Microsoft Lync 2010 өніміне қатысты құпиялылық мәлімдемесіне қосымша

Соңғы жаңартылған мерзімі: қазан, 2010 жыл

Мазмұны

Microsoft Lync 2010 өніміне қатысты құпиялылық мәлімдемесіне қосымша

Мұрағаттау

Әрекет арнасы

Дыбысты тексеру қызметі

Қоңырау журналдары

Қоңырау өкілдігі

Қоңырауды бағыттау

Жиналыс тізіміндегі қоңырау шалушы идентификаторы

Клиенттік журнал жүргізу

Журналдарды жинау

Контакт картасы

Сұхбат тарихы

Тұтынушы тәжірибесін жақсарту бағдарламасы

Жұмыс үстелі/бағдарламаны ортақ пайдалану

Жұмыс үстелі/бағдарламаны ортақ пайдалануды басқару

Жедел жәрдем қызметтері (911)

Орын

Жиналыс тіркемелері

Жиналыс нөмірін теру

Lync 2010 басқарылатын API

Outlook бағдарламасына арналған онлайн жиналыс қондырмасы

Тең рангалық файлдарды тасымалдау

Жеке сурет

Қатысу және контакт ақпараты

Дауыс беру

PowerPoint бағдарламасында бірігіп жұмыс істеу

Құпиялылық режимі

Жазу

Тәжірибе іздеу

Бірегей контактілерді сақтау

Дыбыс сапасын жақсарту

Тақтада бірігіп жұмыс істеу

Microsoft Lync 2010 өніміне қатысты құпиялылық мәлімдемесіне қосымша

Бұл бет Microsoft Lync өнімдеріне қатысты құпиялылық мәлімдемесіне қосымша болып табылады. Белгілі бір Microsoft Lync өнімі немесе қызметіне қатысты деректерді жинау және пайдалану тәжірибесі жайлы үйрену үшін Microsoft Lync өнімдеріне қатысты құпиялылық мәлімдемесімен қоса, қосымшаны да оқып шығу керек.

Бұл кәсіпорын желісінде пайдаланылатын Microsoft Lync 2010 байланыс бағдарламасын қолдануға қатысты құпиялық мәлімдемесіне қосымша болып табылады. Егер Microsoft Lync Server 2010 өнімі қызмет ретінде тұтынылса, (басқаша айтқанда, бағдарлама жүріп жатқан серверді үшінші тарап [мысалы, Microsoft] басқарса), ақпарат үшінші тарапқа тасымалданады. Үшінші тарапқа тасымалданатын деректердің қолданысы жайлы толық мәлімет алі үшін кәсіпорын әкімшісіне немесе қызмет көрсетушіге хабарласыңыз.

Мұрағаттау

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Мұрағаттау функциясы әкімшіге жедел хабар сұхбаттарын, жиналыс әрекеттері мен мазмұнын және пайдалану деректерін, яғни пайдаланушы тіркелгілері, сұхбат басы мен сұхбатқа қосылу деректерін мұрағаттау мүмкіндігін береді.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: мұрағаттау функциясы жедел хабар сұхбаттарын, жиналыс әрекеттері мен мазмұнын және пайдалану деректерін әкімші реттейтін серверге сақтайды. Ешқандай ақпарат Майкрософт корпорациясына жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: әкімші жиналған ақпаратты кәсіпорынның Lync 2010 өнімін пайдалануын басқару мақсатында пайдалануы мүмкін.

Таңдау/Басқару: әдепкі бойынша, мұрағаттау функциясы ажыратылған болады, оны кәсіпорын әкімшісі іске қосуы керек. Мұрағаттауды іске қосуға болатындығын анықтау үшін компанияның деректерді пайдалану және басқару саясаттарын тексеру керек.

Әрекет арнасы

Бұл мүмкіндіктің қызметі: әрекет арнасы контактілер тізіміндегі контактілердің "әлеуметтік жаңартуларын" көру мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, басқа пайдаланушыларға соңғы жеке жазбаларды, сурет өзгерістерін, лауазым өзгерісі немесе кеңсе мекенжайының өзгергендігін көрсету мүмкіндігін береді.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Lync өнімі арқылы мына ақпарат жарияланады:

  • Корпоративтік суреттің жаңарту уақыты (Active Directory Domain Services сияқты кәсіпорынның корпоративтік каталогынан алынған)

  • Веб суреті (басқалар көруі үшін жүктеледі) және жаңарту уақыты

  • Компаниядағы лауазымның өзгеру уақыты

  • Корпоративтік мекенжайдың өзгеру уақыты

  • Соңғы жарияланған бірнеше жазбалар тізімі

  • Microsoft Exchange серверіндегі кеңседен тыс жазба

Ешқандай ақпарат Майкрософт корпорациясына жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: аталмыш ақпарат "Отбасы мен достар", "Жұмыс тобы", "Әріптестер" немесе жеке қарым-қатынастағы "Сыртқы контактілер" топтарындағы әрекеттер арнасын бақылап отыратын пайдаланушыларға көрсетіледі.

Таңдау/Басқару:

Ақпараттың ортақ пайдаланылуын мына әрекеттерді орындау арқылы басқаруға болады:

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер дегенді басыңыз.

  2. Жеке қойындысындағы Әрекет арнасы деген жерде жаңартуларды ортақ пайдалануды іске қосыңыз немесе ажыратыңыз. Егер ағымдағы жеке жазба мен кеңседен тыс жазба орнатылған болса, олар әрекет арнасында пайда болады. Егер жеке жазба жайлы ақпаратты көрсетпеу керек болса, жазба өрісін бос қалдыруға болады.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Дыбысты тексеру қызметі

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Қоңырау сапасын тексеру түймешігін басу арқылы Lync қызметіне қоңырау соғып, қоңырау сапасын тексеруге болады. Қоңырау соғу арқылы нағыз тілдесу кезіндегі жеке дауысты естуге болады. Сынақ қоңырауын жасаған кезде дыбысты тексеру қызметі қысқа сигналдан соң дауысты жазуды ұсынады. Дауыс үлгісі алдын ала белгіленген уақыт аралығында (шамамен 5 секунд) жазылады және сөйлеушіге қайта жеткізіледі. Егер желі өнімділігі жеткіліксіз немесе орнатылған жабдықтар сапасы нашар болса, жазба ойнаған кезде оны бірден байқауға болады.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: егер сынақ қоңырауы жасалса, дыбысты тексеру қызметі дауыс үлгісін сигналдан кейін жазып алады. Бұл дауыс үлгілері сынақ қоңырауы аяқталған соң бірден жойылады. Ешқандай ақпарат Майкрософт корпорациясына жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: дауыс үлгісі сөйлесу кезіндегі дауыстың қалай естілетіндігін, құрылғылардың дұрыс орнатылғандығын және қоңырау шалуға әзір екендігін тексеру үшін пайдаланылады. Пайдаланушы нағыз қоңырау шалудың алдында құрылғысының дұрыс орнатылып, қоңырау шалуға дайын екендігін және өз дауысының анық естілетіндігін тексеру үшін өз дауыс үлгісін жаздырып, тыңдайды.

Таңдау/Басқару: егер дауыс үлгісін жаздыру қажет болмаса, сынақ қоңырауын жасамауға болады. Сынақ қоңырауын былайша іске асыруға болады:

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер дегенді таңдаңыз.

