Outlook бағдарламасындағы көп тілді деректердің Юникод қолдауы

Microsoft OutlookЮникод қолдап, көп тілді деректердің толық қолдауын қамтамасыз етеді. Егер сіз көп тілді ұйымда жұмыс істейтін болсаңыз немесе хабарлар мен элемент Outlook бағдарламасын көптеген тілдерді іске қосатын жүйелерде пайдаланатын адамдармен ортақтасатын болсаңыз, сіз Outlook бағдарламасындағы Юникод қолдауының пайдасын бағалай аласыз.

Осы бөлімде

Юникод қолдауы туралы қосымша мәлімет

Сценарийлер мен код беттері жөніндегі түсінік

Юникодты күйді Microsoft Exchange тіркелгілерімен іске қосудың пайдалары

Юникодты қолданбайтын күйді Exchange тіркелгілерімен іске қосудың әсері

Юникод әмбебап қаріптері туралы

Юникод жеке қалтасы файлын (.pst) жасау

Юникодқа байланысты мәселелерді шешу

Юникод қолдауы туралы қосымша мәлімет

Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгілерімен екі пошта жәшігі күйлерінің біреуінде ісе қосылады — Юникодты немесе Юникодты қолданбайтын. Юникодты күй кеңес етіледі және профайлыңыздың теңшелімі, Exchange тіркелгісі мен әкімші теңшелімдері рұқсат етсе әдепкі күй ұсынылады. Күй бұл теңшелімдер негізінде Outlook бағдарламасымен автоматты түрде анықталады және қолмен өзгертілмейді.

Outlook бағдарламасын Юникодты күйде іске қосу түрлі тілдерде жасалған хабарлар және элементтермен жұмыс істеуіңізді мүмкін қылады. Егер Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты қолданбайтын күйде іске қосылса және Юникодты күйге ауысқыңыз келсе, әкімшіңізге байланысыңыз.

Ескерту : Outlook бағдарламасының бұрынғы нұсқалары Outlook элементтерінің негізгі мәтінінде көптілді Юникодты деректер қолдауын берді. Бірақ, хабарлардың Кімге және Тақырып жолдары сияқты Outlook деректері және істес кісі элементтерінің Істес кісі аты және Іскери телефон нөмірі сипаттары жүйеңіздің кодтік беті анықтайтын таңбалармен шектелген. Бұл шектеу Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты күйде іске қосылу шартымен енді Microsoft Office Outlook 2003 және Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламаларында болмайды.

Сонымен қатар, POP3 тіркелгілері де Microsoft Office Outlook 2003 және Office Outlook 2007 бағдарламаларына көп тілді Юникод деректері қолдауын қамтамасыз етіп, элементтерді көп тілді Юникод деректерін қолдайтын Жеке қалталар файлы (.pst) өткізеді. Әдепкіде, Microsoft Office Outlook 2003 және Office Outlook 2007 бағдарламаларында жасалған .pst файлына өткізілетін POP3 профайлдары көп тілді Юникод деректерін қолдайды.

Ескерту : Басқа тіркелгілер, мысалы Интернет хабарларына кіру протоколы (IMAP) және Гипермәтін тасымалдау протоколы (HTTP) пішімдерінде Юникод таңбаларына қолдау көрсетілмейді.

Беттің жоғарғы жағы

Сценарийлер мен код беттері жөніндегі түсінік

Сценарийлер

Көп тілді хабарлар мен элементтердің құрамында түрлі сценарийлерді қажет ететін мәтін болуы мүмкін. Жалғыз сценарий көптеген тілдерге сәйкес болуы үшін пайдаланылуы мүмкін.

Мысалы, латын немесе рим сценарийінде басқа Батыс Еуропа тілдерінің дыбыстарын таныту үшін пайдаланылатын — ағылшын әліпбиінің 26 әрпіне (бас әріптер мен кіші әріптерге) арналған таңба кескіні — глифтер бар.

Латын сценарийлерінде Еуропа тілдерінің көбінің және бірнеше басқа тілдің барлық таңбаларын танытатын глифтері бар. Басқа Еуропалық тілдер, мысалы, грек немесе орыс тілдерінің латын сценарийінде глифтері жоқ таңбалары бар; бұл тілдердің жеке сценарийлері болады.

