Microsoft Lync 2010 Attendee жүйесіне арналған құпиялылық қосымшасы

Соңғы өзгертілген: 2010 жыл, қазан

Мазмұны

Мұрағаттау

Клиенттік журнал жүргізу

Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасы

Жұмыс үстелін/Бағдарламаны ортақ пайдалану

Жұмыс үстелін/Бағдарламаны ортақ пайдалануды басқару

Жиналыс тіркемелері

Жиналыстан тыс нөмір теру

Сұрау

PowerPoint бірлесе жұмыс істеу қызметі

Жазу

Дауыс сапасын жақсарту әрекеттері

Тақтада бірлесе жұмыс істеу

Бұл бет Microsoft Lync өнімдеріне арналған құпиялылық мәлімдемесіне қосымша болып табылады. Нақты бір Microsoft Lync өніміне не қызметіне қатысты деректерді жинау және пайдалану ережелерін түсіну үшін Microsoft Lync өнімдеріне арналған осы Құпиялылық мәлімдемесі мен осы қосымшаны оқуыңыз керек.

Бұл құпиялылық қосымшасы сіздің және мекемеңіздің желісінде қолданылатын Microsoft Lync 2010 Attendee байланыстары бағдарламалық жасақтамасын пайдалануға қатысты қолданады. Егер Microsoft Lync Server 2010 бағдарламасын қызмет ретінде пайдаланатын болсаңыз (басқаша айтқанда үшінші тарап [мысалы, Microsoft] бағдарламалық жасақтама іске қосылатын серверлерде орналастырылады), ақпарат үшінші тарапқа жіберіледі. Үшінші тарапқа жіберілген деректерді пайдалану туралы мекеме әкімшісі немесе қызмет жеткізушісінен кеңес алыңыз.

Мұрағаттау

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Мұрағаттау әкімшіге жедел хабарлары, кездесу әрекеттері, мазмұн және жиналыстың басталуы мен оған қосылу сияқты пайдалану сипаттамаларын мұрағаттауға мүмкіндік береді.

Жиналатын, өңделетін немесе жіберілетін ақпарат: Мұрағаттау жедел хабар алмасу әнгімелесулерінің мазмұнын, жедел хабар алмасуды пайдалану туралы ақпаратты, жиналыс мазмұнын және жиналыс ақпаратын әкімші теңшейтін серверде сақтайды. Microsoft корпорациясына ешқандай ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Әкімші бұл ақпаратты кәсіпорынның Lync 2010 Attendee жүйесін пайдалануды басқару үшін пайдалана алады.

Таңдау/Басқару: Мұрағаттау әдепкі мәні бойынша өшеді және мекеме әкімшісі арқылы қосылуы тиіс. Мұрағаттауды қосу мүмкін болатынын не болмайтынын анықтау үшін компанияның деректерді пайдалану және бақылау саясаттарын қарауыңыз керек.

Клиенттік журнал жүргізу

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Клиенттік журнал жүргізу Attendee жүйесін пайдалану ақпаратыңызды компьютерде, пайдаланушылық профиліңізде тіркеу мүмкіндігін береді. Ақпарат туындайтын кез келген Attendee мәселелерін шешу үшін пайдалануға болады.

Жиналатын, өңделетін немесе жіберілетін ақпарат: Егер әкімші Клиенттік журнал жүргізуді іске қосатын болса, келесі ақпараттар компьютеріңізде сақталады: жиналыс тақырыбы, орналасу орны, сеансты бастау хаттамасы (SIP) хабарлары, Attendee жүйесін пайдалану кезіндегі жауаптар, әрбір Attendee хабарларын жіберуші мен алушысы туралы ақпарат және хабар жолы. Attendee жүйесін қосу үшін пайдаланған хабар мазмұны сақталмады. Microsoft корпорациясына ешқандай ақпарат жіберілмейді, бірақ ақпаратты қолмен жіберуді таңдауыңызға болады.

