді құрып, жылжытып, не болдырмаумен қатар, менеждердің атынан жиналыстарды ұйымдастыра алады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×