Nokia телефондарына арналған Microsoft Lync 2010 бойынша құпиялылық қосымшасы

Соңғы жаңартылған: Қазан, 2011

Мазмұны

Nokia телефондарына арналған Microsoft Lync 2010 бойынша құпиялылық қосымшасы

Белсендіру туралы есеп

Қоңырау өкілдері (Қоңырау бағытын өзгерту)

Клиенттік журнал жүргізу

Контакт картасы

Төтенше жағдай қызметтері (9-1-1)

Жеке сурет

«Бар болу» және контакт мәліметтері

Құпиялылық режимі

Электрондық пошта ретінде жіберу

Орналасуды жіберу

Бірегей контактілерді сақтау

Nokia телефондарына арналған Microsoft Lync 2010 бойынша құпиялылық қосымшасы

Бұл бет Microsoft Lync өнімдері бойынша құпиялылық туралы мәлімдемеге қосымша болып табылады. Деректер жиынын түсініп, нақты Microsoft Lync өнімі немесе қызметі үшін маңызды әдістерді қолдану үшін, Microsoft Lync өнімдері бойынша құпиялылық туралы мәлімдеменің және осы қосымшаның екеуін де оқуыңыз керек.

Бұл құпиялылық қосымшасы кәсіпорынның ұялы құрылғыларында Nokia телефондарына арналған Microsoft Lync 2010 серверін пайдалануға бағытталған. Қызмет ретінде Microsoft Lync Server 2010 байланыс бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып жатсаңыз (басқаша айтқанда үшінші тарап [мысалы, Microsoft] бағдарламалық жасақтама іске қосылған серверлерді пайдаланып жатса), мәліметтер үшінші тарапқа жіберілуі мүмкін. Кәсіпорыннан үшінші тарапқа жіберілетін деректерді пайдалану туралы толығырақ ақпарат алу үшін, кәсіпорын әкімшісінен немесе қызметті қамтамасыз етушіден кеңес сұраңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Белсендіру туралы есеп

Бұл мүмкіндік не істейді: Nokia телефондарына арналған Lync 2010 жүйесін алғашқы орнату және реттеу кезінде сәтті реттеу туралы есеп беру мақсатында белгілі жабдыққа тән немесе бағдарламалық жабдыққа тән деректер жинақталып, Nokia компаниясына жіберіледі.

Мәліметтер жинақталды, өңделді немесе жіберілді: бұл процесс кезінде жеке басты анықтайтын мәліметтер жинақталмайды. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Мәліметтерді пайдалану: белсендіру туралы есеп процесі кезінде жинақталған деректерді бағдарламалық жабдықтың сәтті реттелгені туралы есеп алу үшін Nokia компаниясы пайдаланады. Nokia компаниясының құпиялылық саясаты туралы толығырақ ақпаратты Nokia компаниясының құпиялылық саясаты мақаласынан қараңыз.

Таңдау/басқару: қолданылмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Қоңырау өкілдері (Қоңырау бағытын өзгерту)

Бұл мүмкіндік не істейді: қоңырау өкілдері бір немесе бірнеше өкілдерді тағайындауға, одан кейін өкіл(дер)ге сіздің орныңызға отыруға, қоңырауға жауап беруге және желідегі жиналыстарды реттеп, қатысуға мүмкіндік береді. Қоңырау өкілдерін ұялы құрылғыдан пайдаланғалы жатсаңыз, тек Microsoft Lync 2010 жұмыс үстелі клиентінен алдын ала анықталған өкілдерді таңдай аласыз.

Мәліметтер жинақталды, өңделді немесе жіберілді: өкіл(дер)іңіз сіздің орныңызға жауап бергенде осы оқиға турады электрондық пошта хабарламасын аласыз. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Мәліметтерді пайдалану: кестелер мен жиналыстарды басқару мақсатында өкіл(дер)мен бірге жұмыс істеу үшін, өкілдер шалған қоңырауды аяқтау және сіз үшін (немесе сіздің атыңыздан) жауап беру үшін немесе екеуі үшін де осы мүмкіндікті пайдалануға болады.

Таңдау/басқару: әдепкі бойынша «Қоңырау өкілдері» ажыратылған болады. Келесі қадамдарды орындап, оны қосуға немесе ажыратуға болады:

  1. Nokia телефондарына арналған Lync жүйесіндегі контактілер тізімі бет параметрлері мәзірінен Параметрлер дегенді түртіңіз.

  2. Дауыс қойындысында Қоңырау бағытын өзгерту параметрін Қосу мәніне қойыңыз.

