OLAP (Деректерді желіге қосылған түрде аналитикалық өңдеу)

OLAP (Деректерді желіге қосылған түрде аналитикалық өңдеу) - үлкен іскери деректер қорларын реттеу үшін және іскери ақпаратты басқаруға қолдау көрсету үшін пайдаланылатын технология. OLAP деректер қорлары бір немесе бірнеше текшелерге бөлінеді және әрбір текше қажетті жиынтық кесте есептерін және жиынтық диаграмма есептерін жасауды және пайдалануды оңайлату үшін деректерді алу және талдау әдісіне сәйкестендіру үшін текше әкімшісі тарапынан реттеледі және құрастырылады.

Бұл мақалада

Іскери ақпаратты басқару дегеніміз не?

OLAP (Деректерді желіге қосылған түрде аналитикалық өңдеу) дегеніміз не?

Excel бағдарламасындағы OLAP мүмкіндіктері

OLAP деректер көздерімен қатынас жасауға қажет бағдарламалық жасақтаманың бөліктері

OLAP және ОLAP емес бастапқы деректердің арасындағы мүмкіндіктер айырмашылықтары

Іскери ақпаратты басқару дегеніміз не?

Іскери талдаушы көбінесе бизнестің үлкен кескінін алуды қалайды, жинақталған деректерге негізделген кеңейтілген трендтерді көргісі келеді және осы трендтерді кез келген сандағы айнымалы шамалармен бөлгісі келеді. Іскери ақпаратты басқару бұл - OLAP деректер қорынан деректерді алу және сол деректерді талдау үрдісі болып табылады және ол іскери шешімдер қабылдау және әрекет жасау үшін пайдалануға болатын ақпарат үшін қажет. Мысалы, OLAP және іскери ақпаратты басқару іскери деректер туралы төмендегі сұрақ түрлеріне жауап беруге көмектеседі:

  • 2007 жылдағы барлық өнімдердің жалпы сатылу көлемін 2006 жылдағы жалпы сатылу көлемімен қалай салыстыруға болады?

  • Қазіргі кездегі табыс көлемін өткен бес жылдағы сол уақыт аралықтарындағы көрсеткіштермен қалай салыстыруға болады?

  • Жасы 35-тен жоғары тұтынушылар өткен жылы қанша ақша жұмсаған және сол көрсеткіш уақыт өтуімен қалай өзгерді?

  • Осы айда нақты екі елде/аймақта өткен жылдың сол айымен салыстырғанда қанша өнім сатылды?

  • Жасы бойынша бөлінген тұтынушылардың әрбір тобы үшін, өнім санаты бойынша табыс көрсеткішінің (шектік пайыз және жиын) бөлінуі қалай болады?

  • Көрсеткіштері жоғары және төмен сатушыларды, таратушыларды, қамтамасыз етушілерді, тұтынушыларды, серіктестерді немесе сатып алушыларды табу.

Беттің жоғарғы жағы

OLAP (Деректерді желіге қосылған түрде аналитикалық өңдеу) дегеніміз не?

OLAP (Деректерді желіге қосылған түрде аналитикалық өңдеу) деректер қорлары іскери ақпаратты басқару сұрауларын жеңілдетеді. OLAP бұл - транзакцияларды өңдеудің орнына, сұрау жіберу мен есеп беру үшін ыңғайластырылған деректер қорының технологиясы. OLAP үшін бастапқы деректер - әдетте деректер қоймаларында сақталатын, Транзакцияларды желіге қосылған түрде өңдеу (OLTP) деректер қорлары. OLAP деректері осы жиналған деректерден алынады және күрделі талдау жасауға мүмкіндік беретін құрылымдарға жинақталады. Сондай-ақ, OLAP деректері иерархия бойынша реттеледі және кестелердің орнына текшелерде сақталады. Ол талдау мақсатында деректерге жылдам қатынас жасауды қамтамасыз ету үшін көп өлшемді құрылымдарды пайдаланатын күрделі технология болып табылады. Мұндай реттеу жиынтық кесте есебі немесе жиынтық диаграмма есебі үшін жоғары деңгейдегі жиынтықтарды көрсетуді жеңілдетеді, мысалы, тұтас ел немесе аймақ бойынша жалпы сату көлемдері. Сондай-ақ, сату көрсеткіштері ерекше жоғары немесе төмен жерлер жөніндегі егжей-тегжейлі мәліметтерді көрсетеді.

