OneNote 2010 нұсқасындағы файл пішіміндегі өзгерістер туралы

Бұл мақалада Microsoft OneNote 2010 нұсқасына жаңартқан OneNote 2007 пайдаланушыларына, сондай-ақ, ескі OneNote 2007 пішімінде сақталған жазу кітапшаларын пайдалануды және ортақтасуды жалғастырғысы келетін OneNote 2010 пайдаланушыларына арналған маңызды ақпарат берілген. Ақпарат OneNote 2010 нұсқасына тікелей жаңартып отырған OneNote 2003 пайдаланушылары үшін де берілген.

Ескерту : Бұл мақаланың ең соңғы нұсқасын көре алмауыңыз мүмкін. Егер бұл терезенің төменгі жағына жақын күй жолағында Дербес деп тұрса, компьютеріңізге интернетке қосып, анықтаманы қарап шығу құралындағы Дербес түймешігін басыңыз, содан кейін мәтінмәндік мәзірден Office.com мазмұнын көрсету пәрменін таңдаңыз. Осылайша, Office.com торабына кіріп, ең соңғы құжаттарды алу үшін Microsoft OneNote 2010 бағдарламасының «Анықтама және орындау әдістері» бетін іздеңіз.

Бұл мақалада

OneNote 2010 файл пішімін шолу

Жазу кітапшаларын бір файл пішімінен екіншісіне қолмен түрлендіру

OneNote 2003 нұсқасынан жаңарту

OneNote 2010 файл пішімін шолу

Microsoft OneNote 2010 нұсқасы жазу кітапшаларын сақтауға OneNote бағдарламасының алдыңғы нұсқаларына қарағанда жаңалау файл пішімін пайдаланады. Дегенмен, OneNote 2007 файл пішімі OneNote 2010 нұсқасында сақталып қойған, сондықтан ескілеу файл пішімінде сақталған жазу кітапшаларын OneNote бағдарламасының әр түрлі нұсқаларында бірге жұмыс істейтін бірнеше автор ортақ пайдалана алады.

OneNote 2010 нұсқасында жаңа жазу кітапшаларын жасау

OneNote 2010 нұсқасында жасалатын жаңа жазу кітапшалары жаңа OneNote 2010 файл пішімінде автоматты түрде сақталады. Бұл пішім көптеген жаңа OneNote 2010 мүмкіндіктерімен — оның ішінде, математикалық теңдеулермен, байланыстырылған жазба алумен, көп деңгейлі ішкі беттермен, нұсқалармен және себетпен жұмыс істеуге қажетті. Сондай-ақ, OneNote 2010 жазу кітапшасының пішімін пайдалану жазу кітапшаларыңызды вебте ортақ пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан оларды веб-шолғышта көріп өңдеуге болады.

OneNote 2007 жазу кітапшаларын OneNote 2010 пішіміне түрлендіру

OneNote 2007 пайдаланушылар жаңалау OneNote 2010 файл пішімінде сақталған жазу кітапшаларын ашып, пайдалана алмайды. Дегенмен, OneNote 2010 нұсқасымен OneNote 2007 жазу кітапшасы файлдарын ашып, көруге және өңдеуге болады.

OneNote 2007 нұсқасынан OneNote 2010 нұсқасына жаңартқанда, OneNote 2007 пішіміндегі бар жазу кітапшалары автоматты түрде түрлендірілмейді. Осылайша, OneNote 2010 нұсқасын барлық жазу кітапшаларыңызға пайдаланып, ортақ жазу кітапшаларында OneNote 2007 нұсқасын әлі пайдаланатын адамдармен бірігіп жұмыс істеуіңізге болады.

Жазу кітапшасы сақталған файл пішімін тексеру үшін төмендегі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:

  • OneNote 2010 нұсқасында жазу кітапшасын ашып, OneNote бағдарламасы терезесінің тақырып жолына қараңыз. Егер [Сыйысымдылық күйі] жазу кітапшасы атынан жанынан көрсетілсе, онда жазу кітапшасы ескілеу OneNote 2007 пішімінде сақталады.

  • OneNote 2010 нұсқасында шарлау аумағындағы жазу кітапшасының белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Сипаттар пәрменін таңдаңыз. Жазу кітапшасының сипаттары тілқатысу терезесінде жазу кітапшасы сақталған пішімді көру үшін Әдепкі пішім сипатын ескеріңіз.

Кеңес : Егер жазбаларды OneNote бағдарламасының бұрынғы нұсқасы бар басқа адамдармен ортақ пайдалану маңызды болмаса, жаңа нұсқа ұсынатын жаңа мүмкіндіктердің барлығын қосу үшін бар жазу кітапшаларын жаңа OneNote 2010 пішіміне түрлендіру керек.

