Manage permission levels

Не істегіңіз келеді?

Рұқсат деңгейлері бетін ашу

Рұқсат деңгейін жасау

Рұқсат деңгейін көшіру

Рұқсат деңгейін өңдеу

Рұқсат деңгейлерін өшіру

Рұқсат деңгейлерін негізгі тораптан алу

Рұқсаттар портал торабыңызға кім қатынай алатындығын және олар тораптың мазмұнымен немесе істей алатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, сіз жоба мүшелеріне торап мазмұнын қосуға немесе өзгертуге болатындай рұқсаттар, ал басқа адамдарға торапқа өзгеріс жасамай6 тек қарауға болатын рұқсаттар бере аласыз. Сонымен қатар, сіз кейбір тұлғаларға торап келбетін және ұйымдастырылуын бақылауға мүмкіндік беретіндей етіп рұқсаттар беруіңізге болады.

Рұқсаттар жеке кісілерге немесе топтарға арнайы рұқсаттар деңгейлерін белгілеу арқылы беріледі. Келесі рұқсат деңгейлері әдепкіше беріледі:

  • Толық бақылау әкімшіге торапқа қатынауға мүмкіндік береді. Бұл рұқсат деңгейі Иелер тобының мүшелеріне әдепкіше беріледі. Бұл рұқсат деңгейін өзгертуге немесе жоюға болмайды.

  • Жоба пайдаланушыларға құқық берілген беттердің келбетін және параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл топтың пайдаланушылары тізімдер және құжаттар кітапханаларын жасай алады, беттерді өңдей алады және де торапта немесе торап жинағында тақырыптарды, шекараны, мәнер тізімдерін қоса алады.

  • Үлес қосу пайдаланушыларға тораптағы құқық берілген бөлімдерге мазмұн ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл топ пайдаланушылары тізімдердегі және құжаттар каталогтарындағы мақалаларды қоса, өңдей және өшіре алады. Үй мүшелер тобының мүшелеріне осы рұқсат деңгейі үндеместік түрде беріледі.

    Ескерту : Microsoft Office SharePoint Server 2007 бағдарламасында үлес қосу рұқсат деңгейі бар пайдаланушылар тізім тармақтарын өңдей алады, бұл SharePoint портал серверінің бұрынғы нұсқаларында мүмкін болған жоқ. Бұл Office SharePoint Server 2007 жаңартатын топтарға маңызды ерекшелік болып табылады.

  • Оқу пайдаланушыларға және топтарға торап мазмұны арқылы іздеуге, қарауға және шолуға мүмкіндік береді. Осы рұқсат деңгейі бар пайдаланушылар және топтар бар мақалаларды және құжаттарды аша алады. Бұл рұқсат деңгейі Үй қонақтарына әдепкіше беріледі.

  • Шектеулі оқу пайдаланушыларға барлық торапқа қатынау рұқсатын бермей, тек арнайы тізімге, құжаттар кітапханасына, элементке немесе құжатқа қатынау рұқсатын беру үшін жобаланады. Осындай рұқсат деңгейі бар тұлғалар мен топтар құжаттың бұрынғы нұсқалары және пайдаланушының құқықтары туралы ақпаратты қарай алмайды.

  • Бекіту пайдаланушыларға беттерді, тізім тармақтарын және құжаттарды өңдеуге және бекітуге мүмкіндік береді.

  • Иерархияны басқару пайдаланушыларға торап құруға және беттерді, тізім тармақтарын және құжаттарды өңдеуге мүмкіндік береді.

Негізгі тораптың рұқсаттарын басқару тек негізгі торапқа ғана емес, сонымен қатар негізгі тораппен байланысты қосымша торапқа да әсерін тигізеді, сондықтан рұқсат деңгейлерін өзгертуге өте абайлап қарау керек. Егер негізгі тораптағы рұқсат деңгейлеріне тиіспей, онымен байланысқан қосымша торапта рұқсат деңгейін өзгерткіңіз келсе, онда сіз қосымша тораптың байланысын тоқтатып, қосымша торапта жаңадан бірегей рұқсат деңгейін құруыңыз керек.

