Office бағдарламасындағы «Лицензияланбаған өнім» қателері

Бұл мақала ДК пайдаланушылары үшін. Mac жүйесі орнатылған ба? Mac жүйесіне қатысты ақауларды жою бөлімін қараңыз.

Office бағдарламасы сіздің Office орнатымыңыздың дұрыс лицензияланғанына көз жеткізу үшін жүйелі түрде тексеріп тұрады. Бұл процесс белсендіру деп аталады. Егер белсендіру сәтті болса, Office бағдарламасын барлық қосылған мүмкіндіктерімен пайдалануды жалғастыруға болады.

Неліктен Office өнімім лицензияланбаған және ол нені білдіреді?

Егер белсендіру сәтсіз болса, Office бағдарламасы ақырында шектеулі функционалдылық режиміне өтіп, терезе тақырыбында (Лицензияланбаған өнім) немесе (Коммерциялық емес қолданыс)(Лицензияланбаған өнім) хабарын көрсетеді, сондай-ақ көптеген түймешіктер мен мүмкіндіктер ажыратылады (сұр түспен көрсетіледі). Шектеулі функционалдылық режимі сізге Office файлдарын әлі де көруге және басып шығаруға мүмкіндік бере отыра бағдарламалық жасақтаманың заңсыз көшірілуін болдырмау үшін жасақталған.

Бірақ кейде Office орнатымыңыздың лицензиясы әлі де болған жағдайда сіз шектеулі функционалдылық режиміне тап боласыз. Я болмаса, сіз Office орнатымыңыз лицензияланды деп ойлап, бірақ бір нәрсе (немесе әлдебіреу) себебінен лицензияланбайды. «Лицензияланбаған өнім» қателері күтпеген жағдай ретінде, әсіресе Office бағдарламаңыз біршама уақыт қолданыста болған жағдайда орын алуы мүмкін.

Жылдам уақытша шешім қажет пе? Office Online бағдарламасын пайдалану

Егер асығыс болсаңыз және Office құжаттарын дереу өңдеу қажет болса, Office.com сайтында Word, Excel, PowerPoint және OneNote бағдарламаларының нұсқаларын онлайн режимінде тегін пайдалануға болады. Қосымша ақпарат алу үшін, Office.com сайтында жұмысты бастау бөлімін қараңыз.

Office бағдарламасындағы «Лицензияланбаған өнім» қателерін түзету

Терезе тақырыбында (Лицензияланбаған өнім) немесе (Коммерциялық емес қолданыс)(Лицензияланбаған өнім) хабарын көрген кезде, мәселені сипаттайтын қате туралы хабарды, баннерді немесе диалогтық терезені көруіңіз мүмкін. Белгілі бір қатені көріп тұрсыз ба? Ақауларды жою кезінде көмек алу үшін, төменде орналасқан тізімдегі қатені басыңыз.

Қандай хабарды көріп тұрсыз?

Белгілі бір қате туралы хабарды көрмесеңіз немесе хабарыңыз тізімде болмаса, мұнда пайдаланып көруге болатын кейбір жалпы шешімдер берілген. Бізге пікір қалдыру арқылы орын алған қате туралы хабарлауға болады, осылайша біз тізімімізді жаңарта аламыз.

Қосымша анықтама қажет пе?
Қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз

1 - Белсендіруді аяқтау үшін Office бағдарламасын әкімші ретінде іске қосу

Төмендегі операциялық жүйеңіз үшін процедураны таңдаңыз. Windows 7 нұсқауларын көру үшін оңға қарай жылжыту қажет болуы мүмкін. Егер бір орында тұрып қалсаңыз, Office бағдарлама белгішелерін табуға көмектесеміз.

Windows 10 жүйесінде

Windows 8 немесе 8.1 жүйесінде

Windows 7 жүйесінде

  1. Барлық Office бағдарламаларын жабыңыз.

  2. Экранның төменгі сол жағындағы Бастау түймешігін басыңыз.

  3. Бағдарлама атын теріңіз, мысалы, Excel. Ізлеу нәтижелерінде Excel бағдарламасының белгішесі пайда болады.

  4. Тінтуірдің оң жағымен Excel белгішесін басыңыз және Әкімші ретінде іске қосу түймешігін басыңыз.

  5. Белсендіру қадамдарын орындаңыз.

  1. Барлық Office бағдарламаларын жабыңыз.

  2. Бастау мәзірін ашыңыз. Оны орындаудың бірнеше жолы бар:

    • Windows 8.1 жүйесінде, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Бастау түймешігін басыңыз, содан кейін Іздеу пәрменін таңдаңыз.

    • Windows 8 жүйесінде, тінтуірді шебер түймелер тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышына қарай жылжытыңыз, содан кейін Іздеу белгішесін басыңыз.

  3. Бағдарлама атын теріңіз, мысалы, Word. Ізлеу нәтижелерінде Word бағдарламасының белгішесі пайда болады.

  4. Тінтуірдің оң жағымен Word белгішесін басыңыз және Әкімші ретінде іске қосу түймешігін басыңыз.

  5. Белсендіру қадамдарын орындаңыз.

