Microsoft InfoPath 2010 бағдарламасындағы жаңа мүмкіндіктер

Microsoft InfoPath 2010 бағдарламасында SharePoint Server 2010 платформасының жоғарғы жағында пішімделген пішіндер негізіндегі бағдарламаларды құрастыру оңайырақ. InfoPath 2010 бағдарламасы деректерді жинау, реттеу және басқару жолын жақсартуға көмектесетін басқа да 2010 Microsoft Office жүйесінің бағдарламаларымен оңтайлы біріктіруді қамтамасыз етеді. Жаңа мүмкіндіктер сенімді деректерді жинауға арналған керемет көріністегі қуатты пішіндер жасақтауды жеңілдетеді және жылдамдатады.

Жаңа таспа пайдаланушылық интерфейсі

Microsoft Office Fluent пайдаланушылық интерфейсінің бір бөлігі болып табылатын жаңа InfoPath 2010 таспасы белгілі бір әрекетке қатысты тапсырмалар бойынша ұйымдастырылған қойынды құрылымында пәрмендерді көрсету арқылы пішіндерді толтыратын және жасақтайтын адамдарға бұрынғыдан да таза әрі оңай пайдаланушылық интерфейсін қамтамасыз етеді.

Файл қойындысын нұқығанда жаңа Microsoft Office Backstage көрінісі ашылады. Backstage көрінісінің арқасында орындалатын тапсырмаға маңызды ақпарат пен параметрлер бір орында беріледі. Пішінді жариялау сияқты әрекетті орындау үшін бірнеше тілқатысу терезесінен өтудің орнына, енді, тапсырмаларды мәзірлер мен құралдар тақталары арқылы орындағанға қарағанда азырақ қадамнан өтіп орындауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үлгісін жасақтау

InfoPath 2010 бағдарламасында қажетті пішін түрін таңдап, пішінді тез жасақтап, теңшеңіз. InfoPath 2010 пішіндерінің көмегімен қызметкерлерден, серіктестерден, жеткізушілерден және пішіндерге қол жеткізу мүмкіндігіне ие басқа адамдардан деректерді жинауға болады.

Пішін түрін таңдау.    Қажетіңізге сәйкес келетін пішінді жасақтауға көмектесетін әр түрлі пішін үлгілерінің арасынан таңдаңыз. Пішін үлгісі таңдалғанда, үлгінің сипаттамасы көрсетіледі. Пішінді жасақтау процесін оңайлату үшін кейбір үлгілерде әдепкі орналасу кестесі немесе пішінді жіберу орны сияқты параметрлердің автоматты теңшелімі болады.

Орналасу пішінінің құрылымы.    Пішінді құрастыруды бастау үшін алдын ала құрастырылған беттің орналасу үлгісін кірістіріп, алдын ала құрастырылған орналасу кестелерін — бағандарды, туралауды және белгі параметрлерін пайдаланыңыз. Функционалдығы жоғары әрі сәнді пішіндерді жасау үшін орналасу мәнерлері мен түстерін таңдаңыз. Орналасу мәнерлері мен түс схемалары Бет жасақтамасы қойындысындағы тақырыптар жиынтығында біріктірілген.

Пішінді басқару элементтерін қосу.    Таспадағы жаңа басқару элементтері жаңа басқару элементтерін қосудың және басқару элементтерінің сипаттарын өзгертудің жылдам жолын қамтамасыз етеді. InfoPath 2010 бағдарламасына арналған жаңа басқару элементтері төмендегілерді қамтиды:

  • Сурет түймешігі.    Таңдамалы суретті түймешік ретінде пайдаланыңыз.

  • Күн мен уақытты таңдау.    Бұл басқару элементінің көмегімен пайдаланушы күн мен уақытты тере алады немесе күнтізбе көрсетілімінен бір күнді таңдай алады.

  • Еренсілтеме.    Пішінді толтырған кезде сілтемелер кірістіріңіз.

  • Адамды/топты таңдау.    Адамды теріңіз немесе оны SharePoint тізімінен таңдаңыз.

  • Қолтаңба жолы.    Пайдаланушылар пішінге сандық қол қоя алады.

  • Сыртқы деректерді таңдау құралы.    Элементтерді теріңіз немесе оларды сыртқы жүйелерден Business Connectivity Services (BCS) арқылы таңдаңыз.

Пішінге ережелер қосу.    Шарттары мен әрекеттері алдын ала құрастырылған жаңа жылдам ережелермен әдепкі параметрлерді қолдануға немесе таңдамалы ережелерді жасауға болады. Жақсартылған ережелерді басқаратын пайдаланушы интерфейсін бірнеше рет нұқу арқылы және ешбір кодты жазбастан деректерді тексеруге арналған ережелері бар пішіндерді жасақтауға, пішінді пішімдеуге немесе басқа әрекеттерді орындауға көмектеседі.

