NORM.S.INV функциясы

Стандартты қалыпты интегралдық үлестірімнің кері шамасын береді. Үлестірімнің ортасы нөл, стандартты ауытқуы бір болады.

Синтаксис

NORM.S.INV(ықтималдық)

NORM.S.INV функция синтаксисінде келесі аргументтер бар:

  • Ықтималдық     Мінддетті. Қалыпты үлестірімге сай келетін ықтималдық.

Ескертпелер

  • Егер «ықтималдық» дәлелінің мәні сан болмаса, NORMS.INV функциясы #VALUE! қате мәнін береді.

  • Егер ықтималдық < 0 немесе ықтималдық > 1 болса, NORMS.INV функциясы #NUM! қате мәнін береді.

«Ықтималдық» мәні берілген жағдайда, NORM.S.INV функциясы z мәнін NORM.S.DIST(z,TRUE) = ықтималдық болу шартымен іздейді. Осылайша, NORM.S.INV функциясының дәлдігі NORM.S.DIST функциясының дәлдігіне тәуелді болады. NORM.S.INV функциясында итерациялық іздеу тәсілі қолданылады.

Мысал

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Формула

Сипаттама

Нақты нәтиже

=NORM.S.INV(0.908789)

0.908789 ықтималдығымен, стандартты қалыпты интегралдық үлестірімнің кері түрлендіруі

1,3333347

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×