Microsoft Office 2010 бағдарламасының құпиялылық туралы мәлімдемесі

Соңғы жаңартылған мерзімі: 2010 жылғы наурыз.

Microsoft Office 2010 жүйесінің құпиялылық мәлімдемесінің ерекшеліктері

Деректер жиынын түсініп, нақты Office бағдарламасына немесе қызметіне қатысты шешімдерді қолдану үшін, Microsoft Office 2010 жүйесінің құпиялылық туралы мәлімдемесі мен кез келген тиісті қосымшаны оқып шығу қажет.

Жалпы

Компьютерге қажетті өнімділік, қуат пен қолайлылықты беретін өнімді жеткізіп жатқанда, Microsoft корпорациясында құпиялылықты сақтау үшін тынымсыз жұмыс жасалып жатыр. Осы құпиялылық туралы мәлімдемеде Microsoft Office 2010 бумасын пайдалану тәжірибелері мен көптеген деректер жиындары түсіндіріледі. Төмендегі ақпаратты және қолдануыңыз мүмкін нақты Office 2010 шығарылымының бағдарламалары мен қызметтері туралы толығырақ мәлімет берілген оң жақтағы тізімнен қосымша ақпаратты да оқып шығыңыз. Бұл толық тізім емес. Ол басқа желілік немесе дербес Microsoft тораптарына, өнімдеріне немесе қызметтеріне қатысты емес.

Барлық Microsoft Office жүйесінің өнімдері сияқты Office 2010 шығарылымы да деректерді жылдам жасауға, көрсетуге және басқа адамдармен ортақ пайдалануға болатындай етіп құрастырылған. Microsoft корпорациясы деректердің құпиялылығын қорғауға және олардың қалай қолданылатынын және таратылатынын толық бақылайтыныңызға сенімді болуға көмектеседі.

Қосымшалар

Байланысты сілтемелер

Жеке ақпаратты жинау және пайдалану

Microsoft корпорациясы жиналатын жеке ақпаратты сіз пайдаланатын мүмкіндіктерді қосу және қызметтерді қамтамасыз ету немесе сұралған немесе рұқсат берілген амалдарды орындау үшін пайдаланады. Сондай-ақ, бұл ақпарат пікір сұрау үшін, бағдарламаға қатысты маңызды жаңартуларды және құлақтандыруларды қамтамасыз ету үшін, өнімді немесе қызметті жақсарту үшін, мысалы, қате мен сауал пішін сұраулары, оқиғалар туралы алдын ала хабарландыру үшін немесе жаңа өнім шығарылымдары туралы айту үшін пайдаланылуы мүмкін.

Кейбір берілген жеке ақпарат Office құжаттарында метадеректер пішінінде қосылуы мүмкін. Бұл метадеректер құжаттарыңызды басқа пайдаланушылармен бірлесіп жұмыс істеуге көмектесу үшін Office бағдарламаларында пайдаланылады. Құжаттардан метадеректерді жою нұсқауларын нақты Office бағдарламалары туралы қосымша ақпараттан табуға болады.

Осы мәлімдемеде сипатталғаннан басқа, жіберілген жеке ақпарат пайдаланушы рұқсатынсыз үшінші жаққа берілмейді. Біздің атымыздан шектелген қызметтерді ұсыну, мысалы тұтынушыларға қолдау көрсету қызметтерін ұсыну үшін басқа ұйымдарды кейде жалдаймыз. Ол ұйымдарға қызметтерді ұсыну үшін қажетті жеке ақпараттар беріледі. Олардан ақпарат құпиялығын сақтау талап етіледі және оны басқа мақсаттарға қолдануға тыйым салынады.

Microsoft корпорациясы жинаған немесе оған жіберілген жеке ақпарат Microsoft немесе оның бөлімшелері, еншілес кәсіпорындары не болмаса қызмет ұсынушыларының жабдықтары бар АҚШ-та немесе басқа мемлекет/облыста сақталып өңделуі мүмкін. Microsoft корпорациясы АҚШ сауда министрлігі белгілеген Еуропа Одағының немесе Швейцарияның деректерін жинауға, пайдалануға және сақтауға қатысты қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Microsoft корпорациясы байланыстар мазмұнымен қоса, пайдаланушы туралы ақпаратқа кіруі немесе оны анықтауы мүмкін, ол мына жағдайлар үшін қажет: (a) заңға бағыну немесе заңды талаптар не сот үрдісінің талаптарын орындау үшін; (b) Microsoft корпорациясының немесе тұтынушыларымыздың құқықтары мен меншігін қорғау үшін, оның ішінде осы қызметтерді пайдалануды бақылайтын келісімдер мен саясаттарды сақтау үшін; (c) Microsoft қызметкерлерінің, тұтынушыларының немесе халықтың жеке қауіпсіздігін қорғау мақсатында қажет кіруде немесе анықтауда адал ұсыныстарды көрсету үшін.

Компьютер туралы ақпаратты жинау және пайдалану

Office 2010 шығарылымы қосымша ақпарат немесе басқа пайдаланушылармен деректерді ортақ пайдалану мүмкіндігін беру үшін Интернетке кіру рұқсаты бар бірнеше мүмкіндіктерді қамтиды. Интернетке белсенді қосылым болған уақытта бұл мүмкіндіктер қол жетімді болады. Осы мүмкіндіктердің әрқайсысы туралы кейінірек осы мәлімдемеде толығырақ түсіндіріледі.

