Microsoft Office Excel қарап шығу құралы анықтамасы


Лицензиялық келісімді қарап шығу

Excel орнатылмаған болса да, Microsoft Office Excel қарап шығу құралын пайдаланып, Microsoft Office Excel жұмыс кітабын ашуға, қарауға, онымен жұмыс істеуге және басып шығаруға болады. Сонымен қатар, Excel қарап шығу құралынан басқа бағдарламаға деректерді көшіруге болады. Дегенмен, Excel қарап шығу құралында жаңа жұмыс кітабын құруға, деректерді өңдеуге немесе жұмыс кітабын сақтауға болмайды.

Ескерту : Excel 2003 қарап шығу құралының кейбір мүмкіндіктері Excel қарап шығу құралында қолданылмайды.

Осы бөлімде

Excel қарап шығу құралы анықтамасы

Жұмыс кітабын ашу

Жұмыс парағын қарау

Деректермен жұмыс істеу

Басып шығару

Excel қарап қарап шығу құралында қолданылмайтын Excel 2003 қарап шығу құралы мүмкіндіктері

Excel қарап шығу құралы анықтамасы

Бұл мақала Интернетке қосулы кезде ғана қатынаулы болады. Дербес жұмыс істеу жоспарланғанда осы мақаланы басып шығаруға болады. Мақала бөлімдерінің барлығын кеңейту үшін Басып шығарылатын нұсқа пәрменін таңдап, (жоғарғы оң жағында) Барлығын көрсету түймешігін басыңыз. Мақаланы басып шығару үшін, CTRL+P пернелер тіркесімін басыңыз.

Excel қарап шығу құралы туралы техникалық мәліметтерді қарау үшін Microsoft Office Түймешік суреті түймешігін басып, одан кейін Microsoft Excel қарап шығу құралы туралы параметрін таңдаңыз.

Excel қарап шығу құралының жаңартулары туралы ақпаратты қарау үшін Microsoft Office Түймешік суреті түймешігін басып, одан кейін Жаңартуларды тексеру параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жұмыс кітабын ашу

Excel қарап шығу құралында Microsoft Office Excel 2007 Microsoft Office Excel 2003, Windows жүйесіне арналған (95 және одан кейінгі нұсқалары) Excel және Macintosh жүйесіне арналған (2.2 және одан кейінгі нұсқалары) Microsoft Excel бағдарламаларында жасалған жұмыс кітаптарын ашуға болады. HTML (Hypertext Markup Language) файл пішімінде немесе үтірмен бөлінген мәтін (CSV) файл пішімінде сақталған жұмыс кітабын ашуға болмайды.

Excel бағдарламасы компьютерге орнатылған болса, жұмыс кітабын Excel қарап шығу құралында ашқан соң өңдеу үшін Excel бағдарламасында аша беруге болады.

Осы бөлімде

Жұмыс кітабын қарап шығу үшін ашу

Жұмыс кітабын өңдеу үшін ашу

Сандық қолтаңба қойылған жұмыс кітабының куәлігін тексеру

Жұмыс кітабын қарап шығу үшін ашу

Тек қана Excel файлдарын (.xlsx, .xlsm, .xlsb, .xltx, .xltm, .xls, .xlt, .xlm және .xlw) ашуға болады. Макростар қолдайтын файлдарды (.xlsm, .xltm және .xlm) ашуға болғанымен макростарды іске қосуға болмайды. HTML пішіміндегі (Hypertext Markup) файлдарды (.mht, .mhtml, .htm және .html) немесе үтірлермен бөлінген мәтін (CSV) файлдарды (.csv) ашу мүмкін емес. Сонымен қатар, Excel қарап шығу құралының осы нұсқасында Excel диаграмма файлдарын (.xlc) аша алмайсыз.

  1. Файл тобының Басты қойындысында Ашу пәрменін таңдаңыз.

    Пернетақта лақабы  Сонымен қатар, CTRL+O пернелер тіркесімін басуға болады.

    Кеңес    Соңғы пайдаланған жұмыс кітабын ашу үшін Microsoft Office Түймешік суреті түймешігін басып, Соңғы құжаттар параметрінің астында ашу керек жұмыс кітабының файл атауын нұқыңыз.

  2. Windows Vista жүйесі іске қосылған компьютерде    

    • Мекенжай жолағы параметрінде ашу керек жұмыс кітабын қамтитын дискі, қалта немесе Интернет орнын нұқыңыз.

      Microsoft Windows XP жүйесі іске қосылған компьютерде    

    • Іздеу жолағында ашу керек жұмыс кітабын қамтитын дискі, қалта немесе Интернет орнын нұқыңыз.

  3. Қалталар тізімінде жұмыс кітабын қамтитын қалтаны тауып, ашыңыз.

