Microsoft Windows SharePoint Services және Outlook 2007 бағдарламалары туралы шолу

Microsoft Office Outlook 2007 және Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламалары пайдаланушыларға ақпаратпен ортақтасып, тапсырмалар мен жобалар үстінен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Office Outlook 2007 бағдарламасын пайдаланып Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасындағы бірлесіп жұмыс істеу аймақтарына қатынаса аласыз және осы арқылы пікірталастар бастауыңыз, күнтізбемен ортақтасуыңыз, істес кісілер туралы ортақ тізімдерді жаңартуыңыз, бірлесіп жасалған құжаттардың нұсқаларын қадағалауыңыз және тағы да басқа әрекеттер істеуіңіз мүмкін.

Төмендегі кесте Outlook бағдарламасы ұсынатын жеке ақпаратты реттеу мүмкіндіктерін және оларға сәйкес келетін SharePoint мүмкіндіктерін көрсетеді. Осы мүмкіндіктер арқасында бүкіл ұйым ақпаратмен ортақтасып, жұмыс істей алады.

Outlook мүмкіндігі

SharePoint мүмкіндігі

Менің күнтізбем

Күнтізбелер

Менің құжаттарым

Құжаттар жинақтары

"Келетін" қалта

Талқылау үстелдері

Мекенжайлық кітап/Істес кісілер

Істес кісілер тізімдері

Тапсырмалар

Тапсырмалар тізімі

Төменде осы мүмкіндіктер туралы көбірек біліп алыңыз

Office Outlook 2007 бағдарламасының жаңа мүмкіндіктері

Күнтізбелер кұралындағы жаңа мүмкіндіктер

Онлайн талқылау құралындағы жаңа мүмкіндіктер

Істес кісілер құралындағы жаңа мүмкіндіктер

Тапсырмалар құралындағы жаңа мүмкіндіктері

Құжат ортақтасу құралындағы жаңа мүмкіндіктер

Күнтізбелер кұралындағы жаңа мүмкіндіктер

Күнтізбедегі жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, ортақ күнтізбелерді әрдайым жаңартылған қалыпта ұстау және оларды оп-оңай табылатындай етіп қою мүмкін.

  • Екілік күнтізбе    Outlook бағдарламасындағы жаңа екілік көріністе бір уақытта жеке және SharePoint күнтізбелерін көріңіз. Үлкен жобаның бір бөлігі болып табылатын жиналыстарыңыз бен белгіленген кездесулеріңізді артық қадамдарсыз реттеңіз. Демалыс күнтізбелері және конференциялар кестесі Outlook бағдарламасындағы екілік көріністе бейнелене алынатын күнтізбелердің басқа мысалы болып табылады.

  • Outlook бағдарламасындағы ортақ күнтізбелер     Windows SharePoint Services 3.0 торабындағы күнтізбелерге қосылым орнатыңыз да оларға өзгертулер енгізіңіз. Outlook бағдарламасы келесі жолы Жіберу/Алу әмірін орындаған кезде Windows SharePoint Services 3.0 торабы автоматты түрде Сіздің өзгертулеріңізбен қадамдастырылады.

  • Жаңа хабар ортақтастыру мүмкіндіктері     Ендігі кезде күнтізбе мазмұнын тезірек және оп-оңай ортақтастыруға болады. Outlook және Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламаларының мүмкіндіктерін бірлестіру арқасында тек қана жаңа пошта хабарламасын жазып, жоба кестесін қызметкерлерге оп-оңай жіберуге болады. Алушылар ортақтастыру туралы хабарды алған кезде, хабар ішіне қосылған жаңа Осы күнтізбені ашу батырмасын басып, тиісті іс-әрекеттер жасауы мүмкін. Ортақтастыру хабары мүмкіндігін SharePoint тізімдері мен жинақтарының басқа түрлерімен да пайдалануға болады. Мәселен, істес кісілер тізімдері, тапсырмалар және талқылау тізімдері.