Ақпаратты пайдалану: Клиенттік журналдарды Attendee мәселелерін шешу үшін пайдалануға болады.

Таңдау/Басқару: Клиенттік журнал жүргізу әдепкі мәні бойынша өшеді және мекеме әкімшісі арқылы қосылуы тиіс. Егер әкімші жұрнал жүргізу мүмкіндігіңізді өшірген болса, параметрлеріңізді келесідей өзгертуіңізге болады:

  1. Attendee сөйлесуі терезесінен Мәзір тармағын, одан кейін Параметрлер түймешігін басыңыз.

  2. Жалпы түймешігін, одан кейін Журнал жүргізуді Lync Attendee жүйесіне қосу тармағын және Lync Attendee жүйесіне арналған Windows оқиғаларды журналға тіркеуді қосу түймешігін басыңыз.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасы

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Егер қатысуды таңдасаңыз, Бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасы (CEIP) жабдық теңшелімі және үрдістер мен пайдалану үлгілерін анықтау үшін Microsoft бағдарламалық жасақтамасын және қызметтерін пайдалану әдістері туралы негізгі ақпаратты жинайды. CEIP бағдарламасы, сонымен қатар, табылған қателер түрі мен саны, бағдарламалық жасақтама мен жабдық өнімділігі және қызметтер жылдамдығы туралы ақпараттарды жинайды. Microsoft корпорациясы аты-жөніңіз, мекенжайыңыз немесе басқа контакт ақпаратын жинамайды.

Жиналатын, өңделетін немесе жіберілетін ақпарат: CEIP бағдарламасы қосулы болған кезде CEIP ақпараты Microsoft корпорациясына автоматты түрде жіберіледі. CEIP жинаған, өңдеген немесе жіберген ақпараттар туралы қосымша мәлімет алу үшін Microsoft бағдарламалық жасақтама сапасын жақсарту бағдарламасына арналған Құпиялылық мәлімдемесін қараңыз.

Ақпаратты пайдалану: Microsoft корпорациясы бұл ақпаратты Microsoft бағдарламалық жасақтамасы мен қызметтерінің сапасын, сенімділігін және өнімділігін арттыру үшін пайдаланады.

Таңдау/Басқару: Әкімші сіз үшін қосуды таңдамайынша, CEIP бағдарламасы әдепкі мәні бойынша өшірулі болады. Attendee орнатушысына кіру сұралады. Әкімші басқаруды өшірмейінше, CEIP параметрлерін төмендегідей өзгертуге болады:

  1. Attendee сөйлесуі терезесінен Мәзір тармағын, одан кейін Параметрлер түймешігін басыңыз.

  2. Жалпы қойындысын басыңыз да Microsoft корпорациясына Менің Lync Attendee жүйесін пайдалануым туралы ақпарат жинауға рұқсат беру ұяшығына белгі қойыңыз немесе оны алып тастаңыз.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Ескерту :  Егер әкімші пайдаланушы әлдеқашан Attendee жүйесін пайдалануы кезінде CEIP бағдарламасын қосуды немесе өшіру үшін параметрді өзгертетін болса, жаңа параметр тек пайдаланушы Attendee жүйесінен шығып, жиналысқа қайта қосылған кезде ғана күшіне енеді.

Жұмыс үстелін/Бағдарламаны ортақ пайдалану

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Жұмыс үстелін /Бағдарламаны ортақ пайдалану Attendee жүйесін пайдалану кезінде басқалармен іске қосу барысында компьютер экранын немесе арнайы бағдарламаларды ортақ пайдалануға мүмкіндік береді.

Жиналатын, өңделетін немесе жіберілетін ақпарат: егер ортақ пайдалануды бастасаңыз, сіздің нені ортақ пайдаланатыңызға байланысты барлық жиналысқа қатысушылар мониторларды, толық жұмыс үстел(дер)ін немесе таңдалған бағдарламаларды компьютер экранынан көре алады. Microsoft корпорациясына ешқандай ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Қатысушылармен бірлесе жұмыс істеу үшін Жұмыс үстелін/Бағдарламаны ортақ пайдалануыңызға болады.

