Microsoft бағдарламалық жасақтама Лицензиялық келісімінің шарттары

MICROSOFT БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН WINDOWS PHONE SKYPE

Осы лицензия шарттары Microsoft корпорациясы (немесе тұратын жеріңізге байланысты оның аффилиаттарының бірі) мен сіздің араңыздағы келісім болып табылады. Оларды оқып шығыңыз. Олар жоғарыда аталған бағдарламалық жасақтамаға қолданылады. Сонымен қатар, олармен бірге басқа элементтер келмейінше осы бағдарламалық жасақтама үшін шарттар кез келген Microsoft

  • жаңартуларына

  • қосымшаларына

  • Интернетке негізделген қызметтерге және

  • қодау көрсету қызметтеріне

қолданылады. Солай болса, осы шарттар қолданылады.

Бағдарламалық жасақтаманы жүктеу немесе пайдалану арқылы сіз осы шарттарды қабылдайсыз. Егер оларды қабылдамасаңыз, бұл бағдарламалық жасақтаманы пайдаланбаңыз.

Осы лицензия шарттарын қабылдап, олармен келісетін болсаңыз, сізге төмендегідей шексіз құқық беріледі.

1. ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОРНАТУ ҚҰҚЫҚТАРЫ.

  1. Орнату және пайдалану. Бағдарламалық жасақтаманың бір көшірмесін Windows Phone/Marketplace дүкеніне кіру үшін пайдаланылатын Microsoft тіркелгісімен байланыстырылған Windows Phone жүйесі орнатылған (5) құрылғыға дейін орнатуға және пайдалануға болады.

  2. Бұл бағдарламалық жасақтама Microsoft Бизнеске арналған Skype немесе Microsoft Бизнеске арналған онлайн Skype бағдарламасының дұрыс лицензияланған көшірмелерін интернет қосылған сымсыз желі арқылы іске қосатын компьютер жүйелеріне қосылуды талап етеді. Толық мүмкіндігін алу үшін Microsoft Бизнеске арналған Skype серверіне жаңартулар қажет болуы мүмкін. Кейбір функциялар барлық елде қолжетімді болмауы мүмкін.

  3. Үшінші тарап бағдарламалары. Бағдарламалық құрал Microsoft, үшінші тарап емес, осы келісімге сәйкес лицензиялар үшінші тарап бағдарламаларын қамти алады. Үшінші тарап бағдарламасына арналған ескертулер, егер ондай болса, ақпаратыңыз үшін ғана қосылған.

2. ИНТЕРНЕТКЕ КІРУ МҮМКІНДІГІ ҚАЖЕТ БОЛУЫ МҮМКІН.

Деректер қызметінің жоспарына байланысты және бағдарламалық жасақтаманы пайдаланғаныңыз үшін желі операторымен кез келген басқа да келісіміңізге байланысты интернетке кіру мүмкіндігіне, деректер беруге және басқа да қызметтерге қатысты ақы талап етілуі мүмкін. Кез келген желі операторы талап ететін ақыларға өзіңіз ғана жауаптысыз.

3. ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛҒАН ҚЫЗМЕТТЕР.

Microsoft корпорациясы бағдарламалық жасақтамамен интернетке қосылған қызметтерді ұсынады. Ол оларды кез келген уақытта өзгертіп немесе одан бас тарта алады.

  1. Интернетке қосылған немесе сымсыз қызметтерге келісім беру. Бағдарламалық жасақтама интернетке қосылған сымсыз қызметтерге қосыла алады. Бағдарламалық жасақтаманы пайдалану интернетке қосылған немесе сымсыз қызметтер үшін стандартты құрылғы ақпаратының беріліміне (онда құрылғыңыз, жүйеңіз, бағдарлама мен сыртқы құрылғы туралы техникалық ақпарат қамтылады, бірақ онымен шектелмейді) келісіміңізді білдіреді. Егер қызметтерді пайдалануға қатысты басқа да шарттар берілсе, ол шарттар да қолданылады.

  2. Интернетке қосылған қызметтерді дұрыс пайдаланбау. Зақымдалуы мүмкін немесе басқа біреудің пайдалануына немесе сымсыз желіге зақым келтіру ықтималдығы болған кез келген жағдайда интернетке қосылған қызметті пайдалана алмайсыз. Қызметті кез келген қызметке, деректерге, тіркелгіге немесе желіге қандай да бір әдіспен рұқсатсыз қатынасу мүмкіндігін алу үшін пайдалана алмайсыз.

4. ЛИЦЕНЗИЯ АУҚЫМЫ.