Office 2010 шығарылымы Microsoft серверімен байланысқан уақытта компьютер туралы ақпарат («стандартты компьютер туралы ақпарат») кіретін веб-тораптарына және пайдаланатын Интернеттегі қызметтерге жіберіледі. Microsoft корпорациясы стандартты компьютер туралы ақпаратты Интернетке қосылатын қызметтерді ұсыну үшін, өнімдеріміз бен қызметтерімізді жақсартуға көмектесу үшін және статистикалық талдаулар үшін пайдаланады. Стандартты компьютер туралы ақпаратта әдетте IP мекенжайы, амалдық жүйе нұсқасы, шолғыш нұсқасы және аймақтық және тіл параметрлері сияқты ақпараттар қамтылады. Кейде стандартты компьютер туралы ақпаратта құрылғы өндірушісін, құрылғы аты мен нұсқасын көрсететін жабдық идентификаторы да қамтылуы мүмкін. Нақты бір мүмкіндік немесе қызмет Microsoft корпорациясына ақпарат жіберетін болса, стандартты компьютер туралы ақпарат та жіберіледі.

Office 2010 шығарылымы орнатылғаннан кейін компьютерден жіберілетін болашақ Интернет сұрауларында бағдарламалық жасақтама өнімі мен нұсқа нөмірін қамтитын ақпарат болуы мүмкін. Office 2010 шығарылымдарымен сыйысымды материалдарды беру үшін бұл ақпаратты веб-тораптар пайдаланады. Бұл ақпаратта жеке басты анықтайтын ақпарат болмайды.

Кейде Microsoft корпорациясы ұсынатын веб-қызметтерінің веб мекенжайларын (URL мекенжайлары) өзгертуі мүмкін. Үздіксіз қызметтерді қамтамасыз ету үшін Microsoft корпорациясы веб-қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беру мақсатында кіру үшін Office 2010 шығарылымына қажет жаңа веб мекенжайларын қамтитын файлды жүйеге қотаруы мүмкін.

Веб-қызметке қосылу үшін бағдарламалық жасақтаманы талап ететін мүмкіндікті алғаш рет таңдаған кезде, бағдарламалық жасақтама XML файлын қотарып алу үшін бағдарлама атымен, таңдалған аймақтық параметрлер және тілмен және де бар бағдарлама нұсқасымен бірге сұраулар жібереді. Осы ақпарат негізінде Microsoft клиентке Microsoft Office қызметтерінің URL мекенжайларын қамтитын XML файлын жібереді.

Кейбір Office 2010 шығарылымының мүмкіндіктері «cookie» файлдарын пайдаланады. Мұндай мүмкіндіктер туралы кейінірек мәлімдемеде толығырақ сипатталады.

«Сookie» файлы веб-сервер қатты дискіге орналастыратын кішкентай мәтіндік файл болып табылады. «Сookie» файлдарында кейінірек «cookie» файлын шығаратын доменде веб-сервер оқуы мүмкін ақпарат бар. «Сookie» файлдарын бағдарламаларды іске қосу немесе компьютерге вирус жеткізу үшін пайдалану мүмкін емес.

«Сookie» файлдарының негізгі мақсаттарының бірі — уақытты үнемдеу үшін қолайлы мүмкіндік беру. Мысалы, Office 2010 шығарылымы пайдаланатын «cookie» файлы алдында кірген Windows SharePoint Services тораптарын есте сақтай отырып Office шығарылымына көмектеседі. Бұл торапты қайтадан табуды және қатысты мазмұнды беруді жеңілдетеді.

Office 2010 шығарылымы Microsoft серверімен байланысқан кезде, ол «cookie» файлдарын сақтауы немесе оларға кіруі мүмкін. Бұл «cookie» файлдарына жүйеде Microsoft Office System өнімдері орнатылған-орнатылмағанын көрсету үшін жалауша және бағдарламалар үшін таңдалған тіл мен аймақтық параметрлерден бөлек болуы мүмкін интернет теңшелімдері үшін таңдалған тіл мен аймақтық параметрлер кіреді. Microsoft Office.com торабынан тұтынушылар қай беттерге кіргені туралы ақпаратты жинау үшін де «cookie» файлдары пайдаланылады. Бұл торапқа кіру деректері бірегей идентификатор нөмірімен анықталады және құпиялылық туралы мәлімдемеде сипатталған кезде пайдаланушы келісім бермейінше, ол ешқашан жеке ақпаратпен байланыстырылмайды.

Басқару тақтасындағы Интернет параметрлері тармағының Құпиялылық қойындысындағы параметрлерді өзгертіп, «cookie» файлдарын қабылдау немесе қабылдамау мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ, Internet Explorer 8 бағдарламасының Құралдар мәзірінен Интернет параметрлері тармағын таңдап, Privacy қойындысын нұқып, Office 2010 шығарылымында пайдаланылатын «cookie» файлдарын бақылауға болады.

Microsoft Office Windows басқару тақтасындағы немесе Internet Explorer бағдарламасындағы «Интернет параметрлері» астынан таңдалған құпиялылық параметрлерін сақтайды және «cookie» файлдарын қотаруға рұқсат бермеу таңдалған болса, оларды қотармайды. Кейінірек мәлімдемеде сипатталған, «cookie» файлдарын пайдаланатын мұндай мүмкіндіктер орнында бұл параметрмен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Сонымен қатар, веб тораптары мен қызметтері пайдаланатын, «cookie» файлдарын пайдаланатын мүмкіндіктер Internet Explorer бағдарламасында дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Алдында қатты дискіге сақталған «сookie» файлдарын жою үшін Windows басқару тақтасындағы немесе Internet Explorer бағдарламасындағы «Интернет параметрлері» мәзірін пайдаланғанша, оларды Office 2010 шығарылымдары оқи алуы мүмкін.

