Microsoft Office OneNote 2007 құпиялық қосымшасы

Соңғы жаңарту: 2006 жылдың қазан айы

Бұл бет 2007 Microsoft Office жүйесінің меншіктік анықтамасына қосымша болып табылады.Деректер жиынын түсініп, Office жүйесінің белгілі бағдарламасына немесе қызметі үшін маңызды әдістерді қолдану үшін, 2007 Microsoft Office жүйесі меншіктік анықтамасын және осы қосымшаны оқу қажет.

Суреттерді және басқа құжаттарды байланыстыру

Егер қатты дискідегі не сервердегі суретке, файлға, деректер көзіне не басқа құжатқа байланыс жасағыңыз келсе, сол файлға апаратын жол құжатыңызға сақталады. Кейбір жағдайларда байланыс пайдаланушы атынан не желідегі серверлер туралы мәліметтен тұруы мүмкін. Деректер қосылымы жағдайында пайдаланушы атын не құпия сөзін деректер қосылымы байланысы ішінде сақтауды таңдай аласыз.

Сонымен қатар, құжатқа XML схемасын қолданғанда, XML схемасына жасалған жол құжатқа сақталады. Кейбір жағдайларда сол жол пайдаланушы атын қамтуы мүмкін.

Басып шығару

  Microsoft Office OneNote 2007 жазу кітапшасын басып шығарып және оны сақтаған кезде, Office OneNote 2007 бағдарламасы жазу кітапшасымен бірге басып шығарғышыңызға апаратын жолды сақтайды. Кейбір жағдайларда жол пайдаланушы атын не компьютер атын қамтуы мүмкін.

Анықтамалық материалдар және сілтеме

Office OneNote 2007 бағдарламасы бірнеше көптеген жоғарғы мазмұн жеткізушілерінен белгілі термин не сөз тіркесі туралы мәліметті сұрауды мүмкін қылады. Белгілі сөз немесе сөз тіркесін іздеуге өтініш білдірген кезде, Office OneNote 2007 бағдарламасы сұраған мәтініңізді, ағымдық пайдаланып отырған бағдарламалық жасақтама өніміңізді, орнатылған жүйе тілін, егер үшінші жаққа қажет болса, анықтамалық материалдарды қотаруға құқығыңыз бар екенін көрсететін қатынас шегін айқындайтын мәліметті жіберу үшін Интернетті пайдаланады.

Office OneNote 2007 бағдарламасы бұл мәліметті таңдалған бөгде мәлімет жеткізушісіне жібереді. Үшінші жақ жеткізушісі сұралған сөз не сөз тіркесі туралы мәліметті береді.

Жиі түрде алынған мәлімет бөгде мазмұн жеткізушісінің торабынан қосымша мәліметке байланысты қамтиды. Егер бұл байланысты таңдасаңыз, жеткізуші келешек бірізді амалдарды анықтау үшін жүйеңізге «cookie» файлын қосуы мүмкін. Microsoft корпорациясы бөгде тораптардың құпиялық ережелері үшін жауапкершілік арқаламайды. Microsoft корпорациясының қызметін сұрамасаңыз, Microsoft корпорациясы бұл мәліметті алмайды не сақтамайды.

Аудару қызметі

Office OneNote 2007 бағдарламасы бүкіл жазу кітапшаңызды немесе оның бөліктерін екі тілдік сөздік немесе машиналық аудару арқылы аударуға мүмкіндік береді. Жазу кітапшасын аудару жолын таңдауға болады. Аудару қажет сөзді не сөз тіркесін бөлектей аласыз немесе енгізе аласыз; немесе жазу кітапшасын толығымен аударуды таңдай аласыз.

Егер аудару қажет сөзді не сөз тіркесін бөлектесеңіз не енгізсеңіз, енгізілген сөз тіркесі екі тілді сөздікпен салыстырылады. Кейбір екі тілді сөздіктер бағдарламалық жасақтамада қамтылған; басқалары Microsoft Office Online торабында қатынаулы.

«Жазу кітапшасын толық аудару» мүмкіндігін орындауды таңдасаңыз, жазу кітапшасы шифрланбаған күйде үшінші жақтың аудару қызметіне жіберіледі. Интернет арқылы шифрланбай жіберілген кез келген құжат сияқты басқа тұлғалар құжатыңызға қатынай алатын болады.

