Microsoft Lync өнімдеріне арналған Құпиялылық туралы мәлімдеме

Соңғы жаңартылған мерзімі: мамыр, 2012 ж.

Нақты бір Microsoft Lync өніміне қатысты деректерді жинау және пайдалану ережелерін түсіну үшін осы Құпиялылық туралы мәлімдемені және кез келген қолданылатын қосымшаны оқып шығу қажет.

Жалпы мәліметтер

Microsoft корпорациясы жеке компьютерге қажетті өнімділік, күш пен ыңғайлылықты ұсынатын бағдарламаны жеткізуде сіздің құпиялылығыңызды сақтауға міндеттенеді. Бұл құпиялылық туралы мәлімдеме осы құжаттың Қосымшалар бөлімінде берілген Майкрософт өнімдеріне қатысты көптеген деректерді жинау пайдалану ережелерін түсіндіреді. Онда интернетпен байланысты мүмкіндіктерге көп көңіл бөлінеді. Ол басқа онлайндық немесе офлайндық Microsoft сайттарына, өнімдеріне немесе қызметтеріне қолданылмайды.

Қосымшалар — 2010 өнім шығарылымдары

Ақпарат жинау және пайдалану

Сізден алынатын ақпаратты Microsoft корпорациясы және оның филиалдары мен бөлімшелері сіз пайдаланатын функцияларды іске қосу үшін және қызметті (қызметтерді) қамтамасыз ету үшін немесе сұралған немесе рұқсат етілген операцияны (операцияларды) орындау үшін пайдаланады. Сонымен қатар, ол Microsoft өнімдері мен қызметтерін талдау және жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін.

Сәлемдесу хаттары, есеп беруді еске салу, техникалық қызмет ақаулары жөнінде ақпарат пен қауіпсіздік хабарландырулары сияқты кейбір міндетті қызмет байланыстарын жібере аламыз. Кейбір Microsoft қызметтері қызметтің бір бөлігі ретінде саналатын тұрақты мүшесінің хаттарын жібереді. Кей кезде пікіріңізді сұрауымыз мүмкін, сұрақ-жауапқа қатысуға шақыруымыз мүмкін немесе Microsoft корпорациясы мен оның бөлімдерінде қол жетімді болатын басқа өнімдер немесе қызметтер жөнінде ақпаратты сізге хабарлау үшін жарнамалар жіберуі мүмкін.

Сізге жүйелі және жекешеленген тәжірибені Microsoft корпарациясымен байланысуда ұсыну үшін Майкрософт корпорациясының бір қызметі арқылы жиналған ақпарат Майкрософт корпорациясының басқа қызметтерінен жиналған ақпаратпен бірігуі мүмкін. Жинаған ақпаратты басқа ұйымдардан алынған ақпаратпен толтыра да аламыз. Мысалы, сіздің географиялық аймағыңызға кейбір қызметтерді реттеу үшін, IP мекенжайыңызға негізделген жалпы географиялық аймақты алуға мүмкіндік беретін басқа компаниялардың қызметтерін пайдалана аламыз.

Бұл мәлімдемеде сипатталғаннан бөлек, ұсынылған ақпарат сіздің келісімінсіз үшінші жаққа жіберілмейді. Кей кездері басқа компанияларды өнімдер мен қызметтер туралы тұтынушының сұрақтарына жауап беру немесе қызметтеріміздің статистикалық талдауын орындау сияқты шектеулі қызметтерді өзіміздің атымыздан ұсыну үшін жалдаймыз. Біз бұл компанияларға тек оларға қызметті жеткізу үшін қажетті жеке ақпаратты ұсынамыз және оларға бұл ақпаратты басқа кез келген мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.

Microsoft корпорациясы сіздің байланыстарыңыздың мазмұнымен қоса, ақпаратыңызға үш жағдайда: (а) заңға сәйкес келу үшін немесе заңды сұрауларға немесе сот ісіне жауап беру үшін; (ә) қызметтерді пайдалануыңызды бақылайтын өзара келісім мен саясаттардың күшіне енгізуімен қатар, Майкрософт корпорациясының немесе біздің тұтынушыларымыздың құқықтарын немесе меншігін қорғау үшін; немесе (б) Майкрософт корпорациясының қызметтерінің, тұтынушыларының немесе халықтың жеке қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті кіру немесе тарату сияқты адал ниетпен әркет жасау үшін кіре алады немесе оны тарата алады.