Белсендіру әрекеті Microsoft пайдаланушыларының сапалы бағдарламалық жасақтаманы алуына көмектесу мақсатында жалған бағдарламалық жасақтама санын азайтуға жағдай жасайды. Белсендіру нақты өнім кілтінің орнатылған жабдықпен байланыстырылатынын білдіреді. Office 2010 шығарылымының Microsoft бағдарламалық жасақтама Лицензиялық келісімінің шарттары өнім кілтінің белсендіру үшін неше рет пайдаланылуы мүмкін екендігін анықтайды. Бір немесе басқа компьютерлерде өнім кілті көрсетілген рет қолданылған болса, оны басқа компьютерлерде енді белсендіру үшін пайдалану мүмкін емес.

Белсендіру міндетті болып табылады. Жеңілдік мерзімі аяқталғаннан кейін бағдарламалық жасақтаманы пайдалануды жалғастыру үшін оны белсендіру қажет.

Белсендіру барысында өнім кілті туралы ақпарат Microsoft корпорациясына мына түрде жіберіледі:

  • Белсендіріліп жатқан Office өнімін анықтайтын бес таңбалы Microsoft өнімінің коды.

  • Office өнімінің алынған жерін анықтайтын арна идентификаторы немесе торап коды. Мысалы, ол өнімнің бөлшектеп сатылғандығын, байқау көшірме екендігін, көлемді лицензиялық бағдарламаға тәуелділігін, компьютер өндірушісі арқылы алдын ала орнатылғандығын және т.б анықтайды.

  • Орнату жөніндегі деректер.

  • Өнім кілті туралы ақпарат өзгертілмегендігін растауға көмектесетін ақпарат.

Office жүйесіне жазылымның негізінде лицензияны алсаңыз, бастапқы белсендіру кезінде жазылыммен байланысты Windows Live ID беру сұралады. Содан кейін Microsoft корпорациясы белсендіруді аяқтау үшін желі бойынша өнім кілтін жібереді. Бастапқы белсендіруден кейін Office жүйесі сіз пайдаланатын Office жүйесіне тиісті түрде лицензия алынғанын тексеру үшін өнім кілті туралы ақпаратты анда-санда Microsoft корпорациясына жіберіп отырады. Windows Live ID көмегімен белсендіру және одан кейін белсендіру туралы ақпаратты автоматты түрде Microsoft корпорациясына жіберу жазылым негізінде лицензияланған Office жүйесін пайдалану үшін қажет.

Сондай-ақ, белсендіру әрекеті Microsoft корпорациясына компьютер жабдығының теңшелімінен жасалған санын жібереді. Бұл сан ешқандай жеке немесе бағдарламалық жасақтама туралы ақпаратты көрсетпейді. Оны компьютердің жасалу жерін немесе үлгісін анықтау үшін қолдануға болмайды және ол компьютер жайлы қандай да бір қосымша ақпаратты анықтауға жарамайды. Компьютер жайлы стандартты ақпаратпен қатар қосымша тіл параметрлері де жинақталған.

Office көшірмесі дербес компьютеріңіздің теңшеліміндегі өзгертулерді анықтайды және қабылдайды. Аралық жаңартулар қайта белсендіруді талап етпейді. Office 2010 шығарылымын жойған жағдайда, өнімді қайта белсендіру талап етілуі мүмкін. Компьютердің құрамдас бөліктеріне немесе бағдарламалық жасақтамаға енгізілген кейбір өзгертулер бағдарламалық жасақтаманы қайта белсендіруді талап етуі мүмкін.

Microsoft Office Starter немесе Microsoft Office таныстыру нұсқасы сияқты нақты Microsoft Office өнімдерінен жаңарту барысында белсендіретін болсаңыз, белсендіру әрекеті компьютерден жаңартып жатқан Office Starter немесе таныстыру нұсқасы және Office нұсқасын пайдалану мерзімінің ұзақтығы туралы ақпаратты жинайды.

Белсендіруді аяқтай алмасаңыз, белсендірудің орындалмағаны туралы қосымша ақпарат алуға болатын веб-торапқа сілтемесі бар хабарды алуға болады. Осы сілтемеге өтуді таңдасаңыз, белсендірудің орындалмағаны туралы ақпарат Microsoft корпорациясына жіберіледі. Бұл ақпарат әдетте белсендіру барысында жіберілетін мәліметтерді қамтуы мүмкін.

Сонымен қатар, Microsoft Office көшірмесін қайта белсендіру әрекеті сұралуы мүмкін. Мұндай жағдайда Белсендіру шебері желі бойынша лицензияңыздың жағдайы мен белсендіру мәселелерін шешу жолдарын білу туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік беруі мүмкін. Лицензияның жағдайы туралы тораптан ақпарат алу жауабын таңдасаңыз, ақпарат әдетте белсендіру барысында жіберіледі.

Microsoft Office көшірмесін белсендірмесеңіз немесе қайта белсендірмесеңіз, оны пайдалана алмауыңыз мүмкін немесе ол дұрыс лицензияланбаған деп белгіленуі мүмкін. Мысалы, тақырып жолағында көшірмеңіз дұрыс лицензияланбағандығы туралы нұсқау көрініп тұруы мүмкін.