  4. Жұмыс кітабын нұқып, одан кейін Ашу параметрін таңдаңыз.

    Ескерту : 

    • Excel қарап шығу құралында деректерге қатынас құқықтарын басқару (IRM) арқылы шектелген жұмыс кітабын қарауға рұқсат алған кезде ғана аша аласыз. Сонымен қатар, басып шығаруға және көшіруге арнайы рұқсаттарыңыз болса, шектелген жұмыс кітабының мазмұнын басып шығаруға және көшіруге болады.

    • Excel қарап шығу құралын Бастау мәзірінен немесе оның жұмыс үстелі белгішесін нұқу арқылы іске қосылған болса, Ашу тілқатысу терезесі бейнеленеді. Excel қарап шығу құралын іске қосып, белгілі бір жұмыс кітабын ашу үшін, жұмыс кітабын тінтуірмен екі рет нұқыңыз.

    • Excel қарап шығу құралында бірнеше жұмыс кітабын ашқанда, бірінен екіншісіне ауысуға болады. Терезе тобындағы Басты қойындысында Терезелерді қосу параметрін, одан кейін белсендіру қажет жұмыс кітабын нұқыңыз.

    • Windows SharePoint Services веб-торабындағы тізімге байланыстырылған Excel кестесіндегі деректерді қамтитын жұмыс кітабын ашқанда SharePoint торабындағы деректерден алынған жұмыс парағындағы деректерді жаңартуға болады. Excel қарап шығу құралы сыртқы деректермен байланыстарды немесе жиынтық кестелерді жаңартады.

    • «Бет үзілімін алдын ала қарау» көрінісінде сақталған жұмыс кітабы Excel бағдарламасында да осы көріністе ашылады және Excel қарап шығу құралында жұмыс кітабының толық мазмұны көрсетілмеуі мүмкін. «Қалыпты» көрінісіне ауысу үшін, күй жолағында Қалыпты Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

Жұмыс кітабын өңдеу үшін ашу

  1. Excel қарап шығу құралында қарап шығу қажет жұмыс кітабын ашыңыз.

  2. Microsoft Office Түймешік суреті түймешігін басып, Өңдеу үшін ашу параметрін таңдаңыз.

    Excel қарап шығу құралында жұмыс кітабы жабылып, Excel бағдарламасында өңдеуге болатындай етіліп ашылады.

Сандық қолтаңба қойылған жұмыс кітабының куәлігін тексеру

Қауіпсіздік мақсатында сандық қолтаңба қойылған жұмыс кітабын ашқанда сандық қолтаңба сенімділігін тексеру үшін сандық куәлік мәліметтерін қарап шығып, сандық қолтаңба түпнұсқалығын тексеру қажет болуы мүмкін.

  1. Microsoft Office Түймешік суреті түймешігін басып, Қолтаңбаларды қарау параметрін таңдаңыз.

    Ескерту : Excel қарап шығу құралында ашылған жұмыс кітабына сандық қолтаңба қойылған жағдайда ғана Қолтаңбаларды қарау параметрі қатынаулы болады.

  2. Белгілі куәлік мәліметтерін қарау үшін Қолтаңбалар тапсырмалар жолағындағы Жарамды қолтаңбалар параметрі астынан қолтаңба иесінің атының жанындағы көрсеткіні нұқып, Қолтаңба мәліметтері параметрін таңдаңыз.

  3. Көрсету параметрін таңдап, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

    • Сандық куәлік көзіне сену қажет па екенін анықтау үшін Кімге берілді және Кім берді өрістеріне қараңыз.

    • Куәлік ағымдағы екенін анықтау үшін Әрекет ету мерзімі өрісіне қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жұмыс парағын қарау

Excel қарап шығу құралында жұмыс парағының деректерін қарау үшін төмендегі мүмкіндіктердің кез келгенін пайдалануға болады.

Осы бөлімде

Жұмыс парағын айналдыру

Тінтуірмен айналдыру және ұлғайту

Жұмыс парағының әр түрлі бөліктерін бір уақытта қарау

Таспаны кішірейту

Бейнебетті ұлғайту немесе кішірейту

Басқа жұмыс парағына ауысу

Жұмыс парағын айналдыру

Жқмыс парағындағы ұяшықтар арасында ауысу үшін кез келген ұяшықты нұқыңыз немесе жүгірткілерді қолданыңыз. Ұяшыққа ауысқанда ол белсенді ұяшықайналады.

Жұмыс парағының түрлі аймақтарын көру үшін төмендегі кестеде көрсетілгендей жылжыту жолақтарын қолданыңыз.

Айналдыру үшін

Орындалатын әрекеттер

Бір жол жоғары немесе төмен

Тік жылжыту жолағындағы көрсеткілерді нұқыңыз.