Таңдау/Басқару:

Ағымдағы Attendee жиналысында Жұмыс үстелін/бағдарламаны ортақ пайдалануды бастау үшін:

  1. Attendee сөйлесуінің терезесінде Ортақ пайдалану түймешігін басыңыз.

  2. Мәзірден Жұмыс үстелі түймешігін, мониторды (бірден көп болса) немесе бір немесе одан да көп бағдарламаларды таңдау үшін Бағдарлама тармағын таңдаңыз.

Жұмыс үстелін немесе бағдарламаны ортақ пайдалануды тоқтату үшін:

  • Экранның жоғары бөлігінде ортақ пайдалану тақтасынан Ортақ пайдалануды тоқтату тармағын таңдаңыз.

Маңызды :  Сандық құқықтарды басқару бағдарламалық жасақтамасымен қорғалатын жұмыс үстеліндегі ашық құжаттар немесе суреттер жұмыс үстелін Attendee жүйесінде ортақ пайдаланатын басқаларға көріне алады.

Жұмыс үстелін/Бағдарламаны ортақ пайдалануды басқару

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Жұмыс үстелін/Бағдарламаны ортақ пайдалануды басқару Microsoft Lync 2010 клиентін немесе Attendee жүйесін басқа компьютерде пайдаланатын әлдекімге жұмыс үстелін немесе бағдарламаны басқаруды беруге мүмкіндік береді.

Жиналатын, өңделетін немесе жіберілетін ақпарат: Басқа әлдекімге басқаруды берген соң, бұл адам компьютеріңізді тікелей өзінің пернетақтасынан және тінтуірінен компьютеріңізді немесе таңдаған бағдарламаңызды басқара алады. Cіз және Attendee жүйесіндегі басқа пайдаланушы енгізілген өзгертулерді көре алады. Microsoft корпорациясына ешқандай ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Сіз және басқа қатысушылар бақылау барысында нені ортақ пайдаланатыныңызға байланысты басқаларға жұмыс үстелін немесе бағдарламаларды басқаруға рұқсат беру үшін Басқаруды ортақ пайдалану мүмкіндігін беруіңізге болады.

Таңдау/Басқару:

Жұмыс үстелін басқаруды ортақ пайдалану үшін төмендегіні орындаңыз:

1.Жұмыс үстелін немесе бағдарламаны ортақ пайдалануды іске қосыңыз.

2.Басқаруды беру мәзірінде экранның жоғарғы бөлігіндегі ортақ пайдалану тақтасында басқаруды бергіңіз келетін адамды таңдап алыңыз.

Қашықтағы тараптан жұмыс үстелін басқаруды бас тарту үшін келесіні жүзеге асырыңыз:

Басқаруды беру мәзірінде экранның жоғарғы бөлігіндегі ортақ пайдалану тақтасында Басқаруды қайтарып алу түймесін таңдаңыз.

Жиналыс тіркемелері

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Тіркемелер ретінде кері қотару арқылы файлдарды жиналысқа қатысушылармен ортақ пайдалана аласыз.

Жиналатын, өңделетін немесе жіберілетін ақпарат: Тіркемелер кәсіпорын әкімшісімен анықталған мазмұнның мерзімі бітуі саясаттарына сәйкес Attendee жүйесінде сақталады. Тіркемелерді кері қотаруды таңдауыңызға болады. Тіркемелер сіз немесе басқалар арқылы жиналыста қотарылады. Microsoft корпорациясына ешқандай ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Кері қотарылған жиналыс тіркемелеріндегі ақпарат Lync 2010 жиналысындағы басқа қатысушымен ортақ пайдаланылады.

Таңдау/Басқару:

Баяндамашылар жиналысқа қатысушылардың рөлдеріне (ұйымдастырушы, баяндамашылар, барлығы) сәйкес тіркемелердің қол жетімділігін шектей алады. Егер тіркеме қол жетімді болмаса, оны тіркемелер тізімінен көру мүмкін емес.