  3. Қайта бағытталған жеке қоңырауларды алушы параметрін түртіп, ашылмалы тізімнен Өкілдерім тармағын таңдаңыз.

  4. Құралдар тақтасының төменгі жағындағы Сақтау пәрменін түртіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Клиенттік журнал жүргізу

Бұл мүмкіндік не істейді: «Клиенттік журнал жүргізу» Lync пайдаланатын мәліметтердің құрылғыда, пайдаланушы профилінде журналын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл мәліметтерді Nokia телефондарына арналған Lync бағдарламалық жасақтамасын қолданғанда туындайтын кез келген мәселелердің ақаулықтарын жою үшін пайдалануға болады.

Мәліметтер жинақталды, өңделді немесе жіберілді: клиенттік журнал жүргізу қосылғанда, мынадай мәліметтер құрылғыда сақталады: құрылғының идентификаторы, пайдаланушының бүркеншік аты мен домені, «Бар болу» деректері, хабарлама туралы мәліметтер, кіру журналы, контактілер тізімі және қоңырау бағытын өзгерту, күй мен жазбалар сияқты клиенттік конфигурация деректері. Lync 2010 сөйлесу мазмұндары сақталмайды. Ешқандай мәліметтер автоматты түрде Microsoft корпорациясына жіберілмейді, бірақ бұл мәліметтерді қолмен жіберетін етіп таңдауға болады.

Мәліметтерді пайдалану: Nokia телефондарына арналған Lync жүйесін қолданғанда туындауы мүмкін кез келген мәселелердің ақаулықтарын жою үшін «Клиенттік журнал жүргізу» мүмкіндігін пайдалануға болады.

Таңдау/басқару: әдепкі бойынша «Клиенттік журнал жүргізу» ажыратылған болады. Келесі қадамдарды орындап, оны қосуға немесе ажыратуға болады:

  1. Nokia телефондарына арналған Lync жүйесіндегі контактілер тізімі бет параметрлері мәзірінен Параметрлер дегенді түртіңіз.

  2. Конфигурациялар қойындысында Журнал жүргізуді қосу құсбелгісін қойыңыз немесе алып тастаңыз.

  3. Құралдар тақтасының төменгі жағындағы Сақтау пәрменін түртіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Контакт картасы

Бұл мүмкіндік не істейді: контакт каратсы кәсіпорындағы басқа адамдар туралы тұрақты және белсенді мәліметтерді жинайды және Lync серверінде және Microsoft Outlook хабар алмасу және іскерлесу клиентінің соңғы нұсқаларындағы контактілер үшін мәліметтерді көрсетеді. Контакт картасы электрондық пошта хабарламасын жіберу, қоңырау шалу, жедел хабар жіберу және SMS (мәтіндік) хабарлар жіберу үшін (SMS мүмкіндігі Lync жұмыс үстелі клиентінде қол жетімді емес) бір басу әрекеттерін береді.

Мәліметтер жинақталды, өңделді немесе жіберілді: контакт картасындағы тұрақты мәліметтер кәсіпорынның ұйым каталогынан (Active Directory домен қызметтері сияқты) жинақталады және ол Lync Server 2010 сервері арқылы басқалармен ортақ пайдаланылады. Телефон нөмірлері немесе «Бар болу» сияқты жинақталған динамикалық ақпаратты сіз енгізіп, одан кейін оны басқалармен ортақ пайдалана аласыз. Контакт картасында көрсетілетін орын туралы мәліметтер кейінірек осы қосымшаның «Орынды ортақ пайдалану» бөлімінде сипатталғандай шығарып алынады. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Мәліметтерді пайдалану: контакт картасы мәліметтері басқалармен контакт мәліметтерін бөлісе алатындай етіп көрінеді.

Таңдау/басқару: контактілерді Lync жұмыс үстелі клиентінен де, Nokia телефондарына арналған Lync жүйесінен де басқаруға болады. Келесі қадамдарды орындап, Nokia телефондарына арналған Lync жүйесінде басқара аласыз:

Контакт қосу үшін

  1. Lync басты экранында Контактілер тізімі қойындысынан Іздеу пәрменін түртіңіз.

  2. Іздеу мәтін ұясына контактінің атын теріңіз.

  3. Іздеу нәтижелерінен қосу қажет контактіні таңдап, Параметрлер мәзірінен түртіңіз.

  4. Контактіні қосу пәрменін, одан кейін контактіні қосатын контакт тобын түртіңіз.

