Outlook бағдарламасы сізге вирустардан, спамнан және фишингтан сақтануға қалай көмектеседі

Интернет арқылы Кіресін жәшігіңізге келіп түсуі мүмкін вирус, спам және фишинг сияқты көптеген қауіптер бар. Бұл бөлімде осы қауіп-қатерлер мен Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасы компьютеріңізді олардан қорғауға көмектесу үшін қалай әзірленгендігі қысқаша сипатталады.

Бұл бөлімде

Спамнан қорғау

Фишинг шабуылдарынан қорғау

Хабарларды қауіпсіз алдын ала қарап шығу және ашу

Тіркемелерді қауіпсіз алдын ала қарап шығу және ашу

Макровирустардан қорғау

Спамнан қорғау

Электрондық поштаны пайдаланып көрген кез келген тұлға көбі қалаусыз болып табылатын көптеп келетін электрондық пошта хабарларының ағынымен таныс. Outlook бағдарламасы спам туғызатын мәселені кіресін поштаны автоматты түрде тексеріп, спам деп болжанатын хабарларды Қалаусыз электрондық пошта хабарлары қалтасына орналастыратын Қалаусыз электрондық пошта хабарларының сүзгісінің көмегімен азайтуға көмектеседі.

Сонымен қатар, Outlook бағдарламасының қосымша спамқарсы мүмкіндіктері бар. Әдетте, HTML пішіміндегі хабарларда көп жағдайда сыртқы Интернет қайнар көзінде орналастырылған суреттер мен дыбыстар болады. Көп жағдайда ол хабардың ішіне көптеп сурет салуды болдырмайтын заңды жіберушілермен жасалады. Дегенмен, қалаусыз пошта жіберушілері осы мүмкіндікті сіздің электрондық пошта мекенжайларыңызды жинайтын "Веб-таңбалаушысы" ретінде пайдаланады. Сіз хабарды ашып, мазмұны автоматты түрде қотарылғанда сіз байқаусыздықта өзіңіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарамды екендігін білдіріп қоясыз. Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз спамерлерге тапсырылып, нәтижесінде қалаусыз пошта хабарлары сізге көптеп жіберіле бастайды. Әдепкіде, Outlook бағдарламасы суреттердің автоматты қотарылуын құрсаулайды. Егер сіз хабар сенімді қайнар көзден келді деп шешетін болсаңыз, сіз суреттерді немесе сыртқы мазмұнды құрсаудан босата аласыз.

Соынмен қатар, Outlook бағдарламасы қосымша түрде сіздің кіресін жәшігіңізге келетін спамды азайту үшін Outlook бағдарламасының электрондық поштаны таңбалау деп аталатын технологияны пайдаланады.

Беттің жоғарғы жағы

Фишинг шабуылдарынан қорғау

Фишинг сіздің банк шотыңыздың нөмірі мен құпия сөз сияқты құпия ақпаратыңызды біліп алу мақсатымен еліктірудің қасақана әдісі болып табылады. Әдетте фишинг хабарларында сізді іс жүзінде алдамшы Веб тораптарына кіріп, өзіңіздің құпия ақпаратыңызды енгізіп, растауды талап ететін жалған сілтемелері болады. Сіздің құпия ақпаратыңыз қылмыскерлермен сіз туралы ақпаратты немесе ақшаңызды немесе екеуін де ұрлау үшін пайдаланылады.

Фишинг электрондық пошта хабарларын мысалы банкіңізбен жіберілетін заңға сәйкес электрондық пошта хабарларынан ажырату қиын болғандықтан, Қалаусыз электрондық пошта хабарларының сүзгісі әр кіресін хабарды күмәнді болуына және құрамында күмәнді сілтемелердің болуына немесе жалған электрондық пошта мекенжайларынан жіберілгендігіне қатысты тексеріп отырады. Егер сүзгі хабарды күмәнді деп таныса, хабар Қалаусыз электрондық пошта хабарлары қалтасына жіберіп, хабардағы сілтеме ажыратылады. Жалған электрондық пошта мекенжайларынан жіберілген хабарларға абайсызда жауап беруді болдырмау үшін хабардағы Жауап беру және Барлығына жауап беру мүмкіндіктері ажыратылады. Қосымша түрде, күмәнді хабардың кез келген тіркемесі ажыратылады. Толық ақпараттыФишинг хабарларындағы сілтемелер мен мүмкіндіктерін қосу немесе ажырату.

Ескерту : Егер сізде Microsoft Exchange Server 2007 электрондық пошта тіркелгісі болса, Қалаусыз электрондық пошта хабарларының сүзгісі мысалы, someone@example.com электрондық пошта мекенжайынан келген хабардың шын мәнісінде example.com сияқты егеліктің рұқсатты пошта серверінен келгендігін анықтау үшін Жіберуші ID технологиясын пайдаланады. Бұл технология сізді жасырын егелік атауымен жалған электрондық пошта мекенжайларынан келетін хабарлардан қорғауға көмектеседі.