  • Жайылу құралдары     IT әкімшілері бірнеше жаңа құралдар пайдаланып, бүкіл компания үшін арналған күнтізбелерді және басқа SharePoint тізімдерін және жинақтарын Outlook бағдарламасына тығыз байланыстыра алады.

Беттің жоғарғы жағы

Онлайн талқылау құралындағы жаңа мүмкіндіктер

Жаңа онлайн талқылау мүмкіндіктерін пайдаланып, жобаны жүзеге асыру жайлы талқылауларға өз үлесіңізді қосуыңыз мүмкін және топтың немесе ұйымдың басқа мүшелеріне белгілі болған ақпарат пен пікірлер туралы әрдайым хабардар болыңыз.

  • Жеңілдетілген жазылу әдісін пайдалану     Пікірталастарды Microsoft Windows Internet Explorer бағдарламасында қарап шығу әдісінен басқа поштаның барлығын қарап шығу үшін пайдаланылатын бағдарламасында қарап шығу әдісіне өту үшін тек қана Outlook бағдарламасына қосылу дегенін нұқыңыз. Outlook бағдарламасында болған талқылау мұрағаттың дербес көшірмесі жергілікті компьютеріңізде сақталғандықтан, бұл әрекет сервердегі пошта жәшігі үшін белгіленген үлеске әсер етпейді.

  • Топ мүшелері арасында орын алған әңгімелерді іздеп табу     Талқылау үстелі ішінде іздеу жүргізу мүмкіндігі ақпаратты, үдірістерді және шешімдерді қадағалауға мүмкіндік береді.

  • Outlook бағдарламасынан мазмұн қосу     Outlook бағдарламасының электрондық пошта хабарламаларын өңдеу үшін тек Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы пайдаланылғандықтан, көрінісі кәсіпқой деңгейінде болған хабарларды жіберуге болады.

  • Талқылау тізбектеріне берілетін жауаптарды мәтінмән ішінде ұстау     Талқылаулар әңгімелер ретінде көрсетіледі, сондықтан тақырып туралы журналда сақталатын барлық мәліметтерді қарап шығуға болады. Әңгімелер Сіз дербес күійнде болған кезде де қатынаулы болады.

Беттің жоғарғы жағы

Істес кісілер құралындағы жаңа мүмкіндіктер

Істес кісілер құралындағы жаңа мүмкіндіктерін пайдаланып, істес кісілер тізімдерін сақтауға, ортақтастыруға және реттеуге болады.

  • SharePoint қызметіндегі істес кісілер тізімдері әр күнгі байланыстар үшін қатынаулы     Outlook бағдарламасына қосылған соң, SharePoint қызметіндегі істес кісілер тізімі Outlook бағдарламасындағы жеке істес кісілер тізімі сияқты жұмыс істейді. Microsoft Office Communicator бағдарламасын пайдаланып, осы істес кісілердің байланыс ақпаратын өңдеу және басып шығару мүмкін, тіпті осы кісілерге телефон соғу да мүмкін. Оларға электрондық пошта хабарламаларын және жиналыс сұрауларын жіберуге болады, және осы істес кісілер тізімдерін Microsoft Windows Mobile бағдарламасы негізінде жұмыс істейтін құрылғымен қадамдастыруға болады .

  • Outlook бағдарламасындағы істес кісілер тізімінің мүмкіндіктерін кеңейту     SharePoint қызметіндегі істес кісілер тізімін Outlook бағдарламасына қосқан соң, олардың ішінде көбірек ақпарат сақтауға болады. Оның ішінде келесілер бар: түс санаттары, әр бір істес кісі үшін бірнеше телефон нөмірлері және үш электрондық пошта мекенжайлары. Сондай-ақ, істес кісі үшін суреттерді, электрондық деректеме кәртішкелерін және тұған күні мен мерейтойы туралы ақпаратты қосуға болады.