Контактіні жою үшін

  1. Lync басты экранында Контактілер тізімі қойындысынан контактінің тобын түртіңіз.

  2. Жою қажет контактіні түртіңіз.

  3. Параметрлер мәзірін, одан кейін Контактіні жою пәрменін түртіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Төтенше жағдай қызметтері (9-1-1)

Маңызды :  Nokia телефондарына арналған Lync жүйесін төтенше жағдай қызметтеріне (АҚШ-дағы 9-1-1 нөмірі сияқты) хабарласу үшін ПАЙДАЛАНБАУҒА кеңес береміз. Nokia телефондарына арналған Lync жүйесі нақты тұрған жеріңізді анықтай АЛМАЙДЫ; дегенмен, төтенше жағдай қызметтерін қамтамасыз етушілермен байланысу үшін Nokia телефондарына арналған Lync жүйесін пайдалансаңыз, қызметті қамтамасыз етушілер сіздің тұрған жеріңізді анықтай АЛМАЙДЫ. Құрылғыдан төтенше жағдай қызметтерін қамтамасыз етушілермен байланысу үшін, Nokia телефондарына арналған Lync жүйесін жауып, құрылғының пернетақтасын пайдаланыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жеке сурет

Бұл мүмкіндік не істейді: жеке сурет сіздің суретіңіз бен кәсіпорындағы басқа адамдардың суреттерін көрсетеді.

Мәліметтер жинақталды, өңделді немесе жіберілді: жеке суретті бөлісу конфигурациясы суреттерді көрсету үшін де, суретті бөлісу үшін де жиналады. Тек Active Directory каталогында сақталған фотосуреттер Nokia телефондарына арналған Lync жүйесінде көрсетіледі. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Мәліметтерді пайдалану: мәліметтер тәжірибеңізді реттеу және басқалармен суретіңізді бөлісу үшін пайдаланылады.

Таңдау/басқару: «Жеке сурет» параметрлері Lync жұмыс үстелі клиентінен басқарылады.

Беттің жоғарғы жағы

«Бар болу» және контакт мәліметтері

Бұл мүмкіндік не істейді: «Бар болу» және контакт мәліметтері басқа пайдаланушылар (ұйымдағы және ұйымнан тыс) туралы жарияланған ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді және «Бар болу» күйі, тақырып, телефон нөмірі, орны және жазба сияқты сіз туралы жарияланған мәліметтерге қатынасты басқа пайдаланушыларға береді. Әкімшіңіз Outlook және Exchange Server серверін үйлестіруді реттей алады, сонда орнында жоқ хабарларын және басқа күй туралы мәліметтерді (мысалы, Outlook күнтізбесінде жоспарланған жиналыңыз болғанда) көрсетесіз.

Мәліметтер жинақталды, өңделді немесе жіберілді: Lync серверіне қосылу үшін кіру мекенжайы мен құпия сөзді пайдаланады. Сіз және әкімшіңіз кірумен байланысты «Бар болу» күйі мен контакт мәліметтері туралы ақпаратты жариялай аласыздар. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Мәліметтерді пайдалану: сізбен жақсырақ байланысатындай жарияланған күй мен мәліметтерді анықтау үшін басқа Lync пайдаланушылары мен бағдарламалар «Бар болу» және контакт мәліметтеріне қатынай алады.

Таңдау/басқару: «Бар болу және контакт мәліметтері» Lync жұмыс үстелі клиентінен басқарылады.

Беттің жоғарғы жағы

Құпиялылық режимі

Бұл мүмкіндік не істейді: «Құпиялылық режимі» — тек контактілер тізіміндегі контактілермен «Бар болу» күйін («Қол жетімді», «Бос емес», «Мазаламаңыз» және сол сияқты күйлерді) бөлісуге мүмкіндік беретін параметр.

Мәліметтер жинақталды, өңделді немесе жіберілді: «Құпиялылық режимі» мүмкіндігін қосу Lync жүйесіне пайдаланушы параметрлерін ауыстыруға болатын режимді енгіздіреді, сонда «Бар болу» мәліметтерін тек Контактілер тізіміндегі контактілермен бөліседі. Microsoft корпорациясына ешқандай мәліметтер жіберілмейді.

Мәліметтерді пайдалану: бұл режимдің параметрі «Бар болу» деректерін бөлісу жолын анықтайды.

Таңдау/басқару: «Құпиялылық режимі» мүмкіндігін кәсіпорын әкімшісі қосып, ажыратады. «Құпиялылық режимі» қосылған болса, ол Lync жұмыс үстелі клиентінен басқарылады.