Егер Microsoft Office Online торабында немесе бөгде аудару қызметінде қатынаулы сөздіктердің бірін таңдасаңыз, Office OneNote 2007 бағдарламасы сұраған мәтініңізді, бағдарламалық жасақтама түрін және жүйеңіз орнатылған тілді жіберу үшін Интернетті пайдаланады. Үшінші жақ аудару қызметтері үшін, Office OneNote 2007 бағдарламасы, сондай-ақ, веб-торапқа қатынасу үшін алдында қол қойғаныңызды көрсететін кэштелген түпнұсқалық растама мәліметін жіберуі мүмкін.

Жиі түрде алынған мәлімет бөгде мазмұн жеткізушісінің аудару қызметі веб-торабынан қосымша мәліметке байланысты қамтиды. Егер бұл байланысты таңдасаңыз, жеткізуші келешек бірізді амалдарды айқындау үшін жүйеңізге «cookie» файлын қосуы мүмкін.

Құжаттар үшін жұмыс кеңістігі

  Office OneNote 2007бағдарламасы арқылы Microsoft Windows SharePoint қызметтері торабындағы Құжаттар үшін жұмыс кеңістігіне қатынаса аласыз. Құжаттар үшін жұмыс кеңістігі – бір не бірнеше құжаттардағы басқа топ мүшелерімен жылдам және оңай ынтымақтаса алатын ортақ кеңістік.

Құжаттар үшін жұмыс кеңістігіне қатынасқанда, Office OneNote 2007 бағдарламасы торап туралы мәлімет беру үшін Құжаттар үшін жұмыс кеңістігінен кейбір деректерді қотарады. Office OneNote 2007 бағдарламасы, әсіресе, төмендегілерді алады:

  • Windows SharePoint қызметтері торабының аты

  • Тораптың URL немесе мекенжайы

  • Торап пайдаланушыларының аттары, электрондық пошта мекенжайлары және рұқсат деңгейлері

  • Тораптағы қатынаулы құжаттар, тапсырмалар және басқа мәлімет тізімдері

Office OneNote 2007 бағдарламасы, сондай-ақ, кірген Windows SharePoint қызметтері тораптарының тізімін компьютеріңізде «cookie» файлдары пішінінде сақтайды. Бұл тізім сізді бұрын кірген тораптарға жылдам қатынаспен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Кірген тораптар тізімі Microsoft корпорациясына қатынаусыз және егер тізімді қатынаулы жасағыңыз келмесе, ол Интернетте көрсетілмейді.

Windows SharePoint қызметтері

Microsoft Windows SharePoint қызметтері құжаттармен не жиналыстармен ынтымақтасуға болатын ортақ, вебке негізделген Жұмыс кеңістігімен қамтамасыз етеді.

Веб-шолғышты не кез келген Office бағдарламасын пайдалану арқылы SharePoint торабына қатынағанда, сол торапта жаңа ішкі торап жасауға рұқсатыңыз болса, торап компьютеріңізде «cookie» файлын сақтайды. Бірге алынған бұл «cookie» файлдары рұқсатыңыз бар тораптар тізімін құрады. Бұл тізімді бұрын кірген тораптарға жылдам қатынаспен қамтамасыз ету үшін, кейбір Office бағдарламалары пайдаланады.

Кірген тораптар тізімі Microsoft корпорациясына қатынаусыз және егер тізімді қатынаулы жасағыңыз келмесе, Интернетте көрсетілмейді.

Бұл тізімді веб-шолғышты пайдалану арқылы «cookie» файлдарының кэшін тазалау үшін тазалай аласыз.

Windows SharePoint қызметтерінде жаңа веб-торап не тізім жасағанда, қолданыстағы веб-торапқа не тізімге кісілерді қосқанда не шақырғанда, торап сізбен қоса әрбір кісі үшін төмендегілерді сақтайды:

  • Толық аты-жөні

  • Электрондық пошта мекенжайы

  • Пайдаланушының кіру аты (Microsoft Windows NT жүйесіне кіру,  мысалы, ЕГЕЛІК\пайдаланушы аты)

Пайдаланушы коды торапта сіз не басқа пайдаланушылар қосатын не өзгертетін әрбір элементке қосылады. SharePoint торабындағы барлық мазмұн сияқты тек тораптың әкімшілері және мүшелері бұл мәліметке қатынаса алуы керек.

