Microsoft Power Query қызметтік шарттары

СОҢҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН КҮНІ: 9 ШІЛДЕ, 2015

1. КЕЛІСІМ ҚАМТИТЫН МӘЛІМЕТТЕР

Бұл келісім сіз («сіз» немесе «сіздің») бен Microsoft корпорациясы (сіздің тұратын жеріңізге байланысты, аффилиаттарымыздың бірі) («Microsoft», «біз», «бізГе» немесе «біздің») арасында жасалған. Осы келісімнің («келісім») шарттары Microsoft Power Query қызметіне («Қызметтер») қатынасуға және оны пайдалануға қатысты. Қызметтер пайдаланушыларға Microsoft Excel («Қосылатын модуль») бағдарламасына арналған Microsoft Power Query қызметі арқылы белгілі деректер жинақтарын іздеуге мүмкіндік береді. Егер Қызметтерді Office 365 жүйесіне арналған Microsoft Power BI («Power BI») жазылымымен бірге пайдаланып жатсаңыз, Қызметтер сондай-ақ ұйымыңыздағы басқа адамдармен нақты ақпаратты ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. (Power BI қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.powerbi.com сайтын қараңыз.) Қызметтерге қатынасу немесе пайдалану арқылы сіз осы келісім шарттарын қабылдайсыз. Егер оларды қабылдамасаңыз, Қызметтерге қатынаспаңыз немесе оларды пайдаланбаңыз. Егер қызметтерге Германияда қатынасып жатсаңыз, Герман келісімі (go.microsoft.com/fwlink/?LinkID=309183&clcid=0x407) сізге қатысты болып табылады.

2. ДЕРЕКТЕР

Сіз Қызметке («Деректер») кірумен немесе пайдаланумен байланысты қолданылған кез келген және барлық деректерге және Қызметке кірумен немесе пайдаланумен байланысты кез келген бағдарламалық құралдарды немесе қызметтерді, оның ішінде осындай Деректердің, бағдарламалық құралдың немесе қызметтердің сақтық көшірмесін жасауға қатысты қадамдар шектеусіз орындауға барлық жауапкершілікті аласыз.

3. ҚЫЗМЕТТЕР

3.1. Қызметті пайдалану жолдары.

Қызметтерге осы келісім шарттарына және Қызметтерді пайдалану үшін тағайындалған саясаттар мен процедураларға сәйкес қана қатынасуға және пайдалануға болады. Осы келісімнің шарттарымен келіскен жағдайда, сіз Қызметтерді (a) белгілі жалпыға қолжетімді Деректер мен деректер көздерін іздеу және табу үшін; (b) Power BI қызметіне жазылым болған жағдайда, сұраулар мен деректерді ұйымыңыздағы басқа адамдармен ортақ пайдалану және ұйымыңыздағы басқа адамдар ортақ пайдаланған сұраулар мен деректерге қатынасу үшін пайдалануға болады.

3. 2 . Қызметті қандай жағдайда пайдалана алмайсыз.

Қызметті пайдалану кезінде төмендегі әрекеттерді орындауға болмайды:

(a) (I) иесі болып табылмайтын, пайдалану үшін заңды иесінен рұқсат алынбаған немесе (II) қандай да бір үшінші тараптың құпиялылық немесе жалпыға қолжетімділік құқықтарын, пайдалану шарттарын (оның ішінде, шектеусіз бағдарламалық интерфейсті (API) пайдалану саясаттарын) немесе Деректерге немесе басқа мазмұнға қатысты басқа да шарттарды бұзатын Қызмет арқылы сол Деректерді немесе басқа мазмұнды сүзуге, бөліп алуға, түсіндірме қосуға, жасауға немесе жариялауға;

(b) Қызметтерді кез келген үшінші тарапқа жалға беруге, сатуға немесе тасымалдауға немесе Қызметтерді коммерциялық хостинг қызметтері үшін пайдалануға;

(c) кез келген рұқсат етілмеген құралдарды Қызметті өзгертуге, бағытын өзгертуге немесе өзгертуге және бағытын өзгертуге әрекеттену үшін пайдалануға;

(d) Қызметті (немесе Қызметке қосылған желілерді) зақымдау, ажырату немесе бұзу немесе басқа біреудің Қызметке кіру және оны пайдалану мүмкіндігіне ықпал етуге;