Бұл құжаттың Қосымшалар бөлімінде көрсетілген өнімдер арқылы Майкрософт корпорациясы жинаған немесе жіберген ақпарат Америка Құрама Штаттарында немесе Microsoft корпорациясы немесе оның бөлімдері, қосалқы бөлімшелері немесе қызмет провайдерлер құрылғыларымен қамтамасыз ететін кез келген басқа елде/аймақта сақталуы және өңделуі мүмкін. Еуропалық Одақтың деректер жиынына, оның пайдалануы мен сақталуына қатысты Америка Құрама Штаттарының Сауда министрлігі арқылы баяндалғандай Microsoft корпорациясы қауіпсіздік аймақтың шеңберіне сүйенеді.

Компьютер туралы ақпарат жинау және пайдалану

Интернет қосылған мүмкіндіктері бар бағдарлама жасақтамасын пайдаланғанда, компьютер туралы ақпарат кіріп шыққан Веб-сайттарға және пайдаланатын онлайн қызметтеріне жіберіледі. Майкрософт корпорациясы стандартты компьютердің ақпаратын интернет қосылған қызметтермен қамтамасыз ету үшін, өнімдер мен қызметтерді жақсартуға көмектесу үшін және статистикалық талдаулар үшін пайдаланады. Стандартты компьютердің ақпараты IP мекенжай, операциялық жүйенің нұсқасы, шолғыштың нұсқасы мен аймақтық және тілдік параметрлер сияқты ақпаратты әдепкідей қамтиды. Кей кездері стандартты компьютердің ақпараты құрылғының өндірушісі, құрылғы атауы мен нұсқасы сияқты ақпараттық құралдар идентификаторын да қамтуы мүмкін. Белгілі бір мүмкіндік немесе қызмет Microsoft корпорациясына ақпаратты жіберсе, стандартты компьютердің ақпараты да жіберіледі.

Ақпаратты қорғау

Майкрософт корпорациясы ақпараттың қауіпсіздігін қорғауға көмектесуге міндеттенеді. Ақпаратыңызды рұқсатсыз қатынасудан, пайдаланудан немесе жариялаудан қорғауға көмектесу үшін біз әр түрлі қауіпсіздік технологиялары мен процедураларын пайдаланамыз. Мысалы, сіз беретін ақпаратты біз басқарылатын құрылғыларда орналасқан кіру мүмкіндігі шектелген компьютер жүйелерінде сақтаймыз.

Бұл құпиялылық туралы мәлімдемедегі өзгерістер

Бұл құпиялылық туралы мәлімдемені және/немесе олардың қосымшаларын өнімдердің, қызметтердің және тұтынушы пікірінінің өзгерістеріне сәйкес кейде жаңартып отырамыз. Өзгертулерді жасағанда, беттің ең үстіндегі "соңғы жаңартылған мерзімі" күнін түзетеміз. Майкрософт корпорациясының сіздің ақпаратыңызды қалай қорғап жатқандығын көру үшін осы құпиялылық туралы мәлімдемені және/немесе оның қосымшаларын тұрақты түрде тексеріп отырыңыз.

Қосымша ақпарат

Майкрософт корпорациясы бұл құпиялылық туралы мәлімдемеге және оның қосымшаларына қатысты сіздің пікірлеріңізді қуана қабылдайды. Сұрақтарыңыз болса немесе бұл құжаттарға сәйкес келмеу әрекеттері болды деп есептесеңіз, UC құпиялылық жөніндегі пікірге арналған контакт сауалнамасын пайдалану арқылы немесе төмендегі мекенжайға пошта жіберу арқылы бізбен байланыса аласыз:

Майкрософт корпорациясының құпиялылығы – UC
Майкрософт корпорациясы
1 Microsoft Way
Редмонд, Вашингтон 98052 АҚШ

Ерекше мүмкіндіктері

Майкрософт корпорациясына ақау туралы хабарлау

Бұл мүмкіндік не істейді: Майкрософт корпорациясына ақау туралы хабарлау - шыққан ақаулар жөнінде Microsoft корпорациясына есеп беретін және сондай ақауларды алдын алуға немесе шешуге көмектесетін ақпаратты алуға мүмкіндік беретін қызмет.