Кейбір азиялық тілдер қытай таңбаларына негізделген глифтері бар идеограммалы сценарийлерді пайдаланады. Басқа тілдер, мысалы, тай немесе араб тілдері, таңбалардың көршілес келуіне байланысты бірнеше кіші глифтердің тіркесімін немесе басқаша кескінделуі тиіс глифтерді пайдаланады.

Ашық мәтінді сақтаудың ең кең тараған әдісі әр таңбаны бір байтты пайдалана отырып таныту болып табылады. Әр байт мәнінің таңбалар кестесінде сандық танытқышы — немесе код нүктесі — бар; код нүктесі мәтіндік құжат жасалған компьютердің әдепкі код бетіндегі таңбаға сәйкес болады. Мысалы, ондық 189 байт мәні (189 ондық мәнінің код нүктесі) түрлі код беттерінде түрлі таңбаны танытатын болады.

Код беттері

Бірге топтастырылған таңбалар кестесі код беті деп аталады. Бір байтты код беттерінде әр бет құрамында ең көп дегенде 256 байт мәні болады; әр код бетінің әр таңбасы бір байтпен танытылатындықтан, код бетінде кем дегенде 256 таңба болады.

256 таңбалық шектеуі бар бір код бетін барлық тілдерге икемдеуге болмайды, себебі барлық тілдер бірлесе отырып 256 таңбадан әлдеқайда көбін пайдаланады. Сондықтан да, түрлі сценарийлер бөлек код беттерін қолданады. Оның біреуі грек тіліне арналған болса, екіншісі жапон тілі үшін жауапты және тағы сол сияқты.

Оған қоса, бір байтты код беттері әдетте 5 000 астам қытай тіліне негізделген таңбаларды пайдаланатын Азия тілдерінің көбіне икемдеуге болмайды. Сол тілдерді қолдау үшін қос байтты код беттері жасалды.

Беттің жоғарғы жағы

Юникодты күйді Microsoft Exchange тіркелгілерімен іске қосудың пайдалары

Юникод таңбаларын шифрлау стандарттары тілдер көптеген хабарлар мен басқадай элементтерді код беті ауқымын пайдаланатын орталарда ортақтасу мүмкіндігін береді.

Юникодтық емес жүйелер әдетте құрамындағы әр сценарийдің жеке таңбалар кестесі болатын код беттеріне негізделген орталарды пайдаланады. Бір амалдық жүйенің код беттеріне негізделген элементтердің басқа амалдық жүйенің код беттеріне толықтай сәйкес келуі сирек болады. Кейбір жағдайларда элементтердің құрамында бірнеше сценарий таңбалары пайдаланылған мәтін болмайды.

Мысалы, екі адамды мысал етейік — біреуі латын код беті негізіндегі ағылшын тіліндегі Microsoft Windows XP амалдық жүйесін іске қосып отырған болса, екіншісі жапон код беті негізіндегі жапон тіліндегі Microsoft Windows XP амалдық жүйесін іске қосып отыр делік. Екінші адам жапон тіліндегі Microsoft Outlook 2002 бағдарламасында жапон таңбаларымен жиналысты сұратуды Орналасу орны өрісінде жасап, бірінші тұлғаға жібереді. Ол бірінші тұлға ағылшын тіліндегі Outlook 2002 нұсқасын пайдалана отырып сұратуды ашқанда, жапон код бетінің код нүктелері күтпеген немесе жоқ деп танылып, нәтижесінде мәтін түсініксіз болып шығады.

Ескерту : Microsoft Outlook бағдарламасының 2000 жылғы нұсқасынан бастап Outlook элемент мәтіні Юникодта болып, өзінің жасалған тіліне тәуелсіз түрде оқуға жарамды болып табылады. Дегенмен, элементтің басқадай сипаттамалары, мысалы, хабардың және жиналыс элементтерінің Кімге, Орналасу орны және Тақырып жолдары және істес кісі элементтерінің Істес кісі аты және Іскери телефон нөмірі сипаттамалары Outlook 2003 бағдарламасының алдыңғы нұсқасында оқуға жарамсыз болып табылады.