Белсендіру немесе қайта белсендіру арқылы жиналған ешбір ақпарат пайдаланушыны анықтау үшін пайдаланылмайды. Көлемді лицензиялық кілт арқылы белсендіру қай жерде жасалғандығы немесе өніміңіздің шынайылығын тексеру сияқты белгілі бір жағдайларда белсендіруге байланысты ешқандай ақпарат Microsoft корпорациясына жіберілмейді.

Іске қосу туралы қосымша ақпарат алу үшін Microsoft Office бағдарламаларын іске қосу бөлімін қараңыз.

Іске қосу үшін басу бумасын жаңарту қызметі

Іске қосу үшін басу бумасының жаңарту қызметі белгілі бір Microsoft Office өнімдерін интернет арқылы орнатуға мүмкіндік береді, сонда оларды толық жүктеместен бұрын пайдалануды бастауға болады. Әдепкіде, іске қосу үшін басу бумасының жаңарту қызметі компьютердегі іске қосу үшін басу арқылы қосылатын өнімдердің желілік жаңартуларын автоматты түрде табады да, оларды автоматты түрде жүктеп орнатады. Қызмет әдепкіде қосулы болады, бірақ Файл қойындысын басып, Анықтама тармағын, одан кейін Осы өнім үшін жаңартуларды ажырату пәрменін таңдап, оны ажыратуға болады. Іске қосу үшін басу бумасын жаңарту қызметі стандартты компьютер ақпаратын және пайдаланушыны емес, компьютерді анықтау үшін пайдаланылатын кездейсоқ жасалған сандарды ауық-ауық жинайды.

Office.com торабынан алынған жаңартылған мазмұн

Интернетке қосылған кезде, нақты сөз не тіркес үшін анықтаманы, үлгіні, клипартты, мультимедианы немесе нысандарды іздеуді таңдасаңыз, Office 2010 шығарылымы Office.com торабынан іздеу үшін сол сөзді немесе тіркесті пайдаланады. Бұл мазмұнның үлкен және динамикалық жиынына, оның ішінде мазмұнның ең соңғы түзетулеріне кіру рұқсатын алуға мүмкіндік береді. Office.com анықтамасы қосулы болса, үлгілер сияқты белгілі бір мүмкіндіктер мүмкіндікке қатысты соңғы анықтама ақпаратын автоматты түрде қотарып алады. Сондай-ақ, Office.com торабынан алынған жаңартылған мазмұн мазмұнды қолдайтын жиынтықтарда автоматты түрде көрсетіледі.

Тіркесті іздеуді таңдаған болсаңыз, Office 2010 шығарылымы пайдаланып отырған бағдарлама, сұрақ қойғанда бағдарламалық жасақтаманың қай бөлігін пайдаланып отырғаны және сұралған іздеу ауқымы сияқты басқа ақпаратпен бірге сол тіркесті Office.com торабына жібереді. Құжат үлгісін пайдаланып отырған болсаңыз, Office 2010 шығарылымы жеке құжатты емес, үлгіні бірегей анықтайтын үлгі үшін идентификаторды да жібереді. Microsoft корпорациясы сұралған жазбаларды беру үшін осы ақпаратты пайдаланады.

Онлайн анықтама туралы қосымша ақпарат үшін Онлайн анықтаманы, үлгілерді, оқу курсын және қосымша мазмұнды алу бөлімін қараңыз.

Windows Live ID идентификаторының түпнұсқалығық растаманы растау

Office 2010 шығарылымының кейбір мүмкіндіктері кіру және тіркеу қызметтерін ұсыну үшін Windows Live ID идентификаторы талап етілуі мүмкін. Windows Live ID идентификаторын пайдаланып кіру үшін электрондық пошта мекенжайы мен құпия сөзді енгізу сұралады. Бірдей Windows Live ID идентификаторымен кіру басқа Windows Live ID қатысатын сайттар мен қызметтерге кіруге мүмкіндік береді. Office тіркеу сайтында Windows Live ID идентификаторын жасаған болсаңыз, бір уақытта Office 2010 шығарылымымен тіркелесіз және Windows Live ID тіркелгісін ашасыз. Берілген барлық тіркеу мәліметтері Office.com қызметінде сақталады, ал кейбір немесе барлық ақпарат Windows Live ID профилінде Windows Live ID арқылы сақталады. Windows Live ID қызметі, Windows Live ID профилінде сақталған ақпарат және жеке ақпаратты қорғау мақсатында Windows Live ID идентификаторының пайдалану және көмектесу жолдары туралы мәлімет алу үшін Windows Live ID құпиялылық мәлімдемесі мақаласын оқып шығыңыз.

Microsoft Office шығарылымының жаңартылған немесе жаңа нұсқасын сатып алу

Microsoft Office шығарылымының кейбір нұсқалары Office шығарылымының жаңа немесе жаңартылған нұсқасы үшін өнім кілтін Интернеттен сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікке Windows «Бастау» мәзіріндегі Office қалтасынан, өнім ішінен немесе жұмыс үстеліндегі Windows белгішесінен кіруге болады.