Жиналыстан тыс нөмір теру

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Жиналыстан тыс нөмір теру мүмкіндігі Жиналыстағы Attendee пайдаланушыларына жалпы қосылған телефон желісі (PSTN) нөмірін қолданыстағы дыбыс/бейне (AV) жиналысына қосу мүмкіндігін береді.

Жиналатын, өңделетін немесе жіберілетін ақпарат: AV жиналысына шақырылған PSTN пайдаланушысы қоңырау қабылдаған кезде ол AV жиналыс ұйымдастырушысының қоңырау шалушы идентификаторын алады (және оны жиналысқа қосушы тараптың қоңырау шалушы идентификтары міндетті емес). PSTN пайдаланушысы телефонға жауап берген кезде ол бірден жиналысқа қосылады.

Ақпаратты пайдалану:

Ұйымдастырушының қоңырау шалушы идентификаторы жиналысқа шақырылған PSTN пайдаланушысына жіберіледі.

Таңдау/Басқару:

Бұл мүмкіндік үшін пайдаланушы немесе кәсіпорын әкімшісін басқару элементі жоқ. Егер мүмкін болса, PSTN пайдаланушысын қосу алдында жедел хабарды немесе электрондық поштаны PSTN пайдаланушысына жиналысқа қосылатыны туралы хабардар болатындай етіп, олардың AV жиналысына қосылуға келісетінін не келіспейтінін сұрау үшін жіберуіңізге болады. PSTN пайдаланушысы, сонымен қатар, қоңырауды қабылдамауды таңдай алады.

Сұрау

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Attendee пайдаланушылары сұрау жүргізіп, жиналыстар кезінде қатысушылардан аты-жөні көрсетілмеген жауаптар ала алады.

Жиналатын, өңделетін немесе жіберілетін ақпарат: Жеке дауыстарда аты-жөні көрсетілмейді. Жиналған сұрау нәтижелері барлық баяндамашыларға көрсетіледі және кез келген баяндамашы арқылы барлық қатысушыларға көрсетіле алады. Сұрау Lync Server 2010 бағдарламасында кәсіпорын әкімшісі анықтаған жиналыс мазмұны мерзімінің бітуі саясаттарына сәйкес сақталады. Microsoft корпорациясына ешқандай ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Сұрау баяндамашыларға қатысушы қалауын жылдам анықтау арқылы бірлесе жұмыс істеуді жақсартады.

Таңдау/Басқару:

  • Сұрау барлық қатысушыларға көрсетілмейтін кезде қатысушының рөліне (ұйымдастырушы, бандамашы, әркім) сәйкес сұрау қолжетімділігін шектей алады. Егер сізге сұрау қол жетімді болмаса, ол ортақ пайдаланылып жатпаған кезде мазмұндар тізімінде көрсетілмейді және сұрауды жергілікті компьютерде сақтау мүмкін емес.

  • Баяндамашылар дауыс беру үшін сұрауды аша алады немесе жаба алады және сұрау нәтижелерін кез келген уақытта жаба алады.

PowerPoint бірлесе жұмыс істеу қызметі

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Microsoft PowerPoint бірлесе жұмыс істеу қызметі онлайн жиналыс кезінде Attendee пайдаланушыларына PowerPoint көрмелерін көрсету, қарау және оларға түсіндірмелер беру мүмкіндігін береді.

Жиналатын, өңделетін немесе жіберілетін ақпарат:

Кері жүктеу, шарлау немесе PowerPoint көрмесіне түсіндірме қою болсын, әрекеттеріңіз арқылы PowerPoint бірлесе жұмыс істеу қызметінің барлық пайдасын көресіз. Жиналыста ұсынылған кез келген файл барлық жиналыс қатысушыларына жіберіледі және олар мұны компьютерлеріндегі қалтадан ала алады. Файл иесі немесе баяндамашы басқалардың файлды сақтауына тыйым салуы мүмкін, бірақ бұл олардың файлды алу немесе көруіне шектеу жасамайды.