Ақпарат жиналды, өңделді немесе жіберілді: Жиналған, өңделген немесе жіберілген ақпарат туралы қосымша ақпаратты Microsoft корпорациясына ақау туралы хабарлау қызметінің құпиялылық туралы мәлімдемесінен алу үшін Microsoft корпорациясына ақау туралы хабарлау қызметіне арналған құпиялылық туралы мәлімдеме бөлімін қараңыз.

Ақпаратты пайдалану: Жіберілген ақау туралы есеп деректері тұтынушының мәселелерін шешу үшін және Microsoft корпорациясының бағдарламалық жасақтамасы мен қызметтерін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін.

Таңдау/Басқару: Ақаумен бірінші рет кездессеңіз, сізге Microsoft корпорациясына ақау туралы есеп беру қызметіне қатысуға мүмкіндік ұсынылады. Оны қосуды таңдағыныңызда, Microsoft корпорациясына ақау туралы хабарлау қызметі автоматты түрде сіз кездескен мәселелерді Microsoft корпорациясына хабарлайды.

Шешуге өте қиын болатын проблемалар туындаған кейбір жағдайларда, Microsoft корпорациясы есте сақтау жадының бөлігін (ақау шыққанда жұмыс істеген кез келген немесе барлық бағдарламалар ортақтасқан есте сақтау жадын қамтуы мүмкін), кейбір регистрдің параметрлерін және компьютердегі бір немесе бірнеше файлдарымен қоса, қосымша деректерді сұрауы мүмкін. Ағымдағы құжаттар да қосылуы мүмкін. Қосымша деректер сұралғанда, Microsoft корпорациясына сұрауды жіберу немесе жібермеуді таңдамас бұрын, ақау туралы есепте қамтылған ақпаратты көруге мүмкіндік беріледі.

Маңызды ақпарат: Кәсіпорын әкімшісі Топтық саясатты олардың компьютерлерінде "Microsoft корпорациясына ақау туралы хабарлау" қызметінің қалай жұмыс істейтінін реттеу үшін пайдаланады. Конфигурацияның параметрлері "Microsoft корпорациясына ақау туралы хабарлау" қызметін өшіру мүмкіндігін қамтиды Егер сіз әкімші болсаңыз және "Microsoft корпорациясына ақау туралы есеп беру" қызметі үшін Топтық саясатты реттеу қажет болса, Windows Server топтық сясатының техникалық орталығында техникалық мәліметтер қол жетімді.

Microsoft Lync Server Push хабарландыру қызметі

Бұл мүмкіндіктің қызметі: Lync Server Push хабарландыру қызметі жаңарту хабарландыруларын жолдау үшін пайдаланылады – Microsoft Lync 2010 немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылып, реттелген ұялы құрылғыларда ол хабарламалар қатарына жедел хабар мен шақырулар жайлы хабарландыру, хабар күту хабарландырулары, және қабылданбаған қоңыраулар туралы хабарлау кіреді.

Жинақталатын, өңделетін немесе тасымалғанданатын ақпарат: барлық жедел хабар мен шақырулар жайлы хабарландыру, хабар күту хабарландырулары, және қабылданбаған қоңыраулар туралы хабарлаулар Microsoft Lync орнатылған ұялы құрылғылардан қажетті алушыға жеткізу мақсатында Lync Server Push хабарландыру қызметіне бағытталады. Lync Server Push хабарландыру қызметі арқылы жолданатын қосымша ақпарат жіберуші атын, хабардың алдын ала көрінісін және сұхбат идентификаторын қамтуы мүмкін. Жедел хабар қатысушылары арасында сұхбат орнатылған соң, жедел хабарлар Lync Server Push хабарландыру қызметінде пайдаланылмайды.

