OneDrive бағдарламасындағы жоғалған немесе жоқ файлдарды табу

OneDrive бағдарламасындағы жоғалған немесе жоқ файлдарды табу

OneDrive бағдарламаңыздағы файлды немесе қалтаны таба алмасаңыз, мына кеңестерді қолданып көріңіз.

Ескерту : Егер сіз Бизнеске арналған OneDrive бағдарламасын пайдаланып жатсаңыз, файлдарыңызды жеке тіркелгіңізге сақтаудын орнына, бизнес тіркелгіңізге сақтап қоюыңыз мүмкін. Бизнеске арналған OneDrive бағдарламасындағы файлдарды тексеру үшін, http://portal.office.com/onedrive сілтемесіне өтіңіз. Егер Бизнеске арналған OneDrive бағдарламасындағы файлдарыңызды жоғалтып алсаңыз, Бизнеске арналған OneDrive бағдарламасының қауымдастық форумында сұрағыңызды қоя аласыз. Қосымша анықтама алу үшін, АТ бөлімшесіне немесе әкімшіге хабарласыңыз.

Cебетті тексеріңіз.

Файлдар мен қалталар абайсызда жойылып кетуі мүмкін (өзіңіз жойып алуыңыз мүмкін немесе ортақ файлда болса, басқа біреу жойып тастауы мүмкін). OneDrive веб-сайтындағы себетті ашыңыз. Егер компьютеріңіздегі OneDrive бағдаралмаңызды синхрондап жатсаңыз, өзіңіздегі себетті (компьютеріңізде) немесе Қоқысты (Mac жүйесінде) тексеріңіз.

  • Бір құрылғыңыздағы OneDrive бағдаламасынан бір файлды жоятын болсаңыз, ол барлық құрылғыдағы OneDrive бағдарламасынан жойылатынын есте сақтаңыз. Егер OneDrive бағдарламасындағы файлды құрылғыдағы басқа орынға жылжытатын болсаңыз, ол файлды OneDrive бағдарламасынан жойып тастайды.

  • Егер өзіңіздің себетіңіздегі файлды сақтағыңыз келсе, оны қалпына келтіріңіз, осылайша ол себеттен жойылмайды. Файлдарды қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін, Файлдар мен қалталарды қалпына келтіру бөлімін қараңыз.

  • Егер сіз қалтаны басқалармен ортақ пайдалансаңыз және олар сіздің қалтаңыздағы элементтерді жойғанын қаламасаңыз, қалтаға арналған рұқсатты өзгерте аласыз. Толық ақпарат алу үшін, Файлдарды және қалталарды ортақ пайдалану және рұқсаттарды өзгерту бөлімін қараңыз.

Тиісті Microsoft тіркелгісімен кіргеніңізге көз жеткізіңіз.

Егер сіздің бірнеше тіркелгіңіз болса, OneDrive бағдарламасына кіретін тіркелгіңізді пайдаланыңыз. OneDrive веб-сайтына өтіңіз, жоғарғы оң жақ бұрыштағы атыңызды түртіңіз немесе басыңыз, содан соң Профильді өңдеу түймешігін түртіңіз немесе басыңыз. Профиль беті сіздің қай Microsoft тіркелгісін пайдаланып жатқаныңызды көрсетеді.

Жоқ файлдар мен қалталарды іздеу

Файлдарды өзіңіз қаламаған жерге сақтап қоюыңыз немесе файлдарды қателесіп жылжытып қоюыңыз мүмкін. OneDrive веб-сайтына өтіп, жоғарғы сол жақ бұрыштағы іздеу өрісін пайдаланыңыз. Файлдарды синхрондап жатсаңыз, компьютеріңіздегі Жетектеушіні ашыңыз және OneDrive қалтаңызға өтіңіз. Жоқ файлдар мен қалталарды іздеу үшін, жоғарғы оң жақтағы іздеу жолағын пайдаланыңыз.

Файлдардың сақталу әдісін өзгерту

Іздеп жатқан файлыңыздың аты есіңізде болмаса, бірақ оны соңғы рет қашан пайдаланғаныңыз есіңізде болса, қалтаны Өзгертілген күні немесе Жасалған күні бойынша сұрыптап көріңіз. Оны жоғарғы оң жақ бұрыштағы Сұрыптау реті түймешігін түрту немесе басу арқылы OneDrive веб-сайтында орындай аласыз.

Файлдарды немесе қалталарды кері жүктеу үшін қолданған құрылғыны тексеру

Элементтер кері жүктелмес бұрын, кері жүктеу кезінде мәселелер туындауы мүмкін немесе құрылғы интернет байланысынан үзіліп қалуы мүмкін.

Ескерту : Файлдардың кері жүктелуі және жүктелуі үшін біраз уақыт кететінін ескеріңіз. Басқа құрылғылардағы файлдарды тексермес бұрын, өзіңіздің файлдарыңыз кері жүктеліп болғанына көз жеткізіңіз. Файлдардың жылдам синхрондалуы үшін не істей алатыныңыз туралы қосымша ақпарат алу үшін, Кері жүктеу және жүктеу жылдамдығын барынша арттыру бөлімін қараңыз.

Егер ортақ пайдаланылған элементтер пайда болмаса, элементтердің иесімен бірге тексеріңіз

Егер әлдебіреу файлдарды немесе қалталарды сізбен ортақ пайдалануын тоқтатса, ол сіздің Ортақ тізіміңізден жойылады. Егер сол элементтерге қайта қатынасқыңыз келсе, элементтің иесінен файлды ортақ пайдалануын сұраңыз.

Жоқ элементтер үшін Соңғы пайдаланылған құжаттарды тексеру

Соңғы пайдаланылған құжаттар тізімі OneDrive бағдарламаңыздың кез келген жерінде орналасқан, соңғы рет ашылған құжаттарды табуға көмектеседі. OneDrive веб-сайтына өтіп, сол жақ аймақтағы Соңғы құжаттар түймешігін түртіңіз немесе басыңыз.

Компьютеріңіздегі басқа OneDrive қалталарын тексеру

Егер сізде Windows 8.1 немесе Windows RT 8.1 жүйелері болса, осыны пайдаланып көріңіз.

  1. Windows логотип пернесі+S пернесін басыңыз.

  2. % userprofile % деп теріңіз. Ол жоғарғы жағында сіздің атыңыз жазылған Жетектеушіні ашады.

  3. Жасалған күні немесе Өзгертілген күні ескі «OneDrive» немесе «SkyDrive» атты қосымша қалтаны және ондағы жоқ файлдар мен қалталарды іздеңіз. Қалтаның аты «.old» деп аяқталуы мүмкін.

  4. Егер жоқ файлдарды тауып алсаңыз, соңғы пайдаланылған OneDrive қалтасына сақтағыңыз келгендерді көшіріп, қойыңыз.

Қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз

Жауап тақтасынан анықтама алыңыз.

Қосымша анықтама қажет пе?

OneDrive анықтама орталығын тексеріңіз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×