PowerPoint файлдары Lync серверінде кәсіпорын әкімшісі анықтаған жиналыс мазмұны мерзімінің бітуі саясаттарына сәйкес сақталады. Microsoft корпорациясына ешқандай ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: PowerPoint бағдарламасымен бірлесе жұмыс істеу жиналысқа қатысушыларға тиімді көрмелерді ұсыну және пікір алу мүмкіндігін береді.

Таңдау/Басқару:

  • Баяндамашылар (тек қана баяндамашылар, барлығы, ешкім) келесілерді орындау арқылы қатысушы рөліне сәйкес аңғартпа артықшылықтарын шектей алады:

    1. Cөйлесу терезесіндегі Қосылу ақпараты пен жиналыс параметрлері диалогтық терезесінен Жиналыс параметрлері түймешігін басыңыз.

    2. Артықшылықтар тармағы астында Аңғартпа артықшылықтары ашылмалы тізімінен қалаған параметрді басыңыз.

    3. OK түймешігін басыңыз.

  • Баяндамашылар төмендегіні орындау арқылы қатысушылардың слайдтарды көруіне тыйым сала алады:

    1. Қосылу ақпараты пен жиналыс параметрлері диалогтық терезесінен Жиналыс параметрлері түймешігін басыңыз.

    2. Артықшылықтар тармағы астында Жеке қарау ашылмалы тізімінен қалаған параметрді басыңыз.

    3. OK түймешігін басыңыз.

Ескерту : Бұл артықшылықты қатысушы рөліне (тек баяндамашы, барлығы немесе ешкім) сәйкес орнатуға болады.

  • PowerPoint көрмесі ортақ пайдаланылмайтын болса, баяндамашылар қатысушы рөліне (ұйымдастырушы, баяндамашы, барлығы) PowerPoint көрмесінің қол жетімділігін шектей алмайды. Егер PowerPoint көрмесі қол жетімді болмаса, ол ортақ пайдаланылмайтын кезде оны мазмұн тізімінен көрінбейді және оны компьютерге сақтау мүмкін емес.

Жазу

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Жазу баяндамашыларға Lync жүйесінің көмегімен Lync жиналысының барлық аспектілерін, соның ішінде, жедел хабар алмасу сөйлесулері, бағдарламаларына ортақ пайдалану, PowerPoint көрмелері, сұраулар, жарнамалар және тақталар сияқты жиналысты, аудио, бейне және мазмұнды кім орнатқанын жазу мүмкіндігін береді. Ұйымдастырушы немесе басқа баяндамашылар жазуды тоқтатады немесе уақытша тоқтатады, басқа орындалатын жазуларға бұл әсерін тигізбейді

Жиналатын, өңделетін немесе жіберілетін ақпарат:

Егер баяндамашылар жазуды таңдаса, жазу компьютерге сақталады. Жазудан жасалатын қосымша бейне файлдары әдепкі мәні бойынша баяндамашының жергілікті компьютерге сақталады, сонымен қатар, жазатын баяндамашы арқылы көрсетілсе, басқа компьютерге сақтала алады. Пайдаланушылар мазмұнды жиналысқа кері қотарған кезде мазмұнды осы пайдаланушылар немесе басқа пайдаланушылар жасаған жазбаларға қосу беріледі.

Егер жазудың жариялау кезеңінде қателер кетсе, уақытша тоқтатылған жазу кезінде алынған деректер жазуға байқаусызда енгізілуі ықтимал. Егер жариялау кезеңінің қандай да бір бөлігі сәтсіздікке ұшыраса ("Ескерту..." күйі үшін Жазу реттеушісін қараңыз), жазбалар кейбір пішіндерде ойнатыла алса да, басқаларға таратылмауы керек.

Ақпаратты пайдалану:

Жазбаны оның сақталған орнына қатынасқа ие кез келген адам ойната алады.

