NORMINV функциясы

Белгілі бір орта мен стандартты ауытқуға арналған қалыпты интегралдық үлестірімнің кері мәнін береді.

Ескерту : Бұл функция жақсырақ дәлдік қамтамасыз ететін және атаулары олардың пайдаланылуын жақсырақ көрсететін бір немесе бірнеше жаңа функциялармен ауыстырылған. Excel бағдарламасының бұрынғы нұсқаларымен сыйысымды болғандықтан бұл функция әлі де қол жетімді. Бірақ, кері үйлесімділік қажет болмаса, қазірден бастап жаңа функцияларды қолдану туралы ойлану керек, себебі ол өздерінің мүмкіндіктерін дәлірек сипаттайды.

Жаңа функция туралы қосымша ақпарат алу үшін NORM.INV функциясы бөлімін қараңыз.

Синтаксис

NORMINV(ықтималдық,орташа,стандартты_ауытқу)

NORMINV функциясының синтаксисінде келесідей аргументтер бар:

  • Ықтималдық     Мінддетті. Қалыпты үлестірімге сай келетін ықтималдық.

  • Орташа    Міндетті. Үлестірімнің арифметикалық орташа мәні.

  • Стандартты_ауытқу    Міндетті. Үлестірімнің стандартты ауытқуы.

Ескертпелер

  • Егер қандай да бір аргумент сан болмаса, NORMINV функциясы #VALUE! қате мәнін береді.

  • Егер ықтималдық <= 0 немесе ықтималдық >= 1 болса, NORMINV функциясы #NUM! қате мәнін береді.

  • Егер стандартты_ауытқу <= 0 болса, NORMINV функциясы #NUM! қате мәнін береді.

  • Егер орта = 0, ал стандартты_ауытқу = 1 болса, NORMINV функциясы стандартты қалыпты үлестірімді пайдаланады (NORMSINV функциясын қараңыз).

«Ықтималдық» мәні берілген жағдайда, NORMINV функциясы x мәнін NORMDIST(x, орта, стандартты_ауытқу, TRUE) = ықтималдық шартымен іздейді. Сонымен, NORMINV функциясының дәлдігі NORMDIST функциясының дәлдігіне тәуелді болады. NORMINV функциясында итерациялық іздеу тәсілі қолданылады. Егер іздеу 100 итерациядан кейін сәйкестендірілмесе, функция #N/A қате мәнін береді.

Мысалы

Берілген кестеден мысал деректерді көшіріп алып, жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына салыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, соларды таңдап F2 түймешігін басыңыз және содан кейін Enter түймешігін басыңыз. Деректерді толық көру үшін баған енін қажетінше реттей аласыз.

Дерек

Сипаттама

0.908789

Ықтималдық қалыпты үлестірімге сәйкес

40

Үлестірімнің арифметикалық орташасы

1.5

Үлестірімнің стандартты ауытқуы

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=NORMINV(A2,A3,A4)

Жоғарыда шарттар үшін қалыпты интегралдық үлестірімнің кері түрлендіруі

42,000002

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×