Ақпаратты пайдалану: Lync Server Push хабарландыру қызметіне жіберілген ақпарат жедел хабар, хабарды күту хабарландыруы және қабылданбаған қоңыраулар туралы хабарландыруларды мақсатты алушыға жеткізу үшін пайдаланылады. Microsoft корпорациясы Lync Server Push хабарландыру қызметіне жіберілген деректерді сақтамайды және жинамайды. Хабарландырулар пайдаланушының ұялы құрылғысына байланысты, үшінші тарап Push хабарландыру қызметімен жеткізіледі; мысалы Apple құрылғысынан жолданған хабарлар Apple Push Notification Service қызметі арқылы жіберіледі. Microsoft корпорациясы мұндай үшінші тарап push хабарландыру қызметтері жинақтайтын деректер үшін жауапкершілік алмайды. Ол қызмет көрсетушілердің деректерді жинау және пайдалану саясаты жайлы ақпарат алу үшін өз ұялы құрылғыңызға арналған құпиялылық жайлы мәлімдемеге қосымшаны оқыңыз (олар осы беттің басында тізімделген).

Таңдау/Басқару: Lync Server Push хабарландыру қызметін пайдалану ұйымда қолданылатын ұялы құрылғыларға орнатылған Microsoft Lync Push қызметінің сапасын арттыру үшін қажет. Оның жұмыс істеу мүмкіндігі іске қосылғандығына көз жеткізу үшін кәсіпорын әкімшісіне хабарласу керек. Егер ұйымда push хабарландырулары іске қосылған болса және ұялы құрылғы ол хабарландыруларды қабылдай алатын болса, аталмыш қызметті қолдан іске қосуға немесе ажыратуға болады, алайда, ол қызметті ажыратқан кезде тек ұялы телефонда пайда болатын қалқымалы хабарландыру жойылады, және ұялы құрылғы хабарландырулар мен хабарларды алуды жалғастырады.

Онлайндық пікірлер

Бұл мүмкіндік не істейді: Онлайндық пікірлер өнімдер мен қызметтер туралы пікірлерді Microsoft корпорациясына тікелей ұсыну мүмкіндігін береді.

Ақпарат жиналды, өңделді немесе жіберілді: Онлайндық пікірді пайдалануды таңдасаңыз, хабардың мазмұны мен стандартты компьютердің ақпараты Microsoft корпорациясына жіберіледі.

Ақпаратты пайдалану: Жіберілген ақпарат Microsoft корпорациясының сайттарын, өнімдерді немесе қызметтерді жақсартуға пайдаланылады. Жиналған ақпарат пайдаланылып жатқан өнім немесе қызмет туралы ұсынылған пікір жөнінде қосымша ақпаратты сұрау үшін де пайдаланылады.

Таңдау/Басқару: Онлайндық пікірді пайдалану қосымша болып келеді.

Онлайндық анықтама

Бұл мүмкіндік не істейді: Онлайндық анықтаманы немесе Анықтаманы бассаңыз, сіз қол жетімді соңғы мазмұнды ұсынатын онлайндық қолдау көрсету материалдарына өтесіз.

Ақпарат жиналды, өңделді немесе жіберілді: Онлайндық анықтаманы немесе Анықтаманы пайдаланғанда, кез келген бағалау немесе сізге көрсетілген анықтама тақырыптар туралы пікірлер де, сіздің сұрауыңыз да Microsoft корпорациясына жіберіледі. Іздеу немесе пікір терезесіне кез келген жеке ақпаратты енгізсеңіз, ақпарат Microsoft корпорациясына жіберілгенімен, ол сізді анықтау үшін немесе сізбен байланысу үшін пайдаланылмайды.

Ақпаратты пайдалану: Онлайндық анықтама мен Анықтама іздеудегі ақпаратты сәйкес нәтижелерді қайтару үшін, жаңа мазмұнды жетілдіру үшін және бар мазмұнды жақсарту үшін пайдаланады.

Таңдау/Басқару: Онлайндық қолдау көрсету материалдарына қосылғыңыз келмесе, Онлайндық анықтаманы немесе Анықтаманы баспаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×