Microsoft Office OneNote 2007 бағдарламасындағы пәрмен жолының қосқыш параметрлері

Бұл мақалада Microsoft Office OneNote 2007 бағдарламасын іске қосу үшін пайдаланылатын пәрмен жолы қосқыш параметрлері сипатталады.

Бұл мақалада

Қосқышты «Жегу» пәрменіне қосу арқылы бір рет пайдалану

Лақап жасау арқылы қосқыш параметрлерін бірнеше рет пайдалануға қатынаулы ету

OneNote бағдарламасы іске қосқыш параметрлері

Қосқышты «Жегу» пәрменіне қосу арқылы бір рет пайдалану

  1. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Microsoft Windows Vista жүйесінде    

      • Бастау түймешігін Түйме суреті басып, Іздеуді бастау жолағында Іске қосу сөзін теріп, ENTER пернесін басыңыз.

    • Microsoft Windows XP немесе Microsoft Windows Server 2003 жүйесінде    

      • Бастау түймешігін, одан кейін Іске қосу түймешігін басыңыз.

  2. Onenote.exe файлын табу үшін, Шолу түймешігін басыңыз.

    Әдетте Office OneNote 2007 бағдарламасының Onenote.exe файлы мына қалтада орналасады:

    C:\Program Files\Microsoft Office\Office12.

  3. Onenote.exe файлын нұқып, одан кейін Ашу түймешігін басыңыз.

  4. Жүгіргіні жол сөйлемшесінің соңындағы жабу тырнақшасының оң жағына орналастырыңыз.

    Ескерту : Егер тырнақша белгілері әлі қойылмаған болса, сөйлемшені тырнақшаға алыңыз.

  5. Пайдаланғыңыз келетін қосқыш параметрінің астында бос орын тастаңыз.

    Мысалы, Office OneNote 2007 бағдарламасын іске қосқыңыз келсе және бастапқы бейнебеттің көрінбеуін қаласаңыз, Ашу жолағына мынаны енгізіңіз:

    "C:\Program Files\Microsoft Office\Office12" /nologo

  6. OK түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер қосқыш параметрін жабу тырнақшасының ішіне қойып, одан кейін OK түймешігін бассаңыз, файлды табу мүмкін еместігін көрсететін қате туралы хабар пайда болады.

Беттің жоғарғы жағы

Лақап жасау арқылы қосқыш параметрлерін бірнеше рет пайдалануға қатынаулы ету

OneNote бағдарламасын Windows жұмыс үстелінен іске қосатын лақап жасау үшін, төмендегі әрекетті орындаңыз:

  1. Windows жұмыс үстелін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Жаңа түймешігін көрсетіп, Ен түймешігін басыңыз.

  2. OneNote.exe файлын табу үшін, Шолу түймешігін басыңыз.

    Әдетте Office OneNote 2007 бағдарламасының Onenote.exe файлы мына қалтада орналасады:

    C:\Program Files\Microsoft Office\Office12

  3. OneNote.exe файлын нұқып,OK түймешігін басыңыз.

  4. Жүгіргіні жол сөйлемшесінің соңындағы жабу тырнақшасының оң жағына орналастырыңыз.

    Ескерту : Егер тырнақша белгілері әлі қойылмаған болса, сөйлемшені тырнақшаға алыңыз.

  5. Пайдаланғыңыз келетін қосқыш параметрінің астында бос орын тастаңыз.

    Мысалы, Office OneNote 2007 бағдарламасын іске қосқыңыз келсе және бастапқы бейнебеттің көрінбеуін қаласаңыз, Нысанның орналасуын көрсетіңіз жолағына төмендегіні енгізіңіз:

    "C:\Program Files\Microsoft Office\Office12" /nologo

  6. Лақап жасау тілқатысу терезесіндегі Келесі түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер қосқыш параметрін жабу тырнақшасының ішіне қойып, Келесі түймешігін басқан болсаңыз, файлды табу мүмкін еместігін көрсететін қате туралы хабар пайда болады.

  7. Лақапты атаңыз жолағына жаңа лақап атын теріп, Дайын түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

OneNote бағдарламасы іске қосқыш параметрлері

қосқыш параметрі

Сипаттамасы

"файл_аты"

файлды ашады, мұнда файл аты дискі мен қалта жолын және .one файл аты кеңейтімін қамтитын файлдың толық сипатталған аты.

/new "файл_аты"

Әдетте жазу кітапшасы қалтасында (мысалы, OneNote жазу кітапшаларында) Жаңа бөлім 1 деп аталатын жаңа бөлім жасайды. Файл аты параметрі дискі мен қалта жолын және .one файл атының кеңейтімі бар бірегей файл атын қамтуы тиіс. Егер көрсетілген файл аты мақсатты қалтада бұрыннан бар болса, бөлім атындағы сан тұрақты түрде өседі (мысалы, көрсетілген файл аты Жаңа бөлім 1 болса, бірақ мұндай файл бұрыннан бар болған жағдайда, Жаңа бөлім 2 атты файл жасалады).