Юникодпен қамтамасыз етілетін әмбебап таңбалар жинағы бұл мәселені жоққа шығарады. Юникод белгілі сценарийлердің көбіне сәйкес келетін әмбебап таңбалар жинағын жасау мақсатымен әзірленген. Юникод әр таңба үшін бірегей, көп байтты шифрлауды пайдаланып, код беттерінен өзгешелігі, әр таңбаның бірегей код нүктесі болады. Мысалы, грек тілінің кіші zeta ( zeta ) әрпінің Юникод код нүктесі болып он алтылық 03B6 мәні және кирилл әліппесінің кіші ж ( zhe ) әрпінің мәні болып 0436 табылады.

Microsoft Office Outlook 2003 және Outlook 2007 бағдарламалары Юникодты толық пайдалана алады. Мәтінді білдіретін кодтік бет жүйесі Outlook бағдарламасында да бар. Бірақ, Юникодты күй кеңес етіледі және профайлыңыздың теңшелімі, Exchange тіркелгісі және әкімші теңшелімдері рұқсат етсе ол әдепкі күй болып табылады. Әрі күй бұл теңшелімдер негізінде Outlook бағдарламасымен автоматты түрде анықталады және қолмен өзгертілмейді.

Outlook бағдарламасын Exchange тіркелгісімен Юникодты күйде іске қосу әдепкіде профайлға пайдаланылатын Офлайн қалталар файлы және Жеке қалталар файлы (.pst) көптілді Юникодты деректерді сақтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді және элементтер мен қалталарды сақтауға көптеу бос орын ұсынады. Егер Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты күйде іске қосылса және Юникодты күйге ауысқыңыз келсе, әкімшіңізге байланысыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Юникодты қолданбайтын күйді Exchange тіркелгілерімен іске қосудың әсері

Егер басқа тілдерде іске қосылатын жүйелерде Outlook бағдарламасын пайдаланатын пайдаланушылармен хабарларды және элемент ортақтаспасаңыз, Outlook бағдарламасын Юникодты күйде немесе Exchange тіркелгісімен Юникодты қолданбайтын күйде іске қоса аласыз.

Егер көпұлтты ұйымда жұмыс істесеңіз немесе басқа тілдерде іске қосылатын жүйелерде Outlook бағдарламасын пайдаланатын пайдаланушылармен хабарларды және элементтерді ортақтассаңыз, Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты күйде іске қосылуы қажет. Юникодты күйге ауысу үшін, әкімшіңізге байланысыңыз.

Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты қолданбайтын күйде іске қосылған кезде, код беті жүйесі таңбаларды салыстыруға пайдаланылады. Кодтік бетке негізделген жүйеде бір тілде енгізілген таңба басқа тілдегі бірдей таңбамен салыстырылмауы мүмкін. Сондықтан, сұрақ белгілерін қоса бұрыс таңбаларды көруіңіз мүмкін.

Мысалы, екі адамды мысал етейік — біреуі латын код беті негізіндегі ағылшын тіліндегі Microsoft Windows XP амалдық жүйесін іске қосып отырған болса, екіншісі жапон код беті негізіндегі жапон тіліндегі Microsoft Windows XP амалдық жүйесін іске қосып отыр дейік. Екінші адам жапон тіліндегі Microsoft Outlook 2002 бағдарламасында жапон таңбаларымен жиналысты сұратуды жасап, бірінші тұлғаға жібереді. Ол бірінші тұлға ағылшын тіліндегі Outlook 2002 нұсқасын пайдалана отырып сұратуды ашқанда, жапон код бетінің код нүктелері күтпеген немесе жоқ деп танылып, нәтижесінде мәтін түсініксіз болып шығады.

Ескерту : Outlook бағдарламасының 2000 жылғы нұсқасынан бастап Outlook элементтерінің мәтіні Юникодта болып, өзінің жасалған тіліне тәуелсіз түрде оқуға жарамды болып табылады. Дегенмен, элементтің басқадай сипаттамалары, мысалы, хабардың және жиналыс элементтерінің Кімге, Орналасу орны және Тақырып жолдары және істес кісі элементтерінің Істес кісі аты және Іскери телефон нөмірі сипаттамалары Outlook 2003 бағдарламасының ертеректегі нұсқасында оқуға жарамсыз болып табылады.