  2. Дыбыстық құрылғысы қойындысындағы Қоңырау сапасын тексеру түймешігін басып, нұсқауларды орындаңыз.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Қоңырау журналдары

Бұл мүмкіндіктің қызметі: қоңырау журналдары Lync дыбыстық қоңырауларының жазбаларын Microsoft Outlook қалтасында сақтайды.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: қоңыраудың басталу және аяқталу уақыты, ұзақтығы және қоңырауа қатысушылар сияқты ақпараттар жеке Outlook сұхбат тарихы қалтасына сақталады. Пайдаланушы немесе пайдаланушы әкімшісі жиналыс тақырыбы мен оның өту орындары жайлы ақпаратты сол қалтаға сақтай алады, ол үшін "Жеке" қойындысындағы "Параметрлер" диалогтық терезесі арқылы Outlook бағдарламасын ақпаратты басқарушы етіп таңдау керек. Қоңыраулар журналында дыбыстық қоңыраулардың мазмұны сақталмайды. Майкрософт корпорациясына ешқандай ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: бұл ақпаратты дыбыстық қоңыраулар тарихын тексеру үшін пайдалануға болады.

Таңдау/Басқару: әдепкі бойынша қоңыраулар журналы мүмкіндігі іске қосылған. Егер әкімші қоңыраулар журналын басқару мүмкіндігіне шектеу қоймаған болса, журнал параметрлерін былайша өзгертуге болады:

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер дегенді таңдаңыз.

  2. Жеке қойындысындағы Қоңыраулар журналын Outlook сұхбат тарихы қалтасында сақтау құсбелгісін алып тастаңыз.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Қоңырау өкілдігі

Бұл мүмкіндіктің қызметі: қоңырау өкілдігі бір немесе бірнеше өкілдерді тағайындап, олардың қоңырауларына кезекпен жауап беру жиналыстарды ұйымдастырып, оларға қатысу мүмкіндігін береді.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: өкілдер қоңырауға жауап берген кезде, ол әрекет жайлы электрондық хабарландыру келеді. Ешқандай ақпарат Майкрософт корпорациясына жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: бұл мүмкіндікті өкілдермен жұмыс істеу үшін, күн кестесі мен жиналыстарды басқару үшін және өзіңізге жасалған қоңыраулар мен сіздің қоңырауларыңызға жауап берілгені жайлы ақпаратты алу үшін пайдалануға болады.

Таңдау/Басқару: әдепкі бойынша қоңырау өкілдігі өшірілген және оны кәсіпорын әкімшісі қоса/өшіре алады. Егер функция қосулы болса, өкілдерді былайша орнатуға болады:

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер дегенді таңдаңыз.

  2. Қоңырауларды қайта бағыттау қойындысындағы Менің қоңырауларымды бір уақытта келесіге бағыттау немесе қабылдау дегенді таңдап, ашылмалы тізімнен Менің өкілдерім дегенді басыңыз.

  3. Егер өкілдер қосылмаған болса, Қосу дегенді басып, өкіл ретінде тағайындалатын тұлғаларды таңдаңыз.

  4. Өкілдер диалогтық терезесінде OK түймешігін басыңыз.

  5. Қоңырауларды бағыттау диалогтық терезесінде OK түймешігін басыңыз.

    Ескертулер : 

    • Өкіл ретінде таңдалған пайдаланушыларға олардың Lync өнімінде өкіл болып таңдалғандығы жайлы хабарландыру жеткізіледі.

    • Кәсіпорын әкімшілері Lync Server 2010 серверімен синхрондалатын ауысатын өкіл күнтізбелерін жасай алады. Ол іске қосылғанда, қажетті рұқсатпен (өңдемейтін автор немесе одан да жоғары) автоматты түрде Lync өкілі ретінде қосылады. Бұл әрекет қоңырауды бағыттау параметрлерін өзгертпейді.

Қоңырауды бағыттау

Бұл мүмкіндіктің қызметі: қоңырауды бағыттау қызметі жұмыс үстеліңізден алыста немесе нөміріңіз қол жетімсіз болған кезде кіріс қоңырауларын басқа тұлға немесе нөмірге бағыттау мүмкіндігін береді.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Ешқандай ақпарат Майкрософт корпорациясына жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: бұл қызмет сіз басқа орында немесе нөміріңіз қол жетімсіз болған кезде кіріс қоңырауларын басқа тұлға немесе нөмірге бағыттау мүмкіндігін береді.

Таңдау/Басқару: қоңырауды бағыттау параметрлері тек әкімші рұқсат берген жағдайда қол жетімді болады. Егер кәсіпорын әкімшісі бұл қызметті ұйым үшін белсендірген болса, бұл функция Lync жұмыс үстелі клиентінде әдепкі бойынша өшірулі болады. Қоңырауды бағыттау функциясын мына қадамдар арқылы реттеуге болады:

  1. Құралдар мәзірінен Қоңырауды бағыттау параметрлері немесе Параметрлер > Қоңырауды бағыттау дегенді басыңыз.

  2. Қоңырауды бағыттау ішінен Қоңырауларды келесіге бағыттау дегенді таңдап, мына әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Дыбыстық пошат дегенді таңдапOK түймешігін басыңыз.

    • Жаңа нөмір немесе контакт дегенді таңдаңыз. Контакт нөмірін таңдау диалогтық терезесінен контактіні басыңыз, іздеңіз немесе бағытталатын жаңа нөмір енгізіп, OK басыңыз. OK түймешігін қайта басыңыз.

    • Менің өкілдерім дегенді таңдаңыз. Қоңырауларды бағыттау – өкілдер диалогтық терезесінен осы құжаттағы "Қоңырау өкілдері" бөлімінде көрсетілген нұсқаулық бойынша өкілдерді реттеп, OK түймешігін басыңыз. OK түймешігін қайта басыңыз.

Маңызды :  Lync 2010 өнімінде қоңырауды бағыттау функциясын реттеген кезде, кіріс қоңыраулары таңдалған нөмірге бағытталады. Қоңырау орнатылған кезде, сіз бағыттау үшін айқындаған нөмір қоңырау шалушыға көрсетіледі. Бұл тек Lync - Lync қоңыраулары кезінде орын алады.

Жиналыс тізіміндегі қоңырау шалушы идентификаторы

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Қатысушылар тізімінде (тізім) жиналысқа қатысушы барлық тұлғалардың тізімі көрсетілген.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: конференцияға қоңырау соққан кезде телефон нөмірі (қоңырау шалушы идентификаторы) барлық қатысушыларға көрінеді. Ешқандай ақпарат Майкрософт корпорациясына жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: жиналысқа қатысушылар идентификатор арқылы конференцияға кімнің қосылғандығын біліп отырады.

Таңдау/Басқару:

Әдепкі бойынша, қоңырау шалушы идентификаторы көрсетіледі және ақпарат байланыс копаниясынан алынады. Телефон арқылы қоңырау шалу кезінде телефон нөмірін көрсетпеу арқылы қоңырау шалушы идентификаторын жасыруға болады.

  • Қоңырау шалушы идентификаторын біржолата құлыптау үшін жергілікті телефон компаниясына хабарласыңыз.

  • Егер сіз тұрған аймақта бұл функция қол жетімді болса, бір реттік қоңырау үшін арнайы код теру арқылы қоңырау шалушы идентификаторын құлыптауға болады. Нұсқаулық алу үшін телефон компаниясына хабарласыңыз.

Клиенттік журнал жүргізу

Бұл мүмкіндіктің қызметі: клиенттік журнал жүргізу арқылы Lync пайдалану ақпаратын компьютердегі пайдаланушы профилінде сақтауға болады. Бұл ақпарат болашақта кездесіп жатуы мүмкін болған Lync өнімдеріне қатысты мәселелер шешімін табуда пайдаланылуы мүмкін.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Егер сіз немесе әкімшіңіз клиенттік журнал жүргізу функциясын белсендірсе, мынадай ақпарат компьютерде жинақталады: жиналыс тақырыбы, өткен орны, SIP протоколы, хабарлар, Lync шақыруына алынған жауаптар, әрбір Lync хабарын жіберуші және алушы жайлы ақпарат, хабардың бағдары, жеке контакт тізімдері, қатысу ақпараты, сіз ортақ пайдаланатын бағдарлама атаулары, сіз ортақ пайдаланатын тіркеме атаулары, сіз ортақ пайдаланатын Microsoft PowerPoint файлы атаулары, сіз ортақ пайдаланатын кез келген тақта атаулары, сіз ортақ пайдаланатын сауалнама атаулары, ортақ пайдаланылған сауалдар және сіз дауыс берген нұсқа индексі. Lync сұхбаттарының мазмұны сақталмайды. Ешқандай ақпарат автоматты түрде Майкрософт корпорациясына жіберілмейді, дегенмен ақпаратты қолмен жіберуге болады.

