Office 365 қызметін байланысы баяу желілерде пайдаланудың үздік тәжірибелері

Интернет байланысы әрқашан жылдам болып, ешқашан үзілмесе жақсы болмас па еді? Мүмкін, бұл күн жақындап келеді. Бірақ әзірше баяу желі арқылы шешімді тауып, күнделікті жұмысыңызды орындаудың бірнеше жолдары бар. Office 365 бұлт негізіндегі қызмет болуына қарамастан, ол, сондай-ақ, мазмұныңызбен офлайн жұмыс істеп, өзгерістерді синхрондалған күйінде сақтаудың көптеген жолдарын ұсынады. Осымен қатар, бағдарламалар жылдамырақ жұмыс істеп, пайдаланушы интерфейсі тезірек жауап беретіндіктен, мазмұнмен кейде офлайн жұмыс істеу тиімдірек болуы мүмкін. Қызметтің негізгі артықшылығы: Office 365 қызметі екі байланыс түрінің үздігімен қамтамасыз етеді. Төменде оның артықшылығын пайдалану жолы көрсетілген.

Кеңес : Желілік байланыстың қаншалықты баяу (немесе жылдам) екенін көргіңіз келе ме? OOKLA Speed test немесе Network Speed Test App бағдарламаларын пайдаланып көріңіз.

Себебі желіде екендігіне сенімдісіз бе?

Өнімділік мәселелеріне тап болған кезде, алдымен мәселенің себебі құрылғыда еместігін тексеріңіз. Мәселені шешудің екі жолы бар:

  • Құрылғыңыздың дұрыс жұмыс істеп тұрғанына және компьютеріңізде зиянды бағдарламаның жоқтығына көз жеткізіңіз.

  • Мүмкін болса, қосымша жадыны сатып алыңыз. Жадыны қосу құрылғыңыздың өнімділігін жақсартудың оңай әрі көптеген жағдайларда тиімді жолы болып табылады. Бұл әсіресе үлкен файлдармен және бейнелермен жұмыс істеген жағдайда пайдалы болады.

Қосымша ақпарат алу үшін Windows өнімділігі және қызмет көрсету және Windows жүйесі өнімділігінің ақаулықтары бөлімдерін қараңыз.

Internet Explorer бағдарламасын пайдаланудың оңтайлы жолдары

Сіздің браузеріңіз Интернетке жол ашатын есік болып табылады, ол, әсіресе бетті жүктеу ұзақтығына және Office 365 қызметіне қатынасу жиілігіне байланысты өнімділікке әсер етеді. Браузеріңіз және Internet Explorer бағдарламасы үшін ұсыныстар келесідей:

  • Алдыңғы нұсқаларына қарағанда тұрақты өнімділік жақсартуларына қол жеткізу үшін, Internet Explorer бағдарламасын 11 не одан кейінгі нұсқасына дейін жаңартыңыз.

  • Өнімділікке әсер ететін және нақты мәнінде қажет емес браузердің қосымша құрылғыларын өшіріңіз.

  • Уақытша интернет файлдары үшін кэш өлшемін арттырыңыз.

  • жұмыс немесе мектеп тіркелгісі жүйесіне кіргеннен кейін, браузер терезесін күні бойы ашық ұстаңыз. Басқа қойыншалар мен терезелерді жүйеге қайта кірусіз аша аласыз. Басқа тіркелгіге кіру қажет болса, InPrivate шолу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

  • Әр бет жүктеліп, ашылғаннан кейін, оларды қойыншаларды пайдалана отырып ашық ұстаңыз. Қойыншалар арасында ауысу және бетті кейін күні бойы пайдалану оңайырақ болады. Бетте ең соңғы деректерді көргіңіз келген жағдайда ғана оны жаңартыңыз.

  • Егер беттің ашылуына ұзақ уақыт кетсе, беттің жүктелуін тоқтатыңыз (ESC түймешігін басыңыз) және кейін бетті жаңартыңыз (F5 түймешігін басыңыз).

  • Мүмкін болса, Office 365 қызметіне қатынау жиілігін азайтыңыз. Мысалы, тізімдер немесе кітапханалар ішінде айналдырып өтудің орнына, үлкен кітапхананың ішінен файлдарды анықтау үшін іздеуді және қажет нәтижелерге қол жеткізу үшін сүзгілеуді пайдаланыңыз. Немесе беттің жүктелу уақытын азайтатын көріністерді жасаңыз. Қосымша мәлімет алу үшін, Беттің өнімділігін жақсарту бөлімін қараңыз.