Бағдарламалық жасақтама сатылмайды, ол лицензияланады. Бұл келісім тек қана бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға арналған кейбір құқықтарды ғана береді. Microsoft корпорациясы барлық басқа құқықтарды сақтайды. Қолданыстағы заң осы шектеуге қарамастан көбірек құқық бермейінше, сіз бағдарламалық жасақтаманы тек осы келісімде рұқсат етілген ретпен қолдана аласыз. Осыны орындау барысында бағдарламалық жасақтамадағы тек қана белгілі бір жолмен пайдалануға рұқсат ететін кез келген техникалық шектеулерге келісуіңіз қажет. Төмендегі әрекеттерді орындауға болмайды:

  • бағдарламалық жасақтамадағы кез келген техникалық шектеулерді орағытып өту;

  • осы шектеуге қарамастан, қолданылатын заң нақты рұқсат ететін жағдайдан басқа кездерде бағдарламалық жасақтаманы қайта жобалау, түрлендіру немесе бөлшектеу;

  • осы шектеуге қарамастан, келісімде көрсетілген немесе қолданылатын заңмен рұқсат етілген мөлшерден артық бағдарламалық жасақтама көшірмелерін жасау;

  • басқаларға көшіріп алу мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы бағдарламалық жасақтаманы жариялау;

  • бағдарламалық жасақтаманы жалға немесе уақытша пайдалануға беру; немесе

  • бағдарламалық жасақтаманы немесе осы келісімді кез келген үшінші тарапқа тасымалдау.

5. ҚҰЖАТТАМА.

Егер бағдарламалық жасақтамамен бірге құжаттама берілсе, құжаттаманы ішкі, анықтамалық мақсаттарда көшіруге және пайдалануға болады.

6. БАСҚА ҚҰРЫЛҒЫҒА ТАСЫМАЛДАУ.

Бағдарламалық жасақтаманы жойып, оны пайдалану үшін басқа құрылғыға орната аласыз. Осы лицензияны келісім ауқымынан тыс құрылғылар арасында ортақ пайдалана алмайсыз.

7. ЭКСПОРТТАУ ШЕКТЕУЛЕРІ.

Бағдарламалық жасақтама Америка Құрама Штаттарының экспорт туралы заңдары мен ережелеріне бағынады. Бағдарламалық жасақтама үшін қолданылатын барлық жергілікті және халықаралық экспорт туралы заңдар мен ережелерді сақтауыңыз қажет. Бұл заңдарға мақсатты орындар, соңғы пайдаланушылар және соңғы қолданыс шектеулері кіреді. Қосымша ақпарат алу үшін www.microsoft.com/exporting веб-сайтын қараңыз.

8. ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҚЫЗМЕТТЕРІ.

Бағдарламалық жасақтама «бастапқы күйінде» берілгендіктен, біз оған қолдау көрсету қызметтерін ұсына алмаймыз. Телефоныңыздың өндірушісі мен сымсыз байланыс операторыңыз бағдарламалық жасақтамаға қолдау қызметтерін көрсетуге жауапты емес.

9. ТОЛЫҚ КЕЛІСІМ.

Осы келісім және сіз пайдаланатын қосымшалар, жаңартулар, интернетке қосылған қызметтер мен қолдау көрсету қызметтерінің шарттары - бағдарламалық жасақтама мен қолдау көрсету қызметтеріне арналған толық келісім.

10 ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ.

  1. Америка Құрама Штаттары. Егер бағдарламалық жасақтаманы Америка Құрама Штаттарынан сатып алған болсаңыз, Вашингтон штатының заңы осы келісім түсіндірмесін басқарады және заң қағидаттарының қайшылықтарына қарамастан келісімді бұзуға байланысты наразалықтарға қолданылады. Сіз тұратын мемлекеттің заңдары, тұтынушыларды қорғау заңдары аясында талаптарды қоса, заңсыз бәсекелестік заңдары және заңды құқық бұзулар сияқты басқа да барлық талаптарды басқарады.

  2. Канада. Егер бағдарламалық жасақтаманы Канадада алсаңыз, сіз тұратын аудан заңдары осы келісім түсіндірмесін, оның бұзу туралы шағымды және барлық басқа да шағымдарды (соның ішінде, тұтынушы құқығын қорғау, әділетсіз бәсекелестік және деликтілік шағымдарды) заң принциптерімен қайшылыққа қарамастан басқарады.

  3. Америка Құрама Штаттарынан тыс. Егер бағдарламалық жасақтаманы кез келген басқа елде сатып алсаңыз, сол елдің заңдары қолданылады.

11 ЗАҢДЫ КҮШІ.

Осы келісімде нақты заңды құқықтар сипатталады. Еліңіздің заңдары бойынша сізде басқа да құқықтар болуы мүмкін. Сонымен қатар, сізде бағдарламалық жасақтаманы алған үшінші тарапқа қатысты құқықтарыңыз болуы мүмкін. Еліңіздің заңдары рұқсат етпеген жағдайда бұл келісім еліңіздің заңдарында қарастырылған құқықтарыңызды өзгертпейді.

