Outlook бағдарламасының электрондық пошта профайлдарын қарап шығу

Электрондық пошта профайлдары электрондық пошта тіркелгілерінің, деректер файлдарының және электрондық пошта хабарларыңыз сақталған орын туралы ақпараттың жинақтамасы болып табылады. Microsoft Outlook Ішіндегі профайлдар Outlook Express бағдарламасындағының баламасы болып табылады.

Бұл бөлімде

Электрондық пошта профайлы дегеніміз не?

Дара профайлды пайдалану

Профайлыңызды өзгерту

Көптеген профайлды пайдалану

Жаңа профайл жасау

Outlook бағдарламасын әрқашан сол профайлды пайдалануға теңшеңіз.

Outlook бағдарламасын жұмысын бастағанда профайлды таңдау бойынша кеңес беруге теңшеу

Бейне

Электрондық пошта профайлы дегеніміз не?

Электрондық пошта профайлы Outlook бағдарламасы сіздің қандай электрондық пошта тіркелгілерін пайдаланып отырғаныңызды және әр тіркелгі деректері қайда сақталатындығын есіне сақтау үшін пайдаланатын деректер болып табылады. Әр профайл Outlook бағдарламасын келесі ақпаратпен қамтамасыз етеді:

  • Қандай тіркелгі ақпараты пайдаланылады     Бұл ақпарат пайдаланушы атын, электрондық пошта серверінің атын және ISP тіркелгісінің құпия сөзін қамтиды.

  • Электрондық пошта деректері жеткізіліп, сақталатын орын     Outlook бағдарламасында деректер не электрондық пошта серверіне не компьютеріңіздегі .pst файлына жеткізіліп, сақталады. Ол деректер ережелерді, хабарларды, істес кісілерді, күнтізбелерді, ескерімдерді, тапсырмаларды, жұрналдарды, Іздеу қалталарын және басқадай параметрлерді қамтиды.

Outlook бағдарламасының электрондық пошта профайлдары Windows тізбесінде сақталады. Outlook бағдарламасы жұмысын бастағанда ол тізбеден профйал ақпаратын тауып алады.

Ескерту : Сіз Outlook бағдарламасының электрондық пошта профайлдарына теңшеу мақсатымен қатынау үшін басқару тақтасындағы Пошта белгішесін пайдаланасыз. Пошта белгішесі сізде Outlook бағдарламасы орнатылмайынша және ең болмағанда бір рет іске қосылмайынша шығарылмайды.

Сіз Outlook бағдарламасын бірінші рет жеккеніңізде жегілу шебері сізді жаңа профайл жасау үрдісі бойынша жетелейді. Осы жолмен жасалған профайл сіз Outlook бағдарламасын іске қосқан сайын жегіліп отырады. Адамдардың көбі бір ғана профайлды пайдаланады  — дегенмен, сіз кей жағдайда біреуден көбін пайдалануды жөн көруіңіз мүмкін. Мысалы, сіз бір профайлды жұмыс поштасы ретінде және екінші профайлды жеке поштаңыз үшін пайдаланғыңыз келуі мүмкін. Сонымен қатар, егер басқа адамдар сізбен компьютерді ортақтасатын болса, олардың тіркелгілері мен параметрлері басқа атуға ие бөлек профайлдарда сақатулары мүмкін.

Сіз Outlook бағдарламасының профайлдарын сақтандыру үшін құпия сөзді пайдалана алмайсыз. Сіздің Outlook бағдарламаңыздағы деректерді басқа адамдардың араласуынан қорғау үшін сіз құпия сөзбен қорғалатын Windows пайдаланушысының тіркелгісін пайдалануыңыз тиіс.

Маңызды : Outlook бағдарламасы жегілген жағдайда сіз бір электрондық пошта профайлынан екіншісіне ауыса алмайсыз.

Негізгі профайл бір немесе бірнеше электрондық пошта тіркелгілері мен сақтау файлынан тұрады. Жеке тұлғаның POP3 тіркелгісі сияқты Интернеттегі электрондық пошта тіркелгісі болуы мүмкін, ал корпоративті қызметкері Microsoft Exchange электрондық пошта тіркелгісін иеленуі мүмкін. Басқа түрдегі тіркелгілер (соның ішінде IMAP4 және HTTP тіркелгілері) кез келген профайлға қосылып, қосымша сақтау файлдары болуы мүмкін (мысалы, ескірген хабарларды сақтауға арналған Archive.pst файлы). Кейбір жағдайларда факс және мекенжайлық кітапша каталогтары сияқты қосымша қызметтер де қосылуы мүмкін.

