OneDrive файлдары мен қалталарын ортақ пайдалану

OneDrive бағдарламасын фотосуреттерді, Microsoft Office құжаттарын және басқа файлдарды адамдармен бөлісу үшін пайдалана аласыз.

OneDrive веб-сайтында:

  1. Элементтің жоғарғы оң жағындағы шеңберді таңдау арқылы ортақ пайдаланғыңыз келген файлды немесе қалтаны таңдаңыз. Сонымен қатар, бірге ортақ пайдалану үшін бірнеше файлды таңдай аласыз.

  2. Беттің жоғарғы жағындағы жолақта Ортақ пайдалану функциясын түртіңіз немесе басыңыз, содан кейін төмендегі ортақ пайдалану опцияларының бірін таңдаңыз.

Адамдарды шақыру

Белгілі бір адамдардың немесе топтардың элементті пайдалану рұқсатын бергіңіз келсе, осы опцияны пайдаланыңыз. Бұл, қажет болса, белгілі бір адамдардың немесе топтардың рұқсатын кейінірек алып тастауға мүмкіндік береді.

  1. Кімге өрісінде, электрондық пошта мекенжайларын немесе контакт аттарын енгізіңіз. Өріске ақпарат енгізе бастаған кезде, контактілерді пайда болатын тізімнен таңдай аласыз.

  2. Қаласаңыз, алушыларға ескертпе қосыңыз.

  3. Рұқсат деңгейін өзгерту үшін, Тек алушылар ғана көре алады немесе Алушылар өңдей алады параметрлерін басыңыз. Егер Алушылар өңдей алады параметрін таңдасаңыз, алушылар Office Online мүмкіндігін таңдап, Office құжаттарын жүйеге кірмей-ақ өңдей алады. Басқа өзгерістерді орындау үшін (қалтадағы файлдарды қосу немесе жою сияқты) алушылар Microsoft тіркелгісімен жүйеге кірулері қажет.

    Алушылар өңдей алады параметрін таңдасаңыз және алушы хабарды қайта жіберсе, оны алған кез келген адам сіз ортақ пайдаланған элементті өңдей алады. Өңдеу рұқсаттары бар пайдаланушылар да элементті өңдеу рұқсаттарын алу үшін басқаларды шақыра алады.

    Егер сіз алушылардың (сіз ортақ пайдаланған элементін анық көруі үшін) Microsoft тіркелгімен әрдайым жүйеге кіргенін қаласаңыз, Алушылар Microsoft тіркелгісімен жүйеге кіруі қажет функциясын таңдаңыз. Алушы сіздің хабарыңызды қайта жіберетін болса, басқа адамдардың сіз ортақ пайдаланған элементті көруіне жол бермейді.

  4. Рұқсат параметрлерін сақтау үшін және элементтің сілтемесі бар хабарды жіберу үшін, Ортақ пайдалану пәрменін басыңыз.

Ескерту : Алушылар Microsoft тіркелгісімен жүйеге кіруі қажет функциясын таңдағанның өзінде адамдардың Microsoft тіркелгісін білмей-ақ оларды шақыра аласыз. Адамдарға хабар жіберген уақытта олардың кез келген электрондық пошта мекенжайларын пайдалана аласыз. Microsoft тіркелгісі жоқ адамдармен элементті ортақ пайдаланатын болсаңыз, олар біреуін тегін жасай алады.

Сілтеме алу

Сіз тіпті білмеуіңіз мүмкін көптеген адамдармен элементтерді ортақ пайдалану үшін осы опцияны таңдаңыз. Мысалы, осы сілтемелерді Facebook, Twitter немесе LinkedIn желілеріне жариялау немесе электрондық пошта немесе жылдам хабар алмасу арқылы ортақ пайдалану үшін пайдалана аласыз. Сілтемені қайта жіберуге болатынын есте сақтаңыз, яғни, сілтемені алған кез келген адам элементті қарап, өзгерте алады.

  1. Өзіңізге қажетті сілтеменің түрін таңдаңыз. Сіз сілтемені жасаған кезде элементке арналған рұқсаттар автоматты түрде жаңартылады.

    • Тек көру - Осы сілтеме түрін пайдаланып, элементтерді ортақ пайдаланған кезде, адамдар сіздің элементтеріңізді жүйеге кірмей-ақ көре алады. Олар сілтемені басқа адамдарға қайта жібере алады.