Беттің жоғарғы жағы

Юникод әмбебап қаріптері туралы

Arial Unicode MS қаріптері толықтай Юникод қаріптері болып табылады. Оның құрамында Unicode 2.1 стандартында анықталған барлық таңбалар, идеограммалар және нышандар бар. Бұл әмбебап қаріп сіз Windows Vista немесе Microsoft Windows XP жүйелерін пайдаланған жағдайда автоматты түрде орнатылады.

Оның елеулі өлшемдік және типографиялық келісімділігі осындай қаріпті жасап шығаруды қажет еткендіктен, Arial Unicode MS сіз түрлі жазу жүйелеріне арналған қаріптерді пайдалана алмаған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Мысалы, сіздің Microsoft Office Access бағдарламаңызда түрлі жау жүйелерінен келіп түскен көп тілді деректер болатын болса, сіз Arial Unicode MS қарпін дерек кестелерін көрсету үшін пайдалана аласыз, себебі Access бағдарламасы көптеген түрлі қаріптерді қабылдай алмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Юникод жеке қалтасы файлын (.pst) жасау

  1. Файл мәзірінде Жаңа тармағын таңдаңыз да, Outlook деректер файлы түймешігін басыңыз.

  2. Элементтер мен қалталарды сақтаудың кеңейтілген мүмкіндіктерін қамтамасыз етіп, көп тілді Юникод деректерін қолдайтын Жеке қалта файлын (.pst) жасау үшін Outlook бағдарламасының өзіңіздегі нұсқасының Жеке қалта файлы тармағын таңдап, ОК түймешігін басыңыз

  3. Файл атауы терезесінде файл атауын теріп, ОК түймешігін басыңыз.

  4. Аты терезесінде .pst қалтасының көрсетілетін атауын теріңіз.

  5. Қалаған кез келген басқа параметрлерді таңдаңыз да, ОК түймешігін басыңыз.

    Деректер файлына сәйкес қалта атауы Қалталар тізімі көрсетіледі. Қалта тізімін көрсету үшін Өту мәзірінде Қалта тізімі параметрін таңдаңыз. Әдепкіде қалта «Жеке қалталар» деп аталады.

Беттің жоғарғы жағы

Юникодқа байланысты мәселелерді шешу

Егер сіз Юникодты пайдалану барысында қандай да бір мәселелерге кезігетін болсаңыз, шешімдерін табу үшін келесі тізімді қарап шығыңыз.

Outlook 2003 немесе Outlook 2007 бағдарламасына жаңарттым, бірақ Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты күйде іске қосылмайды

Outlook бағдарламасы Юникод күйінде қосылмаудың бірнеше себебі бар.

  • Егер профайлыңыз Microsoft Office Outlook 2003 немесе Outlook 2007 бағдарламасына жаңартпас бұрын дербес күйде іске қосылуға теңшелген болса, Юникодты қолданбайтын ескі Офлайн қалталар файлы пайдаланып жатырсыз. Бұның нәтижесінде Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты қолданбайтын күйде іске қосылады. Юникодты күйге ауысу үшін, дербес қалталары пайдалануын ажыратыңыз, одан кейін жаңа Дербес қалта файлын (.ost) жасаңыз және деректеріңізді үндестіріңіз.

  • Егер профайлыңыз Microsoft Office Outlook 2003 немесе Outlook 2007 бағдарламасына жаңартпас бұрын Жеке қалталар файлы (.pst) жеткізуге теңшелген болса, Юникодты қолданбайтын ескі Жеке қалталар файлын (.pst) пайдаланып жатырсыз. Бұның нәтижесінде Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты қолданбайтын күйде іске қосылады. Юникодты күйге ауысу үшін, жеткізу орнын көптілді Юникодты деректерді қолдайтын Жеке қалталар файлына өзгертуіңіз қажет немесе әдепкі жеткізу орнын Exchange тіркелгісіне өзгертуіңіз қажет.

  • Егер профайлыңыз сіз Microsoft Office Outlook 2003 немесе Outlook 2007 бағдарламасына жетілдірмес бұрын Жеке қалталарды автомұрағаттау файлын (.pst) пайдалануға теңшелген болса, Юникодты қолдамайтын ескі Жеке қалталарды автомұрағаттау файлын (.pst) пайдаланып отыруыңыз мүмкін. Біз көп тілді Юникод деректерін қолдайтын Жеке қалталарды автомұрағаттау файлын жасауды ұсынамыз.