Таңдау/Басқару:

Әдепкі мәні бойынша жазу мүмкіндігі өшірулі болады және кәсіпорын әкімшісі арқылы қосылуы тиіс. Егер бұл мүмкіндік жиналыстар үшін қосылатын болса, кез келген жиналыс баяндамашысы жазуды бастай алады. Баяндамашы жазуды қосқан кезде жазудың басталғаны туралы хабарландыру үйлесімді клиенттер және құрылғылармен қатысушыларға таратылады. Келесі үйлесімсіз клиенттер немесе құрылғыларды пайдаланатын жазылатын сеансқа қатысатын пайдаланушылар жазылады, бірақ жазу ескертпесін алмайды.

Үйлесімсіз клиенттерге жатады:

  • Microsoft Office Communicator 2007 R2

  • Microsoft Office Communicator 2007

    • Microsoft Office Communicator Web Access (2007 R2 шығарылымы)

    • Microsoft Office Communicator Web Access (2007 шығарылымы)

  • Microsoft Office Communications Server 2007 R2 Attendant

Үйлесімсіз құрылғыларға жатады:

  • Microsoft Office Communicator 2007 R2 Phone Edition

  • Microsoft Office Communicator 2007 Phone Edition

Сонымен қатар, пайдаланылатын құрылғы немесе клиенттен тәуелсіз жиналыс кезінде бейнені толық бейнебетте пайдаланатын қатысушыға жазудың ол сөйлесу терезесіне оралғанша басталғаны туралы хабарланбайды.

Дауыс сапасын жақсарту әрекеттері

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Attendee жүйесі қоңырау кезінде құрылғы, желі немесе компьютер ақауларын анықталған жағдайда қоңырау сапасын жақсарту үшін хабарландыру береді.

Жиналатын, өңделетін немесе жіберілетін ақпарат: Егер қоңырауға нашар аудио (мысалы, жаңғырық немесе шу) қосатын құрылғы орнатпаңыз болса, Attendee жүйесі сіздің тарабыңыздағы құрылғы орнатпасына байланысты қоңырау сапасының нашарлауы туралы сізге және басқаларға хабарлайды. Басқа пайдаланушыларға сіздің дыбыс сапасын бұзатын құрылғы пайдаланатыныңызды туралы хабарландыру беріледі. Олар сіздің қандай құрылғы пайдаланатыныңызды білмейді. Microsoft корпорациясына ешқандай ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Қоңыраумен басқаларға жіберілетін ақпарат оларға қоңырау сапасын жақсартуға көмектеседі. Мысалы, егер сіз қоңырауда тыңдап отырған болсаңыз, баяндамашылар желіңіздің дыбысын өшіруі мүмкін.

Таңдау/Басқару: Attendee жүйесі қоңырау сапасы хабарландыруларын өшіруге рұқсат бермейді.

Тақтада бірлесе жұмыс істеу

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Тақтада бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігі Attendee жүйесінде виртуалды тақталарды ортақ пайдалану және онлайн жиналыстар мен сөйлесулер кезінде оларға түсіндірме жасау мүмкіндігін береді.

Жиналатын, өңделетін немесе жіберілетін ақпарат: Тақталарда жасалған аңғартпалар барлық қатысушыларға көрсетіліп тұрады. Тақталар жиналыс мазмұны мерзімінің біту саясаттарына сәйкес Lync серверінде сақталады. Microsoft корпорациясына ешқандай ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Тақта бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігі жиналысқа қатысушыларға идеяларды, ми шабуылдарын талқылау, жазба жасау және т.б. мүмкіндігін бере отырып, бірлесе іскерлесуді жақсартады.

Таңдау/Басқару: Тақта барлық қатысушыларға көрсетілмейтін кезде қатысушының рөліне (ұйымдастырушы, бандамашы, әркім) сәйкес тақта қолжетімділігін шектей алады. Егер тақта пайдаланушыға қолжетімді болмаса, ол оны мазмұндар тізімінен көре алмайды және өз компьютеріне сақтай алмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×