Lync Web App сұрақ-жауап реттеушісі

Lync Web App сұрақ-жауап реттеушісі жиналыс кезінде сұрақтарға жауап беруге арналып құралған ортамен қамтамасыз етеді. Осы мүмкіндік біреу жиналыс мазмұнымен таныстырып жатқан кезде баяндамашы сұрақтарға жауап бере алатын үлкен жиналыстар үшін пайдалы болып табылады.

Қатысушылар тек сұрақ қоя алады, ал баяндамашы жауап беретіндігін естен шығармаңыз.

Сұрақ-жауап реттеушісін іске қосу

Жиналыстағы кез келген баяндамашы сұрақ-жауап реттеушісін іске қосып, сұрақтарға жауап бере алады. Жиналысқа қатысып отырған болсаңыз, Сұрақ-жауап реттеушісін қатысушы ретінде пайдалану бөлімін қараңыз.

  1. Lync жиналысында көрсетілім (монитор) белгішесін көрсетіп, Сұрақ-жауап түймешігін басыңыз.

Q&A мәзірінің скриншоты

Басқа мазмұн көрсетілмесе, Мазмұн кезеңі ашылып, барлық қатысушылар үшін сұрақ-жауап реттеушісін көрсетеді. Басқа мазмұн белсенді болса, Сұрақ-жауап қойындысы Мазмұн кезеңі қойындысының жанында жаңа қойынды ретінде көрінеді.

Сұрақ-жауап менеджерін тоқтатқанға дейін жиналыстың жылдам хабар алмасу мүмкіндігі автоматты түрде өшіріледі.

Q&A баяндамашысының скриншоты

  1. Сұрақ жіберілген кезде кез келген баяндамашы Жауап беру түймешігін басып, жауапты енгізе алады. Жауапты жариялау үшін пернетақтадағы Enter пернесін басыңыз.

Сұрақтың скриншоты

Сұрақ жіберілгенде мазмұнды таныстырып жатсаңыз, келген сұрақ санын көріп тұрасыз. Сұраққа жауап беру үшін Сұрақ-жауап қойындысын кез келген уақытта басыңыз, ал көрсетілімді жалғастыру үшін Мазмұн кезеңі қойындысына оралыңыз.

  1. Жауапты теруді бастағаннан кейін ойыңызды өзгертсеңіз, кейін жауап беру үішн Бас тарту түймешігін басыңыз немесе сұрақты басқа баяндамашыға беріңіз.

  2. Жауап берілмеген сұрақтарды сүзу үшін Жауап берілмеген қойындысын басыңыз.

  3. Сұрақ-жауап сеансының жазбасын сақтау үшін Басқаша сақтау түймешігін басып, сұрақтар мен жауаптарды компьютердегі файлға көшіріңіз.

Басқаша сақтау параметрінің скриншоты

  1. Сеанстың соңында Сұрақ-жауапты тоқтату түймешігін басыңыз. Lync бағдарламасы жылдам хабар алмасу мүмкіндігін қосуды сұраған кезде Жиналыстың жылдам хабар алмасу мүмкіндігіне рұқсат беру түймешігін немесе жылдам хабар алмасуды өшірулі қалдыру үшін хабарландырудағы X түймешігін басыңыз.

Сұрақ-жауап жабылған скриншоты

Сұрақ-жауап реттеушісін қатысушы ретінде пайдалану

Баяндамашы сұрақ-жауап сеансын ортақ пайдаланған кезде жиналыстың барлық қатысушылары сұрақтарды көріп, тағы сұрай алады. Жиналыс кезінде Сұрақ-жауап және Мазмұн кезеңі қойындылары арасында ауысуға болатындығын есте сақтаңыз.

  1. Сұрақ қою жолағына сұрақты енгізіңіз.

  2. Сұраққа жауап берілген кезде жауап сұрақтың астында пайда болады.

  3. Сұрақтарды ғана көргіңіз келсе, Mенін Сұрақтарым қойындысын басыңыз.

  4. Сұрақ-жауап жазбасын сақтау үшін Басқаша сақтау түймешігін басып, мәтінді компьютердегі файлға көшіріп қойыңыз.

Сұрақ-жауап скриншоты

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×