OneNote Web App бағдарламасына кіріспе

Microsoft OneNote Web App бағдарламасы Microsoft OneNote бағдарламасындағы әрекеттестігіңізді веб-браузерге кеңейтеді, мұнда жазу кітапшасы сақталған веб-сайтта тікелей жазу кітапшаларымен жұмыс істей аласыз.

OneNote бағдарламасын біркелкі біріктіру

Жазу кітапшасын Microsoft OneNote 2010 бағдарламасында жасайсыз. Басқа адамдар жазу кітапшасын оқи алуы және оған үлес қоса алуы үшін, оны веб-торапқа жариялағыңыз келеді. OneNote бағдарламасының сізде бар нұсқасынан басқа нұсқаны пайдаланатын біреумен іскерлесу керек болса ше? Онда тікелей веб-торапта бірге жұмыс істей алсаңыз, керемет емес пе? OneNote Web App бағдарламасы бұл сценарийді мүмкін етеді.

OneNote 2010 бағдарламасында жазу кітапшасын SharePoint кітапханасында сақтау арқылы OneNote Web App бағдарламасын пайдалануды бастауға болады. Файл қойындысында Ортақ пайдалану белгішесін басып, Осыларда ортақ пайдалану астында Желі параметрін таңдаңыз.

Ортақ пайдалану қойындысы

Қазір жазу кітапшасын браузерде қарауға, өңдеуге немесе OneNote бағдарламасында қайта ашуға болады.

Жазу кітапшасын браузерде ашу

SharePoint сайтында жазу кітапшасын ашылған кезде, OneNote Web App бағдарламасы оны браузерде ашады.

OneNote Web App

Мәтінді әдеттегідей теруге және пішімдеуге болады, көшіру/қою және болдырмау/қайтару пәрмендерін пайдалана аласыз. Таспада бар мәнерлер мен барлық мәтінді пішімдеу параметрлерін қолдану арқылы мәтінді пішімдеуге болады. Сондай-ақ, кестелерді, суреттерді, клипартты және гиперсілтемелерді қосуға болады. Клипартты Office.com торабындағы суреттер жиынынан алуға болады. Оларды қосу үшін, Кірістіру қойындысына өтіңіз.

OneNote Web App бағдарламасы жазу кітапшасын жұмыс істеу барысында автоматты түрде сақтап отырады. Өзгертулерді сақтаудың қажеті жоқ. Егер сақтағыңыз келмейтін өзгертулер жасасаңыз, Болдырмау пәрменін пайдаланыңыз немесе CTRL+Z пернелер тіркесімін (Windows) не ⌘+Z пернелер тіркесімін (Mac) басыңыз.

Өзгертулердің жазу кітапшасында көріну жолын қарау керек болса, оқу көрінісіне өтіңіз. Көрініс қойындысында Оқу көрінісі түймешігін басыңыз.

Жазу кітапшасын браузерде қарау

Көрініс режимі

Оқу көрінісінде жазу кітапшасының түрлі бөліктері мен беттерін қарауға, шарлау аумағында бөлімдерді шығарып алуға және тасалауға болады. Бұл жазу кітапшасында басқа адамдар жұмыс істеген болса, әр пайдаланушының әрекеттерін Авторларды көрсету пәрменін таңдау арқылы көруге болады.

Жазу кітапшасына өзгерту енгізу керек болса, Браузерде өңдеу пәрменін таңдап, мазмұн қосуға және мазмұнды жоюға, мәтінді пішімдеуге, сондай-ақ, жазбаларды белгілеуге болады.

Басқа адамдармен бірге жұмыс істеу

Басқа адамдарға жазу кітапшасын өңдеуге мүмкіндік берсеңіз, достарыңыз немесе әріптестеріңіз сізбен бір уақытта жазу кітапшасында жұмыс істей алатын болады. Топтық шешім қабылдау сеансы немесе топтық жоба сияқты бір топ адамнан мәліметтер жинау керек болатын жазу кітапшалары үшін бұл мүмкіндік қолайлы болады. Жазу кітапшасы барлық адам үлес қосатын вики-торап сияқты қызмет етеді. Кім не істегенін көре және қажет болса бетті алдыңғы нұсқасына қайтара аласыз.

Бірлескен жұмыс

Сізде немесе басқа адамдарда OneNote 2010 бағдарламасы болса, басқа адамдар бір жазу кітапшасында OneNote Web App бағдарламасында жұмыс істеп жатқанда, сіз OneNote жұмыс үстелі бағдарламасында жұмыс істей аласыз.

  1. Жазу кітапшасын топтың SharePoint кітапханасы сияқты әріптестеріңіз кіре алатын веб-сайтта сақтаңыз.

  2. Басқа адамдарды жазу кітапшасымен жұмыс істеуге шақырыңыз.

  3. SharePoint торабында браузерде пайда болатын жазу кітапшасының веб-мекенжайын көшіріп, оны хабарға қойыңыз.

  4. OneNote 2010 бағдарламасында Файл қойындысын басып, Ақпарат қойындысындағы жазу кітапшасының атауы астында Адамдарды осы жазу кітапшасына шақыру түймешігін басыңыз.

  5. Жазу кітапшасын өңдеңіз. Әріптестердің өзгертулерін оқу көрінісінде Авторларды көрсету пәрменін таңдау арқылы немесе өңдеу көрінісінде Көрініс қойындысында көруге болады.

Бетте қандай өзгертулер жасалғанын көру үшін Көрініс қойындысында Бет нұсқалары пәрменін таңдаңыз (немесе, оқу көрінісінде шарлау аумағына өтіп беттің атын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Нұсқаларды көрсету пәрменін таңдаңыз).

OneNote бағдарламасында біркелкі өңдеу

OneNote Web App бағдарламасында өңдеу жылдам өзгертулер енгізу немесе басқа адамдармен бірлесіп жұмыс істеу үшін қолайлы. OneNote бағдарламасының барлық мүмкіндіктері қажет болса, Файл қойындысын басып, OneNote бағдарламасында ашу түймешігін басыңыз.

OneNote Web App бағдарламасы жазу кітапшасын OneNote жұмыс үстелі бағдарламасында тікелей ашады, ол жерде күрделі өзгертулерді енгізуге  мысалы, дыбыс жазбаларын қосу немесе жазба тегтерін реттеуге болады. Өзгертулер веб-серверде автоматты түрде сақталады.

Ескерту : OneNote Web App бағдарламасында «OneNote бағдарламасында ашу» мүмкіндігін пайдалана алу үшін, сізде OneNote 2010 бағдарламасы болуы тиіс. Сондай-ақ, Internet Explorer немесе Firefox браузері қажет.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×