Ақпаратты пайдалану: Клиенттік журнал ақпараты Lync өнімдеріне қатысты мәселелер шешімін табуда пайдаланылуы мүмкін.

Таңдау/Басқару: әдепкі бойынша клиенттік журнал жүргізу функциясы өшірілген, және оны кәсіпорын әкімшісі қосуға тиіс. Егер әкімші журнал жүргізуді басқару функциясын шектемеген болса, параметрлерді төмендегіше өзгертуге болады:

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер дегенді таңдаңыз.

  2. Жалпы қойындысынан Lync журналын іске қосу және Lync үшін Windows Event журналын іске қосу дегендерді басыңыз.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Журналдарды жинау

Бұл мүмкіндік қызметі: журналдарды жинау арқылы Lync журналдарын жинап, Microsoft мүмкін болған дыбыс, бейне немесе байланыс мәселелеріне қатысты пайдаланады.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: егер Журналдарды жинау дегенді бассаңыз, мынадай ақпарат жиналады:

  • Контакт тізімдері мен алдыңғы сұхбат сеанстары жайлы ақпараты бар Lync журналдары. Lync журналдарында жедел хабар мазмұны сақталмайды.

  • Сөздің сигнал дәрежесі мен шу дәрежесі сынды дыбыс параметрлері

  • Желі шарттары

  • Құрылғы параметрлері

  • Операциялық жүйе нұсқасы мен ақпараты

  • Компьютердегі бағдарламалар жайлы ақпарат, мысалы Outlook және Windows Internet Explorer

Егер аталған түймешікті бассаңыз, келесі ақпарат та жиналады:

  • Соңғы қоңыраудың 30 секундтық жазбасы

  • Жұмыс үстелі скриншоты

Журналдарды әкімші нұсқаулығына сәйкес қолмен кері жүктеу қажет. Кәсіпорын әкімшісі ол деректерді Майкрософт корпорациясына мәселе шешімдерін табу мақсатында жібереді.

Ақпаратты пайдалану: жеке компьютерден жиналған ақпарат ықтимал мәселелер шешімін табу және Lync өнімін жақсарту мақсатында пайдаланылады.

Таңдау/Басқару: әдепкі бойынша Lync компьютерден журналдарды жинамайды. Бағдарлама журналдарды тек Журналдарды жинау түймешігі басылған соң жинай бастайды. Журналдар компьютердегі жергілікті файлда (%USERPROFILE%\tracing\ ішіндегі) сақталады. Журналдарды әкімші нұсқаулығына сәйкес қолмен кері жүктеу қажет. Журналдарды жинау түймешігі басылған кезде деректер қашық серверге автоматты түрде тасымалданбайды.

Контакт картасы

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Контакт картасы кәсіпорындағы басқа тұлғалар жайлы тұрақты және динамикалық деректерді жинап, оларды Outlook жаңа нұсқаларында Lync бағдарламасы көмегімен көрсетеді. Контакт картасы хат жіберу, қоңырау шалу, жедел хабар жіберу, жиналыс ұйымдастыру және басқа да әрекеттер үшін бір рет басу әрекетін ұсынады.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Контакт картасындағы тұрақты деректер кәсіпорын каталогынан (мысалы, Active Directory) жиналады да, басқалармен Lync сервері арқылы ортақ пайдаланылады. Телефон нөмірі, қатысу ақпараты сияқты динамикалық деректерді енгізіп, басқалармен Lync серверінде ортақ пайдалануға болады. Картада көрсетілетін күнтізбелік бос/бос емес деген ақпарат Microsoft Exchange серверінен алынады. Контакт картасында көрсетілетін орын жайлы ақпарат, сипатталғандай, "Орын" бөлімінен алынады. Ешқандай ақпарат Майкрософт корпорациясына жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Контакт картасы ақпараты оны басқалармен ортақ пайдалануға болатындай көрсетіледі.

Таңдау/Басқару: Сізде келесі басқару параметрлері бар:

Құпиялылық қатынастары: Белгілі контактілерді әр түрлі құпиялылық қатынастарға (Отбасы және Достар, Жұмыс тобы, Әріптестер, Сыртқы контактілер және Блокталған контактілер). Осылайша, контактілермен қай ақпарат ортақ пайдаланылатынын басқаруға болады. Құпиялылық қатынастарын келесідей орнатыңыз:

  1. Контактіні тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз.

  2. Құпиялылық қатынастарын өзгерту тармағын басыңыз.

  3. Ақпаратты ортақ пайдаланудың қажетті жолын таңдаңыз.

Күнтізбе ақпараты: Outlook параметрлерінен "бос/бос емес деген ақпаратты көру рұқсаттарын" басқара аласыз.

Орын: Орын мүмкідігі үшін Таңдау/Басқару бөлімін қараңыз.

Сұхбат тарихы

Бұл мүмкіндік не істейді: Lync Сұхбат тарихы Exchange серверінен пайдаланушы сұхбат тарихын алып, Lync Сұхбаттары қойындысында көрсетеді.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Егер Сұхбат тарихы журналы қосылған болса, жылдам хабар алмасу сұхбаттары мазмұны мен жыбыстық сұхбаттар статистикасы (мысалы, күні, уақыты, ұзақтығы және қоңырау шалушы ақпараты) Exchange тіркелшісінде сақталады. Егер Lync бағдарламасында сұхбат журналы сіз немесе кәсіпорын әкімшісі бекіткен саясат тарапынан өшірілген болса, бұл элементтер жиналмайды және көрсетілмейді. Майкрософт корпорациясына ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Lync бұл ақпаратты негізгі пайдаланушы интерфнйсінде Сұхбаттар қойындысында көрсету арқылы пайдаланушыларға бұрынғы сұхбаттарды көріп, жалғастыруға мүмкіндік жасайды.

Таңдау/Басқару: Жылдам хабар алмасау сұхбаттарының, қоңыраулардың немесе екеуінің де журналын жүргізуді өшіре аласыз. Параметрлерді келесідей өзгерте аласыз:

  1. Құралдар мәзірінде, Параметрлерді таңдаңыз.

  2. Жеке қойындысында, Outlook Сұхбаттар тарихы қалтасында жылдам хабарларды сақтау ұяшығына белгі қойыңыз немесе алып тастаңыз.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Сұхбат тарихын қосар болсаңыз, сізбен қарым-қатынастағы адамдарға жылдам хабарлар сақталатынын ескертіңіз.

Тұтынушы тәжірибесін жақсарту бағдарламасы

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Егер Тұтынушы тәжірибесін жақсарту бағдарламасына (ТТЖБ) қатысуды ұйғарсаңыз, бұл бағдарлама трендтер мен қолдану үлгісін анықтау үшін жабдық конфигурациясы және Майкрософт бағдарламалары мен қызметтерін қалай пайдаланатындығыңыз туралы негізгі ақпаратты жинайды. ТТЖБ, сондай-ақ, пайда болған қателер түрі мен санын, бағдарлама мен жабдықтардың көрсеткіштерін және қызметтер жылдамдығын жинақтайды. Майкрософт атыңызды, мекенжайыңызды немесе басқа байланыс ақпаратын жинамайды.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Мүмкіндік қосылған кезде ТТЖБ ақпараты автоматты түрде Майкрософт корпорациясына жіберіледі. ТТЖБ тарапынан жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат туралы толығырақ Майкрософт тұттынушы тәжірибесін жақсарту бағдарламасының құпиялылық мәлімдемесі құжатын қараңыз.