  • Exchange нұсқасы немесе әкімші орнатқан саясаттар Outlook бағдарламасының Юникодты күйде іске қосылуына тыйым салып жатқан болуы мүмкін.

Егер жоғарыдағының ешбірі Юникодты күйге ауысуыңызға көмектесе алмаса, Exchange әкімшісіне байланысыңыз.

Мен Outlook 2003 немесе Outlook 2007 бағдарламасына жетілдірдім, бірақ менің POP3 тіркелгім көп тілді Юникод деректерін қолдамайды

Егер профайлыңыз сіз Microsoft Office Outlook 2003 немесе Outlook 2007 бағдарламасына жетілдірмес бұрын Жеке Қалталар файлына (.pst) жеткізуге теңшелген болса, POP3 тіркелгісінен жеткізілген элементтерді сақтау Юникодын қолдамайтын ескі Жеке қалталар файлын (.pst) пайдаланып отыруыңыз мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін, жеткізу орнын көп тілді Юникод деректерін қолдайтын Жеке қалталар файлына (.pst) ауыстыруыңыз тиіс.

Мен таңдаған Дербес қалталар файлы Outlook бағдарламасының Юникод емес күйіне ауысуына себеп болып, қазіргі кезде кейбір элементтерде '?' таңбалары көрсетіліп, оқуға жарамсыз

Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты қолданбайтын күйде іске қосылғанда код беті жүйесі таңбаларды салыстыруға пайдаланылады. Кодтік бетке негізделген жүйеде бір тілде енгізілген таңба басқа тілдегі бірдей таңбамен салыстырылмауы мүмкін. Сондықтан, сұрақ белгілерін қоса бұрыс таңбаларды көруіңіз мүмкін.

Мысалы, екі пайдаланушыны алыңыз — біреуі Латын кодтік бетімен Microsoft Windows XP амалдық жүйесінің ағылшын нұсқасын іске қосады және екіншісі Жапон кодтік бетімен Microsoft Windows XP амалдық жүйесінің Жапон нұсқасын іске қосады. Екінші пайдаланушы Outlook 2002 бағдарламасының Жапон нұсқасында жиналысқа шақыруды жасайды және оны бірінші пайдаланушыға жібереді. Outlook 2002 бағдарламасының ағылшын нұсқасын пайдаланатын пайдаланушы жиналысқа шақыруды ашқан кезде, Жапон кодтік беттің кодтік нүктелері күтілмеген немесе Латын сценарийінде жоқ таңбалармен салыстырылады және нәтижесіндегі мәтін түсініксіз болады. Сондықтан да, көп тілді орталарда біз Outlook бағдарламасын Exchange серверінде Юникод күйінде іске қосуды ұсынамыз.

Бұл мәселені шешу үшін, дербес қалталарды өшіріп, Outlook бағдарламасын жабыңыз да, қайта қосыңыз және жаңа Дербес қалта файлын жасап, деректеріңізді үндестіріңіз.

Exchange серверінде Юникодты қолданбайтын деректерді пайдалану немесе Outlook бағдарламасын Юникодты қолданбайтын күйде іске қосу маған қалай әсер етеді?

Егер басқа тілдерде іске қосылатын компьютерлерде Outlook бағдарламасын пайдаланатын пайдаланушылармен хабарлар мен элементтерді ортақтаспасаңыз, Outlook бағдарламасын Юникодты күйде немесе Exchange тіркелгісімен Юникодты қолданбайтын күйде іске қоса аласыз. Юникодты қолданбайтын күйде қосудың кемшілігі профайлға пайдаланылатын Дербес қалта файлы элементтер мен қалталарды сақтауға көптеу бос орынды ұсынбайтын пішімде жасалатынында болып табылады. Сондықтан, егер Дербес қалта файлының өлшем шегі сізді мазаласа, Outlook бағдарламасын Exchange тіркелгісімен Юникодты күйде іске қосуыңыз қажет.