Бір баған солға немесе оңға

Көлденеңінен жылжыту жолағындағы көрсеткілерді нұқыңыз.

Бір терезе жоғары немесе төмен

Тік жылжыту жолағындағы жүгіртпенің жоғарғы немесе төменгі жағын нұқыңыз.

Бір терезе солға немесе оңға

Тік жылжыту жолағындағы жүгіртпенің сол жағын немесе оң жағын нұқыңыз.

Үлкен ара қашықтыққа

Жүгіртпені сүйреңіз. Өте үлкен көлемді жұмыс парағында сүйреу барысында SHIFT пернесін басып ұстап тұрыңыз.

Ескерту : 

  • Сонымен қатар, жылжыту жолағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, айналдыру параметрін таңдауға болады.

  • Жүгіртпенің өлшемі терезеде көрініп тұрған жұмыс парағының пайдаланылған аумағының пропорционалды көлемін анықтайды. Жүгіртпе орны жұмыс парағының ішінде көрінетін аумақтың жақын орнын анықтайды.

Тінтуірмен айналдыру және ұлғайту

Жұмыс парағында Microsoft IntelliMouse® меңзегіш құрылғысын қолдану арқылы жылжып, оны ұлғайтуға болады.

Жасау үшін

Орындалатын әрекеттер

Бірден бірнеше жолды жоғары немесе төмен айналдыру

Дөңгелекшені алға немесе артқа айналдырыңыз.

Жұмыс парағын панорамалау

Дөңгелекше түймешігін басып тұрып, меңзерді бастапқы нүктеден ары қарай айналдыру бағытында сүйреңіз. Айналдыру жылдамдығын арттыру үшін бастапқы нүктеден ары қарай сүйреңіз, айналдыру жылдамдығын азайту үшін, бастапқы нүктеге қарай сүйреңіз.

Жұмыс парағын автоматты түрде панорамалау

Дөңгелекше түймешігін басып тұрып, тінтуірді айналдыру қажет бағытта жылжытыңыз. Айналдыру аумағын арттыру үшін бастапқы нүктеден ары қарай сүйреңіз, айналдыру аумағын азайту үшін бастапқы нүктеге қарай сүйреңіз. Автоматты түрде айналдыруды тоқтату үшін кез келген тінтуір түймешігін басыңыз.

Ұлғайту немесе кішірейту

CTRL пернесін басып тұрып, IntelliMouse дөңгелекшесін алдыға немесе артқа бұраңыз.

Бір уақытта жұмыс парағының әр түрлі бөліктерін қарау

Жұмыс парағының әр түрлі бөліктерін қарап, еркін айналдыру үшін жұмыс парағын бөлек бөліктерге тігінен және көлденең бөлу қажет.

  1. Көрсеткіні тік жылжыту жолағының жоғары жағындағы немесе көлденең жылжыту жолағының оң жағындағы бөлу таңбалауышына апарыңыз.

    split box

    Ескерту : Жұмыс парағы бекітілген бөліктерді қамтитын болса, бөлу таңбалауышы көрінбейді.

  2. Меңзегіш Көлденең екі басты көрсеткі немесе Тігінен бөлу меңзері (екі соңы бар көрсеткі) бөлу меңзегішіне ауысқанда бөлу таңбалауышын қажет орынға сүйреңіз.

Ескерту : 

  • Бөлуді жою үшін бөлгішті екі рет нұқыңыз.

  • Жұмыс парағы басып шығарылып жатқанда бөлгіштер көрсетілмейді.

Таспаны кішірейту

Microsoft Office Fluent пайдаланушы интерфейсі құрамдасы болып табылатын таспа тапсырманы аяқтауға қажетті пәрмендерді жылдам табуға көмектесу үшін жасақталған. Excel қарап шығу құралының бұрынғы нұсқаларынан таспаны құралдар тақтасымен және мәзірлерімен жоя алмайсыз. Дегенмен, бейнебетте қатынаулы орынды ұлғайту үшін таспаны кішірейтуге болады.

  • Таспаны кішірейту үшін Басты қойындысын екі рет нұқыңыз. Таспаны қайта қалпына келтіру үшін Басты қойындысын қайтадан екі рет нұқыңыз.

    Пернетақта лақабы  Таспаны кішірейту немесе қайта қалпына келтіру үшін CTRL+F1 пернелер тіркесімін басыңыз.

    Кеңес : Таспа кішірейтулі кезде пернелер тіркесімін қолдануға болады.

Бейнебетті ұлғайту немесе кішірейту

  • Күй жолағында жүгірткіні 10 және 400 пайыз аралығына апарыңыз немесе қажетті ұлғайту пайызына қол жеткізгенше Кішілеу немесе Ірілеу түймешігін Ұлғайту жүгірткісі басыңыз.