Ақпаратты пайдалану: Майкрософт бұл ақпаратты өз бағдарламалық жасақтамалары мен қызметтерінің сапасын, сенімділігін және көрсеткіштерін жақсарту мақсатында пайдаланады.

Таңдау/Басқару: Егер кәсіпорын әкімшісі қосуды таңдаған болмаса, ТТЖБ әдетте өшірулі болады. Сізге Lync орнатушысына тіркелу ұсынылады. Егер әкімші басқаруды өшірген болмаса, ТТЖБ параметрлерін кез келген уақытта келесідей өзгертуге болады:

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер түймешігін таңдаңыз.

  2. Жалпы қойындысында Майкрософт корпорациясының Lync пайдалануым туралы ақпарат жинауына рұқсат беру ұяшығана белгі қойыңыз немесе алып тастаңыз

  3. OK түймешігін басыңыз.

Ескерту :  Егер пайдаланушы әлі Lync қолданып жатқан кезде әкімші ТТЖБ қосу немесе өшіру үшін параметрді өзгертсе, жаңа параметр пайдаланушы Lync-тен шығып, қайта кіргенде ғана күшіне енеді.

Жұмыс үстелі/бағдарламаны ортақ пайдалану

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Жұмыс үстелі/бағдарламаны ортақ пайдалану компьютер экраны көрінісін немесе қолданылып жатқан бағдарламаны Lync сұхбатының басқа қатысушыларымен ортақ пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Ортақ пайдалану басталған кезде, нені пайдаланатыныңызға байланысты, сұхбаттың барлық қатысушылары мониторды (мониторларды), бүкіл жұмыс үстелін немесе компьютер экранындағы таңдалған бағдарламаны көре алады. Майкрософт корпорациясына ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Жұмыс үстелі/бағдарламаны ортақ пайдалануды сұхбатпен және қатысушылармен әрекеттесу үшін пайдалана аласыз.

Таңдау/Басқару:

Жаңа Lync сұхбатында жұмыс үстелін ортақ пайдалана бастау үшін:

  1. Контакт картасын көрсету үшін контактілер тізімінде контактінің суретіне немесе бар болу белгішесін көрсетіңіз.

  2. Осы адаммен әрекеттесу қосымша параметрлерін көру түймешігін басыңыз.

  3. Ортақ пайдалану мәзірінде Жұмыс үстелі түймешігін басыңыз.

Жүріп жатқан Lync сұхбаты кезінде Жұмыс үстелі/бағдарламаны ортақ пайдалануды бастау:

  1. Сұхбат терезесінде Ортақ пайдалану түймешігін басыңыз.

  2. Мәзірден Жұмыс үстелі түймешігін, (бірден көп болса) мониторды немесе бір не одан көп бағдарлама таңдау үшінБағдарлама түймешігін басыңыз.

Жұмыс үстелі/бағдарламаны ортақ пайдалануды тоқтату үшін:

  1. Экранның жоғарғы жағындағы ортақ пайдалану жолағынан Ортақ пайдалануды тоқтату түймешігін басыңыз.

Маңызды :  Жұмыс үстеліндегі ашық тұрған және сандық құқықтармен қорғалған құжаттар немесе суреттер жұмыс үстелі ортақ пайдаланылатын Lync сұхбатының қатысушыларына көрініп тұрады.

Жұмыс үстелі/бағдарламаны ортақ пайдалануды басқару

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Ортақ пайдалануды басқару басқа компьютерде Lync клиентін пайдаланып отырған адамға жұмыс үстелі немесе бағдарламаны басқаруға рұқсат беруге мүмкіндік жасайды.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Басқаға басқару рұқсатын берген кезде, сол адам компьютеріңізді немесе таңдалған бағдарламаны басқара алады және компьютерді тікелей қолданып отырғандай өз пернетақтасымен және тінтуірімен өзгерістер енгізе алады. Сіз және Lync сұхбатының басқа қатысушылары жасалып жатқан өзгерістерді көріп отырады. Майкрософт корпорациясына ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Ортақ пайдалануды басқару арқылы басқаға жұмыс үстеліңіз немесе бағдарламаларыңызды басқаруға рұқсат бересіз, ал сіз және басқа қатысушылар бақылап отырасыздар.

Таңдау/Басқару: Жұмыс үстелін басқаруды сұхбаттағы адаммен ортақ пайдалану үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Сұхбат терезесінде Ортақ пайдалану түймешігін басыңыз, сонан соң қалаған нәрсені ортақ пайдаланыңыз (мысалы, жұмыс үстелі).

  2. Экран үстіндегі ортақ пайдалану жолағындағы Басқару мүмкіндігін беру мәзірінен басқару мүмкіндігі берілетін адамды таңдаңыз.

Қашықтықтағы тараптың жұмыс үстелін басқаруын тоқтату үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Экран үстіндегі ортақ пайдалану жолағындағы Басқару мүмкіндігін беру мәзірін басыңыз.

  2. Басқаруды қайтып алу түймешігін басыңыз.

Жедел жәрдем қызметтері (911)

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Кәсіпорын әкімшісі рұқсат еткен жағдайда, жедел жәрдем қызметі нөмірі терілгенде (мысалы АҚШ-та 911) Жедел жәрдем қызметтері мүмкіндігі Lync бағдарламасына орныңыз туралы ақпаратты жедел жәрдем жауапшыларына жіберуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын әкімшісі төтенше қоңырауларға шектеу қойған болуы мүмкін, сондықтан төтенше қоңыраулардың шегі туралы әкімшімен тексеріңіз. Қосылған кезде, жедел жәрдем қызметіне әкімші тағайындаған және орын деректер базасына енгізген орын (мысалы, кеңсе нөмірі) немесе, ондай орын қол жетімсіз болса, Орын өрісіне қолмен енгізілген орын ақпараты жіберіледі. Жұмыс орнында сымсыз интернет байланысы арқылы Lync бағдарламасы пайдаланылып жатқан кезде жедел жәрдем нөмірін терсеңіз, жедел жәрдем қызметіне тек шамалас орын ақпараты жіберіледі, себебі ол компьютеріңіз байланысқан сымсыз байланыстың соңғы нүктесі болады. Сол сымсыз байланыстың соңғы нүктесінің орнын кәсіпорын әкімшісі қолмен енгізеді, сондықтан жедел жәрдем қызметіне нақты орныңыз жіберілмейді. Толық функционалды болу үшін бұл қызмет кәсіпорынның сертификатталған шешім берушілердің бағыттау қызметін сақтауын талап етеді. Ол қызмет тек АҚШ-та қол жетімді.

Жинақталатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Lync бағдарламасында алынған орын ақпараты Орын ақпараты серверінде жасалған автоматты орын ақпараты немесе Орын өрісіне қолмен енгізілген орын ақпаратымен белгіленеді. Бұл ақпарат компьютер жадында сақталады. Осылайша, жедел жәрдем қызметтері нөмірі енгізілгенде орын ақпараты тиісті жедел жәрдем қазметтерін жеткізушіге бағытталуы және шамалас орныңыз көрсетілуі үшін қоңыраумен бірге тасымалданады. Орын ақпараты жергілікті қауіпсіздік тақтасына жылдам хабар арқылы жіберілуі де мүмкін. Жіділ жәрдем қоңыраулары үшін қоңырау мәліметтері жазбасы орын ақпаратын да қамтиды. Майкрософт корпорациясына ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Орын ақпараты қоңырауды тиісті жіділ жәрдем қызметін жеткізушіге бағыттау және жедел жәрдем жауапшыларын жіберу үшін пайдаланылады. Бұл ақпарат кәсіпорынның қауіпсіздік тақтасына қоңырау шалушының орны және қайта қоңырау шалу ақпаратымен бірге жіберіле алады.