(e) қорғалған тақырыпқа, соның ішінде нәсілге, тегіне, шыққан орнына, отбасылық жағдайға, жынысқа, дінге, ұлтқа, мүгедектікке, жыныстық ориентацияға немесе жасқа байланысты дискриминация болуы мүмкін кез келген жолмен шектеусіз заңсыз әрекеттерге әкелетін қандай да бір әдіспен Қызметтерге кіруге немесе оны пайдалануға;

(f) жергілікті, аймақтық, ұлттық, федералдық, облыстық немесе басқа да жарамды тұтынушының құпиялылық ережелерін бұзуға;

(g) Қызметтерге go.microsoft.com/fwlink/?LinkId=117951 сілтемесіндегі Microsoft спамға қарсы саясатын бұзатын жолмен кіру немесе пайдалануға; немесе

(h) жала жабатын, жағымсыз, қандай да бір адамға немесе нәрсеге зиян немесе зақым келтіретін жолмен Қызметке кіруге немесе пайдалануға болмайды.

4. МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ

4.1. Құқықты сақтау; Басқа лицензиясыз.

Осы келісімде жазылған Қызметтерді шектеулі пайдалану және қатынасу құқықтарынан басқа Microsoft корпорациясы өзіне осы келісімде қарастырылмаған басқа барлық құқықтарды қалдырады. Жанама түрде, қарсылық ету құқығынсыз немесе басқа жолмен қосымша құқықтар (соның ішінде болжалды лицензиялар, құқықтар немесе келісімді міндеттер) берілмейді. Деректерді табу және оларға қатынасу жолын жеңілдете отыра, Microsoft корпорациясы осындай деректерге қатынасу немесе оларды пайдалану үшін ешқандай құқықтар бермейді.

4.2. Microsoft корпорациясына ұсынылатын лицензия.

Қызметтерді пайдалану арқылы Microsoft корпорациясына сізге Қызмет немесе қолдау қызметін ұсыну үшін рұқсат ету мақсатында ғана сіз Microsoft корпорациясына (бірнеше қосалқы лицензиатты және қосалқы лицензиаттың бірнеше қатары арқылы қосалқы лицензиялау құқығымен) зияткерлік меншік құқықтарыңызға, Қызмет арқылы Деректерді пайдалану немесе өңдеу үшін Microsoft корпорациясына қажет кез келген құқықтарға, Қызметті пайдалануыңызбен байланысты бізге берген кез келген басқа мәліметтеріңізге рұқсат етесіз. Сонымен қатар, Microsoft корпорациясына Қызметті пайдалануыңызбен байланысты пайдалану сипаттарын, трендтерін және басқа да статистикалық деректерді Microsoft корпорациясының ішкі пайдалануы үшін бақылауға және жазуға рұқсат бересіз.

4.3. Microsoft корпорациясының иелік жөніндегі талаптары жоқ.

Microsoft корпорациясы сіздің Қызметті пайдалануыңызбен байланысты ұсынатын Деректерді немесе басқа да мәліметтерге иелік етуді немесе басқаруды талап етпейді. Деректерде және сол сияқты мәліметтерде болуы мүмкін қандай да бір құқықтарды қорғауға тікелей сіз жауаптысыз.

4.4. Сізде иелік жөнінде талаптар жоқ.

Осы келісімде тікелей қарастырылған жағдайлардан басқа Қызметтерді иеленуді немесе басқаруды талап етпейсіз.

4.5. Қызметтерді пайдалануыңыз.

Сіз Қызметпен байланысты пайдаланатын кез келген деректерге, бағдарламалық жасақтамаларға немесе қызметтерге қажетті құқықтардың бар екендігін және осындай деректерді, бағдарламалық жасақтамаларды немесе қызметтерді пайдалануыңыз кез келген үшінші тараптың зияткерлік меншік немесе басқа меншіктік құқықтарын бұзбайтындығына кепілдік бересіз. Деректердің, бағдарламалық жасақтамалардың немесе қызметтердің заңды иелерінен барлық қажетті құқықтарды аласыз және барлық лицензияларды немесе басқа да шарттарды сақтайтындығыңызбен келісесіз. Сіз Қызметтерге (а) қандай да бір үшінші тараптың құқықтарын бұзбай немесе Microsoft корпорациясының сіздің немесе үшінші тараптың алдында қандай да бір басқа міндеттер алуға мәжбүрлемей және (b) барлық жарамды заңдар мен ережелерге сәйкес қатынасасыз және пайдаланасыз.

5. ҚЫЗМЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ; ҚАУІПСІЗДІК

5.1. Қызмет деңгейлері.

Microsoft корпорациясы Қызмет үшін қандай да бір қолдау көрсету қызметтерін ұсынуға міндетті емес. Қызмет жоспарланған немесе жоспарланбаған себептермен, соның ішінде техникалық жаңартулар, токтың ажыратылуы, жүйе ақаулары, ұзақ уақыт кідіртулер немесе басқа да үзілулер кесірінен қол жетімді болмауы мүмкін. Осы кезеңде Қызметке толығымен немесе кейбір бөлігіне кіру немесе оны пайдалану мүмкін болмауы мүмкін. Деректердің кейбіреуі немесе барлығы жоғалуы мүмкін. Microsoft корпорациясы Қызметке қауіпті болуы мүмкін деп анықтаған ажырату немесе кідірту жағдайында Microsoft корпорациясының өз қалауы бойынша Қызметті тоқтатуды шешуі мүмкін.

5.2. Қауіпсіздік.

Қызметке рұқсатсыз кіруден және пайдаланудан қорғауға көмектесу үшін біз әр түрлі қауіпсіздік технологиялары мен процедураларын пайдаланамыз; алайда, мұның сәтті орындалатынына кепілдік берілмейді. Осыған сәйкес, осы келісімнің қандай да бір басқа шарттарына шектеусіз, Қызметпен байланысты пайдаланылатын Деректердің және кез келген басқа деректердің, бағдарламалық құралдардың немесе қызметтердің сәйкесінше қауіпсіз қорғалғанына және сақтық көшірмесі жасалғанына толық жауапкершілік аласыз. Қолжетімді және сәйкес орында Деректерді қорғау сақтық шараларын орындауға, Деректерге рұқсатсыз кіруден және тұрақты мұрағаттау Деректерді қорғау үшін шифрлау технологиясын шектеусіз пайдалануға қатаң кеңес беріледі.

5.3. Қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы – Microsoft корпорациясына ескерту.

Қызметтерге қатысты қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы туралы білгенде бізге дереу хабарлайсыз.

6. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ

Қызметтерді жеткізу және олармен жұмыс істеу мақсатында сіз және сіздің Қызметті пайдалануыңыз туралы кейбір мәліметтер жинақталады. Осы Келісіммен келісу арқылы, сондай-ақ go.microsoft.com/fwlink/?LinkID=311735&clcid=0x409 сілтемесінде орналасқан Excel бағдарламасына арналған Microsoft Power Query қызметінде сипатталған деректерді жинақтауға, пайдалануға және ашуға келісім бересіз.

7. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ӘДІСТЕРІ

Қызметті пайдалану кезінде жеке ақпаратты жинақтасаңыз, сақтасаңыз немесе өңдесеңіз, сіздің: (а) барлық жарамды құпиялылық және деректерді қорғау заңдарын орындауыңыз; және (б) Microsoft, оның аффилаттары, еншілес компаниялары мен қызмет жеткізушілері (жалпы айтқанда, «Microsoft тараптары») арқылы мәліметтерді өңдеуге осы Келісімде қарастырылғандай рұқсат ететін адамдардан сәйкес рұқсат алуыңыз, оның ішінде (І) өңдеу үшін Microsoft тараптарынан ақпаратты тасымалдауыңыз; және (II) Құрама Штаттарда сақтау және басқа да өңдеу түрлері секілді сізге берілген мәліметтерде құзыреттен тыс ақпаратты өңдеуіңіз қажет.

8. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ

Қызметтерді пайдалану үшін, қосылатын модульді жүктеп, орнатуыңыз керек. Қосылатын модуліңіздің нұсқасын автоматты түрде тексере аламыз. Қызметті жаңарту, жетілдіру және әрі қарай дамыту үшін компьютеріңіздегі қосылатын модульге жаңартуларды автоматты түрде жүктей аламыз.

9. ЕСКЕРТУЛЕР

9.1 Сізге жіберілген ескертулер.

