Microsoft Outlook 2010 немесе 2013 нұсқасы іске қосылмайды немесе «Microsoft Office Outlook бағарламасы іске қосылмайды. Outlook терезесі ашылмайды» хабары пайда болады

Microsoft Outlook 2010 немесе 2013 нұсқасы іске қосылмайды немесе «Microsoft Office Outlook бағарламасы іске қосылмайды. Outlook терезесі ашылмайды» хабары пайда болады

Outlook 2010 не Outlook 2013 бағдарламасын іске қосу кезінде қиындық болса немесе «Microsoft Outlook бағдарламасы іске қосылмайды. Outlook терезесі ашылмайды» хабарын алсаңыз, пайдаланушы интерфейсі толық іске қосылмаған болуы мүмкін. Outlook бағдарламасын іске қосу қателерін тауып, оларды түзету үшін төмендегі қадамдарды пайдалануға болады.

Outlook бағдарламасын қауіпсіз режимде іске қосу

Кейде қондырмалар Outlook бағдарламасымен үйлеспейді. Outlook 2010 немесе 2013 бағдарламасын қондырмаларсыз жүктейтін қауіпсіз режимде іске қоссаңыз, оның қате немесе дұрыс екендігін көрсетіледі:

  1. Outlook бағдарламасын қауіпсіз режимде іске қосыңыз. Қауіпсіз режимде іске қосу:
    Windows XP үшін Бастау, кейін Іске қосу түймешегін басыңыз.
    Windows Vista немесе Windows 7 үшін Бастау түймешігін басыңыз.
    Windows 8 немесе Windows 8.1 үшін Windows пернесін басып тұрып X пернесін басыңыз да, қалқымалы мәзірден Іске қосутармағын таңдаңыз.

  2. Іске қосу диалогтық терезесіне Outlook /safe мәнін енгізіңіз.

Outlook бағдарламасы қауіпсіз режимде іске қосылса:

  1. Файл, кейін Параметрлер және Қондырмалар түймешігін басыңыз.

  2. COM қондырмалары тармағын таңдап, Өту түймешігін басыңыз.

  3. Тізімдегі барлық ұяшықтардың белгісін алып тастап, OK түймешігін басыңыз.

  4. Outlook бағдарламасын қайта іске қосыңыз, бірақ қауіпсіз режимде емес.

Outlook бағдарламасы іске қосылса және қате пайда болмаса, бұл қондырманың үйлеспейтіндігін білдіреді. Қондырмаларды бір-бірден қоса отырып, әрқайсысымен бағдарламаны қайта іске қосып көріңіз. Бұл қате пайда болатын қондырманы анықтауға мүмкіндік береді. Қондырма қатесін түзету туралы қосымша ақпаратты Неліктен Office 2013 бағдарламасы іске қосылмайды? мақаласын қарасаңыз болады.

Ескерту :  ABBYY FineReader қондырмасының мерзімі өткен нұсқасы осы қатеге әкелуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Office бағдарламалары орнатылған FineReader қондырмасының салдарынан бұзылуы мүмкін бөлімін қараңыз.

Outlook бағдарламасын қауіпсіз режимде іске қосу мәселені шеше алмаса, келесі бөлімге өтіңіз.

Outlook бағдарламасында жаңа пайдаланушы профилін жасау

Outlook іске қосу қатесін жаңа профиль жасап, оны іске қосуға пайдалану арқылы түзетуге болады. Осы әрекетті орындау үшін:

  1. Басқару тақтасын ашыңыз.
    Windows Vista немесе Windows 7 жүйесінде Бастау түймешігін басыңыз, Басқару тақтасы, содан кейін Бағдарламалар түймешігін басып, Пайдаланушы тіркелгілері түймешігін басыңыз.
    Windows 8 немесе Windows 8.1 жүйесінде Бастауэкранында болғанда Басқару тақтасын теріңіз.

  2. Пошта белгішесін басыңыз.

  3. Профильдерді көрсету түймешігін басыңыз.

  4. Қосу түймешігін басыңыз.

  5. Профиль атауы жолағына профильдің жаңа атауын енгізіңіз.

  6. Пайдаланушы атын, негізгі SMPT мекенжайын және құпиясөзді көрсетіп, Келесі түймешігін басыңыз.

Мынадай сұрау пайда болады: Осы веб-сайтқа alias@domain сервері параметрлерін реттеуге рұқсат етесіз бе?

Осы сұраудағы Бұл туралы қайта сұрамау ұяшығына белгі қойып, Рұқсат ету түймешігін басыңыз.

  1. Тіркелгі қосу диалогтық терезесіндегі Аяқтау түймешігін басыңыз.

  2. Әрқашан мына профильді пайдалану тармағына 5-қадамда қолданылған профиль атауын көрсетіңіз.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Outlook бағдарламасын қайта іске қосып көріңіз. Жаңа пайдаланушы профилін жасау мәселені шешпесе, келесі бөлімге өтіңіз.

/resetnavpane пәрменін іске қосу

Жұмысты бастамас бұрын Outlook және басқа да Office бағдарламаларын жабыңыз.

  1. Іске қосу диалогтық терезесін ашыңыз.
    Windows XP үшін Бастау, кейін Іске қосу түймешегін басыңыз.
    Windows Vista немесе Windows 7 үшін Бастау түймешігін басыңыз.
    Windows 8 немесе 8.1 үшін Windows пернесін басып тұрып X пернесін басыңыз да, қалқымалы мәзірден Іске қосу тармағын таңдаңыз.

  2. Outlook.exe /resetnavpane мәнін енгізіп, OK түймешігін немесе Enter пернесін басыңыз.

Ескерту :  «Outlook.exe» және «/resetnavpane» арасында бос орын бар.

Бұл қадам да Outlook бағдарламасын іске қосу қатесін түзетпесе, келесі бөлімге өтіңіз.

Outlook деректер файлдарын қалпына келтіріңіз.

Outlook бағдарламасын орнатқан кезде кіріс жәшігін қалпына келтіру құралы да (scanpst.exe) компьютерге орнатылады. Кіріс жәшігін қалпына келтіру құралы Outlook деректер файлдарын сканерлеп, қателерді түзету арқылы мәселені шеше алады. Кіріс жәшігін қалпына келтіру құралын пайдалану үшін Outlook бағдарламасынан шығып, мақаладағы қадамдарды орындау үшін төмндегі сілтемені басыңыз:

Outlook 2013: Outlook деректер файлдарын қалпына келтіру (.pst және .ost)

Outlook 2010: Outlook деректер файлдарын қалпына келтіру (.pst және .ost)

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×