Рұқсаттар торап деңгейінде басқарылғандықтан, сіз торап жинағындағы жоғарғы дәрежелі веб-торабында немесе бірегей рұқсаттары бар қосымша тораптарда келесі тапсырмаларды орындауыңызға болады.

Рұқсат деңгейлері бетін ашу

Рұқсат деңгейлеріне енгізілетін барлық өзгерістер рұқсат деңгейлері бетінде орын алады.

  1. Портал торабының өзіндік бетіндегі Торап әрекеттері мәзірін нұқып, Торап параметрлері пәрменін меңзермен көрсетіңіз де, содан кейін Кісілер және топтар түймешігін басыңыз.

  2. Кісілер және топтар бетіндегі жылдам іске қосу тақтасындағы Торап рұқсаттары түймешігін басыңыз.

  3. Параметрлер мәзіріндегі Рұқсат деңгейлері пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Егер сіздің торабыңыз негізгі тораппен байланысты болса, онда Параметрлер мәзірі рұқсаттар бетінде болмайды. Егер Параметрлер мәзірі болмаса, онда Негізгі торап рұқсаттарын басқару пәрменін таңдаңыз, ол Әрекеттер мәзірінде болады.

Беттің жоғарғы жағы

Рұқсат деңгейін жасау

  1. Рұқсат деңгейлері бетіндегі Рұқсат деңгейін қосу пәрменін таңдаңыз.

  2. Рұқсат деңгейін қосу бетінің Атауы және сипаттамасы бөлімінде атын және ұйғаруыңыз бойынша сипаттамасын теріңіз.

  3. Осы рұқсат деңгейіне байланысты құсбелгілерді қойып, содан кейін Жасау түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Рұқсат деңгейін көшіру

  1. Рұқсат деңгейлері бетінде көшіргіңіз келетін рұқсат деңгейінің атын басыңыз.

  2. Рұқсат деңгейлерін өңдеу бетінің төменгі жағына түсіп, содан кейін Рұқсат деңгейін көшіру түймешігін басыңыз.

  3. Рұқсат деңгейі атауы және сипаттамасы бөлімінде жаңа рұқсат деңгейінің атын және ұйғаруыңыз бойынша сипаттамасын теріңіз.

  4. Жасау түймешігін басыңыз.

    Рұқсат деңгейлері бетінде жаңа рұқсат деңгейі шығады.

Беттің жоғарғы жағы

Рұқсат деңгейін өңдеу

Толық басқару немесе шектеулі оқудан басқа арнайы рұқсат деңгейлерін немесе әдепкі рұқсат деңгейлерін өзгерту үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

  1. Рұқсат деңгейлері бетінде өңдегіңіз келетін рұқсат деңгейінің атын басыңыз.

    Рұқсат деңгейлерін өңдеу бетінде келесі өзгерістерді енгізуіңізге болады:

    • Рұқсат деңгейінің сипаттамасын өзгерту.

    • Осы рұқсат деңгейімен байланысты рұқсат құсбелгілерін қойып, ал бұл рұқсат деңгейіне қатысты емес құсбелгілерді алып тастаңыз.

  2. Өзгерістерді енгізіп болғаннан кейін Жіберу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Рұқсат деңгейлерін өшіру

Толық басқару немесе шектеулі оқудан басқа арнайы рұқсат деңгейлерін немесе әдепкі рұқсат деңгейлерін жою үшін келесі қадамдарды орындаңыз. Бұл екі деңгейді жоюға болмайды.

  1. Рұқсат деңгейлері бетінде жойғыңыз келетін рұқсат деңгейімен байланысты құсбелгілерді қойып, содан кейін Таңдалған рұқсат деңгейлерін жою түймешігін басыңыз.

  2. Растау үшін OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Рұқсат деңгейлерін негізгі тораптан алу

Егер сіздің портал торабыңызда бірегей рұқсаттар болса, сіз әрқашанда рұқсаттар деңгейлерін негізгі тораптан алуыңызға болады.

Маңызды : Рұқсат деңгейлерін негізгі тораптан алу сіздің осы торапқа құрған барлық арнайы рұқсаттар деңгейлерін біржолата жоғалтады.

  1. Рұқсат деңгейлері бетіндегі Рұқсат деңгейлерін негізгі веб-тораптан алу түймешігін басыңыз.

  2. Растау үшін OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×