Беттің жоғарғы жағы

Хабарларды қауіпсіз алдын ала қарап шығу және ашу

Office Outlook 2007 тек , сіз үшін электрондық пошта хабарларын ашу немесе оларды Оқу аумағында алдын ала қарап алу жолымен қалыптастырып, оқу мақсатымен Microsoft Office Word 2007 негізделген бір ғана өңдеішіні пайдаланады. Сценарийлер, макростар және ActiveX басқару құралдары сіз бос мәтінді, HTML немесе Rich Text Format (RTF) пішімін пайдаланғаныңызға қарамастан хабарлардың ешбір пішімінде жегіле алмайды. Дегенмен, СмартТегтерге қолданбалы пішімдер ретінде жегілуге рұқсат етіледі.

Барлық электрондық пошта қатерлерінен толықтай қорғай алмаса да, сізде қалауыңызша әрқашан хабарды бос мәтінде оқу параметрі болады.

Беттің жоғарғы жағы

Тіркемелерді қауіпсіз алдын ала қарап шығу және ашу

Сізді ықтимал қасақана жасалған кодтардан сақтандыруға көмектесу үшін Outlook бағдарламасы тіркемелердегі Сценарийлер, макростар және ActiveX басқару құралдары сияқты мазмұнды алдын ала қарап алмағаныңызша ажыратады. Сіз тек сенімді қайнар көздерден келген тіркемелерді ғана алдын ала қарап шығуыңыз немесе ашуыңыз тиіс. Тіркемелерді алдын ала қарап шығу туралы толық ақпаратты Тіркемелерді алдын ала қарап шығу, ашу немесе сақтаубөлімінен қараңыз.

Хабарда тіркеме болған жағдайда сіздің Кіресін жәшігіңіздің хабарлар тізімінің Тіркемелер бағанында қыстырғыш суреті көрсетіледі. Outlook бағдарламасы бағдарамаларды іске қоса алатын файл түрлері бар тіркемелерді автоматты түрде құрсаулайды. Бұл амал вирустарды бағдарламалық файлдарға қатынап, 1-деңгейлі қауіп жағдайын туғызудан сақтануға көмектеседі.Құрсауланатын файл түрлерінің мысалы ретінде.exe, .bat, .com, .vbs және .js кеңейтілімдерін атауға болады. Хабардың құрсауланған тіркемелерінің тізімі хабардың жоғарғы жағындағы Ақпарат тақтасында көрсетіледі.

Мәлімет тақтасы

Егер сіз құрсауланғандар тізімінде көрсетілген кеңейтілім түріне ие тіркемені жіберуге тырысатын болсаңыз, сіз басқа Outlook бағдарламасының пайдаланушысы тіркеменің осы түріне қатынай алмайтындығы жөніндегі ескерту хабарын аласыз.

Әлеуетті қауіпті тіркемелерді жіберу туралы ескерту хабарламалары

Тек электрондық пошта серверінің әкімшісі ғана осы әдепкі параметрді өзгертіп, кейбір файл түрлерін құрсаудан босата алады. Бұл параметр көп жағдайда Интернетте емес, ұйым ішіндегі Интранет желісінде қолданылады.

.doc, .xls, .ppt, және .txt сияқты файл түрлері құрсауланбайды. Дегенмен, осы тіркемелерді ашуға тырысқаныңызда Электрондық пошта тіркемелерін ашу тілқатысу терезесі шыға келеді.

Электрондық пошта тіркемелерін ашу тілқатысу терезесі

Бұл тілқатысу терезесі сізге өзіңіз ашып отырған файл қауіпсіздігін ойластырып, оны ашпас бұрын қауіпсіздендіріп, вирустардың болуына қатысты тексеріп алу мүмкіндігін береді.

Электрондық поштаны пайдалана отырып кез келген файл түрін жіберу мүмкіндігін иелену үшін сіз файлды қысып, хабарыңызға .zip бумасын тіркеуіңіз тиіс.

Құрсауланған тіркеме файл түрлерінің толық тізімі мен файлдарды ортақтасудың қауіпсіз балама жолдары жөнінде көбірек кеңес алу үшін Outlook бағдарламасындағы құрсауланған тіркемелер бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Макровирустардан қорғау

Макростардың арнауы бойып жиі пайдаланылатын тапсырмаларды автоматтандыру табылады. Кейбір макростар сіздің пернелерді басқаныңыздың немесе тінтуір түймешігін нұқудың қарапайым жазбалары болып табылатындығына қарамастан, күштірек Бағдарламаларға арналған Visual Basic (VBA) макросы компьютеріңіздегі көптеген пәрмендерді жегетін кодтарды пайдаланатын жасаушылармен жасалады. Осыған байланысты, VBA макростары хакерлер құжатқа ашқан жағдайда макростар жегіліп, компьютеріңізде ықтимал қауіпті вирус іске қосылуына әкеп соғатын қасақана жасалған макростарды орналасытруы себепті ықтимал қауіп тәуекелін танытады.

2007 Office ішіндегі Сенім орталығы ықтимал қауіпті макростардан қорғануға көмектеседі. Оған қоса, Outlook бағдарламасы ықтимал қауіпті тіркемелерді құрсаулайды.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×