Таңдау/Басқару:

Бұл мүмкіндік әдепкіде өшірулі болады және кәсіпорын әкімшісі тарапынан қосылу керек. Мүмкіндіктің қол жетімділігі туралы кәсіпорын әкімшісінен анықтаңыз. Жедел жәрдемге қоңырау шалынғанда орын ақпаратының автоматты түрде алынуын немесе жедел жәрдем диспетчерлеріне тасымалдануын басқара алмайсыз.

Алайда, орын ақпараты автоматты түрде алынбаса, хабарландыру арқылы орын ақпаратын қолмен енгізу мүмкіндігін аласыз. Хабарландыруды елемеуге болады, бірақ саясатқа сай орын ақпаратын қолмен енгізбеуіңізді мойындауды талап етуі мүмкін.

Орын

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Орын және уақыт зонасы ақпараты басқалармен бар болу функциясы арқылы есептеліп, ортақ пайдаланылады. Сондай-ақ, Жедел жәрдем қызметтері бөлімінде сипаталғандай, орын ақпараты жедел жәрдем үшін пайдаланылуы мүмкін. Егер құпиялылық режимін қоссаңыз (Құпиялылық режимі бөлімінде айтылғандай), орын ақпараты Құпиялылық режимі бөлімінде сипатталғандай ортақ пайдаланылады.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Географиялық орын ақпараты екі механизмнің біреуі тарапынан жиналады: деректерді қолмен енгізу немесе кәсіпорынның Орын ақпараты сервері Lync бағдарламасына орын ақпаратын береді. Сонымен қатар, уақыт зонасы компьютердегі Windows операциялық жүйесінен алынады. Орын ақпараты «сипаттама» жолынан және пішімделген мекенжай ақпаратынан тұрады. Сипаттама – басқаларға орныңыз (мысалы, «Үй» немесе «Жұмыс») туралы хабарлайтын жол, ал пішімделген мекенжай орныңызды көрсететін ресми мекенжай (мысалы, «5678 Main St, Buffalo, NY, 98052»). Майкрософт корпорациясына ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Орын сипаттамасы және уақыт зонасы деректері құпиялылық конфигурациясы негізінде Lync бағдарламасында бар болу арқылы ортақ пайдаланылады. Бұл ақпарат пайдаланушының контакт картасында көрсетіледі. Пішімделген мекенжай, немесе ресми мекенжай, бар болу арқылы ортақ пайдаланылмайтындығын ескеріңіз.

Таңдау/Басқару:

Егер кәсіпорын әкімшілігі орынды ортақ пайдалануды қосқан болса және орынды пайдалану интерфейсін көре алатындай конфигурация орнатқан болса, Орын өрісін және Lync негізгі терезесінің үстіндегі мәзірді пайдаланып келесі басқару элементтерін аласыз:

  1. Орынды орнату: Бар болу арқылы ортақ пайдаланылатын мәтін жолын (орын сипаттамасы) қолмен өзгерте аласыз.

  2. Контактілерге орнымды көрсету: Орын деретерінің бар болу арқылы орақ пайдаланылуын басқаратын қосу/өшіру қосқышы. Бұл жедел жәрдем қызметтері үшін орынды ортақ пайдалануға әсер етпейді.

Жиналыс тіркемелері

Бұл мүмкіндік қызметі: файлдарды тіркеме ретінде кері жүктеу арқылы оларды жиналыс қатысушыларымен ортақ пайдалануға болады.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: тіркемелер жиналыс мазмұнының кәсіпорын әкімшісі анықтаған жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін Lync серверінде сақталады. Тіркемелерді кері жүктеуге болады. Тіркемені жиналыстың кез келген қатысушысы кері жүктей алады. Ешқандай ақпарат Майкрософт корпорациясына жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: жүктелген "Жиналыс тіркемелерінде" сақталатын ақпаратты Lync жиналысының қатысушылары ортақ пайдаланады.

Таңдау/Басқару: Баяндамашылар тіркемелердің қол жетімділігін жиналыс қатысушысының рөліне қарай шектей алады (ұйымдастырушылар, баяндаушылар, басқалар). Егер тіркеме қол жетімді болмаса, ол тіркемелер тізімінен көрсетілмейді.

Жиналыс нөмірін теру

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Жиналыс нөмірін теру қызметі жиналысқа қатысатын Lync пайдаланушыларына жалпы қосылған телефон желісі (PSTN) нөмірін бұрыннан бар аудио/бейне (AV) конференциясына қосу мүмкіндігін береді.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: AV конференциясына шақырылған PSTN пайдаланушы қоңырау қабылдаған кезде, конференцияға шақырған тараптың идентификаторын емес, конференция ұйымдастырушысының идентификаторын қабылдайды. Қоңырауға жауап берген сәттен бастап PSTN пайдаланушысы конференцияға қосылады.

Ақпаратты пайдалану: Конференция ұйымдастырушысының қоңырау шалушы идентификаторы шақырылып отырған PSTN пайдаланушысына көрсетіледі.

Таңдау/Басқару: Бұл мүмкіндікті басқаратын пайдаланушы/әкімші жоқ. Пайдаланушының AV конференциясына қосылуы жайлы алдын ала хабарлап, оның қалауын білу үшін PSTN пайдаланушысын коференцияға қоспас бұрын оған қоңырау шалуға, хат жазуға немесе жедел хабар жіберуге болады. PSTN пайдаланушысы қоңырауды қабылдамауы да мүмкін.

Lync 2010 басқарылатын API

Бұл мүмкіндіктің қызметі: The Lync 2010 басқарылатын API мүмкіндігі үшінші тарап бағдарламаларына Lync пайдаланушысының тәжірибесін арттыратындай етіп Lync клиентіне қатынасу және әрекеттесу мүмкіндігін береді. Үшінші тарап бағдарламалары қатарына Майкрософт корпорациясының қосымша өнімдері (мысалы Outlook немесе Microsoft Office басқа да қолданбалары) кіреді.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Lync басқарылатын API арқылы үшінші тарап бағдарламасына қол жетімді етілген ақпарат Lync интерфейсіндегі кез келген қол жетімді ақпартты қамтиды. Ол ақпарат пайдаланушының орны, телефон нөмірлері, қызмет лауазымы, контакт тізімі (телефон нөмірлері мен деректерді қоса), жеке ескертпелер, белсенділік күйі және ағымдағы сұхбаттар мен олардың мазмұнын қамтуы мүмкін.

Ақпаратты пайдалану: Lync басқарылатын API пайдаланатын бағдарламалар түпкі пайдаланушыға толық не жақсартылған функцияларды қол жетімді ету үшін Lync сеанстарындағы ақпаратты қолданады. Дегенмен, ол ақпаратты пайдаланудың құпиялық деңгейі аталмыш үшінші тарап ақпаратты пайдалану құпиялылық саясаты арқылы анықталады.

Таңдау/Басқару:

Lync басқарылатын API пайдаланатын үшінші тарап бағдарламалары үш санатқа бөлінеді: жұмыс үстелі (яғни, жергілікті орнатылатын) бағдарламалары; веб-серверге байланысқан бағдарламалар; және Lync кеңейту бағдарламалары (Lync сұхбаты терезесі пайдаланушы интерфейсіне ендірілген бағдарламалар). Үшінші тарап бағдарламаларының ақпаратқа қатынасуын басқару әр сценарий үшін төмендегідей ерекшеленеді:

Жұмыс үстелі (яғни, жергілікті орнатылатын) бағдарламалары: жұмыс үстелі бағдарламалары пайдаланушы немесе әкімші тарапынан орнатылады және Lync басқарылатын API арқылы әрқашан пайдаланушы ақпаратына қатынаса алады. Сондықтан, сенімділігі күмәнді бағдарламаларды орнатудан сақ болған жөн.