Ескерту : Ұлғайтуды өзгерту басып шығаруға әсер етпейді. Кеңейтімді Бет параметрлері тілқатысу терезесінің Бет қойындысында (Басты қойынды, Бет параметрлері тобы, Бет параметрлері түймешігі) өзгертпейінше жұмыс парақтары 100 пайызбен (қалыпты өлшем) басып шығарылады.

Басқа жұмыс парағына ауысу

Төмендегілерді бірін орындаңыз:

  • Ауысу қажет жұмыс парағының қойындысы көрініп тұрған болса, сол қойындыны нұқыңыз.

  • Жұмыс парағының қойындысын көрмесеңіз, қойынды көрінгенге дейін айналдыру түймешіктерін, одан кейін қойындыны нұқыңыз.

    Қойындыны айналдыру түймешіктері

Беттің жоғарғы жағы

Деректермен жұмыс істеу

Excel қарап шығу құралында жұмыс парағының деректерімен жұмыс істеу үшін төмендегі кез келген мүмкіндікті пайдалануға болады.

Осы бөлімде

Ұяшық, ауқым, жол немесе бағанды бөлектеу

Жұмыс парағындағы мәтінді немесе нөмірлерді табу

Жұмыс парағындағы белгілі ұяшықтарды тауып, бөлектеу

Жұмыс парағы деректерін басқа бағдарламаға көшіру

Ұяшық, ауқым, жол немесе бағанды бөлектеу

Бөлектеу үшін

Орындалатын әрекеттер

Жалғыз ұяшық

Ұяшыққа жылжу үшін оны нұқыңыз немесе жүгірткілерді басыңыз.

Ұяшықтар ауқымы

ауқым бірінші ұяшығын нұқып, соңғы ұяшыққа қарай сүйреңіз.

SHIFT пернесін басып тұрып, одан кейін соңғы ұяшықты шарлау үшін жүгірткілерді пайдаланыңыз.

Жұмыс парағындағы барлық ұяшықтар

Барлығын таңдау түймешігін немесе CTRL+A пернелер тіркесімін басыңыз.

Бәрін бөлектеу түймешігі

Көршілес емес ұяшықтар немесе ұяшық ауқымдары

Бірінші ұяшықты немесе ұяшықтар ауқымын бөлектеңіз, одан кейін басқа ұяшықтарды немесе ауқымдарды бөлектеңіз.

Ұяшықтардың кең ауқымы

Ауқымдағы бірінші ұяшықты нұқып, SHIFT пернесін басып тұрыңыз, одан кейін ауқымдағы соңғы ұяшықты нұқыңыз. Соңғы ұяшықты көрінетін қылу үшін айналдыруға болады.

Толық жол

Жол тақырыбын нұқыңыз.

Толық баған

Баған тақырыбын нұқыңыз.

Көршілес жолдар немесе бағандар

Жол тақырыбы немесе баған тақырыбы арасында сүйреңіз. Немесе бірінші жол не баған тақырыбын таңдап, SHIFT пернесін басып тұрыңыз, одан кейін соңғы жол немесе баған тақырыбын таңдаңыз.

Көршілес емес жолдар немесе бағандар

Бірінші жол немесе баған тақырыбын таңдап, CTRL пернесін басып тұрыңыз, одан кейін басқа жол немесе баған тақырыбын таңдаңыз.

Жолдағы немесе бағандағы бірінші немесе соңғы ұяшық

Жолдағы немесе бағандағы ұяшықты таңдап, одан кейін CTRL+ жүгірткі (жолдар үшін ОҢ немесе СОЛ, бағандар үшін ЖОҒАРЫ немесе ТӨМЕН) пернелер тіркесімін басыңыз.

Жұмыс парағындағы немесе Excel тізіміндегі бірінші немесе соңғы ұяшық

Жұмыс парағындағы немесе Excel тізіміндегі бірінші ұяшықты таңдау үшін CTRL+HOME пернелер тіркесімін басыңыз.

Деректер немесе пішімдеуді қамтитын жұмыс парағындағы немесе Excel тізіміндегі соңғы ұяшықты таңдау үшін CTRL+END пернелер тіркесімін басыңыз.

Белсенді таңдауға қарағанда көп немесе аз ұяшықтар

SHIFT пернесін басып ұстап тұрыңыз, одан кейін жаңа таңдауда қамту қажет соңғы ұяшықты таңдаңыз. белсенді ұяшық пен нұқитын ұяшық арасындағы төртбұрыш ауқымы жаңа таңдау болады.

Ескерту : Ұяшықтарды таңдауды болдырмау үшін жұмыс парағындағы кез келген ұяшықты нұқыңыз.

