NORMSDIST функциясы

Стандартты қалыпты интегралдық үлестірім функциясын береді. Үлестірімнің орташа мәні 0 (нөл) және стандартты ауытқуы бір болады. Стандартты қалыпты қисық сызық аумақтарының кестесінде осы функция қолданылады.

Маңызды : Бұл функция жақсырақ дәлдікті қамтамасыз етуі мүмкін және атаулары қолданысын жақсырақ білдіретін бір немесе бірнеше жаңа функциямен ауыстырылған. Бұл функция кері үйлесімділік үшін әлі қол жетімді болғанымен, қазірден бастап жаңа функцияларды пайдалануды қарастыру керек, өйткені бұл функция Excel бағдарламасының болашақ нұсқаларында қол жетімді болмауы мүмкін.

Жаңа функция туралы қосымша ақпарат алу үшін NORM.S.DIST функциясы бөлімін қараңыз.

Синтаксис

NORMSDIST(z)

NORMSDIST функциясының синтаксисінде мына аргумент бар:

  • Z    Міндетті. Үлестірімі анықталатын мән.

Ескертпелер

  • Егер z мәні сан болмаса, NORMSDIST функциясы #VALUE! қате мәнін береді.

  • Стандартты қалыпты тығыздық функциясының теңдеуі:

    Теңдеу

Мысалы

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=NORMSDIST(1.333333)

1.333333 мәнініде қалыпты интегралдық үлестірім функциясы

0,908788726

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×