Бұл мүмкіндік Microsoft корпорациясына сатып алу қажет өнім артикулы, ағымдағы лицензияланған Office өнімі (егер болса), Office тіл параметрлері және стандартты компьютер туралы ақпарат сияқты ақпараттарды жібереді. Пайдаланушының арнайы ұсыныс жасауға құқы болса, ұсыныс және оның көзі туралы ақпарат та жіберіледі. Microsoft корпорациясы қайсы Microsoft корпорациясының уәкілді делдалы сатып алуды аяқтай алатынын анықтау үшін Интернеттегі осы ақпаратты пайдаланады және оны сол делдалға жібереді. Жаңарту мүмкіндігі сатып алуды аяқтауға болатын делдал веб бетін көрсету үшін Интернет шолғышын ашуы да мүмкін.

Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасы

Microsoft бағдарламалық жасақтамасы мен қызметтерінің сапасын, сенімділігін және өнімділігін жақсарту үшін бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасына қосылу параметрі бар.

Біріктірген болсаңыз, Microsoft корпорациясы жабдық теңшелімі және трендтер мен пайдалану үлгілерін анықтау үшін бағдарламалық жасақтама мен қызметтерді пайдалану жолы туралы ақпаратты жинайды. Мүмкіндік пайдаланушы атын, мекенжайын немесе басқа да байланыс ақпаратын жинамайды.

Бағдарламалық құралдың сапасын жақсарту бағдарламасы туралы және оның толық құпиялылық мәлімдемесі жөнінде қосымша ақпарат алу үшін Microsoft бағдарламалық құралдың сапасын жақсарту бағдарламасы веб-сайтына кіріңіз. Office жүйесін бірінші рет іске қосқанда ұсынылған параметрлерді таңдасаңыз, Office 2010 жүйесі үшін бағдарламалық құралдың сапасын жақсарту бағдарламасын қосасыз.

Ұсынылған параметрлер туралы қосымша ақпарат алу үшін Ұсынылған жаңарту және диагностикалық параметрлерін өшіру бөлімін қараңыз. Бағдарламалық құралдың сапасын жақсарту бағдарламасына қатысу үшін Бағдарламалық құралдың сапасын жақсарту бағдарламасына қатысу бөлімін қараңыз.

Емлені тексеру құралдарының сапасын жақсарту бағдарламасы

Емлені тексеру құралдарының сапасын жақсарту мүмкіндігі емлені тексеру құралдары туралы деректерді жинап, оларды Microsoft корпорациясына жібереді. Бағдарламалық құралдың сапасын жақсарту бағдарламасы арқылы қатысу таңдалған болса, емлені немесе грамматиканы тексеру ұсыныстарын қабылдау не болмаса қабылдамау, емлені тексеру құралдарының параметрлерін өзгерту немесе қолданбалы сөздікке қосу сияқты емлені тексеру әрекеттері компьютерде сақталады және Office 2010 шығарылымын орнатқаннан кейінгі алты айда үш рет Microsoft корпорациясына жіберіледі. Алты айға жуық уақыт өткенде мүмкіндік деректерді Microsoft корпорациясына жіберуді тоқтатады және компьютердегі емлені тексеру әрекеттері қамтитын деректерді жинау файлын жояды.

Бұл мүмкіндік жеке ақпаратты жинауға арналмаған болса да, жіберілуі мүмкін кейбір мазмұнда жалқы есімдер мен шот нөмірлері сияқты емле немесе грамматикалық қате деп белгіленген элементтер болуы мүмкін. Дегенмен, шот нөмірлері, мекенжайлар және телефон нөмірлері сияқты кез келген сандық деректер жиналған кезде нөлге түрлендіріледі. Microsoft корпорациясы бұл ақпаратты пайдаланушыны анықтау үшін емес, ал тек өнімді жақсарту үшін пайдаланады. Егер есепте жеке немесе құпия ақпарат бар деп есептесеңіз, есепті жібермеңіз.

Осы мүмкіндік жинайтын ақпарат бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасы арқылы жасалған кездейсоқ сандармен жіберіледі.

Кез келген деректер Microsoft корпорациясына жіберілместен бұрын рұқсат сұралған тілқатысу терезесі шығады. Сол кезде ақпарат жіберілместен бұрын бірнеше немесе барлық жазбаларды жоюға болады. Microsoft корпорациясына ешқандай деректерді жібермеуді таңдауға болады.

Office диагностикалау орталығы

Microsoft корпорациясына жүйе проблемаларын диагностикалауға мүмкіндік беретін кішкентай файлдарды компьютерге мерзімді түрде қотарып алатын параметр бар. Қол жетімді болғанда қате туралы жаңа анықтама ақпараты да автоматты түрде қотарылады. Бұл мүмкіндік пайдаланушы атын, мекенжайды немесе файлды жіберу үшін пайдаланылатын IP мекенжайынан басқа байланыс ақпаратын жинамайды.

Office диагностикалау орталығының параметрлерін өзгерту үшін Office диагностикалау орталығының параметрлерін өзгерту бөлімін қараңыз.

Microsoft қателер туралы есептері

Microsoft қателер туралы есептерінің құралы пайдаланушыларға интернет арқылы Microsoft корпорациясына қате туралы хабарлар есебін беру мүмкіндігін береді. Қате туралы хабар пайда болғанда интернетке қосылып отырған пайдаланушылар Microsoft корпорациясына бірден хабар туралы есеп бере алады. Егер қате туралы есеп бір немесе бірнеше үшінші жақ өніміне қатысты екені анықталса, Microsoft корпорациясы есепті сол үшінші жаққа жіберуі мүмкін. Microsoft корпорациясында немесе оның серіктестерінің бірінде жұмыс жасайтын бағдарламалық құрал немесе жабдық әзірлеушілері қате туралы деректерді талдап, ақаулықты анықтап, түзетуге тырысады. Құрал жеке басты анықтайтын ақпаратты жинауға арналмаған болса да, мұндай ақпарат жадтан немесе ашық файлдардан жиналған деректерден алынуы мүмкін. Microsoft корпорациясы бұл ақпаратты пайдаланушыларды анықтау үшін пайдаланбайды. Толық құпиялылық мәлімдемесін қоса, Microsoft қателер туралы есептерінің құралы жөнінде қосымша ақпарат алу үшін Microsoft қателер туралы есептерінің құпиялылық мәлімдемесі бөлімін қараңыз.