SharePoint торабының барлық элементтерінде екі өріс бар: Жасады және Өзгертілген.   Жасады өрісі бастапқыда элементті жасаған кісінің пайдаланушы атымен және жасалған күнімен толтырылады. Өзгертілген өрісіне Office OneNote 2007 құжатын соңғы өзгерткен кісінің пайдаланушы аты және құжаттың өзгертілген күні енгізіледі.

SharePoint тораптарын басқаратын серверлерінің әкімшілері бұл тораптардағы торап пайдалану әшекейін талдау үшін және торап қатынасы уақытының пайызын жақсарту үшін кейбір деректерге қатынаса алады. Бұл деректер тек сервер әкімшілеріне қатынаулы және Microsoft корпорациясы SharePoint торабын басқармаса, Microsoft корпорациясымен ортақтаспайды. Белгілі бір қамтылған деректер торапқа қатынасы бар әрбір кісінің атынан, электрондық пошта мекенжайынан және рұқсатынан тұрады.

Белгілі SharePoint торабына қатынасы бар барлық пайдаланушылар сол торапта қатынаулы барлық мазмұнды іздей және қарай алады.

Тексеру

Windows SharePoint қызметтері пайдаланушылардың маңызды мазмұнмен қалай жұмыс істейтіні туралы сенімді тексеруін әкімшілерге қамтамасыз ететін тексеру мүмкіндіктерін береді.

Windows SharePoint қызметтері әкімшілері тексеру мүмкіндігін қосқанда, сервер пайдаланушы орындаған кейбір әрекеттерді SharePoint мазмұн дерекқорына автоматты түрде жазады. Бұл әрекеттер қарап шығудан, өңдеуден, тіркелуден және шығудан тұрады. Әрбір жазылған әрекет үшін сервер файл, әрекет және пайдаланушы SharePoint коды мен IP мекенжайы туралы анықталған мәліметті жазады. Бұл бірізді амалдардың бөлігі ретінде Microsoft корпорациясына ешбір деректер жіберілмейді.

Бұл мүмкіндік әдепкіде өшірулі болады және тек мазмұн сақталатын SharePoint тораптары әкімшілеріне қатынаулы болады.

Автор аты

Бәрі Office OneNote 2007 файлдары құрамында сол бөлімді не файлды жасаған автор аты болады. Бұл аттың сақталмағанына тексеру үшін, Office OneNote 2007бағдарламасында төмендегілерді орындаңыз:

  1. Құралдар мәзіріндегі Параметрлер пәрменін таңдаңыз.

  2. Бейнебетпәрменін таңдаңыз.

  3. Office көшірмесін дараландыру астындағы Пайдаланушы аты жақтауында атты жойыңыз.

  4. Аты-жөні жақтауындағы аты-жөнді жойыңыз.

    Сонымен қатар, OneNote бағдарламасы файлда Timestamp сақтайды, оның ішінде жасалған уақытты және соңғы өзгертілген уақытты сақтайды.

Жазу кітапшасын үндестіру

Office OneNote 2007 бағдарламасы жазу кітапшасын ортақ орында немесе SharePoint торабында өңдеуге және кейін басқа пайдаланушылардан алған өзгертулермен бірге өзгертулеріңізді жиі біріктіріп тұруға мүмкіндік береді. Егер біріктіру әрекеті кезінде нұсқаларда қайшылықтар пайда болса, автор аты әр қайшылықты бетпен сақталады және беттің жанында бейнеленеді. Одан кейін автор аттарын әр қайшылықтың қайнар көзін айқындау үшін пайдалануға болады. Автор атын өзгерту үшін, «Автор аты» деп аталатын алдыңғы бөлімді қараңыз.