/newfromexisting "қалта" "файл_аты"

файл аты параметрімен көрсетілген файлды қалта параметрімен көрсетілген қалтаға көшіреді. Орындалған cоң бұл пәрмен жолының қосқыш параметрі файлдың атын өзгерту үшін, Басқаша сақтау тілқатысу терезесін ашады. Файлдың атын өзгертпей сақтау үшін, Сақтау түймешігін басыңыз.

/import "файл_аты"

Деректерді файл аты параметрімен көрсетілген XML файлынан OneNote бағдарламасына импорттайды. Бұл пәрмен жолының қосқыш параметрі OneNote 2003 SimpleImporter XML, сондай-ақ, OneNote 2007 XML пішімдерін қолдайды. Қолданылатын XML файлдарға қажетті пішім туралы қосымша ақпарат алу үшін, Microsoft Developer Network (MSDN) веб-торабын қараңыз.

/paste

Аралық сақтағыштың мазмұнын қояды.

/notebookpath "жолы"

Әдетте Сақтау ережелері категориясында (Параметрлер тілқатысу терезесі, Құралдар мәзірі) көрсетілетін OneNote жазу кітапшалары қалтасының жолын ауыстырады.

/backuppath "жолы"

Әдетте Сақтау ережелері категориясында (Параметрлер тілқатысу терезесі, Құралдар мәзірі) көрсетілетін OneNote сақтық қалтасының жолын ауыстырады.

/openro "файл_аты"

Файлды тек оқу үшін ашады, мұндағы файл аты – дискі мен қалта жолын және .one файл атының кеңейтімін қамтитын файлдың толық сипатталған аты.

/print "файл_аты"

Файлды басып шығарады, мұндағы файл аты – дискі мен қалта жолын және .one файл атының кеңейтімін қамтитын файлдың толық сипатталған аты.

/sidenote

OneNote бағдарламасын шағын терезеде іске қосады және Тіркелмеген ескерімдер жазу кітапшаларының бөлімін ашады. Егер бұл бөлім ағымдағы жазу кітапшасы жоқ болса, ол дереу жасалады.

/audionote

Ағымдық бетте дыбыс жазуды бастайды.

/videonote

Ағымдық бетте бейне жазуды бастайды. Егер бұдан бұрынғы OneNote сеансында бейне жазу құрылғысы көрсетілмеген болса, компьютердің әдеттегі бейне жазу құрылғысы пайдаланылатын болады.

/pauserecording

Дыбыс немесе бейне жазбаны уақытша тоқтатады. Орындалған соң, бұл пәрмен жолының қосқыш параметрі OneNote бағдарламасының жаңа данасын іске қоспайды; ол тек белсенді жазба сеансын уақытша тоқтатады. Уақытша тоқтатылған жазбаны pauserecording пәрменін екінші рет орындау арқылы жалғастыруға болады.

/stoprecording

Дыбыс немесе бейне жазуды тоқтатады. Орындалған соң, бұл пәрмен жолының қосқыш параметрі OneNote бағдарламасының жаңа данасын іске қоспайды; ол тек белсенді жазба сеансын тоқтатады.

/startsharing "құпия_сөз" "файл_аты"

Көрсетілген OneNote бөлім файлы үшін тікелей ортақтасу сеансын бастайды, мұндағы файл аты – дискі мен қалта жолын және .one файл атының кеңейтімін қамтитын файлдың толық сипатталған аты. OneNote бөлім файлында соңғы таңдалған бет ортақ бет ретінде пайдаланылады. Құпия сөз параметрі үшін кез келген мәтіндік жолды көрсетіңіз. Компьютеріңізде жұмысты бастау үшін пайдаланатын құпия сөзді немесе басқа да жеке мәліметтеріңізді ашуға пайдаланылатын жеке құпия сөздеріңізді қолданбаңыз.

/joinsharing "сервер" "құпия_сөз" "файл_аты"

Тікелей ортақтасу сеансын біріктіреді, мұндағы сервер – тікелей ортақтасу сеансы өтетін компьютердің IP мекен-жайы немесе егелік аты. Құпия сөз параметрі үшін сеансты жүргізетін адам қамтамасыз еткен құпия сөзді пайдаланыңыз. Файл аты бұл – ортақ пайдаланылатын бет алынатын OneNote бөлім файлының аты.

/hyperlink "мақсатты_бет"

OneNote бағдарламасын іске қосады және мақсатты бет параметрімен көрсетілген бетті ашады. OneNote жазу кітапшасындағы кез келген бетке еренсілтеме алу үшін, оның бет қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз және Еренсілтемені осы бетке көшіру түймешігін басыңыз.

/safeboot

OneNote бағдарламасын Қауіпсіз күйде бастайды. Тілқатысу терезесі бастау параметрлерімен бірге көрсетіледі.

/stationerytaskpane

Үлгілер тапсырма аймағын көрсетеді.

/applystationery "үлгі"

Ағымдық бетке көрсетілген үлгі файлын қолданады.

/sendto "1-файл_аты" "2-файл_аты"

1-файл аты және 2-файл аты параметрлерімен көрсетілген файл мазмұндарын ағымдық бетке кірістіреді.

/insertdoc "файл_аты" "уақыт"

Файл аты параметрімен көрсетілген файл мазмұндарын қатты көшірме түрінде ағымдық бетке кірістіреді және қосымша уақыт параметрімен анықталған уақытты көрсететін уақыт белгісін қосады.


Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×