OLAP деректер қорлары деректерді шығарып алуды жылдамдататын етіп құрастырылған. Жинақталған мәндерді Microsoft Office Excel бағдарламасы емес, ал OLAP сервері есептейтіндіктен, есеп жасағанда немесе оны өзгерткенде Excel бағдарламасына жіберілуі қажет деректер көлемі азаяды. Бұл әдіс бастапқы деректердің едәуір көп көлемімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Егер деректер кәдімгі деректер қорында реттелген болса, Excel бағдарламасы барлық жеке жазбаларды шығарып алып, жинақталған мәндерді есептейді.

OLAP деректер қорларында деректердің негізгі екі түрі болады: сандық деректер болып табылатын өлшемдер, компьютерлік мәліметтерге негізделген іскери шешімдер қабылдауға пайдаланылатын мөлшерлер мен орташа мәндер, және осы өлшемдерді реттеуге пайдаланылатын санаттар болып табылатын өлшемдер. OLAP деректер қорлары деректерді көп деңгейлер бойынша реттеуге көмектеседі және мұнда деректерді талдауға таныс санаттар пайдаланылады.

Келесі бөлімдерде осы компоненттер толығырақ сипатталады:

Текше     Талдағыңыз келетін мөлшерлердің әрқайсысының деңгейлері мен иерархиялары бойынша өлшемдерді жинақтайтын деректер құрылымы. Текшелер уақыт, география және өнімдер топтары сияқты бірнеше өлшемдерді сату көлемдері немесе өнімдер қорының көрсеткіштері сияқты жинақталған деректермен біріктіреді. Текшелер тура математикалық мағынасындағы "текшелер" емес, себебі олардың қабырғалары теңдей болмауы да мүмкін. Бірақ, олар жалпы концепция үшін жарамды метафора болып табылады.

Өлшем     Әдетте сандық мәндер болып табылатын, текшенің факт кестесіндегі бағанға негізделген текшедегі мәндер жиынтығы. Өлшемдер алдын ала өңделген, жинақталған және талданған текшедегі орталық мәндер болып табылады. Жалпы мысалдарға сату көлемдері, табыстар, кірістер және құндар кіреді.

Мүше      Деректердің бір немесе бірнеше оқиғаларын көрсететін иерархиядағы элемент. Мүше бірегей немесе бірегей емес болуы мүмкін. Мысалы, 2007 және 2008 уақыт мөлшерінің жыл деңгейіндегі бірегей мүшелер болып табылады, ал Қаңтар ай деңгейіндегі бірегей емес мүше болып табылады, себебі бірнеше жылдар бойынша деректер болса, уақыт мөлшерінде бірнеше Қаңтар болуы мүмкін.

Есептелетін мүше     Өрнектің көмегімен орындалу уақытында мәні есептелетін мөлшер мүшесі. Есептелетін мүшенің мәндері басқа мүшелердің мәндерінен алынуы мүмкін. Мысалы, Табыс есептелетін мүшесін Сату көлемі мүшесінің мәнінен Шығындар мүшесінің мәнін алу арқылы анықтауға болады.

Мөлшер     Пайдаланушы түсінетін және деректерді талдау үшін негіз ретінде пайдаланатын текшедегі деңгейлердің бір немесе бірнеше реттелген иерархиялар жиынтығы. Мысалы, географиялық мөлшерге Ел/Аймақ, Штат/Провинция және Қала деңгейлері кіруі мүмкін. Немесе, уақыт мөлшеріне жыл, тоқсан, ай және күн деңгейлері бар иерархия кіруі мүмкін. Жиынтық кесте есебінде немесе жиынтық диаграмма есебінде әрбір иерархия төменгі немесе жоғарғы деңгейлерді көрсету үшін шығаруға және тасалауға болатын өрістер жиынына айналады.

