OneNote Online бағдарламасында кестені пішімдеу

Бетте кестені кірістірген соң, оны таңдап, қажетіңізше өзгертіп және пішімдей аласыз.

  1. OneNote Web App бағдарламасында пішімдеу қажет кестені қамтитын бетті ашыңыз.

  1. Таспадағы Кесте құралдары қойындысын көрсету үшін кестенің кез келген жерін басыңыз.

  2. Кесте құралдары астындағы Орналасу түймешегіні басып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Пішімдеуді таңдауға қолданбас бұрын кестенің кез келген бөлігін нақты таңдау үшін, Таңдау таспа тобындағы пәрмендерді пайдаланыңыз.

    • Қажет емес жолдарды немесе бағандарды кестеден жою үшін, Жою таспа тобындағы пәрмендерді пайдаланыңыз.

    • Кез келген қосымша жолдарды немесе бағандарды кестеге қосу үшін, Кірістіру таспа тобындағы пәрмендерді пайдаланыңыз.

    • Кесте жиектерін кестенің кез келген бөліктеріне қолдану үшін Жиектер таспа тобындағы пәрмендерді пайдаланыңыз.

    • Мәтінді кесте ұяшықтарының ішінде туралау үшін Туралау таспа тобындағы пәрмендерді пайдаланыңыз.
       

Кеңес :  Таңдау, Кірістіру және Жою таспа топтарындағы пәрмендерді де кестенің кез келген жерін тінтуірдің оң жағымен басып қолдана аласыз.
 

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×