Microsoft Office SharePoint Designer 2007 бағдарламасы бойынша құпиялық жөніндегі қосымша

Соңғы жаңарту: 2006 жылдың қазан айы

Бұл бет 2007 Microsoft Office жүйесініңқосымшасы болып табылады. Деректер жиынын түсініп, Office жүйесінің белгілі бағдарламасына немесе қызметі үшін маңызды әдістерді қолдану үшін, 2007 Microsoft Office жүйесі меншіктік анықтамасын және осы қосымшаны оқу қажет.

Суреттерді және басқа құжаттарды байланыстыру

Егер қатты дискідегі не сервердегі суретке, файлға, деректер көзіне не басқа құжатқа байланыс жасағыңыз келсе, сол файлға жол құжатыңызға сақталады. Кейбір жағдайларда, байланыс пайдаланушы атынан не желідегі серверлер туралы мәліметтен тұруы мүмкін. Деректер қосылымы жағдайында, деректер қосылымы байланысы ішінде пайдаланушы атын не құпия сөзін сақтай аласыз.

Сонымен қатар, құжатқа XML схемасын қолданғанда, XML схемасына жасалған жол құжатқа сақталады. Кейбір жағдайларда сол жол пайдаланушы атын қамтуы мүмкін.

Басып шығару

  Microsoft Office SharePoint Designer 2007 құжатын басып шығарып, одан кейін құжатты сақтағанда, Office SharePoint Designer 2007 бағдарламасы құжат пен басып шығарғыш арасындағы қатынау жолын сақтайды. Кейбір жағдайларда, жол пайдаланушы атынан не компьютер атынан тұрады.

Windows SharePoint қызметтері

Microsoft Windows SharePoint қызметтері құжаттармен не жиналыстармен ынтымақтасуға болатын ортақ, вебке негізделген жұмыс кеңістігімен қамтамасыз етеді.

Веб-шолғышты не кез келген Office бағдарламасын пайдалану арқылы SharePoint торабына қатынағанда, сол торапта жаңа ішкі торап жасауға рұқсатыңыз болса, торап компьютеріңізде «cookie» файлын сақтайды. Бірге алынған бұл «cookie» файлдары рұқсатыңыз бар тораптар тізімін құрады. Бұл тізімді бұрын кірген тораптарға жылдам қатынаспен қамтамасыз ету үшін, кейбір Office бағдарламалары пайдаланады.

Кірген тораптар тізімі Microsoft корпорациясына қатынаусыз және егер тізімді кеңірек қатынаулы жасағыңыз келмесе, ол Интернетте көрсетілмейді.

Бұл тізімді веб-шолғышты пайдалану арқылы «cookie» файлдарының кэшін тазалау үшін тазалай аласыз.

Windows SharePoint қызметтерінде жаңа веб-торап не тізім жасағанда, қолданыстағы веб-торапқа не тізімге кісілерді қосқанда не шақырғанда, торап сізбен қоса әрбір кісі үшін төмендегілерді сақтайды:

  • Толық аты-жөні

  • Электрондық пошта мекенжайы

  • Пайдаланушының тіркелген аты (Microsoft Windows NT тіркелуі,  мысалы, ЕГЕЛІК\пайдаланушы аты)

Пайдаланушы коды торапта сіз не басқа пайдаланушылар қосатын не өзгертетін әрбір элементке қосылады. SharePoint торабындағы барлық мазмұн сияқты тек тораптың әкімшілері және мүшелері бұл мәліметке қатынаса алуы керек.

SharePoint торабының барлық элементтерінде екі өріс бар: Жасаған және Өзгерткен. Жасаған өрісі бастапқыда элементті жасаған кісінің пайдаланушы атымен және жасалған күнімен толтырылады. Өзгерткен өрісіне Microsoft Office құжатын соңғы өзгерткен кісінің пайдаланушы аты және соңғы өзгертілген күні енгізіледі.

SharePoint тораптарын басқаратын серверлерінің әкімшілері бұл тораптардағы торап пайдалану әшекейін талдау үшін және торап қатынасы уақытының пайызын жақсарту үшін кейбір деректерге қатынаса алады. Бұл деректер тек сервер әкімшілеріне қатынаулы және Microsoft корпорациясы SharePoint торабын басқармаса Microsoft корпорациясымен ортақтаспайды. Белгілі бір қамтылған деректер торапқа қатынасы бар әрбір кісінің атынан, электрондық пошта мекенжайынан және рұқсатынан тұрады.

Белгілі SharePoint торабына қатынасы бар барлық пайдаланушылар сол торапта қатынаулы барлық мазмұнды іздей алады және қарай алады.

Тексеру

Windows SharePoint қызметтері пайдаланушылардың маңызды мазмұнмен қалай жұмыс істейтіні туралы сенімді тексеруін әкімшілерге қамтамасыз ететін тексеру мүмкіндіктерін береді.

Windows SharePoint қызметтері әкімшілері тексеру мүмкіндігін қосқанда, сервер пайдаланушы орындаған кейбір әрекеттерді SharePoint мазмұн дерекқорына автоматты түрде жазады. Бұл әрекеттер қарап шығудан, өңдеуден, тіркелуден және шығудан тұрады. Әрбір жазылған әрекет үшін сервер файл, әрекет және пайдаланушы SharePoint коды мен IP мекенжайы туралы анықталған мәліметті жазады. Бұл бірізді амалдардың бөлігі ретінде Microsoft корпорациясына ешбір деректер жіберілмейді.