Microsoft корпорациясының сізге өз шешіміне байланысты Microsoft корпорациясы анықтаған ретпен хабарландырулар жіберетіндігімен, Қызметке арналған порталға немесе байланыс орнату орталығының веб-сайтына кез келген осындай хабарландыруларды немесе пошта арқылы шектеусіз жіберетіндігімен келісесіз. Қызметке кіру және пайдалану мүмкін кезде осы ескертулерді алу үшін қажетті бағдарламалық құралды және аппараттық құралды иемдене аласыз. Ешқандай ескертуді электрондық түрде алуға келіспеген жағдайда, қызметті пайдалануды тоқтатуыңыз тиіс.

9.2. Сіздің бізге ескертулеріңіз.

Бізге пікіріңізді білдіру немесе қосылатын модульдегі анықтама мүмкіндіктері арқылы хабарлай аласыз.

10. ПІКІР

Сіз осылайша Microsoft корпорациясына (бірнеше қосалқы лицензиатты және қосалқы лицензиаттың бірнеше қатары арқылы қосалқы лицензиялау құқығымен) (a) пайдалану, ортақ пайдалану және кез келген жолмен сату құқықтарын және (b) үшінші тараптарға пікірді қамтитын Microsoft өнімінің немесе қызметінің кез келген белгілі бір бөліктерін пайдалану немесе байланыстыру үшін олардың өнімдеріне, технологияларына және қызметтеріне қажет кез келген барлық құқықтарды зияткерлік меншік құқықтарына сәйкес тегін бересіз. Сіз Microsoft корпорациясына өз бағдарламалық жасақтамасын немесе құжаттамасын лицензиялауға қажетті лицензияға тәуелді пікір бермейсіз немесе оның ішінде пікір қамтылғандықтан, оның қызметтерін үшінші тараптарға бермейсіз. Осы бөлімдегі құқықтар күші жойылмайды және уақытпен шектелмеген, сондай-ақ осы келісім мерзімінің аяқталуынан немесе өтуінен кейін күшінде болады.

11. ӨТЕМАҚЫ

Сіз төмендегі жағдайларға байланысты Microsoft корпорациясының, олардың филиалдарының, орнын басушыларының, жауапты тұлғаларының, басшыларының және қызметкерлерінің кез келген және барлық шағымдар, талаптар, шығындар, міндеттемелер, сот процестері, жоғалтулар, шығыстар және зақымдаулар (соның ішінде қорғаушының шығындары) себебінен болған шығындарын өтеу және олардан қорғауыңыз керек: (а) Қызметті осы Келісімді немесе кез келген жарамды заңды немесе ережені бұзып пайдалану немесе (ә) Қызметпен байланысуда пайдаланатын кез келген деректер, бағдарламалық құралдар немесе қызметтер, оның ішінде осындай деректер, бағдарламалық құралдар не қызметтер талаптарын авторлық құқық, шектеулі құқық, өндірістік құпия, сауда белгісі не үшінші тараптың басқа заңды құқығын бұзатын, заңсыз иеленетін талаптарды сақтамай пайдалану.

12. КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ

БІЗ ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТТЕРІН (БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА) ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢҒА СӘЙКЕС ТОЛЫҒЫМЕН «СОЛ КҮЙІНДЕ», «БАРЛЫҚ АҚАУЛАРМЕН» ЖӘНЕ «ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ БОЙЫНША» ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ, СОНДАЙ-АҚ, ҚАНАҒАТТАНДЫРАРЛЫҚ САПАҒА, ӨНІМДІЛІККЕ, НАҚТЫЛЫҚҚА, ДЕРЕКТЕРДІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ ЖӘНЕ ӘРЕКЕТКЕ ҚАТЫСТЫ БҮКІЛ ҚАТЕР ҮШІН СІЗ ЖАУАПТЫ БОЛАСЫЗ. MICROSOFT КОРПОРАЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ (БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА) ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕЛЕР ЖАСАМАЙДЫ ЖӘНЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢМЕН ОРНАТЫЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДА, MICROSOFT КОРПОРАЦИЯСЫ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҰЙҒАРЫНДЫ КЕЗ КЕЛГЕН ЖӘНЕ БАРЛЫҚ МӘЛІМДЕМЕЛЕРДЕН, КЕПІЛДЕМЕЛЕРДЕН НЕМЕСЕ ШАРТТАРДАН ШЕКТЕУСІЗ ТҮРДЕ БАС ТАРТАДЫ; ОНЫҢ ІШІНДЕ: (A) САТУ ҮШІН ЖАРАМДЫЛЫҚ, БЕЛГІЛІ МАҚСАТ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ, САПА, НАҚТЫЛЫҚ, КЕДЕРГІСІЗ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН БҰЗБАУ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕЛЕР, КЕПІЛДЕМЕЛЕР НЕМЕСЕ ШАРТТАР, (B) КОММЕРЦИЯЛЫҚ МӘМІЛЕ НЕМЕСЕ САУДА САЛТЫНА СӘЙКЕС МӘЛІМДЕМЕЛЕР, КЕПІЛДЕМЕЛЕР НЕМЕСЕ ШАРТТАР ЖӘНЕ (C) ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫНАСУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ СИПАТТАЛҒАНДАЙ КЕДЕРГІСІЗ, ҚАТЕСІЗ ОРЫНДАЛЫП НЕМЕСЕ ҚАУІПСІЗ БОЛАТЫНЫ НЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚОЛДАНУЫҢЫЗ ШЕКТЕУСІЗ ТҮРДЕ ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ, ОҚУ, ЖАҢАРТУ НЕМЕСЕ ЖОЮМЕН ҚОСА СЕНІМДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ БОЛАТЫНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕЛЕР, КЕПІЛДЕМЕЛЕР НЕМЕСЕ ШАРТТАР. ҚЫЗМЕТТЕРДІ НЕМЕСЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТТЕРІН (БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА) ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАСАҒАН ЕШҚАНДАЙ АУЫЗША НЕМЕСЕ ЖАЗБАША МӘЛІМДЕМЕҢІЗ ОСЫ КЕЛІСІМДЕ БАС ТАРТЫЛҒАН КЕПІЛДІКТІ ЖАСАМАЙДЫ. ОСЫ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫ БОЙЫНША ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢҒА СӘЙКЕС БЕЛГІЛІ ҚҰҚЫҚТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАСЫЗ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА, ОСЫ КЕЛІСІМДЕГІ ЕШҚАНДАЙ ӘРЕКЕТ СОЛ ҚҰҚЫҚТАРҒА ЫҚПАЛ ЕТПЕУ ҚАЖЕТ.

Егер австарлиялық тұтынушы болсаңыз, сізге келесі жөнінде хабарлауымыз керек: Біздің өнімдеріміз Австралияның тұтынушылар құқығын қорғайтын заңына сәйкес ұзартылмайтын кепілдіктермен беріледі. Ірі ақау орын алған жағдайда сіздің ауыстыру немесе қайтару және кез келген басқа күтілетін шығындар не зақым үшін өтемақы алу құқығыңыз бар. Тауар сапасы лайықты болмаса және ірі ақау орын алмаса, тауарды жөндету немесе ауыстырып алу құқығыңыз бар.