Иерархия     Мөлшер мүшелерін реттейтін логикалық бұтақ құрылымы, мысалы, әрбір мүшенің бір аталық мүшесі және нөл немесе одан да көп еншілес мүшелері болады. Еншілес мүше бұл - ағымдық мүшемен тікелей байланысқан иерархиядағы келесі төменгі деңгейдегі мүше. Мысалы, Тоқсан, Ай және Күн деңгейлері бар Уақыт иерархиясындағы Қаңтар Тоқс1 үшін еншілес мүше болып табылады. Аталық мүше бұл - ағымдық мүшемен тікелей байланысқан иерархиядағы келесі жоғарғы деңгейдегі мүше. Әдетте аталық мән оның барлық еншілес мүшелерінің мәндерінің жиынтығы болып табылады. Мысалы, Тоқсан, Ай және Күн деңгейлері бар Уақыт иерархиясындағы Тоқс1 Қаңтар үшін аталық мүше болып табылады.

Деңгей     Иерархия ішінде деректер төменгі және жоғарғы деңгейлерге болуы мүмкін, мысалы, Уақыт иерархиясындағы Жыл, Тоқсан, Ай және Күн деңгейлері.

Беттің жоғарғы жағы

Excel бағдарламасындағы OLAP мүмкіндіктері

OLAP деректерін шығарып алу     OLAP деректер көзі басқа сыртқы деректер көздеріне қосылған сияқты қосылуға болады. Microsoft SQL Server OLAP қызметтерінің 7.0 нұсқасы, Microsoft SQL Server талдау қызметтерінің 2000 нұсқасы және Microsoft SQL Server талдау қызметтерінің 2005 нұсқасы, Microsoft OLAP сервер өнімдерімен жасалған деректер қорларымен жұмыс істеуге болады. Сондай-ақ, Excel бағдарламасы OLAP үшін OLE-DB стандартымен сыйысымды үшінші жақтың OLAP өнімдерімен жұмыс істей алады.

OLAP деректерін тек қана жиынтық кесте есебі немесе жиынтық диаграмма есебі түрінде көрсетуге болады немесе жиынтық кесте есебінен түрлендірілген жұмыс парағы функциясында көрсетуге болады, бірақ сыртқы деректер ауқымы түрінде көрсетілмейді. OLAP жиынтық кесте есептерін және жиынтық диаграмма есептерін есеп үлгісі сақтауға болады және OLAP сұрау үшін OLAP деректер қорларына қосылу үшін Office Data Connection (ODC) файлдарын (.odc) жасауға болады. ODC файлын ашқанда, Excel бағдарламасы жұмысқа дайын бос жиынтық кесте есебін көрсетеді.

Дербес пайдалану үшін текше файлдарын жасау     OLAP серверінің деректер қорынан алынған деректер тобының бөлігімен дербес текше файлын (.cub) жасауға болады. Дербес текше файлдарын желіңізге қосылмай тұрғанда OLAP деректерімен жұмыс істеу үшін пайдаланыңыз. Текше жиынтық кесте есебіндегі немесе жиынтық диаграмма есебіндегі басқалармен салыстырғанда көбірек көлемдегі деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді және деректерді шығарып алуды жылдамдатады. Текше файлдарын OLAP провайдері пайдалансаңыз ғана жасауға болады, мысалы, осы мүмкіндікті қолдайтын Microsoft SQL талдау қызметтері серверінің 2005 нұсқасы.

Сервер әрекеттері     Сервер әрекеті міндетті емес, бірақ пайдалы мүмкіндік болып табылады. Оны OLAP текше әкімшісі текше мәліметтерін алу үшін немесе шолғыш сияқты басқа бағдарламаны іске қосу үшін сұрау параметрі ретінде текше мүшесін немесе өлшемді пайдаланатын серверде анықтай алады. Excel бағдарламасы URL, Report, Rowset, Drill Through және Expand to Detail сервер әрекеттерін қолдайды, бірақ ол Proprietary, Statement және Dataset әрекеттерін қолдамайды. Қосымша ақпарат алу үшін мынаны қараңыз: Жиынтық кесте есебінде OLAP сервер әрекетін орындау .

Тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (KPI)     KPI бұл - серверде анықталатын арнайы есептелген өлшем болып табылады және ол "тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін" бақылауға мүмкіндік береді, соның ішінде күй (Ағымдық мән нақты бір санға сәйкес келе ме?) және тренд (уақыт өткен соң мән қандай болады?). Осылар көрсетілгенде, Сервер қатысты белгішелерді жібере алады және олар жоғары немесе төмен күй деңгейлерін (мысалы, Тоқта белгішесі) көрсету үшін немесе мәннің жоғарылау немесе төмендеу трендін (мысалы, бағыт көрсеткісі белгішесі) көрсету үшін орнатылған жаңа Excel белгішесіне ұқсас болады.

