Office 365 қызметтеріндегі IPv6 қолдауы

Қорытынды   : Microsoft Office 365 құрамдастары мен Office 365 мемлекеттік ұсыныстарындағы IPv6 протоколының қолдауы сипатталған.

Office 365 қызметі IPv6 және IPv4 протоколдарына қолдау көрсетеді; алайда IPv6 протоколы арқылы барлық Office 365 функциялары толықтай қосылмайды. Бұл Office 365 қызметіне қосылу үшін IPv4 және IPv6 протоколының екеуін де пайдалану қажет екенін білдіреді. Office 365 қызметіне шығыс трафикті сүзгілеп жатсаңыз, Office 365 қызметі тарапынан қолдау көрсетілетін IPv6 мекенжайларының толық тізімін Office 365 URL мекенжайлары мен IP мекенжай ауқымдары мақаласынан таба аласыз. Желі конфигурацияланған соң және тиісті IPv6 мекенжайларына рұқсат берілгеннен кейін, Microsoft жүктеу орталығынан Office 365 IPv6 сынақ жоспарын жүктей аласыз.

Осы мақала - Office 365 қызметі үшін желіні жоспарлау және өнімділікті реттеу бөлімінің бөлігі

Office 365 жазылым қызметінде IPv6 протоколына қолдау көрсету

Exchange Online және IPv6

Exchange Online қызметіне қосылу үшін пайдаланатын бағдарлама IPv6 протоколына қолдау көрсетсе, IPv6 протоколы сымды және сымсыз желілерінің екеуінде де әдепкі түрде қолданылады. Егер Exchange Online қызметімен байланысты басқарғыңыз келсе, Office 365 URL мекенжайлары мен IP мекенжайының ауқымдары тізімінде берілген IP мекенжайының ауқымдарын пайдаланыңыз.

SharePoint Online және IPv6

Мемлекеттік мекемелерге арналған Office 365 G1/G3/G4/K1      Егер SharePoint Online қызметімен байланысу үшін пайдаланылатын бағдарлама IPv6 протоколына қолдау көрсетсе, ол IPv6 протоколын әдепкі түрде пайдаланады.

Жалпыға қолжетімді көп клиентті бұлт      Microsoft компаниясы SharePoint OnlineIPv6 протоколын сұрауыңыз бойынша іске қосады. IPv6 протоколы іске қосылғаннан кейін SharePoint Online қызметімен байланысу үшін қолданылған бағдарлама IPv6 протоколына қолдау көрсетсе, ол IPv6 протоколын әдепкі түрде пайдаланады.

SharePoint Online қызметіне қосылу үшін пайдаланатын бағдарлама IPv6 протоколына қолдау көрсетсе, IPv6 протоколы сымды және сымсыз желілерінің екеуінде де әдепкі түрде қолданылады. Егер SharePoint Online қызметімен байланысты басқарғыңыз келсе, Office 365 URL мекенжайлары мен IP мекенжайының ауқымдары тізімінде берілген IP мекенжайының ауқымдарын пайдаланыңыз.

Мемлекеттік мекемелерге арналған Office 365 G1/G3/G4/K1      Егер SharePoint Online қызметімен байланысу үшін пайдаланылатын бағдарлама IPv6 протоколына қолдау көрсетсе, ол IPv6 протоколын әдепкі түрде пайдаланады.

Бизнеске арналған Skype және IPv6

Microsoft компаниясы Бизнеске арналған Skype қызметіне арналған IPv6 протоколын жалпыға қолжетімді кп клиентті бұлтта және Мемлекеттік мекемелерге арналған Office 365 G1/G3/G4/K1 жазылымдарында іске қосады. Ол қосылғаннан кейін, Бизнеске арналған Skype қызметіне қосылу үшін пайдаланатын бағдарламаңыз IPv6 протоколына қолдау көрсетсе, IPv6 протоколы әдепкі түрде пайдаланылады. Егер Бизнеске арналған Skype қызметімен байланысты басқарғыңыз келсе, Office 365 URL мекенжайлары мен IP мекенжай ауқымдары тізімінде берілген IP мекенжайының ауқымдарын пайдаланыңыз.

IPv6 желісінің барлық аймақта қолжетімді емес екені және Microsoft корпорациясы оны дәл қазір клиентіңізден белсендіре алмайтындығы туралы хабардар болыңыз.