13. МІНДЕТТЕМЕ ШЕКТЕУІ

ҚАЗІРГІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН АУҚЫМДА, ОСЫ КЕЛІСІМНЕН НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІ НЕМЕСЕ ҚОЛДАУ КЫЗМЕТТЕРІН (БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА) ПАЙДАЛАНУДАН ПАЙДА БОЛАТЫН, ОНЫҢ НЕГІЗІНДЕ НЕМЕСЕ НӘТИЖЕСІНДЕ ОРЫН АЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ЗАҚЫМДАР, ОНЫҢ ІШІНДЕ: (А) ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, БАЙҚАУСЫЗДА БОЛҒАН, АРНАЙЫ, ҮЛГІЛІК НЕМЕСЕ АЙЫППҰЛ ЗАҚЫМДАР ҮШІН; (В) ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛМЕГЕН ТАБЫСПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ШЫҒЫН ӨТЕМАҚЫСЫ; (С) АҚПАРАТТЫҢ ЖОҒАЛУЫ; (D) ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНСІЗДІГІ; (E) БЕДЕЛГЕ КІР КЕЛТІРУ НЕМЕСЕ ОНЫ ЖОҒАЛТУ; (F) ҚЫЗМЕТТЕРДІ НЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТТЕРІН (БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА) ПАЙДАЛАНУ НЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНСІЗДІГІ; (G) АУЫСТЫРУШЫ ТАУАРЛАРДЫ, ДЕРЕКТЕРДІ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАРДЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУ ШЫҒЫНЫ; (Н) ДЕРЕКТЕРГЕ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРМЕН БІРГЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ДЕРЕКТЕРГЕ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАЛАРҒА НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ РҰҚСАТСЫЗ ҚАТЫНАСУ НЕ ПАЙДАЛАНУ, КЕЗ КЕЛГЕН ӨЗГЕРТУ, БҰЗУ, ЖОЮ ЗАҚЫМ КЕЛТІРУ ЖОҒАЛТУ ӘРЕКЕТІ; (I) ДӘЛ АҚПАРАТ БЕРУ ҚАТЕСІ; (J) ҚЫЗМЕТКЕ КІРУГЕ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТ АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАНҒАН ВИРУСТАР НЕМЕСЕ БАСҚА ДА АЖЫРАТУШЫ МҮМКІНДІКТЕР; (K) ҚЫЗМЕТТЕР НЕМЕСЕ БАСҚА ДА ҚЫЗМЕТТЕР, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ НЕМЕСЕ АППАРАТ АРАСЫНДАҒЫ СӘЙКЕССІЗДІКТЕР; ЖӘНЕ (L) КЕЗ КЕЛГЕН ҮШІНШІ ТАРАП ЕРЕЖЕСІ, ТАСЫМАЛДАРЫ НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРІ MICROSOFT КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ТІКЕЛЕЙ ЗАҚЫМ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ $5,00 МӨЛШЕРІНЕ ДЕЙІН ШЕКТЕЛГЕН. БҰЛ ШЕКТЕУЛЕР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ КЕЛІСІМШАРТТЫ БҰЗУЫНА, ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРДЫ БҰЗУЫНА (ОНЫҢ ІШІНДЕ НЕМҚҰРАЙЛЫЛЫҚ), ТІКЕЛЕЙ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ КЕПІЛДІКТЕРДІ БҰЗУҒА НЕМЕСЕ БАСҚА ЗАҢ ТЕОРЯИЛАРЫНА НЕГІЗДЕЛУІНЕ ҚАРАМАСТАН КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ: (Y) ОСЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫ СІЗ ҮШІН БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕМЕЙДІ НЕМЕСЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛДАРДЫ ӨТЕЙ АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ (Z) MICROSOFT КОРПОРАЦИЯСЫНА ОСЫНДАЙ ЗАҚЫМДАР ЫҚТИМАЛДЫҒЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛДІ.

MICROSOFT КОРПОРАЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТТЕРДЕГІ КЕЗ КЕЛГЕН КЕДЕРГІЛЕР ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕМЕС, ОНЫҢ ІШІНДЕ ҚУАТТЫҢ ӨШУІ, ЖҮЙЕ АҚАУЛАРЫ НЕМЕСЕ БАСҚА КЕДЕРГІЛЕР.

ШТАТЫҢЫЗДА, ОБЛЫСЫҢЫЗДА НЕМЕСЕ ЕЛІҢІЗДЕ КЕЗДЕЙСОҚ ЖАҒДАЙ, САЛДАРЫ АУЫР НЕМЕСЕ БАСҚА ЗАҚЫМДАР ҮШІН ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙ НЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ МҮМКІНДІГІ БЕРІЛМЕСЕ, ОСЫ ШЕКТЕУЛЕР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ КЕЙБІРІ СІЗ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН.

14. ҮШІНШІ ТАРАП САЙТТАРЫНА СІЛТЕМЕЛЕР

Қызметтердің ішінде үшінші тарап сайттарының сілтемелері болуы мүмкін. Microsoft сілтеме жасалған сайттарды басқармайды және Microsoft сілтеме жасалған сайт ішіндегі мазмұнға немесе олардағы сілтеме жасалған сайттарға немесе осындай сайттарға жасалған кез келген өзгертулер немесе жаңартулар үшін жауапты болмайды. Microsoft сілтеме жасалған сайттан алынған вебкаст немесе басқа тарату түрі үшін жауапты емес. Microsoft бұл сілтемелерді тек жұмыс ыңғайлылығы үшін ұсынады және сілтемені қосу Microsoft сол сайтқа қолдау көрсететінін білдірмейді.