Серверлік пішімдеу     Текше әкімшілері өлшемдерді және есептелетін мүшелерді корпоративті стандартты бизнес ережесі ретінде белгіленуі мүмкін түс пішімімен, қаріп пішімімен және шартты пішімдеу ережелерімен жасай алады. Мысалы, табыс үшін сервер пішімі валютаның сандық пішімі болуы мүмкін; егер мән 30000-нан үлкен немесе оған тең болса, ұяшық түсі жасыл болуы мүмкін және мән 30000-нан кіші болса, ұяшық түсі қызыл болуы мүмкін, және мән 30000-нан кіші болса, қаріп мәнері қалың және егер мән 30000-нан үлкен немесе оған тең болса, қаріп мәнері қалыпты болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін мынаны қараңыз: Жиынтық кесте есебінің орналасуы мен пішімін жасақтау.

Office көрсету тілі     Текше әкімшісі серверде жиынтық кесте мәліметтерін басқа тілде көргісі келетін пайдаланушылар үшін деректер мен қателердің аудармаларын анықтай алады. Бұл мүмкіндік файл қосылым меншігі түрінде анықталады және пайдаланушының компьютеріндегі ел/аймақ параметрлері көрсету тіліне сәйкес болуы тиіс.

Беттің жоғарғы жағы

OLAP деректер көздерімен қатынас жасауға қажет бағдарламалық жасақтаманың бөліктері

OLAP провайдері     Excel үшін OLAP деректер көзі орнату үшін келесі OLAP провайдері бірі қажет болады:

  • Microsoft OLAP провайдері     Excel бағдарламасында деректер көзінің драйвері мен пайдаланушы бағдарламалық жасақтамасы болады және олар Microsoft SQL Server OLAP қызметтерінің 7.0 нұсқасы, Microsoft SQL Server OLAP қызметтерінің 2000 (8.0) нұсқасы және Microsoft SQL Server талдау қызметтерінің 2005 (9.0) нұсқасы көмегімен жасалған деректер қорларына қатынас жасау үшін қажет болады.

  • Үшінші жақтың OLAP провайдерлері     Басқа OLAP өнімдері үшін қосымша драйверлер мен пайдаланушының бағдарламалық жасақтамасын орнатуыңыз қажет. Excel мүмкіндіктерін OLAP деректерімен жұмыс істеуге пайдалану үшін, үшінші жақтың өнімі OLAP үшін OLE-DB стандартына сәйкес болуы және Microsoft Office жүйесімен сыйысымды болуы қажет. Үшінші жақтың OLAP провайдерін орнату және пайдалану жөнінде ақпарат алу үшін жүйелік әкімшіңізбен немесе OLAP өнімін сатушымен хабарласыңыз.

Серверлік деректер қорлары және текше файлдары     Excel OLAP пайдаланушы бағдарламалық жасақтамасы екі түрлі OLAP деректер қорларымен байланысты қолдайды. Егер OLAP серверіндегі деректер қорына желіңізден қол жеткізе алатын болсаңыз, одан бастапқы деректерді тікелей алуға болады. Егер OLAP деректері бар дербес текше файл немесе текше анықтамасы файлы болса, сол файлға қосылып, одан бастапқы деректерді ала аласыз.

Деректер көздері     Деректер көзі OLAP деректер қорындағы барлық деректермен немесе дербес текше файлымен қатынас жасау мүмкіндігін береді. OLAP деректер көзін жасағаннан кейін,есептерді оған негіздеп жасауға болады, және OLAP деректерін Excel бағдарламасына жиынтық кесте есебі немесе жиынтық диаграмма есебі түрінде қайтаруға болады, немесе жиынтық кесте есебінен түрлендірілген жұмыс парағы функиясында қайтаруға болады.

Microsoft сұрауы     Microsoft SQL немесе Microsoft Access сияқты сыртқы деректер қорынан деректер алу үшін Сұрауды пайдалануға болады. Текше файлына қосылған OLAP жиынтық кестесінен деректер алу үшін Сұрауды пайдаланудың қажеті жоқ. Қосымша ақпарат алу үшін мынаны қараңыз: Сыртқы деректерді алу үшін Microsoft сұрауын пайдалану.