Ескерту : Профайлдың көптеген интернетке қатысты тіркелгілерді қамти алатындығына қарамастан, ол тек бір ғана Exchange тіркелгісінен тұра алады.

Беттің жоғарғы жағы

Дара профайлды пайдалану

Адамдардың көбіне дара профайл жеткілікті. Outlook бағдарламасы бірінші рет жегілгенде, бірінші профайл автоматты түрде жасалып, "Outlook бағдарламасы" деп аталады. Outlook бағдарламасы іске қосылғанда осы әдепкі профайл автоматты түрде жегіледі. Сіз электрондық пошта тіркелігілерін қосқаныңызда немесе өзгерткеніңізде немесе қосымша .pst файлын пайдалануға кірістіргеніңізде сіз өз профайлыңызды өзгертесіз. Сіз профайлыңызды кез келген мезетте өзгерте аласыз, дегенмен, прфайл жасалып қойғаннан кейін сіз оның атын өзгерте алмайсыз.

Беттің жоғарғы жағы

Профайлыңызды өзгерту

  1. Microsoft Windows жүйесінде Бастау түймешігін нұқып, одан кейін Басқару тақтасы тармағын нұқыңыз.

  2. Төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Microsoft Windows Vista     жүйесінде Пайдаланушы тіркелгілері тармағын таңдап, одан кейін Пошта түймешігін нұқыңыз.

      Ескерту : Классикалық көріністе Пошта түймешігін қос нұқыңыз.

    • Microsoft Windows XP     жүйесінде Пайдаланушы тіркелгілері тармағын таңдап, одан кейін Пошта түймешігін нұқыңыз.

      Ескерту : Классикалық көріністе Пошта түймешігін қос нұқыңыз.

  3. Пошта белгішесі Outlook бағдарламасы орнатылмайынша және ең болмағанда бір рет іске қосылмайынша шығарылмайды.

    Пошта параметрлері тілқатысу терезесі ашылады.

    Пошта Орнату

  4. Төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Басқа электрондық пошта тіркелгісін қосу үшін Электрондық пошта тіркелгілері түймешігін нұқыңыз.

    • Outlook бағдарламасының деректерді сақтау параметрлерін өзгерту үшін Дерек файлдары түймешігін нұқыңыз.

    • Сіз сол мезетте бар профайлдар тізімін көру үшін Профайлдарды көрсету түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Көптеген профайлды пайдалану

Келесі жағдайларда сізде біреуден көп профайл болуы мүмкін:

  • Сіз Outlook бағдарламасын өзіңіз сенім артатын басқа тұлғамен ортақтасатын дара компьютерде пайдаланғаныңызда    
    Мысалы, сіз бен жұбайыңызда әр қайсысы жеке профайлға ие, әр қайсысының сәйкес тіркелгілері мен параметрлері бар бөлек электрондық пошта тіркелгісіне ие болсаңыз.

  • Сізде көптеген Exchange электрондық пошта тіркелгілері болса    

Егер сізге біреуден көп профайл қажет болса, сіз кез келген мезетте қосымша профайл жасап, оған өзіңіз қалаған тіркелгілер мен параметрлер қоса аласыз. Сіз бір профайлдан екіншісіне ауысқаныңызда сіз өзіңіз Outlook бағдарламасы сессиясында қатынай алатын электрондық пошта тіркелгілері мен параметрлерін өзертесіз.

Беттің жоғарғы жағы

Жаңа профайл жасау

  1. Microsoft Windows жүйесінде Бастау түймешігін нұқып, одан кейін Басқару тақтасы тармағын нұқыңыз.

  2. Төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Microsoft Windows Vista     жүйесінде Пайдаланушы тіркелгілері тармағын таңдап, одан кейін Пошта түймешігін нұқыңыз.

      Ескерту : Классикалық көріністе Пошта түймешігін қос нұқыңыз.

    • Microsoft Windows XP     жүйесінде Пайдаланушы тіркелгілері тармағын таңдап, одан кейін Пошта түймешігін нұқыңыз.

      Ескерту : Классикалық көріністе Пошта түймешігін қос нұқыңыз.

  3. Пошта белгішесі Outlook бағдарламасы орнатылмайынша және ең болмағанда бір рет іске қосылмайынша шығарылмайды.