Пішін үлгілерін жариялау.    Backstage көріністегі жаңа Жылдам жариялау түймешігі SharePoint тізімінің пішіндерін бір нұқу арқылы жариялауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа «Жылдам жариялау» мүмкіндігі кез келген пішінді бір нұқу арқылы бір орынға қайта жариялай алады. Пішінді жаңарту және қайта жариялау үшін бұдан былай бірнеше тілқатысу терезесі арқылы шарлаудың қажеті жоқ.

SharePoint тізімдері үшін пішіндер жасау.    SharePoint тізімінде элементтерді жасау, өңдеу және қарау үшін пайдаланылатын SharePoint пішіндерін кеңейтіңіз және жақсартыңыз. Жаңа пішіндер жасауға немесе бар тізімдерді өзгертуге болады.

Орналасуды өзгертуге, қосымша көрініс жасауға, өріс мәндерін орнатуға, деректерді тексеру үшін ережелерді қосуға және пішіннің бөлімдерін көрсетуге немесе жасыруға болады. Жаңа «Жылдам жариялау» мүмкіндігі SharePoint пішінін бір нұқу арқылы жариялайды.

SharePoint тізімдерінің пішіндерін дербес күйде толтыру үшін SharePoint Workspace бағдарламасын пайдалану.    Пайдаланушыларға SharePoint тізімдері мен кітапханаларын SharePoint Workspace бағдарламасында дербес күйге алуға болады. InfoPath 2010 бағдарламасы SharePoint Workspace бағдарламасы ішінде орналасады және барлық дербес SharePoint пішіндерінде деректерді қарау және енгізу үшін пайдаланылады. Пішіндерге дербес күйде енгізілген ақпарат серверге байланыс орнатылғаннан кейін автоматты түрде үндестіріледі.

Беттің жоғарғы жағы

Мүмкіндіктері мол веб-пішіндер

InfoPath 2010 бағдарламасы веб-шолғыш пішіндерінде көбірек қолдау көрсетілетін мүмкіндіктерді қамтиды. Веб-шолғыш пішіндері InfoPath бағдарламасын пайдалану кезіндегі тілдесуге сәйкес келетін бұрынғыдан да қалыпты пайдаланушы тілдесуін қамтамасыз етеді. Шолғыш пішіндерінде қолдау көрсетілетін басқару элементтеріне және мүмкіндіктерге төмендегілер кіреді:

Басқару элементтері

  • Таңбалаушы, нөмірленген және жай тізімдер.

  • Көп таңдаулы тізім жолдары.

  • Өзгертпелі шаршылар.

  • Сурет түймешіктері.

  • Еренсілтеме қабілеттері.

  • Таңдау тобы мен бөлімі.

  • Күн мен уақытты басқару элементтері.

  • Адамды/топты таңдау құралдары.

Сүзу

Басқару элементтерінде көрсетілетін деректерді енді веб-шолғыш пішіндерінде сүзуге болады. Тізімді жолақтарда, ашылмалы тізімдерде, өзгертпелі шаршыларда, қайталанатын кестелерде және қайталанатын бөлімдерде пайдаланушыларға көрсетілетін элементтердің санын шектеу үшін сүзгілерді қолдануға болады.

Беттің жоғарғы жағы

InfoPath пішін веб-бөлігін пайдалана отырып портал беттерінде пішіндерді орналастыру

SharePoint Server 2010 серверінде InfoPath пішін веб-бөлігін пайдалана отырып веб-беттерде пішіндерді орналастыру енді бұрынғыдан оңай. Бұған дейін, InfoPath пішіндерін веб-беттерде орналастыруды қалаған пайдаланушыларға Visual Studio бағдарламасында код жазу керек болатын. Енді, ешбір кодты жазбастан, InfoPath пішін веб-бөлігін веб-бөлік бетіне қосып, жарияланған пішінге сілтеме жасауға болады.

Веб-бөлікті SharePoint тізімдер немесе пішіндер кітапханасына жарияланған кез келген InfoPath веб-шолғыш пішінін орналастыру үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ, деректерді жіберу немесе алу үшін оны беттегі басқа веб-бөліктермен байланыстыруға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Стандартты сыйысымды шолғыш пішіндері

InfoPath 2010 веб-шолғыш пішіндері енді Веб-мазмұнға қол жеткізу нұсқауларының 2.0 (WCAG 2.0) AA нұсқасымен сыйысымды. Қабілеттері төмен пайдаланушылар қол жеткізе алатын пішіндерді жасауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×