OneDrive бағдарламасындағы файлдар қауіпсіздігі

OneDrive бағдарламасындағы файлдар қауіпсіздігі

OneDrive бағдарламасындағы сіздің файлдарыңызды қауіпсіз сақтаудың бірнеше жолдарын ұсынамыз. Сіздің файлдарыңыз Жалпыға қолжетімді қалтада сақталмаса немесе оларды ортақ пайдаланбасаңыз, басқа адамдарға ортақ болмайды. OneDrive файлдарыңызды жабдық ақаулығынан қорғау үшін, біз әрбір файлдың бірнеше көшірмесін әртүрлі жетектер мен серверлерде сақтаймыз. Сіздің файлдарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз қолданатын қауіпсіздік функциясы туралы қосымша ақпаратты, Microsoft дерек орталығының қауіпсіздігі және сәйкестілігі бөлімінен қараңыз.

OneDrive бағдарламасындағы файлдарды қорғау үшін, басқа да әрекеттер:

  • Мықты құпиясөз жасаңыз. Құпиясөзіңіздің сенімділігін тексеріңіз

  • Microsoft тіркелгіңізге қауіпсіздік ақпаратын қосыңыз. Телефон нөміріңізді, балама электрондық пошта мекенжайыңызды және қауіпсіздік сұрағы мен жауабы сияқты ақпаратты қоса аласыз. Осылайша, құпиясөзіңізді ұмытып қалған жағдайда немесе тіркелгіңізді біреу бұзған жағдайда, тіркелгіні өзіңіз қолданып жатқаныңызға көз жекізу үшін және тіркелгіңізді қайта қолдана алу үшін, сіздің қауіпсіздік ақпаратыңызды қолдана аламыз. Қауіпсіздік ақпараты бетіне өтіңіз.

  • Екі сатылы тексеріс функциясын пайдаланыңыз. Бұл жүйеге сенімсіз құрылғымен кірген уақытта қосымша қауіпсіздік кодын сұрау арқылы тіркелгіңізді қорғауға көмектеседі. Екі сатылы тексеріс туралы қосымша ақпарат алу үшін, Екі сатылы тексеріс: ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР бөлімін қараңыз.

  • OneDrive файлдарыңыздың резервтік көшірмесін жасаңыз. Windows жүйесіндегі Файлдар журналы опциясын пайдалану туралы ақпарат алу үшін, Файлдар журналына арналған дискіні орнату бөлімін қараңыз.

Қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз

Жауап тақтасынан анықтама алыңыз.

«Анықтама» веб-бетіндегі OneDrive түймешігіне өтіңіз

Қосымша анықтама қажет пе?

OneDrive анықтама орталығын тексеріңіз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×