Бұл мүмкіндік әдепкіде өшірулі болады және тек мазмұн сақталатын SharePoint тораптары әкімшілеріне қатынаулы болады.

Лезде хабар алмасу және құлақтандырулар

Office SharePoint Designer 2007 бағдарламасында лезде хабар алмасуды мүмкін қылады және кісілер желіде болғанда немесе жалпы құжаттарға не жұмыс кеңістіктеріне белгілі өзгертулер жасалғанда құлақтандыруды мүмкін қылады.

Office SharePoint Designer 2007 бағдарламасы Microsoft лезде хабар алмасу тұтынғышын Интернеттегі басқа адамдардың барын көру және оларға хабар жіберу мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Office SharePoint Designer 2007 бағдарламасы веб-бет ішінде лезде хабар алмасудың бейнеленуіне мүмкіндік беретін веб-басқаруды қамтиды. Бұл мүмкіндіктің мақсаты – бірдей құжаттарда не жұмыс кеңістіктерінде жұмыс істеп жатқан кісілермен тікелей ынтымақтасу мақсатында веб-беттерді пайдалануды мүмкін қылу.

Осы веб-басқару құралымен жазылған веб-бет сценарийлері бар деректерді лезде хабар жіберу бағдарламасынан сценарийді басқарып отырған веб-серверге бере алады. Әдепкіде, бұл мүмкіндік тек ішкі желі тораптарында, сенімді тораптарда және жергілікті компьютердегі торапта қосылады.

Microsoft Windows SharePoint қызметтерінің және Microsoft Office SharePoint Server 2007 беттерінің екеуі де осы басқару элементін пайдаланады. Осы бет түрлерінің ешбірі қолдағы деректерді веб-серверге кері бермейді.

Microsoft Windows SharePoint қызметтері торабына немесе Office SharePoint Server торабына кіргенде және ескерту жасағанда, Office SharePoint Designer 2007 төмендегі деректермен компьютеріңізге «cookie» файлын қосады:

  • Торап аты

  • Торап URL

  • Ескерту көзі Windows SharePoint қызметтері торабынан не SharePoint сервер торабынан екендігі

  • Ескерту қызметін көрсету үшін торап пайдаланатын URL

Бұл «cookie» файлындағы деректер тораптан ескертулерді сізге дұрыс жіберілуіне мүмкіндік береді. Егер «cookie» файлы бастапқыда Microsoft серверінен жіберілмесе, Microsoft корпорациясы бұл «cookie» файлына қатынаспайды, мұндай кезде «cookie» файлы Windows SharePoint қызметтері торабымен не SharePoint сервері торабымен ғана пайдаланылады.

SharePoint Designer қашықтағы қайнар көзін басқару

Office SharePoint Designer 2007 бағдарламасы сервердегі файлды өзіңіз ғана өңдей алатындай етіп құрсаулау мүмкіндігін беретін қашықтағы қайнар көзді басқару мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Ол басқа біреудің сіздің файлды өңдеу барысында өзгертулеріңізді абайсызда ауыстыруын болдырмауға көмектеседі.

Сіз файлды FTP серверіне немесе DAV ортақтасуына сақтағанда атыңызды немесе сізбен бірлесе отырып жұмыс істейтін басқа пайдаланушылардан ажырата алатындай басқа мәтін түрін енгізуді сұрайтын тілқатысу терезесі шығарылады. Енгізген мәтін ашатын файлмен бірге сақталып, сізді файлды құрсаулаған иесі ретінде танытады. Ол деректерді сол FTP серверіне немесе DAV ортақтасуына кіре алатын басқа пайдаланушылар көре алады.

Атыңызды енгізу қажет емес. Өзіңіз қалаған кез келген мәтінді таңдай аласыз. Файлды өңдеуді аяқтағанда, құрсау мен енгізген мәтін автоматты түрде жойылады.

Дискіге негізделген веб-тораптар

Office SharePoint Designer 2007 бағдарламасы сізге компьютеріңіздегі қалтада веб-тораптарын жасап, өңдеу мүмкіндігін береді. Веб-торап қалтасындағы веб-беттерді өңдегенде, кіру атыңыз сияқты метадеректер өңдеген әр файл үшін сақталады. Ол метадеректер не веб қалтаның ішіндегі жасырулы қалта түрінде, не сіздің профайл каталогыңыздағы бөлек қалта ретінде сақталады. Сіздің кіру атыңыз Жасаған немесе Өзгерткен сияқты автор жөніндегі ақпаратты Office SharePoint Designer 2007 веб-торап көрінісінде және Файл сипаттары тілқатысу терезесінде көрсету үшін пайдаланылады. Жергілікті компьютеріңіздегі веб-торап қалтасындағы метадеректерді SharePoint Designer метадеректер файлдарын пайдалана отырып веб-торапты басқару құсбелгісін Торап параметрлері тілқатысу терезесінде ( Торап мәзірінде Торап параметрлері түймешігін, одан кейін Жалпы қойындысын нұқыңыз) өшіру жолымен жоя аласыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×