Бірақ, егер көпұлтты ұйымда жұмыс істесеңіз немесе басқа тілдерде іске қосылатын жүйелерде Outlook бағдарламасын пайдаланатын пайдаланушылармен хабарларды және элементтерді ортақтассаңыз, Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты күйде іске қосылуы қажет. Бұл әрі көптілді Юникодты деректерді сақтау мүмкіндігіне ие профайлға Юникодты қолдайтын .pst файлдарының пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Юникодты күйге ауысу үшін, жоғарыдағы «Outlook 2003 немесе Outlook 2007 бағдарламасына жаңарттым, бірақ Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты күйде іске қосылмайды» бөлімін қараңыз.

Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты қолданбайтын күйде іске қосылған кезде, код беті жүйесі таңбаларды салыстыруға пайдаланылады. Кодтық бетке негізделген жүйеде бір тілде енгізілген таңба басқа тілдегі бірдей таңбамен салыстырылмауы мүмкін және сондықтан, егер Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты қолданбайтын күйде іске қосылған кезде сұрақ белгілерімен бірге бұрыс таңбаларды көруіңіз мүмкін.

Мысалы, екі пайдаланушыны алыңыз — біреуі Латын кодтік бетімен Microsoft Windows XP амалдық жүйесінің ағылшын нұсқасын іске қосады және екіншісі Жапон кодтік бетімен Microsoft Windows XP амалдық жүйесінің Жапон нұсқасын іске қосады. Екінші пайдаланушы Outlook 2002 бағдарламасының Жапон нұсқасында жиналысқа шақыруды жасайды және оны бірінші пайдаланушыға жібереді. Outlook 2002 бағдарламасының ағылшын нұсқасын пайдаланатын пайдаланушы жиналысқа шақыруды ашқан кезде, Жапон кодтік беттің кодтік нүктелері күтілмеген немесе Латын сценарийінде жоқ таңбалармен салыстырылады және нәтижесіндегі мәтін түсініксіз болады. Сондықтан да, көп тілді орталарда біз Outlook бағдарламасын Exchange серверінде Юникод күйінде іске қосуды ұсынамыз.

Ескерту : Outlook 2000 бағдарламасынан бері, Outlook элемент негізгі мәтіні Юникодты және негізгі мәтін элемент жасалған тілге қарамай оқылады. Бірақ, хабарлардың Кімге және Тақырып жолдары сияқты Outlook деректері мен істес кісі элементтерінің Істес кісі аты және Іскери телефон нөмірі сипаттары Outlook бағдарламасы Exchange тіркелгісімен Юникодты қолданбайтын күйде іске қосылса жүйеңіздің кодтық беті анықтайтын таңбалармен шектеледі.

Мен Жеке қалталар файлын (.pst) элементтердің әдепкі жеткізу орны ретінде қосуға тырысқанымда қателік жөніндегі хабарды аламын. Outlook бағдарламасы белгіленген Жеке қалталар файлының (.pst) пішімі мен пайдаланып отырған Юникод Дербес қалта файлына сәйкес келмейтіндігі жөнінде хабарлайды

Outlook 2003 және Outlook 2007 бағдарламаларында Дербес қалта файлы мен жеткізу орны ретінде пайдаланылатын деректер файлының пішімдері сәйкес болуы тиіс. Бұл мәселені шешу үшін сіз Юникодты қолдайтын Жеке қалталар файлын (.pst) элементтерді жеткізудің әдепкі орны ретінде белгілеуіңіз немесе дербес қалталарды пайдалануды өшіруіңіз мүмкін.

Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Элементтерді жеткізудің әдепкі орнын Юникодты қолдайтын Жеке қалталар файлына (.pst) ауыстыру    

    Келесі әрекеттердің бірін немесе бірнешеуін орындаңыз:

    • Юникодты қолдайтын бар жеке қалтасы файлын (.pst) анықтау:

      1. Құралдар мәзірінде Параметрлер тармағын таңдаңыз.

      2. Поштаны теңшеу тармағын таңдап, Деректер файлдары түймешігін басыңыз.

      3. Пішімін тексергіңіз келетін дерек файлын нұқып, Параметрлер түймешігін басыңыз.

      4. Мәтіннің Жеке қалталар файлы немесе Жеке қалталар файлы (97-2002) болу-болмауын тексеру үшін Пішім түймешігін басыңыз. Жеке қалталар файлы мәтіні Юникод деректерін қолдайтын жаңа пішімді көрсетіп, элементтер мен қалталарды сақтаудың кеңейтілген мүмкіндіктерін ұсынады.

