Office 365 жүйесінде пайдаланушы атын өзгерту

Office 365 әкімшісі ретінде сізге ұйымыңыздағы біреудің пайдаланушы атын өзгерту қажет болуы мүмкін, мысалы, біреу тұрмысқа шығып, тегін өзгертетін жағдайда.

Бұл мақалада пайдалануша атын қалай жылдам өзгерту керектрігін көрсетеді және пайдаланушылар компьютерлері мен мобильді құрылғыларында Outlook, SharePoint, және Lync қызметтеріне тіркелгілерін қосуды жалғастыра алу үшін есте сақтарлық бірнеше мәселелерді келтіреді.

Не істегіңіз келеді?

Пайдаланушы атын өзгерту

Пайдаланушыларыңыз тағы нені білулері қажет

Lync Online

Мобильді құрылғылар

Пайдаланушы атын өзгерту

Пайдаланушы аты мен электрондық пошта мекенжайын өзгерту үшін осы процедураны пайдаланыңыз

  1. Әкімші > Office 365 > Пайдаланушылар мен топтар тармағына өтіңіз.

  2. Белсенді пайдаланушылар бетінде өңдеу қажет пайдаланушыны таңдап, Өңдеу Өзгерту түймешігін басыңыз.

  3. Мәліметтер қойындыларын басып, пайдаланушы атын өзгертіңіз.

  4. Өзгертулерді аяқтап, Сақтау түймешігін басыңыз.

  5. Пайдаланушы өзінде жаңа пайдаланушы иедентификаторы бар екенін білсін. Бұл оларға жүйеге кіру үшін қажет.

ЕСКЕРТУ: Бұл өзгерту барлық қызметтерде әсер ету үшін 24 сағатқа дейін уақыт алуы мүмкін. Өзгерту әсер еткен кезде, пайдаланушыдан оның жаңартылған пайдаланушы идентификаторы арқылы жүйеге кіру сұралады. Сондай-ақ, олар Office 365 порталына кірген кезде, өздерінің жаңа пайдаланушы атын пайдаланулары қажет.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушыларыңыз тағы нені білулері қажет

Lync Online

Пайдаланушы атын өзгерту Lync Online бағдарламасындағы пайдаланушыны қайта дайындауға әкеледі. Егер пайдаланушыларыңыз Lync Online қызметінде болса, олар Lync Online қызметіндегі қандай да бір жиналыстарды қайта жоспарлап, сыртқы контактілеріне ескі контактіні жаңарту туралы айтулары қажет.

Мобильді құрылғылар

Егер пайдаланушы құпия сөзін, сондай-ақ пайдаланушы атын өзгерткен болса, оларға келесі синхрондау кезінде ұялы құрылғыда жаңа құпия сөзді енгізу ұсынылады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×