15. ҮШІНШІ ТАРАП МАЗМҰНЫ

Қызметтер тек ыңғайлылық мақсатында деректерді қоса үшінші тарап мазмұнына қатынасуды қамтиды, қамтамасыз етеді немесе жеңілдетеді. Үшінші тарап мазмұны Microsoft корпорациясының бақылауында болмағандықтан, Microsoft корпорациясы кез келген осындай мазмұнның сапасы нақтылығы немесе орындалуы үшін жауапты емес. Осындай мазмұн Қызметтерде қамтылып, Қызметтермен қамтамасыз етіліп, Қызметтер тарапынан ашылуы Microsoft корпорациясының немесе үшінші тараптың не үшінші тарап сайттары немесе қызметтерінің мақұлдауын білдірмейді. Юрисдикцияға байланысты, кейбір үшінші тарап мазмұны сіз үшін қолжетімсіз болуы мүмкін.

16. ШАРТТАРДЫ ӨЗГЕРТУ; ҚОСЫМША ШАРТТАР

16.1. Шарттарды өзгерту.

Microsoft корпорациясының өз қалауынша осы келісімді кез келген уақытта өзгертуге құқығы бар. Егер осы келісімге өзгертулер енгізілсе, осы келісімнің жоғары бөлігінде көрсетілген күн жаңартылады. Келісімнің ең ағымдағы нұсқасына қосылатын модульдің Анықтама жолағында орналасқан сілтемесі арқылы кіре аласыз. Осы өзгертулермен келіспесеңіз, Қызметті пайдаланудан тез арада тоқтатуыңыз қажет. Қызметті пайдалануды тоқтатпасаңыз, Қызметті пайдалануыңыз өзгертілген келісімге сәйкес жалғасады.

16.2. Қосымша шарттар.

Сонымен қатар, бұл келісім сілтеме арқылы Қызметтердің белгілі бір бөлігіне, соның ішінде (бірақ шектеусіз) спамға қарсы саясатқа қатысты кез келген қосымша шарттарды қамтуы мүмкін. Егер қызметтерді Power BI жазылымымен бірге пайдаланып жатсаңыз, (а) Қызметтерді пайдалану шартыңыз Power BI қызметін («сіздің Power BI шарттарыңыз») пайдалану шартына негізделген және (b) Power BI шарттары мен осы келісім шарттары арасында қайшылық орын алған жағдайда, Power BI шарттары белсенді Power BI жазылымын алғанша басқарады.

17. МЕРЗІМ; ТОҚТАТУ

Аталмыш келісім, сіздің тарапыңыздан қабылданғаннан кейін күшіне енеді.

Қызметтерді пайдалануды тоқтату арқылы осы келісімді кез келген уақытта бұза аласыз. Жоғарыда көрсетілгендей осы келісімнің шарттарына қарамастан, Microsoft корпорациясы өз шешімімен Қызметті пайдалануды тоқтатуы немесе осы келісімді кез келген мақсатпен немесе мақсатсыз кез келген уақытта тоқтатуы мүмкін. Тоқтату немесе аяқтау жағдайында Қызметті пайдалану құқығыңыз бірден тоқтайды. Сіз Деректердің сақтық көшірмесін жасауға қажетті қадамдарды орындауға жауаптысыз. Осы келісім тоқтатылған соң осы келісім арқылы сізге берілген барлық басқа құқықтар да автоматты тоқтатылады.

18. ҮШІНШІ ТАРАП БЕНЕФИЦИАРЛАРЫНСЫЗ

Бұл келісім сіздің және біздің қызығушылығымызға арналған. Бұл осы келісімге сәйкес рұқсат етілген ізбасарлар және тағайындаулардан басқа тараптың мүддесінде емес.

19. ҚҰҚЫҚТАН БАС ТАРТУСЫЗ

Microsoft тарапынан құқық немесе шешім мерзімін өткізу не іске асырмау оны сол не басқа құқықтар мен шешімдерден айырмайды.

20. КЕЛІСІМГЕ ҚАТЫСУШЫ ТАРАП, ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ҮШІН ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ОРЫНДЫ ТАҢДАУ

Егер Құрама Штаттарда тұрсаңыз, Заң қағидаларының қайшылығына қарамастан, осы келісімнің қарастырылуын АҚШ, Вашингтон штатының заңдары басқарады және оны бұзу бойынша шағымдарға қолданылады. Басқа шағымдардың барлығы, оның ішінде тұтынушыларды қорғау заңдары, әділетсіз бәсекелестік заңдары және құқық бұзушылыққа қатысты барлық басқа талаптар Америка Құрама Штаттарындағы тұрғылықты штатыңыздың заңдарына тәуелді. Егер Америка Құрама Штаттарында тұрмасаңыз, қызметті бағыттайтын елдің заңдарына бағынады. Сіз және біз бір жолға осы келісімге қатысты барлық даулар үшін АҚШ, Вашингтон, Кинг провинциясының штаттық немесе федералдық соттардың ерекше юрисдикциясына және орнына бағынуға келісеміз.