Exchange Online Protection және IPv6

Егер тасымалдау Transport Layer Security Protocol протоколы арқылы жүзеге асырылса, Exchange Online Protection (EOP) қызметі IPv6 протоколына қолдау көрсетеді. EOP ауқымын білу үшін Office 365 URL мекенжайлары мен IP мекенжайының ауқымдары тізімін пайдаланыңыз.

Office 365 мемлекеттік ұсыныстарына арналған IPv6 протоколын қолдау

Office 365 Мемлекеттік ұсыныстарға арналған IPv6 протоколының қолдауы Атқарушы бөлімдер мен агенттіктердің Бас ақпарат жетекшілеріне арналған Әкімшілік және бюджеттік басқарма (OMB) меморандумына, сондай-ақ, IP 6-нұсқасының (IPv6) Федералдық мемлекеттік енгізу меморандумына сәйкес келеді. Мемлекеттік мекемелерге арналған Microsoft Office 365 жиынтығы - АҚШ мемлекеттік деректерін бөлек қауымдастық бұлтында сақтайтын көп клиентті қызмет. Басқа Office 365 ұсыныстары сияқты, ол Exchange Online, Бизнеске арналған Skype, SharePoint Online және Office Professional Plus (қазақша нұсқасы) қоса өнімділік және әрекеттестік қызметтерін қамтамасыз етеді. Microsoft Office 365 мемлекеттік ұсыныстары тек 2013 және одан кейінгі нұсқаларында қолданылады. Office 365 мемлекеттік ұсыныстары туралы қосымша ақпарат алу үшін, Мемлекеттік мекемелерге арналған Office 365 қызметін ұсыну: АҚШ мемлекеттік қауымдастық бұлты бөлімін қараңыз. Халықаралық қару саудасы ережелері (ITAR) - АҚШ қаруландыру тізіміндегі (USML) қорғаныспен байланысты тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортын басқаратын АҚШ мемлекеттік департаментінің ережелер жиыны. Мемлекеттік мекемелерге арналған Microsoft Office 365 АҚШ федералдық агенттіктері үшін Федералдық ақпарат қауіпсіздігі басқармасының (FISMA) сертификаты мен ITAR тізіміне кіретін коммерциялық тұлғалардың қауіпсіздік, құпиялылық және ережелерге сәйкестік талаптарына қолдау көрсететін Microsoft өнімділік шешімдеріне арналған орналастыру қызметтерін ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін Microsoft Office ITAR қолдау қызметі және желі сипаттамалары және IP 6-нұсқасының (IPv6) Федералдық мемлекеттік енгізу меморандумы бөлімдерін қараңыз.

IPv6 протоколы мен Office 365 қызметін пайдалану кезінде ескерілуі тиіс жайттар

IPv6 протоколын өшірмеу ұсынылады. Қосымша ақпарат алу үшін Microsoft Windows жүйесіне арналған IPv6 протоколы: Жиі қойылатын сұрақтар. Желіңізде қай IP нұсқаларының пайдаланылатынын анықтау үшін келесілерді ескеріңіз:

  • Егер пәрмен жолағындағы IPConfig пәрмені «IPv6 мекенжайы» немесе «Уақытша IPv6 мекенжайы» мәндерін қамтыса, ортаңызда IPv6 протоколы пайдаланылады.

  • Егер IPv6 мекенжайларының барлығы «fe80» сөзінен басталып, сәйкес жолдар «Жергілікті IPv6 мекенжайымен байланысу» деп аталса, ортаңызда IPv6 протоколы пайдаланылмайды.

Желіңізге қатысты келесі тұжырымдар қолданылуы мүмкін:

  • Қоғамдық жазылым қызметі IPv6 протоколы арқылы сатып алуға қолдау көрсетпейді. Бұл Мемлекеттік қауымдастық бұлтына (GCC) қатысты емес, себебі мемлекеттік мекемелердің Кәсіпорындық келісімшарт (EA) лицензиялары бар.

  • IPv6 протоколы кейбір Rights Management Services (RMS) сценарийлеріне қолдау көрсетпейді.

  • IPv6 протоколы BlackBerry® Enterprise Server (BES) серверінде қолданылмайды, себебі BlackBerry тарапынан IPv6 протоколына қолдау көрсетілмейді.

Қосымша ақпарат

Microsoft Technology меморандумы

TCP/IP v4 және v6

IPv6 протоколын меңгеру бойынша нұсқаулық

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×