Веб-серверге байланысқан бағдарламалар: интернет немесе интранет серверіне байланысқан бағдарламалар да Lync басқарылатын API арқылы әрқашан пайдаланушы ақпаратына қатынаса алады. Сенімсіз бағдарламалардың ақпаратқа қол жеткізуінің алдын алу үшін, ол бағдарлама жергілікті компьютер әкімшісі тарапынан Internet Explorer сенімді сайттары тізіміне қосылған домен/URL арқылы басқарылуына көз жеткізу керек.

Lync кеңейту бағдарламалары: Lync тәжірибесін кеңейту мақсатында Lync әзірлеушілері Lync сұхбат терезесіне бағдарлама ендіре алады. Бұл бағдарлама да Lync басқарылатын API арқылы әрқашан Lync ақпаратына қатынаса алады. Бұл жағдайда, кеңейту бағдарламасы жергілікті компьютер әкімшісі тарапынан Lync клиентінде тіркелген болуы керек. Тіркеу әрекеті бағдарламаның Lync басқарылатын API қатынасуына кепілдік береді.

Орын атауын арнайы бақылау: Қауіпсіздік резервтік шарасы ретінде, жүйелік әкімші пайдаланушыға үшінші тарап бағдарламасының Lync ішіндегі "Орын атауы" өрісіне қатынысуына рұқсат беру мүмкіндін құлыптауы немесе рұқсат беруі мүмкін. Әдепкі бойынша, үшінші тарап бағдарламасы үшін орын қол жетімді. Ол параметрлерді төмендегіше басқаруға болады:

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер дегенді басыңыз.

  2. Жеке қойындысынан Жеке ақпарат диспетчері тармағына өтіңіз.

  3. Құсбелгі ұяшықтарын қажетінше өзгертіңіз.

  4. OK түймешігін басыңыз.

Outlook бағдарламасына арналған онлайн жиналыс қондырмасы

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Бұл Outlook бағдарламасына арналған қондырғы, ол Lync-пен орнатылады және пайдаланушыларға онлайндық конференцияларды жоспарлау және реттеу мүмкіндігін береді.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Төменде көрсетілген ақпарат компьютерде сақталады.Ешқандай ақпарат Майкрософт корпорациясына жіберілмейді.

  • Ұйымдастырушы аты

  • Қатысушылар аттары

  • Баяндаушылар аттары

  • Электрондық пошта мекенжайлары тізімі

  • Конференция тақырыбы мен ол жайлы ақпарат (мысалы, басталу/аяқталу уақыты, конференция ID, құпия код және конференцияның авто қатысушысы/аудио конференция провайдері жайлы ақпарат)

  • Microsoft Exchange пайдаланушыларына қатысты барлық прокси мекенжайлары (X400-X500 мекенжайлары, Exchange Unified Messaging (UM) мекенжайлары, SIP және телефон/Exchange UM дыбыстық хабар URI мекенжайлары)

  • Конференция орны жайлы ақпарат

Ақпаратты пайдалану:

Жоғарыда келтірілген ақпарат тек жиналыстарды жоспарлау және тиісті журнал жүргізу мақсатында пайдаланылады (клиенттік журнал жүргізу бөлімінде сипатталғандай). Жоспарлау үшін ақпарат жадыда өңделеді және жылдам қатынасу үшін жергілікті компьютер реестрінде сақталады.

Ескерту :  Ақпарат Lync басқарылатын API және Lync серверімен ортақ пайдаланылады.

Таңдау/Басқару:

Журнал жүргізу әдепкі бойынша өшірілген. Егер кәсіпорын әкімшісі журнал жүргізуге рұқсат берсе, журнал жүргізу функциясын Параметрлер -> Журнал жүргзу бөлімі арқылы қосуға не өшіруге болады.

Тең рангалық файлдарды тасымалдау

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Lync пайдаланушылары жедел хабар сұхбаттары (конференция емес) арқылы файлдарды екі жақты алмаса алады.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Файл Lync клиенттері арасында тікелей тасымалданады. Пайдаланушылар файл тасымалын бастап, тасымалдауға қажеті файлды таңдайды. Файлды алушы оны қабылдау үшін анық келісім беруі керек. Ешқандай ақпарат Майкрософт корпорациясына жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: тең рангалық файлдарды тасымалдау қызметі пайдаланушыларға жедел хабар сұхбаттары барысында нақты уақытта файлдармен алмасу мүмкіндігін береді.

Таңдау/Басқару:

Кәсіпорын әкімшісі барлық пайдаланушылар үшін қосып/ажыратып қоюы мүмкін. Басқа пайдаланушының файлды тасымалдау ұсынысын қабылдауға не бас тартуға болады.

Жеке сурет

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Жеке сурет кәсіпорын қызметкерлерінің суреттерін көрсетеді.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Жеке суретті ортақ пайдалану қалауы суреттің веб-мекенжайын қоса алғанда оны көрсету және ортақ пайдалану ақпаратын жинақтайды. Ешқандай ақпарат Майкрософт корпорациясына жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Бұл ақпарат тәжірибені реттеп, суретті басқалармен ортақ пайдалану үшін қолданылады.

Таңдау/Басқару:

Кәсіпорын әкімшісі мыналарды басқарады:

  • Пайдаланушылардың әдепкі бойынша суретті ортақ пайдалану/пайдаланбауын басқарады. Мұны өзгертуге болады.

  • Кез келген пайдаланушы жүктейтін суреттің максималды өлшемін басқарады.

  • Рұқсат етілген сурет түрлерін басқарады.

Пайдаланушы жеке сурет қалауларын басқарады:

  • Контактілер суреттерін көрсету: Lync бағдарламасында суреттердің көрсетілуін басқарады.

  • Менің суретімді көрсетпеу: профильді қарайтын пайдаланушыларға суретті көрсету немесе көрсетпеу қажеттігін анықтайды. Егер контактілерге бұл мән көрсетілмесе, олар әкімші әдепкі параметріне қайтарылады (жоғарыдан қараңы).

  • Әдепкі корпоративтік сурет: Егер кәсіпорын Active Directory суретін өңдеу механизмін ұсынса, Active Directory каталогындағы суретті өзгертуге болады, өзгерістер Lync бағдарламасында 48 сағат ішінде пайда болады. Сондай-ақ, Lync Microsoft SharePoint MySite профиліне байланысқан, сондықтан ондағы суреттің өзгеруі Active Directory каталогына ықпал етуі мүмкін, ол әкімші конфигурациясына байланысты орын алады.

Қатысу және контакт ақпараты

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Қатысу және контакт ақпараты басқа пайдаланушылар (ұйым ішіндегі және одан тыс) жайлы жарияланған ақпаратқа қатынасу мүмкіндігін береді және керісінше, өзіңіз жайлы жарияланған ақпаратты басқа пайдаланушылардың көруіне мүмкіндік береді. Ол ақпарат күй, лауазым, телефон нөмірі, орын және жазбаларды қамтиды. Оған қоса әкімші кеңседен тыс хабарларды және басқа да күй ақпаратын (мысалы, Outlook кестесінде жиналыс жоспарланғаны жайлы) жіберуге болатындай етіп Outlook және Exchange бағдарламаларымен әрекеттесуді реттеуі мүмкін.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Lync серверіне байланысу үшін тіркелгі мен құпия сөз қолданылады. Әкімші тіркелгімен байланысты болатын қатысу күйі және контакт ақпаратын жариялауы мүмкін. Ешқандай ақпарат Майкрософт корпорациясына жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Басқа Lync пайдаланушылары мен бағдарламалар жарияланған күйді анықтап, байланысты жақсарту үшін қатысу және контакт ақпаратына қатынаса алады.

Таңдау/Басқару: Өзіңіз жайлы жарияланатын ақпаратты таңдауға болады. Сондай-ақ әкімші де сіздің атыңыздан жарияланатын ақпаратты реттей алады. Егер әкімші жарияланатын ақпаратты басқару мүмкіндігін шектемеген болса, параметрлерді кез келген уақытта төмендегіше өзгертуге болады:

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер дегенді таңдаңыз.