    • Өңдеу - Өңдеу рұқсаттары бар ортақ сілтеме сізбен ортақ пайдаланатын адамдардың ортақ қалтада белгілі бір файлдарды өңдеп, файлдарды қосып не жоя алатындығын білдіреді. Алушылар сілтемені қайта жіберіп, файлдарды немесе қалтаны ортақ пайдаланатын тізімді өзгертіп, алушылар үшін рұқсаттарды өзгерте алады. Егер қалтаны ортақ пайдаланатын болсаңыз, өңдеу рұқсаттары бар пайдаланушылар қалтадағы кез келген элементті көшіріп, жылжытып, өңдеп, атауын өзгертіп, ортақ пайдаланып және жоя алады.

  2. Сілтеме жасау пәрменін басыңыз.

  3. Сілтемені әлеуметтік желіде жариялау үшін, әлеуметтік желінің белгішесін басыңыз.

  4. Таңбалар саны шектеулі хабарда (мәтін хабары сияқты) сілтемені қосқыңыз келсе немесе басып шығарылған құжатта сілтемені ортақ пайдаланғыңыз келсе, URL мекенжайын қысқарту үшін, Сілтемені қысқарту пәрменін басыңыз. Ол сілтеменің әдемі көрінуіне мүмкіндік жасайды және адамдардың веб-браузерге кіруіни жеңілдетеді.

    Ескерту : Қысқартылған сілтемені пайдалану сіз ортақ пайдаланған элементтердің веб-мекенжайын оңай анықтауға мүмкіндік береді.

Алушыларға ортақ қалталарға қатысты қосымша бақылау және әрекеттестік ұсыныңыз

Қалталарды өңдеу рұқсаттарымен ортақ пайдаланғанда сізбен ортақ пайдаланатын пайдаланушылар өздерінің жеке OneDrive қызметіне ортақ қалталарды қоса алады. Бұл оларға қалтаны өздерінің жеке қалталарымен және элементтерімен сақтауға, элементтерді қалталар арасында оңай жылжытуға және сол элемент бойынша оңай офлайн режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар енгізген кез келген жаңартулар ортақ қалтамен синхрондалады, сондықтан қалтаға қатынаса алатын кез келген пайдаланушы жаңартылып отырады.

  • Пайдаланушыларды шақыру арқылы қалтаны ортақ пайдалану үшін - Тек алушылар қарай алады сілтемесін түртіңіз не басыңыз, содан соң Алушылар өңдей алады түймешігін таңдаңыз.

  • Қалтаны сілтеме арқылы ортақ пайдалану үшін - Опцияны таңдау терезесінде Өңдеу пәрменін таңдаңыз.

Кеңес : Алушы өзінің OneDrive қызметіне жеке файлдарды емес, ортақ қалталарды қоса алады. Егер алушының өздерінің OneDrive қызметіне файлдар қосқанын қаласаңыз, файлдарды алдымен қалтаға енгізіп, содан соң қалтаны ортақ пайдаланыңыз.

Ортақ пайдаланылған элементтерді көру үшін

OneDrive.com сайтында сол жақ бөліктегі Ортақ пайдаланғандар тармағын түртіңіз не басыңыз, содан соң Менімен ортақ пайдаланғандар түймешігін түртіңіз не басыңыз.

Элементті ортақ пайдалануды тоқтату немесе адамдардың рұқсаттарын өзгерту үшін

Егер элемент иеленушісі болсаңыз немесе өңдеу рұқсаттарыңыз болса, элементті ортақ пайдалануды тоқтатып немесе сол элементке арналған басқалардың рұқсаттарын жоя аласыз.

  1. Ортақ элементтің құсбелгісін таңдап, беттің жоғарғы жағындағы жолақта Ортақ пайдалану түймешігін түртіңіз не басыңыз.

  2. Ортақ пайдалану: бөлімінде өзгерткіңіз келетін рұқсаттарды таңдаңыз. Адамның немесе топтың рұқсаттарын өңдеу немесе тек көру арасында ауыстыра аласыз және сіз жасаған кез келген сілтеме арқылы ортақ пайдалануды тоқтата аласыз.

Ескертулер : 

  • Microsoft тіркелгісіне Отбасы Қауіпсіздігі орнатылған болса және сіздің ата-анаңыз контактіні басқару функциясын өшіріп тастаса, сіз өзіңіздің контактілер тізіміңіздегі адамдармен ғана ортақ пайдалана аласыз.

  • Авторлық құқықты сақтап, онлайн бөлісетін нәрселерге абай болыңыз. Рұқсат етілмеген материалдарды көшіру немесе ортақ пайдалану Microsoft қызметтері келісімін бұзады.

OneDrive мобильді бағдарламаларымен ортақ пайдалану

Қосымша ақпарат пен анықтама алу үшін:

Қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз

Жауап тақтасынан анықтама алыңыз.

Қосымша анықтама қажет пе?

OneDrive бағдарламасына арналған қосымша қолдау беттерін қараңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×