    • Юникодты қолдайтын жеке қалтасы файлын (.pst) жасау:

      1. Файл мәзірінде Жаңа тармағын таңдаңыз да, Outlook деректер файлы түймешігін басыңыз.

      2. Элементтер мен қалталарды сақтаудың кеңейтілген мүмкіндіктерін қамтамасыз етіп, көп тілді Юникод деректерін қолдайтын Жеке қалта файлын (.pst) жасау үшін Outlook бағдарламасының өзіңіздегі нұсқасының Жеке қалта файлы тармағын таңдап, ОК түймешігін басыңыз

      3. Файл атауы терезесінде файл атауын теріп немесе әдепкісін қалдырыңыз да, ОК түймешігін басыңыз.

      4. Аты терезесінде .pst қалтасының көрсетілетін атауын теріңіз немесе әдепкісін қалдырыңыз.

      5. Қалаған кез келген басқа параметрлерді таңдаңыз да, ОК түймешігін басыңыз.

        Деректер файлына сәйкес қалта атауы Қалталар тізімі көрсетіледі. Әдепкіде қалта Жеке қалталар деп аталады.

    • Юникодты қолдайтын Жеке қалталар файлын (.pst) элементтердің әдепкі жеткізу орны ретінде белгілеңіз.

  • Дербес қалталарды пайдалануды өшіру    

    1. Жаңа элемент дербес қалталардан сервер қалталарына көшіру үшін өзіңіздің Офлайн қалталар файлы қолмен үндестіріңіз.

      Қалай?

      Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

      • Таңдалған қалталарды үндестіру үшін Құралдар мәзірінде Жіберу немесе қабылдау тармағына нұсқап, Осы қалта параметрін таңдаңыз.

      • Дербес пайдалануға теңшелген барлық қалталарыңызды үндестіру үшін Құралдар мәзірінде Жіберу немесе қабылдау тармағына нұсқап, Барлығын жіберу немесе қабылдау пәрменін таңдаңыз.

      • Қалталарыңыздың «Жіберу немесе қабылдау» тобын үндестіру үшін Құралдар мәзірінде Жіберу немесе қабылдау тармағына нұсқап, Жіберу немесе қабылдау тобының атауын нұқыңыз.

    2. Құралдар мәзірінде Электрондық пошта тіркелгісі параметрін таңдаңыз.

    3. Бар электрондық пошта тіркелгілерін көру немесе өзгерту тармағын ашып, Келесі түймешігін басыңыз.

    4. Тізімде Microsoft Exchange сервері тармағын таңдап, Өзгерту параметрін таңдаңыз.

    5. Қосымша параметрлер түймешігін басыңыз.

    6. Қосымша қойындысын нұқып, Дербес қалталар файлының параметрлері түймешігін басыңыз.

    7. Дербес пайдалануын өшіру пәрменін таңдаңыз.

    8. Outlook бағдарламасын дербес жұмыс істеуге теңшегеніңізде Outlook бағдарламасын желіде немесе дербес жұмыс істеу туралы сұрап отыруын орнатсаңыз, сізге параметрлерді енді ондай сұрақ қойылмайтындай етіп өзгерту қажет.

      Қалай?

      1. Құралдар мәзіріндегі Электрондық пошта тіркелгілері тармағында Бар электрондық пошта тіркелгілерін көру немесе өзгерту таңдап Келесі түймешігін басып, одан кейін Microsoft Exchange сервері тармағын таңдаңыз да, Өзгерту түймешігін басыңыз.

      2. Қосымша параметрлер тармағын таңдап, Жалпы қойындысын нұқыңыз.

      3. Бастаған кезде тармағының астында Қосылу мәртебесін автоматты түрде анықтау параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.

      Ескерту : 

    9. .ost файлын қалпына келтіру үшін Кіресін жәшігін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірінен Сипаттамалар параметрін таңдаңыз. Үндестіру қойындысын ашып, Осы қалта бар тармағының астында Дербес не желіде болғанда параметрін таңдаңыз.

    10. .ost файлын қатты дискіңізден мүлдем жою үшін сізге оны жою қажет.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×