  2. Жеке қойындысындағы Менің тіркелгім астына тіркелгіні енгізіңіз. Қосымша түймешігін пайдаланып, байланысуға тиіс сервер атын енгізуге болады.

  3. Телефон нөмірлері қойындысынан әкімші жариялаған телефон нөмірлерін көруге болады. Оған қоса, қосымша нөмірлер енгізіп, басқа пайдаланушыларға жарияланатынын таңдауға болады.

  4. Егер әкімші Құпиялылық режимін іске қосқан болса, контакт тізіміндегі контактілермен ортақ пайдаланылатын ақпаратты Күй қойындысында қажетті таңдау жасау арқылы өзгертуге болады.

  5. OK түймешігін басыңыз.

Қатысу деңгейі мен ақпаратына байланысты әрбір пайдаланушыға көрсетілетін деректерді анықтау арқылы құпиялылық қатынастарын орнатуға болады. Ол үшін:

  1. Контактіні оң жақ түймешікпен басыңыз.

  2. Құпиялылық қатынасын өзгерту дегенді басыңыз.

  3. Пайдаланушы үшін қажетті қатынасу деңейін басыңыз.

Дауыс беру

Бұл мүмкіндік қызметі: Lync пайдаланушылар дауыс бере алады және онлайндық сұхбаттар мен конференциялар кезінде қол қоймай дауыс бере алады.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Жеке дауыс беруші аты-жөні көрсетілмейді. Жинақталған дауыс беру нәтижелері баяндаушыларға көрінеді және олар қатысушыларға көрсете алады. Дауыстар әкімші анықтаған конференция мазмұнының сақтау мерзімі аяқталғанша Lync серверінде сақталады. Майкрософт корпорациясына ешқандай ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Дауыс беру мүмкіндігі көмегімен баяндаушылар қатысушы қалауларын жылдам анықтай алады.

Таңдау/Басқару:

  • Баяндаушылар дауыс беру қатысушыларға көрсетілмей тұрған кезде дауыс беру мүмкіндігін қатысушы рөлдеріне қарай шектей алады (ұйымдастырушы, баяндаушы, барлығы). Егер дауыс беру қол жетімді болмаса, ол ортақ пайдалану кезінен басқа уақытта мазмұн тізімінен көрінбейді және оны компьютерге сақтау мүмкін емес.

  • Баяндаушылар кез келген уақытта дауыс беруді жаба алады немесе нәтижелерін жоя алады.

PowerPoint бағдарламасында бірігіп жұмыс істеу

Бұл мүмкіндік қызметі: Lync пайдаланушыларында онлайндық сұхбат не конференция барысында PowerPoint көрсетілімдерін көру, көрсету және пікір қалдыру мүмкіндігі бар.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат:

Сіздің PowerPoint көрсетілімін жүктеу, шарлау, немесе оған пікір қалдыру сияқты әрекеттеріңіз барлық пайдаланушыларға көрінеді. Көрсетілген әрбір көрсетілім барлық қатысушыларға тасымалданады және олар көрсетілімге тікелей өз комьютерлерінен қатынаса алады. Файл иесі немесе баяндаушы басқаларға файлды сақтауға шектеу қоя алады, дегенмен пайдаланушылар файлды қабылдайды және көре алады.

PowerPoint файлдары әкімші анықтаған конференция мазмұнының сақтау мерзімі аяқталғанша Lync серверінде сақталады. Майкрософт корпорациясына ешқандай ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: PowerPoint көрсетілімдерімен бөлісу қатысушыларға әсерлі көрсетілімдер ұсынып, пікір ауысу мүмкіндігін береді.

Таңдау/Басқару:

  • Баяндаушылар пікір қалдыру мүмкіндігін қатысушы рөлдеріне қарай (ұйымдастырушы, баяндаушы, барлығы), төмендегіше шектей алады:

    1. Ақпарат және конференция опцияларына қосылу диалогтық терезесінен Конференция параметрлері дегенді таңдаңыз.

    2. Басымдықтар астындағы Аңғартпа басымдықтары ішінен ашылмалы тізімнен қажетті опцияны таңдаңыз.

    3. OK түймешігін басыңыз.

  • Баяндаушылар ұсынылмаған слайдтарды көруді төмендегіше шектей алады:

    1. Ақпарат және конференция опцияларына қосылу диалогтық терезесінен Конференция параметрлері дегенді таңдаңыз.

    2. Басымдықтар астындағы Жеке көрініс ішіндегі ашылмалы тізімнен қажетті опцияны таңдаңыз.

    3. OK түймешігін басыңыз.

Ескерту :  Дабылды таңдап, онда мәтін енгізіңіз. Сондай-ақ, AlertPosition сипатын орнатуға болады.

Ескертпе: Бұл басымдықты қатысушы рөлдеріне қарай (тек баяндаушылар, барлығы, ешкім) орнатуға болады.

  • Баяндаушылар көрсетілім ортақ пайдаланылмай жатқан кезде PowerPoint көрсетілімін қатысушы рөлдеріне қарай (ұйымдастырушы, баяндаушы, барлығы) шектей алады.Егер PowerPoint қол жетімді болмаса, ол ортақ пайдалану кезінен басқа уақытта мазмұн тізімінен көрінбейді және оны компьютерге сақтау мүмкін емес.

Құпиялылық режимі

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Құпиялылық режимі дегеніміз күй ақпаратын (желіде, бос емес, мазаламаңыз, т.б.) тек контакт тізіміндегі тұлғаларға ғана көрсету мүмкіндігін беретін параметр.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Құпиялылық режимін іске іске қосу арқылы Lync бар болу режимін тек контакт тізіміндегі тұлғаларға ғана көрсету мүмкіндігін беретін параметрді қосады. Майкрософт корпорациясына ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: бұл режимдің параметрлері бар болу деректерінің ортақ пайдалану режимін анықтайды.

Таңдау/Басқару:

  • Құпиялылық режимі серверде іске қосылған кезде, әкімшілік параметрлерінен бар болу режимін барлығына көрсету керек пе (стандартты режим) әлде тек тізімдегі контактілерге көрсету керек пе (құпиялылық режимі) екендігін таңдауға болады, ол үшін Күй қойындысының Параметрлер диалогтық терезесін пайдалану керек.

  • Егер әкімші параметрлері арқылы серверде Стандартты режим қосылған болса, Құпиялылық режиміне ауыса алмайсыз. Алайда, Құпиялылық режимінен "алдын-ала бас тартсаңыз", кейінірек әкімші Құпиялылық режиміне ауысқанда, Lync бағдарламасына кіруіңізге қатысты сіз ауыспайсыз.

Жазу

Бұл мүмкіндіктің қызметі:

Бұл мүмкіндік баяндамашыларға Lync сеансының барлық аспектілерін, соның ішінде кездесуге қатысушылар, дыбыс, бейне және жылдам хабар алмасу сұхбаттары, бағдарламаны ортақ пайдалану, PowerPoint көрсетілімдері, сұраулар, баспасөз беттері және ақ тақталарды жазуға мүмкіндік жасайды.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат:

Егер баяндамашылар жазуды таңдаса, жазбалары компьютерлеріне сақталады. Жазбадан алынған қосымша бейне файлдар әдепкіде баяндаушының жергілікті компьютеріне сақталады, бірақ жазып жатқан баяндаушы тарапынан белгіленер болса, басқа компьютерге сақтауға да болады. Пайдаланушылар кездесуге мазмұн жүктеген кезде, сол немесе басқа пайдаланушылар жасайтын жазбаларға сол мазмұнды қосуға рұқсат беріледі.

Жазбаның жариялануы кезінде ақаулар пайда болса, жазылу тоқтатылып тұрған кезде байқаусызда жазбаға қосылып кетуі мүмкін. Жариялау кезеңінің қандай да бір бөлігі сәтсіздікке ұшыраса ("Ескерту..." күйі туралы Жазуды басқаруды қараңыз), жазбалар басқаларға таратылмауы керек, тіпті бір жолмен қайта ойнатылатын болса да.