  • SharePoint қызметінде істес кісілер туралы жазбаларды тиімдірек жолмен жасау мен жаңарту    SharePoint қызметіндегі істес кісілер тізімі жасалынып, Outlook бағдарламасына қосылған соң, оны жаңарту үшін бір неше әдістер бар. Істес кісілер туралы жазбаларды Outlook бағдарламасындағы істес кісілер қалтасынан, компанияның қызметкерлері тізімінен, Microsoft Exchange қызметіндегі жалпы қалтасынан, немесе Microsoft Windows Live Mail бағдарламасынан көшіріп, қоюға болады. Импорттау және экспорттау шебері істес кісілер туралы ақпаратты Microsoft Office Excel 2007, Microsoft Office Access 2007 және Microsoft Outlook Express бағдарламалар тарапынан пайдаланылатын файл пішімдерінен және мәтін файлдарынан импорттауға мүмкіндік береді.

Беттің жоғарғы жағы

Тапсырмалар құралындағы жаңа мүмкіндіктері

Жаңа, тапсырмамен байланысты болған мүмкіндіктерді пайдаланып, топ немесе жоба бойынша істелетін ортақ тапсырмалары туралы мәліметтер алуға болады және олардың жай-күйін қадағалауға болады.

  • Outlook бағдарламасындағы тапсырмалар қалай қадағаланса да, SharePoint қызметіндегі тапсырмалар да осындай қадағаланады     SharePoint қызметінде Сізге берілген тапсырмалар автоматты түрде Office Outlook 2007 бағдарламасындағы іс-шаралар үстелінде және күнтізбенің әр күнгі тапсырмалар тізбесінде пайда болады.

  • Тапсырмаларды реттеушілер де топ мүшелері де жаңарта алады     Реттеуші тапсырмалар жасап, оларды топ мүшелеріне тапсыра алады, ал топ мүшелері тапсырмалар туралы есеп бере алады, оларды жаңарта алады және орындалған деп белгілей алады.

  • SharePoint қызметінің тапсырмалар туралы ескертулері түгелімен тапсырмалар мен күнтізбелермен біріктірілген     Outlook бағдарламасы тапсырманы SharePoint торабында сақтаған соң, топ мүшелері тапсырманы өздерінің тапсырмалар үстеліне және әр күнгі тапсырмалар тізімдеріне қосуы мүмкін. Тиісті баптаулар таңдап, ескертулер мен еске салу хабарларын автоматты түрде шығаруға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Құжат ортақтасу құралындағы жаңа мүмкіндіктер

Құжат ортақтасу құралындағы жаңа мүмкіндіктерін пайдаланып, SharePoint құжаттарын Outlook бағдарламасы ішінде алуға, өңдеуге және реттеуге болады.

  • Бір-ақ қатынас орны     Құжатты іздеп табу үшін Outlook бағдарламасын пайдалансаңыз, Outlook барлық қосылған SharePoint құжаттары мен электрондық пошта тіркемелерін іздеп шығады. Құжаттарды алдын ала қарап шығу мүмкіндігі іздеу нәтижелерін шолып шығуға мүмкіндік береді.

  • Жылдамдатылған өңдеу     Бұрынғыға қарағанда Outlook бағдарламасы ішінде SharePoint құжаттарын тезірек ашуға және өзгертулерін сақтауға болады, және осы әрекеттерді дербес күйінде болған кезде де істеуге болады. Outlook бағдарламасына қосылған SharePoint құжаттары мен қалталары көрінбейтін түрде қадамдастырылады. Сондықтан, олардың көшірмелері әрдайым жергілікті компьютерде болады және оларды өңдеу мүмкін.

  • Алдын ала көру және іздеу мүмкіндіктері    Outlook бағдарламасындағы жаңа болып табылатын тіркемелерді алдын ала көріп алу және іздеу мүмкіндіктері SharePoint құжаттары үшін де жұмыс істейді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×