  • Бейне өнімділігі нашар болса, бейнені жүктеп алып, құрылғыңызда көре аласыз. Жүктеу сілтемесі қолжетімді болуы мүмкін немесе бейне сілтемесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Нысанды басқаша сақтау тармағын таңдай аласыз.

Қосымша мәлімет алу үшін Internet Explorer ақауларын түзету бөлімін қараңыз.

Outlook және Outlook Web App бағдарламасын пайдаланудың оңтайлы жолдары

Электрондық поштаны оқу, жазу және ұйымдастыру әркімнің күнделікті жұмысындағы үлкен бөлігі болып табылады. Outlook және Outlook Web App (OWA) бағдарламаларының екеуі де офлайн қолдаумен қамтамасыз етеді. Смартфоныңызда электрондық пошта бағдарламасын пайдалану оның тағы бір пайдалы баламасы болып табылады. Қажеттіліктеріңізге ең оңтайлы сәйкес келетін келесі параметрлерді пайдаланыңыз:

  • Алдыңғы нұсқаларына қарағанда тұрақты өнімділік жақсартуларына қол жеткізу үшін, Outlook 2013 SP1 не одан кейінгі нұсқасына дейін жаңартыңыз.

  • Outlook Web App бағдарламасы OWA Office 365 қызметіне келесі рет қосылған кезде кері жүктелетін офлайн хабарларды, контактілерді және күнтізбе оқиғаларын жасауға мүмкіндік береді. OWA бағдарламасын офлайн режимінде пайдалану туралы қосымша мәлімет алу үшін Outlook Web App бағдарламасын офлайн пайдалану бөлімін қараңыз.

  • Outlook бағдарламасы кэштелетін режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл режимде ол кез келген мүмкін болған жағдайда желіге автоматты түрде қосылады. Outlook бағдарламасын барлық пошта жәшігіңізді немесе тек белгілі бөлігін жүктейтіндей теңшей аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін Кэштелген алмасу режимін іске қосу және Офлайн сақталатын электрондық пошта хабарларының көлемі бөлімдерін қараңыз.

  • Outlook бағдарламасы, сондай-ақ, офлайн режимді де ұсынады. Бұл режимді пайдалану үшін, алдымен тіркелгіңіздегі ақпарат компьютеріңізге көшірілетіндей, кэштелген режимді теңшеу қажет. Офлайн режимінде болғанда, Outlook бағдарламасы жіберу және қабылдау параметрлерін пайдаланып немесе оны онлайн жұмыс істейтіндей қолмен орнатқан кезде байланыс орнатып көреді. Қосымша мәлімет алу үшін Деректер қосылымы үшін төлемдерді болдырмау үшін офлайн жұмыс істеу, Офлайн жұмыс істеу кезінде жіберу және қабылдау параметрлерін өзгерту және Офлайн режимнен онлайн режиміне ауысу мақалаларын қараңыз.

  • Егер смартфонды пайдалансаңыз, оны ұялы байланыс операторының желісі бойынша электрондық поштаны және күнтізбені сұрыптауда пайдалана аласыз.

Ескерту : Outlook немесе OWA бағдарламаларын пайдалану жағдайлары туралы нұсқау төменде берілген. Егер дискідегі бос орын құрылғыңыздың ақауы болып табылмаса, Outlook бағдарламасында мүмкіндіктердің толық жиынтығы бар және ол аса оңтайлы жұмыс істеуі мүмкін. Егер дискідегі бос орын құрылғыңыздың ақауы болса, мүмкіндіктердің көптеген топтары бар және онлайн қосылымда аса оңтайлы жұмыс істейтін OWA бағдарламасын пайдалануды қарастырып көріңіз. Әрине, олардың қатарынан пайдалануға болады, себебі бағдарламаның екеуі де бірге үздік қызмет етеді.

Бизнеске арналған OneDrive қызметін пайдаланудың оңтайлы жолдары

Бизнеске арналған OneDrive қызметі файлдарыңызбен онлайн және офлайн күйде жұмыс істеу үшін тиянақты жасақталған. Оны теңшегеннен кейін өзгертулерді синхрондау автоматты түрде, олардың жасалу орнына және уақытына қарамастан орындалады. Желі баяу жұмыс істесе, файлдардың офлайн нұсқасымен жұмыс істеуге болады.

Бизнеске арналған OneDrive бағдарламасы Office 2013 (Professional Plus немесе Стандартты шығарылымдар) қызметімен немесе Office 2013 бағдарламаларын қамтитын Office 365 жазылымы арқылы қолжетімді. Егер Office 2013 қызметі болмаса, Бизнеске арналған OneDrive бағдарламасын тегін жүктеу мүмкін. Бұл бағдарлама Жетектеуші ішінде ашу немесе Кері жүктеу пәрмендерін пайдалануға қарағанда жылдамырақ жұмыс істейді. Қосымша мәлімет алу үшін, Бизнеске арналған OneDrive немесе SharePoint сайт кітапханаларын компьютерге синхрондау бөлімін қараңыз.