Microsoft жаңарту орталығы

Microsoft жаңарту орталығы Office 2010 шығарылымын қоса, Microsoft Windows және басқа Microsoft өнімдері үшін қауіпсіз және маңызды жаңартуларды алуға мүмкіндік береді. Microsoft жаңарту орталығы жазылу әдісі туралы мәліметтер үшін Microsoft жаңарту орталығын пайдаланып компьютердегі бағдарламаларды жаңарту бөлімін қараңыз.

Microsoft жаңарту веб-сайтына кірген кезде немесе жаңартуларды автоматты түрде алған кезде, әр кірген сайын Microsoft стандартты компьютер туралы ақпаратты жинайды, осылайша компьютермен жақсы жұмыс істейтін жаңартуларды аласыз. Ақпарат Microsoft жаңарту веб-сайтын пайдалану жолы және қандай жүйелерге қолдау қажеттігі туралы топталған статистикаларды жасау үшін пайдаланылады, осылайша қызметті жақсартуға болады. Microsoft жаңарту қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін Жаңарту қызметтерінің құпиялылық мәлімдемесі бөлімін қараңыз.

Қолдағы ақпарат

Ұйымда Microsoft Office Communications Server (OCS) қолданылатын болса, Microsoft Office қолдағы ақпаратты OCS серверінен береді.

Өңді қиып алу немесе жою

Құжаттардағы суреттерді қиып алуға болады, сонда суреттің тек бөліктері ғана көрінеді. Қиып алу суреттің қиып алынғаннан қалған бөліктерін жасырады; оларды түпкілікті жойып жібермейді. Қиып алу күйіне кіріп, сол суреттердің жасырылған бөлімдерін қалпына келтіруге болады.

Remove Background пәрменін пайдаланып, суреттердің өңдеуге де болады. Remove Background пәрмені сол суреттердің кез келген бөлігін мүлдем жоймайды. Шығарып алынған жасырын бөлімдерді Remove Background енгізу арқылы қалпына келтіруге болады.

Қиып алынғаннан қалған бөліктері немесе шығарып алынған суреттері бар файлды сақтаған болсаңыз, файлда толық суреттер сақталады.

Файл қойындысын басып, Анықтама бөлімінің астындағы Опциялар түймешігін басып, Қосымша қойындысын, содан соң Суреттің өлшемі мен сапасы бөлімі астындағы Өңдеу деректерін жою түймешігін басыңыз, сонда қиып алынғаннан қалған және суреттің шығарып алынған бөліктерін жоюға болады.

Business Connectivity Services көмегімен Office және SharePoint бағдарламасындағы сыртқы деректерге қосылу

Business Connectivity Services (BCS) SharePoint торабынан және Outlook, SharePoint Workspace және Word сияқты Microsoft Office 2010 бағдарламаларынан сыртқы деректер көзіне қосылуға мүмкіндік береді. Осылай жасаған кезде сыртқы деректердегі өзгертулер Microsoft Office бағдарламасында автоматты түрде көрінеді, ал Microsoft Office бағдарламасындағы өзгертулер сыртқы деректер көзінде автоматты түрде көрінеді.

BCS компьютердегі сыртқы деректердің кейбір көшірмесін бөлектелген жергілікті кэште сақтайды. Сыртқы деректерге Outlook бағдарламасынан қатынасса, көшірме нақты жеке қалталар файлында (.pst) да жасалады. Мысалы, тұтынушылар тізімі Microsoft Dynamics CRM реттеушісінен пайдаланушының жергілікті кэшіне үндестіріледі және Outlook бағдарламасында көрсетіледі. Пайдаланушы жеке тұтынушы үшін деректерді өңдесе немесе жаңасын жасаса, бұл өзгертулер Microsoft Dynamics CRM реттеушісіне кері беріледі. Кейде деректер көшірмесі құжатта сақталады және құжатқа қатынасу рұқсаты бар басқа пайдаланушыларға қол жетімді болуы мүмкін.

Енгізу әдісінің өңдегіштері (IME)

Microsoft енгізу әдісінің өңдегіштері (IME) пернетақтада енгізуді идеограммаларға түрлендіру үшін Шығыс азия тілдерімен пайдаланылады. Параметрлерге байланысты, төмендегі мүмкіндіктер Microsoft корпорациясына енгізу әдісінің өңдегіштерін пайдалану жолы туралы ақпаратты жіберуі мүмкін. Кейбір енгізу әдісінің өңдегіштері бұл мүмкіндіктерді қолдамайды немесе олардың барлығын қолдамайды. Кәсіпорын ортасында төменде сипатталған есеп беру мүмкіндіктерін теңшеу үшін әкімшілер топтық саясатты пайдалана алады. Топтық саясат теңшелім параметрлеріне есептерді толығымен ажырату немесе есептерді басқа серверге бағыттау мүмкіндіктері қосылады.