Беттің жоғарғы жағы

OLAP және ОLAP емес бастапқы деректердің арасындағы мүмкіндіктер айырмашылықтары

Егер OLAP көз деректері және басқа бастапқы деректер түрлерінен алынатын жиынтық кесте және жиынтық диаграмма есептерімен жұмыс істесеңіз, кейбір мүмкіндіктер айырмашылықтарын байқайсыз.

Деректерді шығарып алу     Есеп орналасуын өзгерткен сайын OLAP сервері Excel бағдарламасына жаңа деректер қайтарады. Сыртқы бастапқы деректердің басқа түрлері үшін, барлық бастапқы деректер үшін бір мезгілде сұрау жасайсыз немесе өзгеше есеп сүзгісі өрісінің элементтерін көрсеткенде ғана сұрау жіберетін параметрлерді орнатуға болады. Сондай-ақ, есепті жаңарту үшін бірнеше басқа параметрлер болады.

OLAP бастапқы деректеріне негізделген есептерде есеп сүзгісі өрісінің параметрлері, өңдік сұрау және жадты оңтайландыру параметрі болмайды.

Ескерту : Сондай-ақ, OLEDB деректер көздері немесе ұяшықтар ауқымына негізделген жиынтық кестелер үшін жадты оңтайландыру параметрі болмайды.

Өріс түрлері    OLAP бастапқы деректері, дербес текше файлкесектік өрістері тек қана жол өрісі (қатар), баған өрісі (санат) немесе бет өрістері ретінде пайдаланылуы мүмкін. Өлшем өрістері тек қана мән өрістері ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бастапқы деректердің басқа түрлері үшін барлық өрістер есептің кез келген бөлігінде пайдаланылуы мүмкін.

Егжей-тегжейлі деректерге қол жеткізу     OLAP бастапқы деректері үшін, сервер егжей-тегжейліліктің пайдалануға болатын деңгейлерін анықтайды және жиынтық мәндерді есептейді және жиынтық мәндерді құрайтын егжей-тегжейлі жазбаларға қатынас болмауы мүмкін. Бірақ, сервер көрсете алатын дербес текше файлкесектіксипат жолақтары қамтамасыз етуі мүмкін. Бастапқы деректердің басқа түрлерінде сипаттар өрісі болмайды, бірақ деректер өрісінің мәндері мен элементтер үшін негізгі егжей-тегжейлі мәліметтерді көрсетуге болады және элементтерді деректерсіз көрсетуге болады.

OLAP есеп сүзгісі өрістері Бәрі элементі болмауы мүмкін және Есеп сүзгісінің беттерін көрсету пәрмені жоқ.

Бастапқы сұрыптау реті     OLAP бастапқы деректері үшін, әуелде элементтер OLAP сервері берген ретпен көрсетіледі. Элементтерді кейінірек сұрыптауға немесе қолмен қайта реттеуге болады. Бастапқы деректердің басқа түрлері үшін, жаңа есептегі элементтер әуелде элемент атауы бойынша арту ретімен сұрыпталған түрде көрінеді.

Есептеулер     OLAP серверлері жинақталған мәндерді тікелей есеп үшін қамтамасыз етеді, сондықтан да мән өрістеріне арналған жиынтық функция өзгерте алмайсыз. Бастапқы деректердің басқа түрлері үшін, мән өрісі үшін жиынтық функциясын өзгертуге болады және бір мән өрісі үшін бірнеше жиынтық функцияларын пайдалануға болады. OLAP бастапқы деректері бар есептерде есептелген өріс немесе есептелген элемент жасай алмайсыз.

Аралық жиындар     OLAP бастапқы деректері бар есептерде аралық жиындар үшін жиынтық функциясын өзгерту мүмкін емес. Бастапқы деректердің басқа түрлерін пайдаланғанда, аралық жиындың жиынтық функцияларын өзгертуге болады және аралық жиындарды барлық жол және баған өрістері үшін көрсетуге немесе жасыруға болады.

OLAP бастапқы деректері үшін, аралық жиындар мен жалпы жиындарды есептегенде, жасырын элементтерді қосуға немесе алып тастауға болады. Бастапқы деректердің басқа түрлері үшін, аралық жиындарда жасырын есеп сүзгісі өрісінің элементтерін қосуға болады, бірақ басқа өрістердегі жасырын элементтер әдепкі күй бойынша алып тасталады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×