OneDrive файлдарын немесе қалталарын ортақ пайдалануды тоқтату немесе рұқсаттарды өзгерту

OneDrive файлдарын немесе қалталарын ортақ пайдалануды тоқтату немесе рұқсаттарды өзгерту

Егер элемент иеленушісі болсаңыз немесе өңдеу рұқсаттарыңыз болса, элементті ортақ пайдалануды тоқтата немесе басқа пайдаланушылардың сол элементке қатысты рұқсаттарын жоя аласыз.

Браузер бейнеге қолдау көрсетпейді. Microsoft Silverlight, Adobe Flash Player немесе Internet Explorer 9 бағдарламасын орнатыңыз.

Ескерту : Ортақ пайдалану сілтемесіне қатысты өңдеу рұқсатын қарау рұқсатына немесе, керісінше, қарау рұқсатын өңдеу рұқсатына өзгерте алмайсыз. Оның балама шешімі — ортақ пайдалану рұқсатын жойып, басқа рұқсаты бар жаңа сілтемені жасау. Бейнеде OneDrive жеке тіркелгісінен осы әрекетті орындау қадамдары көрсетілген. Егер OneDrive бағдарламасын жұмыс немесе мектеп тіркелгісімен пайдалансаңыз, интерфейс сәл өзгеше болуы мүмкін.

Қадамдар:

  1. Қажетті элементті таңдаңыз да (тақта көрінісінде ортақ элементтің жоғарғы бұрышындағы шеңберді таңдаңыз), беттің жоғарғы жағындағы жолақтан Ақпарат белгішесін таңдаңыз.

    Элементті таңдау және ақпарат белгішесін басу көрсетілген скриншот

  2. «Мәліметтер» аумағында Ортақ пайдалану бөлімін төмен айналдырыңыз да, бөлімнің мазмұнын көру үшін, оны кеңейтіңіз.

  3. Сілтемені ортақ пайдалануды тоқтату үшін, сілтеменің жанындағы X түймешігін таңдап, оны өшіріңіз.

    Элементтің ортақ пайдаланылуын тоқтату үшін, «Мәліметтер» аумағындағы сілтемені өшіру көрсетілген скриншот

    Пайдаланушымен немесе топпен ортақ пайдалануды тоқтату үшін, сол пайдаланушының немесе топтың рұқсаттарын таңдаңыз, содан кейін Ортақ пайдалануды тоқтату опциясын таңдаңыз. Пайдаланушының немесе топтың өңдеу және тек қана қарау рұқсаттарын ауыстыру үшін, өзгерту қажет рұқсаттарды таңдаңыз.

    Пайдаланушының рұқсаттарды таңдауы және ортақ пайдалануды тоқтатуы көрсетілген скриншот

Ескертулер : 

  • Microsoft тіркелгісіне Отбасы Қауіпсіздігі орнатылған болса және сіздің ата-анаңыз контактіні басқару функциясын өшіріп тастаса, сіз өзіңіздің контактілер тізіміңіздегі адамдармен ғана ортақ пайдалана аласыз.

  • Авторлық құқықты сақтап, онлайн бөлісетін нәрселерге абай болыңыз. Рұқсат етілмеген материалдарды көшіру немесе ортақ пайдалану Microsoft қызметтері келісімін бұзады.

Ортақ пайдаланылған элементтерді көру

OneDrive.com сайтында сол жақ аумақтағы Ортақ пайдалану рұқсаты берілген опциясын, содан кейін Мен ортақ пайдалану рұқсатын берген опциясын таңдаңыз.

Қосымша анықтама қажет пе?

OneDrive қолдау көрсету тобына электрондық хабар жазу арқылы анықтама алыңыз.

OneDrive анықтама орталығын тексеріңіз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×