Енгізу әдісінің өңдегіштерін білу және болжау

Бұл мүмкіндікпен орындалатын әрекет

Пайдаланып отырған енгізу әдісінің өңдегішіне және параметрлерге байланысты, енгізу әдісінің өңдегішінің білу және үйрену мүмкіндіктері көрсетілген идеограмманың бөлектелген элементін жақсарту үшін сөздерді немесе сөз жұптарын жазып алуы мүмкін.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат

Енгізу әдісінің өңдегішін білу және болжау мүмкіндіктері пайдаланушы амалдарының нәтижесі ретінде сөзді немесе сөздер тізбегін және олармен байланысты ұпайларды жазады. Білу ақпараты (кез келген сандық/нышан таңбаларының тізбегі) компьютердегі әр пайдаланушы үшін пайдаланушы сөздігінде сақталады.

Ақпаратты пайдалану

Жүйеде енгізу әдісінің өңдегіші үйрену және болжау деректерін пайдаланады, Microsoft Office емлені тексеру құралдары сілтеме де беруі мүмкін. Ешқандай ақпарат Microsoft корпорациясына жіберілмейді.

Таңдау мен бақылау

Жеңілдетілген қытай тілінің енгізу әдісінің өңдегішінен басқа (мұнда әдепкіде болжау мүмкіндігі ажыратулы болады), оларды қорғайтын енгізу әдісінің өңдегіштерінде білу және болжау мүмкіндігі әдепкі ретінде қосулы болады, бірақ енгізу әдісінің өңдегішінің мүмкіндіктерін өшіру арқылы ажыратуға болады. Жапон тілінің енгізу әдісінің өңдегішінде білу мүмкіндігін пайдаланушы сөздігіне жазылмайтындай етіп теңшеуге де болады. Пайдаланушы сөздігінен мазмұндарды жоюға да болады.

Енгізу әдісінің өңдегішінің түрлендіру қатесі туралы есеп беру

Бұл мүмкіндікпен орындалатын әрекет

Түрлендіру қатесі орын алса, бұл мүмкіндік Microsoft корпорациясына түрлендірулерді жақсартуға көмектесе алатын қателер туралы ақпаратты жинай алады.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат

Енгізу әдісінің өңдегішінің түрлендіру қатесі туралы есеп беру Microsoft корпорациясына жіберуге болатын IME түрлендіру қателері туралы ақпаратты жинайды. Не терілді, бірінші түрлендіру нәтижесі, оның орнына таңдаған түрлендіру, пайдаланатын IME туралы ақпарат және оны пайдалану жолы туралы ақпарат сияқты мәліметтерді қамтитын қате туралы есептерді жасауы мүмкін. Сонымен қатар, жапон тілінің енгізу әдісінің өңдегішін пайдаланған болсаңыз, түрлендіру қатесі туралы есепке үйрену ақпаратын қосуды таңдауға болады. Microsoft корпорациясы бұл ақпаратты пайдаланушыны анықтау немесе онымен байланысу үшін пайдаланбайды.

Ақпаратты пайдалану

Енгізу әдісін өңдеуді жақсарту үшін Microsoft ақпаратты пайдаланады.

Таңдау мен бақылау

Тілдер тақтасы құралдарының мәзірінен түрлендіру қатесі туралы есепті жіберуді таңдауға болады. Сонымен қатар, түрлендіру қатесі орын алса, Microsoft корпорациясына жіберілместен бұрын түрлендіру қатесі туралы есепті жіберу қажет-қажет еместігі туралы сұралады. Оны жіберуді таңдамастан бұрын есептегі ақпаратты көруге болады.

Енгізу әдісінің өңдегішіне сөзді тіркеу

Бұл мүмкіндікпен орындалатын әрекет

Пайдаланған енгізу әдісінің өңдегішіне байланысты қолдау көрсетілмейтін сөздер (пернетақта енгізбесінен идеограммаға дұрыс түрлендірілмеуі мүмкін сөздер) туралы хабарлау үшін сөзді тіркеуді пайдалануға болады.

Жинақталған, өңделген немесе жіберілген ақпарат

Microsoft Word 2010 бағдарламасындағы тіркеу есептеріне Сөзді қосу тілқатысу терезесіндегі есеп берілетін сөздер туралы берілген ақпарат және IME үшін бағдарламалық жасақтама нұсқасының нөмірі қосылуы мүмкін. Бұл есептерде жеке ақпарат, мысалы, сөзді тіркеудің көмегімен жеке аттар қосылған болса, қамтылуы мүмкін, бірақ Microsoft корпорациясы бұл ақпаратты пайдаланушыны анықтау немесе онымен байланысу үшін пайдаланбайды. Жіберуді таңдамастан бұрын әр есеппен жіберіліп жатқан деректерді қарап шығу мүмкіндігі беріледі.

Ақпаратты пайдалану

Енгізу әдісін өңдеуді жақсарту үшін Microsoft ақпаратты пайдаланады.

Таңдау мен бақылау

Сөзді тіркеу есебін жасаған сайын, осы есепті Microsoft корпорациясына жіберу қажет-қажет еместігі сұралады. Оны жіберуді таңдамастан бұрын есептегі ақпаратты көруге болады.

