NPV функциясы

Жеңілдік мөлшері мен бірқатар келешектегі төлемдер (теріс мәндер) және түсім (оң мәндер) арқылы қаржы салымының қазіргі таза мәнін есептейді.

Синтаксис

NPV(мөлшерлеме,1-мән,2-мән,...)

Мөлшерлеме     бір кезеңдегі жеңілдік мөлшері болып табылады.

1-мән, 2-мән,...     төлемдер мен табысты білдіретін 1 мен 29 аралығындағы дәлелдер болып табылады. 1-мән,2-мән,... уақыт бойынша бір-бірінен тең аралықта тұруы және әр кезең соңында болуы керек. Ақша құралы ағынын тану үшін ТКҚ функциясы 1-мән, 2-мән ретін пайдаланады. Төлем және табыс мәндерін дұрыс тізбекпен енгізуге сенімді болыңыз. Сандар, бос мәндер, қисындық мәндер немесе мәтін түрінде жазылған сандар сияқты дәлелдер саналады; қате мәндер немесе сандарға аударылмайтын мәтін сияқты дәлелдер еленбейді.

Ескертпелер

  • NPV функциясында есептелетін қаржы салымы 1-мәндегі ақша ағымының мерзімінен бұрын бір кезеңде басталып, тізімдегі соңғы ақша ағымымен аяқталады. NPV функциясының есептеуі болашақтағы ақша ағымдарына негізделеді. Егер бірінші ақша ағымы бірінші кезеңнің басында жүзеге асса, бірінші мән мәндер дәлелдеріне қосылмай, NPV функциясының нәтижесіне қосылуға тиіс. Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі мысалдарды қараңыз.

  • Егер n мәні мәндер тізіміндегі ақша ағымының саны болса, NPV функциясының өрнегі мынадай болады:

    Теңдеу

  • NPV функциясы PV функциясына ұқсас (қазіргі құн). PV және NPV функциялары арасындағы басты айырмашылық: PV функциясында ақша ағымы кезең басында не кезең соңында бастауға мүмкіндік беріледі. NPV функциясында ақша ағымының мәндері айнымалы болса, PV функциясында ақша ағымы қаржы салымы кезінде тұрақты болуға тиіс. Жылдық табыстар мен қаржылық функциялар туралы ақпарат алу үшін, PV функциясы туралы бөлімді қараңыз.

1-мысал

Төмендегі мысалда:

  • Мөлшерлеме жылдық жеңілдік мөлшері болып табылады.

  • 1-мән қаржы салымының бүгінгі күннен бір жыл бұрынғы бастапқы құны болып табылады.

  • 2-мән бірінші жылдан кейінгі қалдық болып табылады.

  • 3-мән екінші жылдан кейінгі қалдық болып табылады.

  • 4-мән үшінші жылдан кейінгі қалдық болып табылады.

Мысалда, сіз басты $10 000 бағаны бір мән ретінде қосасыз, себебі төлем бірінші кезең соңында болады.

Мөлшерлеме

1-мән

2-мән

3-мән

4-мән

Өрнек

Сипаттамасы (Нәтижесі)

10%

-10000

3000

4200

6800

=NPV([Мөлшерлеме], [1-мән], [2-мән], [3-мән], [4-мән])

Осы қаржы салымының қазіргі таза құны (1 188,44)

2-мысал

Төмендегі мысалда:

  • Мөлшерлеме жылдық жеңілдік мөлшері болып табылады. Жарыспалы қаржы салымының инфляция мөлшерін немесе пайыздық мөлшерін көрсетуі мүмкін.

  • 1-мән қаржы салымының бүгінгі күннен бір жыл бұрынғы бастапқы құны болып табылады.

  • 2-мән бірінші жылдан кейінгі қалдық болып табылады.

  • 3-мән екінші жылдан кейінгі қалдық болып табылады.

  • 4-мән үшінші жылдан кейінгі қалдық болып табылады.

  • 5-мән төртінші жылдан кейінгі қалдық болып табылады.

  • 6-мән бесінші жылдан кейінгі қалдық болып табылады.

Мысалда, сіз басты $40 000 құнын бір мән ретінде қоспайсыз, себебі төлем бірінші кезең басында болады.

Мөлшерлеме

1-мән

2-мән

3-мән

4-мән

5-мән

6-мән

Өрнек

Сипаттамасы (Нәтижесі)

8%

-40000

8000

9200

10000

12000

14500

=NPV(Мөлшерлеме, [2-мән], [3-мән], [4-мән], [5-мән], [6-мән])+[1-мән]

Осы қаржы салымының қазіргі таза құны (1 188,44)

8%

-40000

8000

9200

10000

12000

14500

=NPV(Мөлшерлеме, [2-мән], [3-мән], [4-мән], [5-мән], [6-мән], -9000)+[1-мән]

Алтыншы жылдағы 9 000 жоғалтқан қаржы салымының қазіргі таза құны (-3 749,47)

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×