Жұмыс парағындағы мәтінді немесе нөмірлерді табу

  1. Төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Ұяшықтар ауқымындағы мәтінді немесе нөмірлерді іздеу үшін ұяшықтар ауқымын бөлектеңіз.

    • Барлық жұмыс парағынан мәтінді немесе нөмірлерді іздеу үшін кез келген ұяшықты нұқыңыз.

  2. Басты қойындысының Өңдеу тобында Табу параметрін таңдаңыз.

    Пернетақта лақабы  CTRL+F пернелер тіркесімін басуға да болады.

  3. Нені табу жақтауында іздеу керек мәтінді немесе нөмірлерді теріңіз.

  4. Әдепкідей, деректер жолдар бойынша ізделеді. Баған бойынша іздеу үшін Параметрлер түймешігін басып, Іздеу жолағындағы Баған бойынша параметрін таңдаңыз.

  5. Іздеу жолағында іздеу керек мазмұн түрін таңдаңыз.

  6. Мәтін немесе нөмірдің алғашқы қайталауын іздеу үшін Келесіні табу параметрін таңдаңыз.

    Барлық қайталаулар табылмайынша Келесіні табу түймешігін баса беруге болады.

Ескерту : Іздеу барысында оны болдырмау үшін, ESC пернесін басыңыз.

Жұмыс парағындағы белгілі бір ұяшықтарды іздеу және бөлектеу

  1. Басты қойындысының Өңдеу тобында Өту параметрін таңдаңыз.

    Пернетақта лақабы  CTRL+G пернелер тіркесімін басуға да болады.

  2. Төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • аты ұяшық сілтемелерін немесе ауқымдарын тауып, таңдау үшін Өту жолағында қажет атаулы ұяшық сілтемесін немесе ауқымын нұқыңыз.

      Атаусыз ұяшық сілтемелері мен ауқымдарын тауып, бөлектеу үшін Сілтеме жолағында ұяшық сілтемені теріңіз.

    • Белгілі бір деректерді немесе белгілі бір талапқа сай келетін ұяшықтарды ғана қамтитын барлық ұяшықтарды іздеп, бөлектеу үшін Ерекше параметрін, одан кейін төмендегі параметрлердің бірін таңдаңыз.

Басылатын түймешіктер

Таңдалатын параметрлер

Аңғартпалар

Аңғартпаларды қамтитын ұяшықтар.

Тұрақты мәндер

тұрақты мән қамтитын ұяшықтар. Тұрақты мәндер параметрі таңдалғанда Формулалар астындағы кұсбелгілер қатынаулы болады.

Формулалар

Формулалар Excel қарап шығу құралында қатынаулы емес.

Бос

Бос ұяшықтар.

Ағымдағы аймақ

Толық тізім сияқты ағымдағы аймақ.

Ағымдағы жиым

Белсенді ұяшық жиымда қамтылған жағдайда толық жиынтық таңдалады.

Нысандар

Жұмыс парақтары мен мәтін жолақтарындағы графикалық нысандар, соның ішінде диаграммалар мен түймешіктер.

Жол айырмашылықтары

Бөлектелген жолдағы белсенді ұяшықтан айырмашылығы бар барлық ұяшықтар. Бірнеше жол бөлектелсе, салыстыру осы бөлектеудің әрбір жеке жолы үшін жасалады және әрбір қосымша жолға арналған салыстыруда пайдаланылған ұяшық белсенді ұяшықпен бір бағанда орналасады.

Баған айырмашылықтары

Бөлектелген бағандағы белсенді ұяшықтан айырмашылығы бар барлық ұяшықтар. Бірнеше баған бөлектелсе, салыстыру осы бөлектеудің әрбір жеке бағаны үшін жасалады және әрбір қосымша бағанға арналған салыстыруда пайдаланылған ұяшық белсенді ұяшықпен бір жолда орналасады.

Әсер етуші ұяшықтар

Әсер етуші ұяшықтар Excel қарап шығу құралында қатынаулы емес.

Тәуелді ұяшықтар

Тәуелді ұяшықтар мен Тәуелді ұяшықтар астындағы параметрлер Excel қарап шығу құралында қатынаулы емес.

Соңғы ұяшық

Деректер немесе пішімдеуді қамтитын жұмыс парағындағы соңғы ұяшық.

Тек қана көрінетін ұяшықтар

Жасырылған жолдармен және бағандармен қиылысатын ауқымдағы тек қана көрінетін ұяшықтар.

Шартты пішімдер

Тек қана шартты пішімдер қолданылған ұяшықтар.

  • Шартты пішімдер қолданылған ұяшықтарды табу үшін Барлығы параметрін таңдаңыз.

  • Таңдалған ұяшықпен бірдей шартты пішімдері бар ұяшықтарды табу үшін Бірдей параметрін таңдаңыз.