Бизнеске арналған OneDrive қызметін пайдалану үшін қосымша нұсқау:

  • Егер үлкен кітапхананы алғаш рет синхрондасаңыз, оны жұмыс уақытынан тыс, мысалы түнгі сағаттарда бастаңыз.

  • Синхрондау жаңартуларын уақытша тоқтату үшін Синхрондауды тоқтату мүмкіндігін пайдалана аласыз. Дегенмен, бұл мүмкіндік жаңартулардың үлкен көлемін болдырмау үшін, сондай-ақ, бірнеше адам бірдей құжатпен жұмыс істеген жағдайда біріктіру қайшылықтарының тәуекелін азайту үшін, бір уақытта бірнеше сағат сияқты қысқа мерзімдерге арналған.

OneNote бағдарламасын пайдаланудың оңтайлы жолдары

Әр SharePoint топ сайтының біріктірілген OneNote жазу кітапшасы бар және өз кітапшаңызды оңай жасауға болады. OneNote қызметі - тапсырмаларды орындау үшін күнделікті қажет ақпаратты уақытылы жинаудың үздік жолы. Мысалы, топтардың көбісі OneNote қызметін апта сайынғы жиналыстар, жоба жазбалары, ойлары, жоспарлары және күй есептері үшін жинау орны ретінде пайдаланады. Мұндай әр түрлі ақпаратты беттер, бөлімдер және қойыншаларды пайдалану арқылы ұйыдастыруға болады.

Бірақ OneNote қызметінің артықшылығы - мазмұнға кез келген құрылғыдан, не жұмыс үстелі құрылғысынан, не ноутбук, не планшет, не смартфон арқылы виртуалды түрде қатынаса алу мүмкіндігінде. Сондай-ақ, мазмұнды сақтау немесе синхрондау туралы уайымдаудың қажеті жоқ - OneNote бағдарламасы оны сіздің орныңызға жасайды.

Қосымша мәлімет алу үшін, Microsoft OneNote бөлімін қараңыз.

Lync Online бағдарламасын пайдаланудың оңтайлы жолдары

Желіңіз баяу болған кезде Lync Online бағдарламасын пайдаланудың жалпы нұсқаулары келесідей:

  • Мүмкін болған жағдайда жылдам хабар алмасуды пайдаланыңыз, себебі ол баяу желіде жақсы жұмыс істейді.

  • Виртуалды жеке желі (VPN) немесе қашықтан қатынасу қызметінің (RAS) байланысы арқылы қоңырау шалудан бас тартыңыз.

  • Дыбыстық құрылғыңыздың мақұлданғанына көз жеткізіңіз. Қосымша мәлімет алу үшін, Microsoft Lync бағдарламасына арналған телефондар мен құрылғылар бөлімін қараңыз.

  • Онлайн көрсетілімде PowerPoint бағдарламасын пайдаланған кезде слайдтардың өлшемі мен күрделілігін азайтыңыз. Қосымша мәлімет алу үшін Көрменің өнімділігін жақсарту кеңестері бөлімін қараңыз.

  • Мүмкін болған кезде бағдарлама немесе жұмыс үстелінің орнына мониторды ортақ пайдаланыңыз. Қосымша мәлімет алу үшін Lync бағдарламасында жұмыс үстелін немесе бағдарламаны ортақ пайдалану бөлімін қараңыз.

  • Ортақ пайдаланудың орнына, жиналысқа шақырудың тіркемесі ретінде PowerPoint слайдтарын алдын ала жіберіңіз. Қосымша мәлімет алу үшін, Lync жиналысын теңшеу бөлімін қараңыз.

  • Бейне өнімділігі желі өнімділігіне өте тәуелді. Желіңіз баяу болса, бейненің пайдалануынан бас тартыңыз.

Қосымша мәлімет алу үшін, Lync Online бағдарламасындағы дыбыс немесе бейненің нашар сапасы және Lync 2013 бағдарламасындағы экранның баяу жаңартылуы бөлімін қараңыз.

SharePoint тізімдерін пайдаланудың оңтайлы жолдары

Деректерді «сүзгілеу», талдау немесе есеп беру үшін тізім деректерімен офлайн жұмыс істеу баяу желінің әсерін азайтудың тамаша жолы. Тізімдердің көбісіне байланысу арқылы оларды Microsoft Access 2013 бағдарламасынан оқуға және жазуға болады. Тізімді, сондай-ақ, Excel кестесі мен тізімнің арасында бір реттік деректер байланысын орнататын Excel кестесіне экспорттауға болады.