  1. Барлық Office бағдарламаларын жабыңыз.

  2. Экранның төменгі сол жағындағы Бастау түймешігін басыңыз.

  3. Бағдарламалар мен файлдарды іздеу өрісінде бағдарама атын теріңіз, мысалы, Word. Іздеу нәтижелерінде Word бағдарламасының белгішесі пайда болады.

  4. Тінтуірдің оң жағымен Excel белгішесін басыңыз және Әкімші ретінде іске қосу түймешігін басыңыз.

  5. Белсендіру қадамдарын орындаңыз.

2 - Office бағдарламасы үшін ең соңғы жаңартуларды алу

Егер Office бағдарламасын әкімші ретінде іске қосқаннан кейін Office бағдарламасы белсендірілмесе, Office бағдарламасы үшін ең соңғы жаңартуларды алып көріңіз.

  1. Word немесе Excel сияқты қандай да бір Office бағдарламасын ашыңыз.

  2. Файл > Тіркелгі тармағын басыңыз.

  3. Өнім туралы ақпарат бөліміндегі Жаңарту параметрлері > Қазір жаңарту тармағын басыңыз.

    Қазір жаңарту

    Ескертулер : 

    • Егер Қазір жаңарту функциясын таппасаңыз, автоматты жаңартуларды қосу үшін Жаңарту параметрлері > Жаңартуларды іске қосу пәрменін басыңыз. Содан кейін, Жаңарту параметрлері > Қазір жаңарту тармағын басыңыз.

    • «Жаңарту параметрлері», содан кейін «Жаңартуларды қосу» түймешігін басыңыз

3 - Ағымдағы Office лицензиясын тексеру

Егер Office бағдарламасы әлі де белсендірілмесе, Office бағдарламасы үшін лицензияңыздың бар екеніне көз жеткізу үшін Office 365 жазылымы бойынша процедураны таңдаңыз.

Бизнеске арналған Office 365 пайдаланушылары

Үйге арналған Office 365, Жеке қолдануға арналған Office 365 немесе Office 365 University (қазақша нұсқасы) пайдаланушылары

  1. Office 365 порталына кіріңіз.

  2. Параметрлер Параметрлер түймешігін басыңыз. > Office 365 параметрлері > Профильді өңдеу тармағына өтіңіз.

  3. Тіркелгі ақпараты бөлімін (экраныңыздың оң жағында) табыңыз да, Тағайындалған лицензияларды іздеңіз. Егер тізімнен Office жиынтығының соңғы жұмыс үстелі нұсқасын көрмесеңіз, сізде Office жиынтығына арналған лицензия жоқ деген сөз. Office 365 әкімшіңізден сізге лицензия тағайындауын сұраңыз.

    Office жүйесінің соңғы жұмыс үстелі нұсқасы

  1. Тіркелгіңіздің бетіне кіріңіз.

  2. Менің тіркелгім бетінде Орнату > тармағын таңдаңыз.

  3. Компьютеріңіздің Орнату туралы ақпарат тізімінде бар-жоғын тексеріңіз.

    «Орнату туралы ақпарат» бөлімінде осы тіркелгіден Office бағдарламасы орнатылған компьютерлер тізімі берілген. Бұл тіркелгіден Office қызметі орнатылмаған болса, «Ешқандай орнатуды пайдаланбадыңыз» хабары пайда болады.

  4. Егер компьютеріңіз тізімде болмаса, Office жиынтығын орнату үшін және осы тіркелгі үшін ағымдағы лицензияны алу үшін Орнату түймешігін басыңыз.

4 - Өнім кілтін жою және қайта кіру (тек Office 2013 бағдарламасына қолданылады)

Барлық шешімдерді қолданғаныңызға қарамастан белсендіру туралы хабарлар алып жатсаңыз, өнім кілтін жойыңыз, содан кейін Office бағдарламасын белсендіру үшін кіріңіз.

  1. Office 2013 бағдарламасында өнім кілтін жою үшін, осы Fix it құралын таңдаңыз.

  2. Браузердің төменгі жағындағы Ашу түймешігін басыңыз.

    Click Open

  3. Fix it құралы өз жұмысын аяқтаған соң, Word немесе Excel сияқты кез келген Office бағдарламасын ашыңыз.

  4. Сізден сұралған кезде Office бағдарламасына қатысты электрондық пошта және құпия сөз көмегімен кіріңіз.

5 - Office бағдарламасын онлайн жөндеуді іске қосу

Егер Office бағдарламасын жаңартқанның өзінде белсендіру туралы хабарлар алып жатсаңыз, Office бағдарламасын онлайн жөндеу процесін орындаңыз.

Мұнда хабарыңыз көрінбей ме? Көмек әлі де қажет пе?

Мұнда тізімде берілмеген «Лицензияланбаған өнім» қатесін алдыңыз ба? Осы беттің төменгі жағындағы пікір жолағында (Осы ақпарат пайдалы болды ма? бөлімінің астында), орын алған қатені сипаттап беріңіз, осылайша біз тізімімізді жаңарта аламыз.

Office әлі де белсендірілмеді ме?
Қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×