Беттің жоғарғы жағы

Жазу кітапшаларын бір файл пішімінен екіншісіне қолмен түрлендіру

OneNote 2010 нұсқасында жасалатын жаңа жазу кітапшалары әдепкісінше жаңа OneNote 2010 файл пішімінде автоматты түрде сақталады. Дегенмен, OneNote 2010 нұсқасында бар жазу кітапшасын бір пішімнен екіншісіне оңай өзгертуге мүмкіндік беретін түрлендіру құралы да берілген. Ол OneNote 2010 жазу кітапшасын OneNote 2007 нұсқасын әлі пайдаланатын адамдармен ортақ пайдалану керек болған жағдайда немесе OneNote 2007 жазу кітапшасын ортақ пайдаланып болып, OneNote 2010 нұсқасының барлық мүмкіндіктерін пайдаланғыңыз келгенде пайдалы.

Бар жазу кітапшасын қалаған пішіміңізге қолмен түрлендіру үшін мына қадамдарды орындаңыз:

  1. OneNote 2010 нұсқасының шарлау аумағындағы түрлендірілетін жазу кітапшасының белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Сипаттар пәрменін таңдаңыз.

  2. Жазу кітапшасының сипаттары тілқатысу терезесінде Әдепкі пішім жанында берілген бар жазу кітапшасының пішімін тексеріп, төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • OneNote 2007 жазу кітапшасын жаңалау OneNote 2010 пішіміне түрлендіру үшін 2010 нұсқасын түрлендіру түймешігін басыңыз.

    • OneNote 2010 жазу кітапшасын OneNote 2007 пішіміне түрлендіру үшін 2007 нұсқасына түрлендіру түймешігін басыңыз.

Сақтық шарасы : Жазу кітапшасын ескілеу 2007 пішіміне түрлендіру OneNote 2010 нұсқасындағы кейбір мүмкіндіктерді — оның ішінде, математикалық теңдеулерді, байланыстырылған жазба алуды, нұсқалар жұрналын, көп деңгейлі ішкі беттерді, себетті және вебке негізделген өңдеуді ажыратады — және осы мүмкіндіктермен жасалған кез келген жазу кітапшасының мазмұнына ықпал етуі немесе ажыратуы мүмкін. Математикалық теңдеулер арнай түрде статикалық суреттерге түрлендіріледі, ал мәтінмән сілтемелері, нұсқалар жұрналы және себет жазу кітапшасынан түбегейлі жойылады. OneNote 2010 жазу кітапшасының бастапқы нұсқасын ескілеу OneNote 2007 пішіміне түрлендірмес бұрын оның сақтық көшірмесін бөлек жасап алыңыз.

Егер жазу кітапшасында ескілеу OneNote 2007 пішімінде сақталған жеке жазу кітапшасының бөлімдері болса, ақпарат жолағы әр беттің жоғарғы жағынан көрсетіледі. Сол жолақты басып, сол белгілі бір бөлімді немесе жазу кітапшасын түгелімен түрлендіруді таңдауға болады.

Егер бетті немесе бөлімді бір пішімдегі жазу кітапшасынан екінші пішімдегі жазу кітапшасына жылжытсаңыз, OneNote 2010 нұсқасы пішімін түрлендіруден бұрын ескерту хабарын көрсетеді.

Ескерту : OneNote 2010 файл пішімін OneNote 2007 нұсқасында пайдалануға болмайды. Егер жазу кітапшасын OneNote 2010 пішіміне жаңартып, ескі пішіміне қайтару керек болса, жазу кітапшасын қайтадан кері түрлендіру үшін алдыңғы қадамдарды орындаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

OneNote 2003 нұсқасынан жаңарту

OneNote 2010 нұсқасымен OneNote 2010 және OneNote 2007 файл пішімдерінде сақталған жазу кітапшаларын ашып, өңдеуге болады. Дегенмен, ол OneNote 2003 пішімін ғана оқи алады.

Егер OneNote 2003 нұсқасынан OneNote 2010 нұсқасына жаңартып, бар жазбаларды өңдегіңіз келсе, жазу кітапшасын не OneNote 2010 пішіміне, не OneNote 2007 пішіміне жаңартып алу керек болады. Ол үшін жазу кітапшасын OneNote 2010 нұсқасында ашып, OneNote 2003 жазу кітапшасының әр бетінің жоғарғы жағына шығатын ақпарат жолағын басыңыз.

Ескерту : Егер OneNote 2003 жазу кітапшасын OneNote 2007 пішіміне жаңартсаңыз, бірнеше OneNote 2010 мүмкіндіктері — оның ішінде, математикалық теңдеулер, байланыстырылған жазба алу, көп деңгейлі ішкі беттер, нұсқалар және себет қол жетімді болмайды. Сондай-ақ, жазу кітапшасын вебте көріп, өңдей немесе ортақ пайдалана алмайсыз.

Сақтық шарасы : OneNote 2003 нұсқасымен OneNote 2010 жазу кітапшасын оқу мүмкін емес. OneNote 2003 жазу кітапшасы жаңалау пішімге түрлендірілгендіктен, оны кері өзгерту мүмкін емес. OneNote 2003 жазу кітапшасының бастапқы нұсқасын жаңалау пішімге түрлендірмес бұрын оның сақтық көшірмесін бөлек жасап алыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×