Деректерді тексеру

Тек қана деректерді тексеру ережелері қолданылған ұяшықтар.

  • Деректерді тексеру қолданылған барлық ұяшықтарды табу үшін Барлығы параметрін таңдаңыз.

  • Таңдалған ұяшық сияқты бірдей деректерді тексеруі бар ұяшықтарды табу үшін Бірдей параметрін таңдаңыз.

Жұмыс парағының деректерін басқа бағдарламаға көшіру

Жұмыс парағының деректерін Excel қарап шығу құралында көшіріп, басқа бағдарламаға қоюға болады. Дегенмен, жұмыс парағының деректерін Excel қарап шығу құралында ашылған жұмыс кітабына қоюға болмайды. Жұмыс кітабын өңдеу үшін компьютерде Excel бағдарламасы орнатылған болуы керек.

Ескерту : Деректерді диаграмма парағы көшіруге болмайды.

  1. Жұмыс парағында көшіру қажет деректерді таңдаңыз.

  2. Басты қойындысының Өңдеу тобында Көшіру параметрін таңдаңыз.

    Пернетақта лақабы  CTRL+C пернелер тіркесімін басуға да болады.

  3. Деректерді көшіру қажет бағдарламаға ауысыңыз, одан кейін бағдарламаның қою функциясын пайдаланыңыз.

Ескерту : Егер бөлектелген көшіру аумағы жасырын ұяшықтарды қамтитын болса, Excel қарап шығу құралы жасырын ұяшықтарды да көшіреді.

Беттің жоғарғы жағы

Басып шығару

Excel қарап шығу құралында жұмыс парағының деректерін басып шығару үшін төмендегі мүмкіндіктердің кез келгенін қолдануға болады.

Осы бөлімде

Басып шығару аумағын орнату немесе жылжыту

Бет бағдарын, кеңейтімін және өлшемін өзгерту

Әр бетте бет жақтауының араларын және орталық деректерді орнату

Әр беттегі белгілі жолдарды немесе бағандарды басып шығару

Әрбір басып шығарылатын бетте тор сызықтарын немесе жол және баған белгілерін қамту

Бет үзілімдерін қарау

Басып шығарудан бұрын бетті алдын ала қарау

Белсенді жұмыс парағын, бөлектелген ауқымды немесе толық жұмыс кітабын басып шығару

Бірнеше жұмыс парақтарын бірден басып шығару

Басып шығару аумағын орнату

  1. Жұмыс парағында басып шығару қажет ұяшықтарды бөлектеңіз.

  2. Басты қойындысының Бет параметрлері тобында Басып шығару аумағы параметрін таңдаңыз.

  3. Төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Басып шығару аумағын орнату үшін Басып шығару аумағы параметрін таңдаңыз.

    • Орнатылған басып шығару аумағын тазалау үшін Басып шығару аумағын тазалау параметрін таңдаңыз.

Бет бағдарын, кеңейтімін және өлшемін өзгерту

Жұмысыңыз қажет басып шығарылған беттердің нөміріне сәйкес келмесе, жұмыс парағын қалыпты өлшеміне қарағанда көп немесе аз беттерге сыятындай етіп лайықтауға (немесе кеңейтуге) болады. Сонымен қатар, жұмысты беттердің белгілі бір нөмірінде басып шығару қажет екенін көрсетіп, басқа бет өлшемін таңдауға да болады.

  1. Басты қойындысының Бет параметрлері тобында Бет параметрлері параметрін таңдаңыз.

  2. Бет қойындысының Бағдар параметрі астындағы Кітаптық немесе Альбомдық түймешігін басыңыз.

  3. Беттердің кеңейтімін өзгерту үшін Кеңейтім параметрі астында төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Жұмыс парағын белгілі бір мөлшерде кішірейту немесе ұлғайту үшін Лайықтау жақтауына пайыз өлшемін теріңіз.

    • Жұмыс парағын белгілі бір бет санына сәйкестендіру үшін Қиыстыру параметрін таңдап, жұмыс парағын басып шығару керек беттер санын теріңіз.

  4. Бет өлшемін көрсету үшін Бет өлшемі жақтауында қажет өлшемді таңдаңыз.

  5. Басып шығару сапасын көрсету үшін Басып шығару сапасы жақтауында қажет сапаны таңдаңыз.

  6. Егер бастапқы бет нөмірін 1-ден өзге сан ретінде көрсету қажет болса, Алғашқы бет нөмірі жақтауында қажет нөмірді теріңіз.

Әр бетте бет жақтау араларын және орталық деректерді орнату

  1. Жұмыс парағын таңдаңыз.

  2. Басты бетіндегі Бет параметрлері тобында Бет параметрлері параметрін таңдаңыз.

  3. Жақтау аралары қойындысын нұқыңыз.