21. КЕЛІСІМДІ ТҮСІНДІРУ

Барлық ережелер қолданыстағы заңмен рұқсат етілген деңгейде қолданылады. Жазбаша ретінде орындалуы қамтамасыз етілмейтін осы келісім бөлігін сот ұстауы мүмкін. Бұл орын алса, сіз және біз сол бөлікті қамтамасыз етілмейтін бөлік мақсатына барынша сәйкес келетін шарттармен ауыстырамыз. Осы келісімнің қалған бөлігі өзгермейді. Осы келісім, соның ішінде сілтеме арқылы қамтылған басқа да саясаттар немесе шарттар Қызметті пайдалануға қатысты тараптар арасындағы толық келісім болып табылады. Ол Қызметті пайдалануға қатысты (ауызша немесе жазбаша) кез келген алдыңғы келісімдерді немесе мәлімдемелерді алмастырады.

22. ТАҒАЙЫНДАУ

Осы келісімді толығымен немесе жартылай кез келген уақытта сізді ескертіп немесе ескертпей тағайындай аламыз. Осы келісімді немесе оның бөлігін басқа тарапқа тағайындай алмайсыз. Тағайындау әрекетіңіз жарамсыз болып табылады. Қызметі немесе оның бөлігін пайдалану құқықтарын уақытша немесе тұрақты түрде үшінші тарапқа беруге болмайды.

23. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САУДА БЕЛГІСІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУЛЕР

Қызметтің барлық мазмұнының авторлық құқығы бар © 2014 Microsoft корпорациясы, оның жеткізушілері немесе мазмұны (соның ішінде деректер) Қызметтер арқылы қамтамасыз етілетін не қолжетімді басқа үшінші тараптар. Барлық құқықтары қорғалған. Авторлық құқық және басқа да зияткерлік меншік заңдары мен келісімдері Қызметтің бөлігі ретінде ұсынылған кез келген бағдарламалық құралды немесе мазмұнды қорғайды. Біз немесе біздің жеткізушілер бағдарламалық құралдағы немесе мазмұндағы тақырыпқа, авторлық құқыққа және басқа да зияткерлік меншік құқықтарына иелік етеді. Сондай-ақ, осы келісімде көрсетілген Microsoft, Windows және/немесе Microsoft өнімдері мен қызметтері Microsoft корпорациясының Америка Құрама Штаттарындағы және/немесе басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болуы мүмкін. W® -Wikimedia Foundation тіркелген сауда белгісі. Осы жерде қарастырылмаған басқа құқықтар сақталады. Белгілі бір Microsoft веб-сайттары серверлерінде пайдаланылатын бағдарламалық құрал Independent JPEG Group жұмысына жартылай негізделген. Авторлық құқық © 1991 -1996 Thomas G. Lane. Барлық құқықтары қорғалған. Белгілі бір Microsoft веб-сайттары серверлерінде пайдаланылған "gnuplot" бағдарламалық құралының авторлық құқығы бар © 1986-1993 Thomas Williams, Colin Kelley. Барлық құқықтары қорғалған.

24. ТЕК АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ: АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР БҰЗУШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ШАҒЫМ ЖАСАУ ЕСКЕРТУЛЕРІ МЕН ПРОЦЕДУРАСЫ

Америка Құрама Штаттары Кодексінің 17-бабы, 512(c)(2) бөліміне сәйкес, авторлық құқықты бұзу шағымдары туралы хабарландырулар қызмет провайдерінің тағайындалған агентіне жіберілуі керек. КЕЛЕСІ ПРОЦЕДУРАҒА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН БАРЛЫҚ СҰРАУЛАРҒА ЖАУАП БЕРІЛМЕЙДІ.

Авторлық құқықтың бұзылуы туралы шағым жасау бойынша ескерту мен процедураны www.microsoft.com/info/cpyrtInfrg.htm сілтемесінен көруге болады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×