Office 2010 өнімін сатып алу, қотару немесе қолдану үшін қай түймешікті басамын?

Бұл мақала Microsoft Office 2010 өнімін пайдалануды бастауға көмектеседі, егер сіз:

  • Әлі Office 2010 бумасын сатып алмадыңыз, бірақ оны сатып алуды қалайсыз.

  • Office Starter 2010 бумасын пайдалануды қалайсыз.

Office Starter 2010 — құрамында Word Starter және Excel Starter бағдарламалары бар Office 2010 бумасының негізгі нұсқасы. Ол компьютерде алдын ала орнатылған және пайдалану үшін дайын. Егер Office файлын ашуға әрекет жасап, бірақ қажетті бағдарлама орнатылмаған болса, қажетті бағдарламаны орнату параметрін таңдауға болады. Мысалы, Office Starter жүйесін пайдаланып жатсаңыз және Microsoft PowerPoint файлын екі рет нұқысаңыз, көрсетілімді көру үшін, PowerPoint Viewer 2010 бағдарламасын қотаруды қалауыңыз мүмкін.

Бұл жағдайларда Microsoft Office 2010 тілқатысу терезесі Office 2010 бумасын сатып алу, қарап шығу құралын қотару немесе Office Starter жүйесін пайдалану мүмкіндігін береді.

Қай параметрді таңдау керек екенін шешу үшін, төмендегі кестені пайдаланыңыз.

Егер бұл сіздің жағдайыңыз болса...

Осы түймешікті басыңыз.

Сізде Office 2010 жүйесі жоқ және Office Starter 2010 жүйесін пайдаланғыңыз келмейді.

Сатып алу.    Сізді сатып алу үшін веб-торапқа жібереді. Бұл түймешікті басу алдында компьютердің Интернетке қосылып тұрғанын тексеріңіз.

Microsoft PowerPoint көрсетілімін көруге әрекет жасап жатырсыз.

Қотару.    Сізді PowerPoint Viewer 2010 бағдарламасын қотаруға болатын веб-торапқа жібереді. Қарап шығу құралының көмегімен көрмені көре аласыз, бірақ оны өңдей алмайсыз. Көрмені өңдеу үшін, Office 2010 жүйесінің PowerPoint 2010 бағдарламасы бар Home and Student сияқты шығарылымын сатып алыңыз.

Office Starter 2010 жүйесін пайдаланып, негізгі құжаттармен және электрондық кестелермен жұмыс істеуді қалайсыз.

Қолдану.    Office Starter жүйесінің орнатымы басталады және Word Starter бағдарламасы ашық болады. Microsoft Excel Starter 2010 және Microsoft Word Starter 2010 бағдарламаларын қазір қолдануды бастай аласыз.

Office Starter бағдарламаларын жапқаннан кейін, оларды «Бастау» мәзірінде Барлық бағдарламалар, Microsoft Office Starter тармақтарын таңдап табуға болады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×