  4. Жоғарғы жағы, Төменгі жағы, Сол жағы және Оң жағы жолақтарына қажет жақтау арасының өлшемдерін енгізіңіз.

    Ескерту : Бұл параметрлер басып шығарғышқа талап етілетін ең аз жақтау араларынан үлкен болуы қажет.

  5. Бетте орталандыру параметрі астында төмендегілердің бірін не екеуін де орындаңыз:

    • Егер жұмыс парағы деректерін сол және оң жақтау араларының арасында орталандыру қажет болса, Көлденеңінен құсбелгісін қойыңыз.

    • Егер жұмыс парағы деректерін жоғары және төмен жақтау араларының арасында орталандыру қажет болса, Тігінен құсбелгісін қойыңыз.

Әр беттегі белгілі бір жолдар немесе бағандарды басып шығару

  1. Басып шығару қажет жұмыс парағын нұқыңыз.

  2. Басты қойындысының Бет параметрлері тобында Бет параметрлері параметрін таңдаңыз.

  3. Парақ қойындысын нұқыңыз.

  4. Басып шығару тақырыптары параметрі астындағы Жоғарыда қайталанатын жолдар немесе Сол жағында қайталанатын бағандар жолағын таңдап, әрбір басып шығарылатын бетте пайда болуы керек жолдар мен бағандарды бөлектеңіз.

Әрбір басып шығарылатын бетте тор сызықтарын немесе жол және баған белгілерін қамту

  1. Басып шығару қажет жұмыс парағын таңдаңыз.

  2. Басты қойындысының Бет параметрлері тобында Бет параметрлері параметрін таңдаңыз.

  3. Парақ қойындысын нұқыңыз.

  4. Тор сызықтарын басып шығару үшін Тор сызықтары құсбелгісін қойыңыз.

  5. Нөмірленген және әріптелген жол және баған белгілерін басып шығару үшін Жол және баған тақырыптары құсбелгісін қойыңыз.

Бет үзілімдерін қарау

  1. Күй жолағында Бет үзілімін алдын ала қарау Button image түймешігін басыңыз.

  2. Қалыпты көрініске оралу үшін күй жолағында Қалыпты Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

Ескерту : Қолдан кірістірілген бет үзілімдері тұтас сызықтар түрінде пайда болады. Сызықталған сызықтар автоматты бет үзілімдерін білдіреді. Бет үзілімдерін жылжытуға болады, бірақ оларды қосуға және жоюға болмайды.

Бетті басып шығармас бұрын алдын ала қарау

  1. Басты қойындысының Файл тобында Басып шығаруды алдын ала қарау параметрін таңдаңыз.

    Пернетақта лақабы  CTRL+F2 пернелер тіркесімін басуға да болады.

  2. Басып шығарудың алдында бетті қарап алу және түзетулер жасау үшін төмендегі құралдар тақтасы түймешіктерін пайдаланыңыз.

Түймешік

Әрекет

Келесі бет

Басып шығарылатын келесі бетті бейнелейді. Егер бірнеше жұмыс парағы бөлектелген болса және бөлектелген жұмыс парағының соңғы беті пайда болғанда Келесі бет түймешігі басылғанда Excel қарап шығу құралы келесі бөлектелген жұмыс парағының бірінші бетін көрсетеді.

Ескерту : Жұмыс парағы тек бір беттен тұрса бұл параметр қатынаусыз болады.

Алдыңғы бет

Басып шығарылуы керек алдыңғы бетті бейнелейді. Егер бірнеше жұмыс парағы бөлектелген болса және бөлектелген жұмыс парағының бірінші беті пайда болғанда Алдыңғы бет түймешігі басылғанда Excel қарап шығу құралы алдыңғы бөлектелген жұмыс парағының соңғы бетін бейнелейді.

Ескерту : Жұмыс парағы тек бір беттен тұрса бұл параметр қатынаусыз болады.

Ұлғайту

Жұмыс парағының толық бет көрінісі мен ұлғайтылған көрінісінің арасында ауысады. Ұлғайту мүмкіндігі басып шығарылатын өлшемге әсер етпейді. Жұмыс парағының толық бет көрінісі мен кеңейтілген көрінісінің арасында жұмыс парағының кез келген аумағын нұқу арқылы да ауысуға болады.

Монитордың ажыратымдылығына байланысты сияқты кейбір кескіндерді толық бет көрінісінде көре алмауыңыз мүмкін.

Басып шығару

Басып шығару параметрлерін орнатуға және бөлектелген жұмыс парағын басып шығаруға болатын Басып шығару тілқатысу терезесін бейнелейді.

Бет параметрлері

Басып шығарылған жұмыс парақтарының көрінісін бақылайтын параметрлерді орнатуға болатын Бет параметрлері тілқатысу терезесін бейнелейді.

