NETWORKDAYS функциясы

Бұл мақалада Microsoft Excel бағдарламасындағы формула синтаксисі мен NETWORKDAYS функциясының қолданысы сипатталады.

Сипаттамасы

«Басталу_күні» мен «аяқталу_күні» аргументтері арасындағы барлық жұмыс күндерінің санын береді. Демалыс күндері мен мейрамдар ретінде белгіленген күндер жұмыс күндері болып саналмайды. Белгілі бір уақытта жұмыс істелген күндер санына қарай жинақталған жұмысшы пайдаларын есептеу үшін NETWORKDAYS функциясы қолданылады.

Кеңес : Қай және қанша күн жұмыс күні болып табылатынын көрсету үшін параметрлерді пайдалана отырып екі күн арасындағы толық жұмыс күндерін есептеу үшін NETWORKDAYS.INTL функциясы пайдаланылады.

Синтаксис

NETWORKDAYS(басталу_күні, аяқталу_күні, [мерекелер])

NETWORKDAYS функциясының синтаксисінде төмендегідей аргументтер бар:

  • Басталу_күні    Міндетті. Басталу мерзімін көрсететін күн.

  • Аяқталу_күні    Міндетті. Аяқталу мерзімін көрсететін күн.

  • Мейрамдар    Міндетті емес. Мемлекеттік және федералдық мейрамдар мен ауыспалы мерекелер сияқты жұмыс күнтізбесінде есептелмейтін бір не бірнеше күннің қосымша ауқымы. Тізім күндерді немесе күндерді білдіретін сериялы нөмірлер массивінің тұрақты мәнін қамтитын ұяшықтар ауқымы болуы мүмкін.

Маңызды : Күндер DATE функциясы арқылы, немесе басқа өрнектердің не функциялардың нәтижелері түрінде енгізілуі керек. Мысалы, 2012 жылғы 23 мамыр үшін DATE(2012,5,23) функциясын қолданыңыз. Егер күндер мәтін түрінде енгізілсе, қиындықтар туындауы мүмкін.

Ескертпелер

  • Microsoft Excel бағдарламасы күндерді жүйелі сериялық нөмірлер түрінде сақтайды, сонда оларды есептеулерде пайдалануға болады. Әдепкіде, 1900 жылғы 1 қаңтардың сериялық нөмірі 1, ал 2008 жылғы 1 қаңтардың сериялық нөмірі 40909 болып табылады, себебі ол 1900 жылғы 1 қаңтарынан бастағанда 40 909 күннен кейін келеді.

  • Егер қандай да бір аргумент дұрыс күн болмаса, NETWORKDAYS функциясы #VALUE! қате мәнін береді.

Мысалы

Келесі кестедегі деректер мысалын көшіріңіз және жаңа Excel жұмыс парағының А1 ұяшығына қойыңыз. Формулаларға арналған нәтижелерді көрсету үшін, оларды таңдаңыз, F2 пернесін басыңыз, содан кейін Enter пернесін басыңыз. Егер қажет болса, барлық деректерді көру үшін баған енін лайықтауға болады.

Күн

Сипаттама

10/1/2012

Жоба күнінің басталуы

3/1/2013

Жоба күнінің аяқталуы

11/22/2012

Мейрам

12/4/2012

Мейрам

1/21/2013

Мейрам

Формула

Сипаттама

Нәтиже

=NETWORKDAYS(A2,A3)

Басталу (10/1/2012) және аяқталу күні (3/1/2013) арасындағы жұмыс күндерінің саны.

110

=NETWORKDAYS(A2,A3,A4)

Басталу (10/1/2012) және аяқталу күні (3/1/2013) арасындағы жұмыс күндерінің саны, жұмыс емес күн ретінде 11/22/2012 мейраммен.

109

=NETWORKDAYS(A2,A3,A4:A6)

Басталу (10/1/2012) және аяқталу күні (3/1/2013) арасындағы жұмыс күндерінің саны, жұмыс емес күндері ретінде үш күн мейраммен.

107

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×