Ортақ сеанстар

Office OneNote 2007 бағдарламасы ортақ жазу кітапшалары ішіндегі бөлімдерінде нақты уақыттағы ынтымақтастық үшін басқа пайдаланушылармен бірге ортақ сеанстарды жасауға және біріктіруге рұқсат береді. Бөлімді Ортақтасу мәзіріндегі Ортақ сеанс пәрменін көрсетіп, одан кейін Ағымдық бөлімді ортақ пайдалануды бастау пәрменін таңдау арқылы сеансты ортақ пайдалана аласыз. Сонымен бірге, Ортақтасу мәзіріндегі Ортақ сеанс пәрменін көрсетіп, одан кейін Бар сеансты біріктірупәрменін таңдау арқылы бар сеансты біріктіре аласыз. IP мекенжайыңыз ортақ сеансты орнату үшін пайдаланылады және ол сеансты біріктірген немесе біріктіру үшін шақыру жіберген барлық қатысушыларға көрінетін болады. Сеансты біріктіргенде сеанстан шыққанға дейін пайдаланушы атыңыз барлық қатысушыларға көрінетін болады. Сеанс кезінде ортақ бөліммен бірге барлық беттеріңізден алынған мәліметтер қатысып жатқан пайдаланушыларға көрінетін болады.

Егер компьютеріңіздің әкімшісі болсаңыз, ортақ сеанстарды ажырату үшін саясат қолдануға болады.

OneNote файлдарында сақталған метадеректер

Office OneNote 2007 бағдарламасы жасақтаушыларға қондырма пайдалану арқылы OneNote бөлімдерін жасауға және қатынасуға рұқсат береді. OneNote файлдарын жасаған және өзгерткен кезде, қондырма кейбір метадеректерді файлға ендіре алуы мүмкін болады. Бұл метадеректер құрамында OneNote бағдарламасында көрінбеуі мүмкін еркін мәліметтер болуы мүмкін. Егер Office OneNote 2007 бағдарламасы үшін қондырма пайдалансаңыз, қосымша мәлімет алу үшін, қондырма жасақтаушыға байланысу қажет.

Лезде хабар алмасу және құлақтандырулар

Office OneNote 2007 бағдарламасында лезде хабар алмасуды мүмкін қылады және кісілер желіде болғанда немесе жалпы құжаттарға не жұмыс кеңістіктеріне белгілі өзгертулер жасалғанда құлақтандыруды мүмкін қылады.

Office OneNote 2007 бағдарламасы Microsoft лезде хабар алмасу тұтынғышын сізді желіде басқалардың барын көру және оларға хабар жіберу мүмкіндігімен қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Office OneNote 2007 бағдарламасы веб-бет ішінде лезде хабар алмасудың бейнеленуіне мүмкіндік беретін веб-басқаруды қамтиды. Бұл мүмкіндіктің мақсаты – бірдей құжаттарда не жұмыс кеңістіктерінде жұмыс істеп жатқан кісілермен тікелей ынтымақтасу мақсатында веб-беттерді пайдалануды мүмкін қылу.

Осы веб-басқару құралымен жазылған веб-беті сценарийлері бар деректерді лезде хабар жіберу бағдарламасынан сценарийді басқарып отырған веб-серверге бере алады. Әдепкіде, бұл мүмкіндік тек ішкі желі тораптарында, сенімді тораптарда және жергілікті компьютердегі торапта қосылады.

Microsoft Windows SharePoint қызметтері беттері және Microsoft Office SharePoint Server 2007 беттері осы басқару құралын пайдаланады. Ешбірі бар деректерді веб-серверге кері бермейді.

Microsoft Windows SharePoint қызметтері торабына немесе Office SharePoint Server торабына кіргенде және ескерту жасағанда, Office OneNote 2007 бағдарламасы төмендегі деректермен компьютеріңізге «cookie» файлын қосады:

  • Торап аты

  • Торап URL

  • Ескерту көзі Windows SharePoint қызметтері торабынан не SharePoint сервер торабынан екендігі

  • Ескерту қызметін көрсету үшін торап пайдаланатын URL

Бұл «cookie» файлындағы деректер тораптан ескертулерді сізге дұрыс жіберілуіне мүмкіндік береді. Егер «cookie» файлы бастапқыда Microsoft серверінен жіберілмесе, Microsoft корпорациясы бұл «cookie» файлына қатынаспайды, мұндай кезде «cookie» файлы Windows SharePoint қызметтері торабымен не SharePoint сервері торабымен ғана пайдаланылады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×