Microsoft Office 2010 құжаттарының кэші

Word, Excel және PowerPoint сияқты Microsoft Office 2010 шығарылымындағы бағдарламалар қашықтағы құжаттардың жергілікті көшірмесін автоматты түрде жасайды. Бұл жергілікті көшірме желіде болмаған кезде файл көшірмесіне кіру мүмкіндігін береді немесе желіде болған кезде өнімділігін арттыруға көмектеседі. Құжат мазмұнына қоса, Office компьютерде құжаттар туралы кейбір метадеректерді сақтайды, мысалы, аттар, серверге кіру идентификаторы және құжатты өңдеген пайдаланушылардың электрондық пошта мекенжайы.

Бүкіл сақталған мазмұнды Microsoft Office берілім орталығын іске қосып, көріністі «Барлық кэштелген файлдар» деп өзгерту арқылы көруге болады.

Microsoft Office берілім орталығын төмендегі әрекеттерді орындап іске қосуға болады:

  • Жүйелік трейдегі белгішені нұқыңыз.

  • Бастау, Барлық бағдарламалар, Microsoft Office, Microsoft Office 2010 құралдары тармағына өтіп, Microsoft Office берілім орталығы дегенді нұқыңыз.

Жеке жергілікті көшірмелерді жоюға болады немесе Microsoft Office берілім орталығынан ашуға болады. Сондай-ақ, төмендегі әрекеттерді орындау арқылы Office бағдарламасында жапқаннан кейін құжаттарды Office құжаттарының кэшінен жоюға болады.

  1. Microsoft Office берілім орталығындағы Параметрлер бетіне өтіңіз.

  2. Құжаттар жабылғанда, оларды Office құжаттарының кэшінен жою құсбелгісін қойыңыз.

Баламалы мәтін

Microsoft Word 2010 бағдарламасы кестелер, кескіндер, суреттер, диаграммалар, SmartArt суреттері және құжаттағы басқа нысандар үшін баламалы мәтінді қосуға және өңдеуге мүмкіндік береді. Ол үшін төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Пішім түймешігін басыңыз.

  3. Баламалы мәтін қойындысын басыңыз.

Баламалы мәтін құжатпен бірге сақталады және көрменің кез келген қатысушысы қосқан жеке ақпаратты қамтуы мүмкін. Құжатқа кірістірілген суреттер сияқты кейбір нысандар үшін әдепкі баламалы мәтін кірістірілген нысанға файл жолын қосады.

Экраннан оқу бағдарламасы сияқты арнайы мүмкіндіктер баламалы мәтінді пайдалануы мүмкін. Баламалы мәтін файлға кіру рұқсаты бар барлық пайдаланушы үшін қол жетімді.

Біріктіру дәлдігі

Жақсы біріктіру дәлдігін беру үшін Outlook 2010 бағдарламасында тіркеме ретінде жіберілетін кез келген Office файлдарына он таңбалы сан, электрондық пошта мекенжайын және атауды қосады. Бұл кездейсоқ жасалған сан бір ғана жұмыс кітабыңызды анықтайды. Сондықтан, файл аты өзгерген жағдайда да, кез келген өзгерту жұмыс кітабыңыздың бастапқы күйіне кері біріктірілуі мүмкін. Қажет болса, Outlook бағдарламасында келесі әрекеттерді орындап, болашақ тіркемелерден он таңбалы сан мен атауды жоюға болады:

  1. Файл қойындысын басыңыз.

  2. Анықтама астындағы Параметрлер пәрменін таңдаңыз.

  3. Қауіпсіздікті басқару орталығы параметрін, одан кейін Қауіпсіздікті басқару орталығының параметр тармағын таңдаңыз.

  4. Тіркемелерді өңдеу қойындысын басыңыз.

  5. Өзгертіп, жауап беру мүмкіндігін қосу үшін тіркемелерге сипаттар қосу параметрі жанындағы ұяшықтан белгінің алынғанын тексеріп, OK түймешігін басыңыз.

  6. Диалогтық терезелерді жабу үшін ОК түймешігін тағы екі рет басыңыз.

Қауіпсіздік

Microsoft жеке ақпарат қауіпсіздігін сақтауға көмектесуді қарастыруда. Жеке ақпаратқа рұқсатсыз кіруден, оны пайдаланудан немесе ашудан қорғау үшін түрлі қауіпсіздік технологияларын және іс рәсімдерін пайдаланамыз.

Құпиялылық туралы мәлімдемеге енгізілген өзгертулер

Microsoft корпорациясы кейде осы құпиялылық туралы мәлімдемені жаңартуы мүмкін. Құпиялылық туралы мәлімдеменің жоғарғы жағындағы «соңғы жаңартылған мерзім» күні әр түзетуде жаңартылады. Microsoft ақпаратты қалай қорғайтыны туралы хабардар болу үшін осы құпиялылық туралы мәлімдемені ауық-ауық қарап тұрғаныңыз жөн.

Бізбен байланысу жолдары

Microsoft корпорациясы осы құпиялылық мәлімдемеге қатысты аңғартпаларыңызды күтеді. Осы мәлімдеме туралы сұрақтарыңыз немесе оны орындамай жатыр деп ойласаңыз, Бізбен байланысыңыз: құпиялылық бойынша пікір сілтемесіндегі веб-пішінді пайдаланып, бізбен байланысыңыз.

Microsoft Office Privacy, Microsoft Corporation, One Microsoft Way, Redmond, WA 98052 USA

Еліңіздегі немесе аймағыңыздағы Microsoft корпорациясының қосалқы кәсіпорнының немесе бөлімшесінің байланыс ақпаратын табу үшін Дүние жүзіндегі Microsoft сілтемесін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×