Ақпаратты пайдалану:

Жазба сақталған орынға қатынай алатын кез келген адам оны ойната алады.

Таңдау/Басқару:

Әдепкіде, жазу мүмкіндігі өшірулі болады және оны кәсіпорын әкімшісі қосу керек. Егер бұл мүмкіндік кездесулер үшін қосылған болса, кездесудегі кез келген баяндамашы жазуды бастай алады. Баяндамашы жазуды қосқан кезде, үйлесімді клиенттері мен құрылғылары бар қатысушыларға жазылу басталғандығы туралы хабарландыру таратылады. Жазылған сеанстың үйлесімді клиенттері немесе құрылғысы жоқ қатысушылары да жазылады бірақ хабарландыру алмайды.

Үйлесімді емес клиенттерге мыналар жатады:

  • Microsoft Office Communicator 2007 R2

  • Microsoft Office Communicator 2007

  • Microsoft Office Communicator Web Access (2007 R2 шығарылымы)

  • Microsoft Office Communicator Web Access (2007 шығарылымы)

  • Microsoft Office Communications Server 2007 R2 Attendant

Үйлесімді емес құрылғыларға мыналар жатады:

  • Microsoft Office Communicator 2007 R2 Phone Edition

  • Microsoft Office Communicator 2007 Phone Edition

Сонымен қатар, қолданылып жатқан клиентке немесе құрылғыға қарамастан, кездесу немесе сұхбат кезінде бейнені толық экран режимінде көріп отырған қатысушы сұхбат терезесіне қайта оралмайынша жазу басталғандығы туралы белгі алмайды.

Тәжірибе іздеу

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Бұл мүмкіндік Microsoft SharePoint қызметіндегі сипаттардың (мысалы, аты, электрондық поштасы, тәжірибесі, мамандық саласы, т.б.) кез келгені бойынша кәсіпорындағы адамдарды іздеуге мүмкіндік жасайды. Бұл мүмкіндік тек қана кәсіпорын әкімшісі SharePoint орналастырып, Lync және SharePoint біріктірген кезде қол жетімді.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Lync бағдарламасына енгізілген іздеу сұрауы кәсіпорынның SharePoint серверіне жіберіледі. SharePoint жауабы Lync тарапынан өңделіп, іздеу нәтижелері мен қатысты ақпарат көрсетіледі. Майкрософт корпорациясына ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Пайдаланушы енгізген ақпарат іздеу нәтижелерін алу үшін SharePoint серверіне жіберіліп, Lync бағдарламасында көрсетіледі.

Таңдау/Басқару:

Бұл мүмкіндік Lync сервері әкімшілері тарапынан қосылады және өшіріледі.

Бірегей контактілерді сақтау

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Бірегей контактілерді сақтау үш негізгі мүмкіндіктен тұрады:

  • Іздеуді біріктіру – Бұл мүмкіндік Глобалдық мекенжайлар кітабын (ГМК) жеке Outlook контактілерімен біріктіреді. Солайша, контактіні іздеген кезде нәтижелерде тек бір жазба пайда болады.

  • Контактілерді біріктіру – Бұл мүмкіндік Outlook және ГМК жазбаларындағы сәйкес келетін электрондық пошта және/немесе кіру идентификаторларын біріктіреді. Сәйкестік белгіленген кезде, Lync бағдарламасы үш деректер көзінен (Outlook, ГМК және бар болу) деректерді біріктіреді. Біріктірілген деректер іздеу нәтижелері, Контактілер тізімі және контакт картасы секілді пайдаланушы интерфейсінің компоненттерінде көрсетіледі.

  • Lync контактілері үшін Outlook контактілерін жасау (контактлерді синхрондау) – Егер пайдаланушыда Microsoft Exchange Server 2010 немесе пошта жәшігінің жаңа нұсқасы бар болса, Lync бағдарламасы әдепкі контактілер қалтасында пайдаланушының барлық контактілері үшін Outlook контактілерін жасайды. Әрбір Lync контактісі үшін Outlook контактісін жасау арқылы пайдаланушы Lync контактісі ақпаратына Outlook, Outlook Web Access және Exchange бағдарламасымен контактілерді синхрондайтын ұялы құрылғы арқылы қатынай алады.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Lync бағдарламасы контактілерді бар болу, Active Directory және Outlook контактілерінің ақпараттарын біріктіреді. Бұл ақпарат Lync ішінде пайдаланылады. Outlook контактілерін жасауда, Lync бар болу, Active Directory және Outlook контакт ақпаратын Exchange бағдарламасына жазады. Майкрософт корпорациясына ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Бар болу, Active Directory және Outlook контактілері бағдарламасы Lync пайдаланушы интерфейсінде (Контактілер тізімі, контакт картасы, іздеу нәтижелері, және т.б.) көрсетіледі. Бұл ақпарат контактілерді синхрондау арқылы (жоғарыдағы тізімдегі үшінші элемент) Exchange бағдарламасына жазылуы мүмкін.

Таңдау/Басқару:

Контактіні синхрондауды келесідей қосуға немесе өшіруге болады:

  1. Құралдар мәзірінде Параметрлер түймешігін басыңыз.

  2. Жеке қойындысында Жеке ақпаратты басқару тармағында ұяшықтарды тиісінше өзгертіңіз.

  3. OK түймешігін басыңыз.

Пайдаланушы опциясы – Microsoft Exchange немесе Microsoft Outlook пайдаланушы опциясы Жеке ақпаратты басқару тармағында, Lync - Параметрлер диалогтық терезесінде қол жетімді.

Дыбыс сапасын жақсарту

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Қоңырау кезінде құрылғы, желі немесе компьютер ақаулары анықталған жағдайда Lync қоңырау сапасын жақсарту үшін хабарландырулар жібереді.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Егер құрылғы параметрлері қоңырауға нашар дыбыстар қосатын болса (мысалы, жаңғырық немесе шу), Lync сізге және қоңыраудағы басқа адамдарға қоңырау сапасы сіз жақтағы құрылғы параметрі себебінен төмендетілгенін хабарлайды. Басқалар тек дыбыс сапасы нашар құрылғы қолданып жатқаныңызды біледі. Қай құрылғыны қолданатыныңызды білмейді. Майкрософтқа ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Басқаларға жіберілетін ақпарат қоңырау сапасын жақсарту мүмкіндігін алады. Мсыалы, сіз жай ғана тыңдаушы болсаңыз баяндаушылар сіздің желіңіздің дыбысын өшіре алады.

Таңдау/Басқару: Lync сапа туралы хабарландыруларды өшіруге рұқсат бермейді.

Тақтада бірігіп жұмыс істеу

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Бұл мүмкіндік виртуалды тақталарды Lync арқылы ортақ пайдаланып, кездесулер мен сұхбаттар кезінде оларға түсініктеме беруге мүмкіндік жасайды.

Жиналатын, өңделетін немесе тасымалданатын ақпарат: Тақтада жасалған түсініктемелер барлық қатысушыларға көрсетіледі. Тақталар кездесу мазмұны мерзімінің аяқталу саясатына сай Lync серверінде сақталады. Майкрософт корпорациясына ақпарат жіберілмейді.

Ақпаратты пайдалану: Тақта мүмкіндігі кездесу қатысушыларына пікір алмасу, ой шабуылын жасау, белгі жасап отыру, т.б. әрекеттерге мүмкіндік жасай отырып бірігіп жұмыс істеуді жақсартады.

Таңдау/Басқару:

Қатысушылардың барлығына тақта көрсетілмейтіндей етіп баяндаушылар тақта қол жетімділігін қатысушы рөліне қарай (ұйымдастырушы, баяндаушылар, барлығы) шектей алады. Егер тақта пайдаланушыға қол жетімді болмаса, ол оны мазмұндар тізімінде көре алмайды және өз компьютеріне сақтай алмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×