Office қауіпсіз режимдерінде жұмыс істеу

Microsoft Office қауіпсіз режимдері белгілі бір қиындықтарға кездескен Microsoft Office бағдарламасын қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді. Қауіпсіз режимдердің екі түрі бар:

  • Автоматты қауіпсіз режим     Бағдарлама ашылып, бір ақау байқалған кезде, бағдарлама қауіпсіздік режиміне кіреді де, не ақауды жойып, не оны оқшаулап, бағдарламаның сәтті іске қосылуына мүмкіндік береді.

  • Пайдаланушы баптайтын қауіпсіз режим     Кейбір мәселелерді шешу үшін бағдарламаны осы режимде ашуыңызға болады.

Маңызды : Егер Microsoft Office бағдарламасында ақаулықтар болса, оны өзіңіз жөндей аласыз. Қосымша ақпаратты Office бағдарламаларын жөндеу және қалпына келтіру бөлімінен қараңыз.

Не істегіңіз келеді?

Автоматты қауіпсіз режимдің не екенін білу және онымен жұмыс істеу

Microsoft Office бағдарламасын пайдаланушы баптайтын қауіпсіз режимде пайдалану

Пайдаланушы баптайтын қауіпсіз режимді пайдалану

Пайдаланушы баптайтын қауіпсіз режим не істейді

Office қауіпсіз режимі мен Windows қауіпсіз режимінің арасындағы айырмашылықты білу

Автоматты қауіпсіз режимдің не екенін білу және онымен жұмыс істеу

Бағдарлама ашылған кезде:

  1. Office жүйесі іске қосылмай жатқан қондырмалар немесе кеңейтім, не болмаса зақымданған көз, файл, тізбе немесе үлгі сияқты ақауларды тексереді. Егер ақау табылса, бағдарлама іске қосылмауы мүмкін.

  2. Егер бағдарламаны іске қосу мүмкін болмаса, бағдарламаны келесі жолы іске қосуға әрекет жасалғанда, автоматты қауіпсіз режим іске қосылады. Бейнебетте ақауды анықтап, бағдарламаның ақаулы бөлігін ажырату керектігін сұрайтын хабарлама пайда болады.

  3. Егер бәрібір бағдарламаны ашу мүмкін болмаса, бағдарламаның қалыпты күйде ашылуына кедергі келтіретін басқа да функцияларды ажыратуға нұсқау берілуі мүмкін.

Ажыратылған элементтердің тізімін қарау үшін қолданыстағы Microsoft Office бағдарламасында төмендегі әрекеттерді орындау арқылы Ажыратылған элементтер диалогтық терезесін көрсетіңіз.

  1. Файл қойындысын басыңыз.

  2. Параметрлер түймешігін басыңыз.

  3. Қондырмалар пәрменін таңдаңыз.

  4. Басқару мәзіріндегі Ажыратылғандар пәрменін, одан кейін Өту пәрменін таңдаңыз.

Ескерту : Microsoft SharePoint Workspace бағдарламасында ажыратылған элементтерді көруге немесе өзгертуге болмайды.

Ажыратылған элементтер диалогтық терезесінің тізіміндегі элементтерді қарағаннан кейін бір элементті таңдап, Қосу пәрменін таңдап оны қайтадан қосыңыз. Кейбір элементтерді қосу қондырма бағдарламаны қайта жүктеуді немесе қайта орнатуды, не болмаса файлды қайта ашуды талап етуі мүмкін. Элемент қосылғаннан кейін бағдарлама келесі жолы іске қосылғанда ақаулық туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда элементті қайтадан ажырату ұсынылады.

Ескерту : Қауіпсіз режимді тоқтату үшін бағдарламадан шығып, оны қайтадан қалыпты режимде бастаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Microsoft Office бағдарламасын пайдаланушы баптайтын қауіпсіз режимде пайдалану

Егер Microsoft Office бағдарламасында ақаулықтар туындаса, бағдарламаны іске қосу мүмкіндігіне ие болу үшін пайдаланушы баптайтын қауіпсіз режимді пайдалануға болады. Бұл әрекет төмендегі жағдайларда пайдалы болуы мүмкін:

  • Бір файлды көру керек, бірақ осыдан бұрын пайдаланылып жатқан Microsoft Office бағдарламасында ақаулық орын алды.

  • Сіз Microsoft Office бағдарламасындағы бір мәселені шешуге тырысудасыз. Сізге бұл үшін техникалық қолдау көрсететін өкілдің көмегі қажет болуы мүмкін.

Пайдаланушы баптайтын қауіпсіз режимді пайдалану

Microsoft Office бағдарламасын пайдаланушы баптайтын қауіпсіз режимде іске қосу үшін:

Microsoft Windows Бастау мәзірінде

  1. Бастау түймешігін басып, Барлық бағдарламалар пәрменін, одан кейін Microsoft Office пәрменін көрсетіңіз.

  2. CTRL пернесін басып тұрып, іске қосылатын Microsoft Office бағдарламасының атауын таңдаңыз.

Пәрмендерді шақыру терезесінде

Пәрмендерді шақыру терезесінде бағдарламаны іске қосу кезінде /қауіпсіз параметрін қолданыңыз

Пайдаланушы баптайтын қауіпсіз режимді тоқтату үшін бағдарламадан шығып, оны қайтадан қалыпты режимде бастаңыз.

Пайдаланушы баптайтын қауіпсіз режим не істейді

Төмендегі шектеулер бағдарлама пайдаланушы баптайтын қауіпсіз режим ашылған кезде қолданылады. (Төмендегі тізімде берілген кейбір тармақтар Microsoft Office бағдарламаларының барлығына бірдей қолданыла бермейді.)

  • Ешбір үлгі сақтау мүмкін емес.

  • Microsoft Office SharePoint Designer бағдарламасында соңғы пайдаланылған веб-торап ашылмайды.

  • Microsoft SharePoint Workspace бағдарламасындағы келесі мүмкіндіктер ажыратылған: синхрондау, күй туралы мәліметтер, хабарландыру, хабар алмасу және тапсырманы жоспарлау.

  • Құралдар тақтасының немесе пәрмендер тақтасының конфигурациялары жүктелмейді және конфигурацияларды сақтауға болмайды.

  • Автоауыстырғыш тізімі жүктелмейді және өзгерістер сақталмайды.

  • Қалпына келтірілген құжаттар автоматты түрде ашылмайды.

  • /a және /n жолдарынан басқа барлық пәрмен жолдарының параметрлері еленбейді.

  • Файлдарды балама іске қосу каталогына сақтау мүмкін емес.

  • Конфигурацияларды сақтау мүмкін емес.

  • Қосымша мүмкіндіктер мен бағдарламалар автоматты түрде жүктелмейді.

  • Рұқсаты шектеулі құжаттарды жасау немесе ашу мүмкін емес.

Беттің жоғарғы жағы

Office қауіпсіз режимі мен Windows қауіпсіз режимінің арасындағы айырмашылықты білу

Office қауіпсіз режимі мен Windows қауіпсіз режимі бірдей емес. Windows қауіпсіз режимі туралы қосымша ақпаратты алу үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Бастау түймешігін, одан кейін Анықтама және қолдау түймешігін басыңыз.

  2. Іздеу тізіміне қауіпсіз режим деп теріңіз, одан кейін ENTER пернесін басыңыз.

  3. Іздеу нәтижелері тізіміндегі бір бөлімді ашыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×