Жақтау араларын көрсету

Бет жақтау араларын, төменгі және үстіңгі деректемелер жақтау араларын және баған енін лайықтау үшін сүйреуге болатын жақтау аралары таңбалауышын бейнелейді немесе жасырады.

Алдын ала қарап алу

Алдын ала қарап алу терезесін жабады және белсенді жұмыс парағының алдыңғы көрінісіне қайтады.

Ескерту :  Алдын ала қарап алу терезесінде беттердің пайда болу түрі қатынаулы қаріптер, қатынаулы түстер және басып шығарғыш ажыратымдылығына баланысты болады.

Белсенді жұмыс парағын, бөлектелген ауқымды немесе толық жұмыс кітабын басып шығару

  1. Microsoft Office Түймешік суреті түймешігін басып, Басып шығару параметрін таңдаңыз.

  2. Нені басып шығару параметрі астындағы келесі параметрлердің бірін таңдаңыз:

    • Бөлектелген ауқымды басып шығару үшін Таңдау түймешігін басыңыз.

    • Белсенді жұмыс парағын немесе барлық бөлектелген жұмыс парақтарын басып шығару үшін Белсенді жұмыс парағы (парақтары) параметрін таңдаңыз.

    • Барлық жұмыс парақтарын басып шығару үшін Толық жұмыс кітабы параметрін таңдаңыз.

    • Excel кесте деректерін басып шығару үшін Кесте параметрін таңдаңыз. Бұл параметр жұмыс парағы Excel кесте пішіміндегі деректерді қамтығанда ғана қатынаулы болады және осы деректер басып шығаруға таңдалады.

Ескерту : Жұмыс парағы басып шығару аумағын анықтаса, Excel қарап шығу құралы тек қана басып шығару аумағын басып шығарады. Егер басып шығаруға ұяшықтар аумағын таңдаған болсаңыз, одан кейін Бөлектелген элемент параметрін таңдаңыз, Excel қарап шығару құралы бөлектелген элементті ғана басып шығарады және жұмыс парағы үшін анықталған кез келген аумақты елемейді.

Бірден бірнеше жұмыс парақтарын басып шығару

  1. Қажет жұмыс парақтарын таңдау үшін төмендегілердің бірін орындаңыз:

Таңдау үшін

Орындалатын әрекеттер

Екі немесе одан көп іргелес парақтар

Бірінші парақ үшін қойындыны нұқып, SHIFT пернесін басып тұрыңыз, одан кейін соңғы жұмыс парағы үшін қойындыны нұқыңыз.

Екі немесе одан көп іргелес емес парақ

Бірінші жұмыс парағы үшін қойындыны нұқып, CTRL пернесін басып тұрыңыз, одан кейін басқа жұмыс парақтары үшін қойындыларды нұқыңыз.

  1. Басты қойындысының Файл тобында Жылдам басып шығару параметрін таңдаңыз.

    Ескерту : Жылдам басып шығару параметрі ағымдағы басып шығару теңшелімдеріне ешбір өзгеріс енгізбей, жұмыс парақтарын әдепкі басып шығарғышқа жібереді. Басып шығарғышты, көшірмелер санын және басқа да басып шығару параметрлерін басып шығармас бұрын көрсету қажет болса, Microsoft Office Түймешік суреті түймешігін басып, Басып шығару параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Excel қарап қарап шығу құралында қолданылмайтын Excel 2003 қарап шығу құралы мүмкіндіктері

Төмендегі Excel 2003 қарап шығу құралы мүмкіндіктері Excel қарап шығу құралының ағымдағы нұсқасында енді қолданылмайды.

Мүмкіндік

Аңғартпалар

Диаграммалар файлдарын ашу

Диаграммалар файлы пішімінде (.xlc) сақталған файлды ашуға болмайды.

Терезелерді реттеу

Барлығын реттеу пәрмені енді қатынаусыз болады. Оны жұмыс парақтарын көру үшін немесе бірден бірнеше жұмыс кітаптарын көбейту үшін қолдана алмайсыз. Оның орнына терезелерді қолмен реттеуге болады.

Бекітілген бөліктер

Бекітілген бөліктер пәрмені енді қатынаусыз болады. Жұмыс парағын айналдырғанда жол және баған белгілерін немесе басқа деректерді көрінетін ету үшін қолдана алмайсыз.

Деректерді сүзгілеу

Автосүзгі пәрмені енді қатынаусыз болады. Белгілі бір деректерге кезелу үшін сүзгіні пайдалануға болмайды.

Жолдар мен бағандар өлшемін өзгерту

Жол және баған тақырыптарының жиектерін енді сүйреуге болмайды немесе жолдар мен бағандардың өлшемін өзгерту үшін жиектерін екі рет нұқуға болмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×