Осыған қоса, Access Services мүмкіндігі іске қосылған болса, онда әдепкі бойынша 50 000 элементке дейін болатын тізім көрінісі шегінен әлдеқайда көбірек деректермен жұмыс істей аласыз. Access 2013 және Excel 2013 бағдарламаларының екеуі де тізім деректерін шағын жиынтықтармен автоматты түрде өңдейді. Бұл әдіс тізім көрінісі шегінен әлдеқайда көбірек деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді және пайдаланушылардың қызметтік өнімділігіне кері әсер етпейді.

Қосымша мәлімет алу үшін, Office 365 қызметінде үлкен тізімдер мен кітапханаларды басқару бөліміндегі «Үлкен тізімдерді басқару туралы қосымша ақпарат» мақаласын қараңыз.

Веб-беттерді теңшеудің оңтайлы жолдары

Веб-бетті теңшеу кезінде беттің нашар өнімділігін күтпеген жерден тудыруыңыз мүмкін. Оған беттің күрделілігі және өлшемі, қанша веб-бөліктердің қосылғаны, бастапқыда қанша тізім не ктіпахана элементтері көрсетілгені және бетті кодтау жолы сияқты көптеген факторлар ісер етеді.

Қосымша мәлімет алу үшін, SharePoint Online өнімділігі - беттерді жылдам болатындай жасау бөлімін қараңыз.

Менің желім неге баяу жұмыс істейді?

Желі өнімділігін басқара алмайтыныңызға қарамастан, бұл астыртын түрде не болып отырғанын түсінуге мүмкіндік береді. Интернет аса күрделі, бірақ жағдайды аса жақсы түсінуге көмек беретін бірнеше ұғымдар бар.

Желі өнімділігінің факторлары
Желі өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар

Желі өнімділігінің аса маңызды көрсеткіштерінің екеуі - өткізу мүмкіндігі және кідіріс:

  • Өткізу мүмкіндігі - секундтағы битпен есептелетін өткізу қабілеті. Үлкен мәні жақсырақ болып табылады. Өткізу мүмкіндігі су құбыры сияқты. Құбыр неғұрлым кең болса, ол арқылы соғұрлым көп су өткізіле алады.

  • Кідіріс - мазмұнның сервер немесе қызметтен құрылғыңызға дейін жету уақыты және ол миллисекундпен өлшенеді. Жылдам мәні жақсырақ болып табылады. Кідіріс көптеген факторлар, соның ішінде төмен өткізу мүмкіндігі немесе баяу байланыс әсерінен туындауы мүмкін.

Өткізу мүмкіндігі және кідірістен басқа, желі өнімділігіне басқа да мәселелер әсер етеді және оларды көбінесе болжау мүмкін емес. Желі өнімділігі тәулік уақытына немесе орналасқан жеріңізге байланысты тұрақсыз болуы мүмкін. Желі табиғи апат немесе елеулі қоғамдық оқиға сияқты интернет қолданысының шиеленген уақыттарында баяу жұмыс істеуі мүмкін. Жүктелген беттің өлшемі мен күрделілігі және тасымалданатын файлдардың саны мен өлшемі өнімділікке тікелей әсер етеді. WiFi байланысы уақытша нашарлауы мүмкін: мысалы, мыңдаған адамдар қатысатын үлкен конференцияда әркімнің бірдей уақытта твиттерге хабарлама жіберуі сұралып, дауыс беру ұйымдастырылса.

Бұл мақалада мұндай мәселелерді шешуде көмектесіп, жоспарлардың бұзылуын болдырмауда көмек беретін үздік тәжірибелер көрсетілген.

Мәселелер туралы хабарлаудың үздік жолы қандай?

Microsoft компаниясы желіні бақылау, өткізу мүмкіндігін және кідірісті өлшеу, беттің жүктелу уақытын жақсарту, дискідегі сигналдардың берілуі мен қабылдануын азайту, Ең төмен жүктеу стратегиясын пайдалану үшін беттерді қайта құру арқылы Office 365 қызметінің жалпы өнімділігін жақсартуға бар күшін салуда. Ағымдағы күйіңізді тексеру және мәселелер туралы хабарлау туралы қосымша ақпарат алу үшін Қызметтеріңіздің күйін көру бөлімін қараңыз.

Қосымша ақпарат

Office 365 қызметі үшін желіні жоспарлау және өнімділікті ретету

Office 365 қызметінің өнімділігін басқару

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×