Беттің жоғарғы жағы

Электрондық пошта ретінде жіберу

Бұл мүмкіндік не істейді: Электрондық пошта ретінде жіберу құрылғыда жергілікті түрде сақталған Nokia үшін арналған Lync 2010 бағдарламасының жылдам хабар алмасу журналын пайдаланушының тағайындалған электрондық пошта мекенжайына тіркеме ретінде жіберуге мүмкіндік береді.

Мәліметтер жинақталды, өңделді немесе жіберілді: Жылдам хабар алмасудағы барлық кіріс және шығыс мазмұн 1) пайдаланушы сөйлесуді жоймайынша, 2) пайдаланушы бағдарламаны жоймайынша немесе 3) бірдей құрылғыда жаңа пайдаланушы тіркелмейінше жергілікті құрылғыға оқшауланған сақтау орнында шектеусіз сақталады. Электрондық пошта ретінде жіберу мүмкіндігімен жіберілген жылдам хабар журналы электрондық пошта түрінде пайдаланушының электрондық пошта мекенжайына электрондық пошта түрінде жіберіледі.

Ақпаратты пайдалану: Пайдаланушылар жылдам хабар алмасу сөйлесулерін мұрағаттау немесе ортақ пайдалану сияқты мақсаттар үшін құрылғыдан тыс қол жетімді ете отырып, өздерінің жылдам хабар алмасу журналын электрондық пошта тіркемесі ретінде тағайындалған электрондық пошта мекенжайларына жібере алады.

Таңдау/Басқару: Сөйлесу журналы құрылғыға автоматты түрде сақталады. Бұл мүмкіндікті ажырату мүмкін емес. Сөйлесу журналын төмендегі жолмен жоюға болады:

  1. Сөйлесулер қойындысында Сөйлесулерді аяқтау түймешігін төменгі құралдар тақтасында түртіңіз.

  2. Жойғыңыз келетін сөйлесулер үшін ұяшықтар үшін құсбелгілерді таңдаңыз.

  3. Құралдар тақтасында Аяқтау түймешігін басыңыз.

Сөйлесу журналын келесі қадамдарды орындау арқылы жіберуге болады:

  1. Сөйлесу терезесінде Параметрлер мәзірін түртіңіз.

  2. Мәзірде Электрондық пошта ретінде жіберу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Орналасуды жіберу

Бұл мүмкіндікпен орындалатын әрекет: Бұл мүмкіндік орналасу орныңызды анықтау үшін Nokia Maps бағдарламасымен бірігеді.

Мәліметтер жинақталды, өңделді немесе жіберілді: Таңдалған орналастыру әдістеріне байланысты құрылғы орныңызды анықтау үшін Nokia компаниясымен байланыс орнатуы мүмкін. Бұл ақпарат анонимді түрде өңделеді. Қосымша ақпарат алу үшін Map Apps бағдарламасына арналған Nokia құпиялылық саясаты бөлімін қараңыз.

Ақпаратты пайдалану: Орналасуды жіберу мүмкіндігімен жиналған деректер Nokia Maps бағдарламасымен әлдеқайда жылдам әрі дәл орналасу деректерін беру үшін пайдаланылады.

Беттің жоғарғы жағы

Бірегей контактілерді сақтау

Бұл мүмкіндік не істейді: «Бірегей контактілерді сақтау» үш негізгі мүмкіндіктен тұрады; тек келесі мүмкіндік Nokia телефондарына арналған Lync жүйесінде қол жетімді:

  • Іздеуді біріктіру:    іздеуді біріктіру глобалдық мекенжайлар кітабын Lync контактілерімен біріктіреді, сонда бір контактіні іздегенде іздеу нәтижелеріне жалғыз жазба енгізесіз.

Мәліметтер жинақталды, өңделді немесе жіберілді: Nokia телефондарына арналған Lync жүйесі Outlook, Active Directory және «Бар болу» мүмкіндігінен контакт мәліметтерін жинақтайды. Бұл мәліметті Nokia телефондарына арналған Lync жүйесі ішінде пайдаланылады.

Мәліметтерді пайдалану: Outlook, Active Directory және «Бар болу» мүмкіндігіндегі контакт мәліметтері Nokia телефондарына арналған Lync жүйесінің пайдаланушы интерфейсінде көрсетіледі.

Таңдау/басқару: «Бірегей контактілерді сақтау» параметрлері Lync жұмыс үстелі клиентінен басқарылады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×