Office 365 қызметінде әкімші телефон нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын жаңарту

Осы мақалада әкімші ретінде сіздің Office 365 қызметінде жұмыс телефоныңызды және электрондық поштаңыздың мекенжайын қалай өзгертетініңіз туралы түсіндіріледі.

Егер компания аты мен мекенжайы, компанияның телефон нөмірі және техникалық контакт мәліметтері сияқты компания профилінің ақпаратын өзгерту әдісін іздеп жатсаңыз, Ұйым мекенжайын, техникалық контакт электрондық поштасын және басқа ақпаратты өзгерут бөлімін қараңыз.

Атыңызды, телефон нөміріңізді және электрондық поштаңыздың мекенжайын жаңарту үшін

Атыңызды, мобильді телефоныңыздың нөмірін және балама электрондық пошта мекенжайын өзгерту үшін, Жеке ақпарат бетін пайдаланыңыз. Балама электрондық пошта мекенжайы әкімші құпиясөзін қалпына келтіру сияқты маңызды хабарландырулар үшін пайдаланылады.

  1. Office 365 басқару орталығына өтіңіз.

  2. Параметрлер тармағын таңдаңыз.Параметрлер: профильді жаңартыңыз да, бағдарламалық құралды орнатып, оны бұлтқа қосыңыз >Office 365 параметрлері > Жеке ақпарат тармағын басыңыз.

    Әкімші жеке ақпаратын жаңарту
  3. Контакт мәліметтері бөлімінде телефоныңызды, негізгі электрондық поштаңыздың мекенжайын және балама электрондық поштаңыздың мекенжайын жаңартыңыз. Балама электрондық поштаңыздың мекенжайы үшін Office 365 электрондық поштасының мекенжайынан басқа мекенжайды пайдаланғаныңызға көз жеткізіңіз.

    Әкімші туралы ақпаратты жаңарту үшін контакт мәліметтерін пайдалану

    Маңызды : Балама электрондық пошта мекенжайы мен мобильді телефон нөмірі әкімші құпиясөзін қалпына келтіру үшін қажет.

Есепшотқа қатысты жауаптарды келесі бөлімнен қараңыз:

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×