12 КЕПІЛДІКТЕН БАС ТАРТУ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА «СОЛ КҮЙІНДЕ», «ЕШБІР КЕПІЛСІЗ» ЖӘНЕ «ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ БОЙЫНША» ЛИЦЕНЗИЯЛАНАДЫ. ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ҚАУПІНЕ СІЗ ЖАУАПТЫСЫЗ. MICROSOFT ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ТАРАТАТЫН ЖЕЛІСІ БАР СЫМСЫЗ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ӘРБІР СӘЙКЕС АФФИЛИАТТАР МЕН ЖЕТКІЗУШІЛЕР («ҚАМТЫЛҒАН ТАРАПТАР») БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА БОЙЫНША НЕ ОҒАН ҚАТЫСТЫ ЕШҚАНДАЙ ТІКЕЛЕЙ КЕПІЛ, КЕПІЛДЕР НЕМЕСЕ ШАРТТАР ҰСЫНБАЙДЫ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА САПАСЫ МЕН ӨНІМДІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ БҮКІЛ ҚАУІП ҮШІН СІЗ ЖАУАПКЕРШІЛІК АРТАСЫЗ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАДАН АҚАУ ТАБЫЛСА, БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НЕМЕСЕ ЖӨНДЕУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАРДЫ ӨЗІҢІЗ КӨТЕРЕСІЗ. ОСЫ КЕЛІСІМ ӨЗГЕРТЕ АЛМАЙТЫН ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢДАРҒА СӘЙКЕС ҚОСЫМША ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЛУЫ МҮМКІН. ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢҒА СӘЙКЕС РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕКТЕР АЯСЫНДА ҚАМТЫЛҒАН ТАРАПТАР ЖАНАМА КЕПІЛДЕРДІ НЕМЕСЕ ШАРТТАРДЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ, САТУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ, НАҚТЫ МАҚСАТҚА СӘЙКЕСТІГІ МЕН ПАТЕНТТІҢ БҰЗЫЛМАУЫН ҚАМТЫМАЙДЫ.

АВСТРАЛИЯ ҮШІН – СІЗДЕ АВСТРАЛИЯНЫҢ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙТЫН ЗАҢЫНА СӘЙКЕС ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН КЕПІЛДІКТЕР БАР ЖӘНЕ ОСЫ ШАРТТАРДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗҒА ӘСЕР ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛМАҒАН.

13. ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЗАЛАЛДЫ ӨТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ. ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕКТЕР АЯСЫНДА, MICROSOFT КОРПОРАЦИЯСЫНАН БІР ақш ДОЛЛАРЫНА ($1,00) ДЕЙІНГІ ТІКЕЛЕЙ ЗАЛАЛДЫ ҒАНА ҚАЙТАРА АЛАСЫЗ. БАСҚА ЗАЛАЛДАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ ТАРАТУШЫЛАР СЕБЕБІНЕН БОЛҒАН КЕЙІНГІ, ПАЙДАНЫ ЖОҒАЛТУ, АРНАЙЫ, ТҰСПАЛДЫ НЕМЕСЕ БАЙҚАУСЫЗДА ЖАСАЛҒАН ЗАҚЫМДАР ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТАЛАП ЕТПЕУГЕ КЕЛІСЕСІЗ.

Шектеу келесілерге қолданылады

  • бағдарламалық жасақтамаға, қызметтерге, үшінші тарап Интернет тораптарындағы мазмұнға (кодты қоса) немесе үшінші тарап бағдарламаларына; және

  • келісім-шартты бұзу жөніндегі шағымдарға, кепілдікке, кепілдік немесе шартқа; тұтынушылар құқығын қорғауға; алаяқтыққа; әділетсіз бәсекелестікке; қатаң жауапкершілікке, немқұрайлылыққа, бұрмалауға, қателікке, иелену немесе басқа азаматтық құқық бұзушылыққа; заңды немесе реттеуді бұзу; немесе заңсыз жолмен баюға; рұқсат етілген қолданылатын заң аясындағы барлық шағымдарға қолданылады.

Ол келесі жағдайларда да қолданылады:

  • Жөндеу, ауыстыру немесе бағдарламалық жасақтама өтемақысы сізге келген шығындарды толығымен өтемеген кезде; немесе

  • Қамтылған тараптар залал ықтималдығын білген немесе білуі тиіс болған кезде қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген шектеулер мен ерекшеліктер сізге қолданылмауы мүмкін, себебі еліңіз байқаусызда орын алған немесе басқа да залалдар үшін ерекшеліктерге немесе шектеулерге рұқсат етпейді.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×