    Пошта параметрлері тілқатысу терезесі ашылады.

    Пошта Орнату

  4. Профайлдарды көрсету түймешігін нұқыңыз.

  5. Қосу түймешігін нұқыңыз.

  6. Профайл атын теріп, одан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

    Жаңа Профайл

  7. Электрондық пошта тіркелгісін өзіңіздің профайлыңызда бейнебетіңіздегі келесі бағдарларда пайдалану үшін қосыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Outlook бағдарламасын әрқашан сол профайлды пайдалануға теңшеңіз.

  1. Microsoft Windows жүйесінде Бастау түймешігін нұқып, одан кейін Басқару тақтасы тармағын нұқыңыз.

  2. Төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Microsoft Windows Vista     жүйесінде Пайдаланушы тіркелгілері тармағын таңдап, одан кейін Пошта түймешігін нұқыңыз.

      Ескерту : Классикалық көріністе Пошта түймешігін қос нұқыңыз.

    • Microsoft Windows XP     жүйесінде Пайдаланушы тіркелгілері тармағын таңдап, одан кейін Пошта түймешігін нұқыңыз.

      Ескерту : Классикалық көріністе Пошта түймешігін қос нұқыңыз.

  3. Пошта белгішесі Outlook бағдарламасы орнатылмайынша және ең болмағанда бір рет іске қосылмайынша шығарылмайды.

    Пошта параметрлері тілқатысу терезесі ашылады.

    Пошта Орнату

  4. Профайлдарды көрсету түймешігін нұқыңыз.

  5. Microsoft Office Outlook бағдарламасының жұмысын бастағанда осы профайлды пайдалану тармағының астында Әрқашан осы профайлды пайдалану түймешігін, одан кейін тізімдегі пайдаланғыңыз келетін профайлды нұқыңыз.

    Пошта тілқатысу терезесі

Беттің жоғарғы жағы

Outlook бағдарламасын жұмысын бастағанда профайлды таңдау бойынша кеңес беруге теңшеу

  1. Microsoft Windows жүйесінде Бастау түймешігін нұқып, одан кейін Басқару тақтасы тармағын нұқыңыз.

  2. Төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Төмендегілердің біреуін орындаңыз:

      • Microsoft Windows Vista     жүйесінде Пайдаланушы тіркелгілері тармағын таңдап, одан кейін Пошта түймешігін нұқыңыз.

        Ескерту : Классикалық көріністе Пошта түймешігін қос нұқыңыз.

      • Microsoft Windows XP     жүйесінде Пайдаланушы тіркелгілері тармағын таңдап, одан кейін Пошта түймешігін нұқыңыз.

        Ескерту : Классикалық көріністе Пошта түймешігін қос нұқыңыз.

    • Пошта белгішесі Outlook бағдарламасы орнатылмайынша және ең болмағанда бір рет іске қосылмайынша шығарылмайды.

  3. Пошта параметрлері тілқатысу терезесі ашылады.

  4. Пошта Орнату

  5. Профайлдарды көрсету түймешігін нұқыңыз.

  6. Microsoft Office Outlook бағдарламасының жұмысын бастағанда осы профайлды пайдалану тармағының астындағы Пайдаланатын профайл бойынша кеңес беру түймешігін нұқыңыз.

    Пошта тілқатысу терезесі

  7. Outlook бағдарламасы жұмысын бастағанда, Профайл атауы пайдаланғыңыз келетін профайл атауын нұқыңыз.

    Профайл тілқатысу терезесін таңдау

Кеңес : Сіз көптеген профайлдарды пайдаланғаныңызда әдетте ең жиі пайдаланатын біреуі ұсынылады. Пайдаланатын профайл бойынша кеңес беру параметрін пайдалана отырып сіз Outlook бағдарламасын осы профайл Профайл атауы терезесінде әрқашан таңдап отыруды теңшей аласыз. Одан кейін осы профайлды пайдалану үшін қажет етілетін әрекетіңғіз Жарайды түймешігін нұқумен шектеледі:

  1. Профайлды таңдау тілөқатысу терзесінңі Профайл атауы тізімінде автоматты түрде таңдалуын қалайтын профайлды нұқыңыз.

  2. Параметрлер тармағын нұқып, одан кейін Параметрлер тармағынгың астындағы Әдепкі профайл ретінде орнату құсбелгісін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×