Lync Online бағдарламасында жиналыстарды жазу және қайта ойнату

Егер ұйымыңыз жазу мүмкіндігін қосқан болса, Microsoft Lync Online қатынастар бағдарламалық жасақтама сөйлесулерін не жиналыстарын жаза аласыз. Жазумен қатар, дыбысты, бейнені жедел хабарламаларды, бағдарламаларды ортақ пайдалануларды, Microsoft PowerPoint көрсетілімдерін, тақтаны және Lync Online сеансының сауал бөлімін жаза аласыз және оларды дәл Lync сөйлесуінде не жиналысында болғандай етіп қайта ойнатуға болады.

Lync жазуларын түгелдей не оның бөліктерін Windows медиа пішімінде сақтау арқылы жазуды өзгелер үшін қол жетімді ете аласыз. Бұл параметр ортақ пайдаланғыңыз келетін барлық жазылған мазмұнды бір Windows медиа бейнесіне біріктіреді. Әдепкі бойынша, бұл бейне компьютеріңізде сақталады, алайда оны желілік орналасуда не Microsoft SharePoint Server 2010 архив кітапханасында сақтау арқылы оны өзгелермен ортақ пайдалана аласыз.

Қандай әрекет орындауды қалайсыз?

Жазу қамтитын мазмұнды анықтау

Сөйлесуді не жиналысты жазу

Сөйлесуді не жиналысты кім жазып отырғанын қарау

Жазуды тоқатып, оны сақтау

Жазуды ойнату

Жазудың өзгелермен ортақ пайдаланғыңыз келетін нұсқасын құру

Жазу қамтитын мазмұнды анықтау

Lync сөйлесуінде не жиналысында болғанда, жазу басталмас бұрын жазу қамтитын мазмұн түрін таңдай аласыз. Lync сөйлесуі не жиналысы орындалып жатқанда, жиналыс не сөйлесу терезесінде Жазу параметрлері бөлімін ашу арқылы осы параметрлерді орната аласыз. Енгізілген өзгерістер тек ағымдағы сөйлесу не жиналыс үшін қолданылады. Келесі сөйлесулер мен жиналыстар үшін әдепкі параметрлер қолданылатын болады.

Ескерту : Егер жазудың жарияланатын Windows медиа нұсқасын құруды жоспарласаңыз, Lync сеансының түпнұсқасындағы белгілі бір мазмұнның өлшемі тым үлкен болса (мысалы, үлкен тақта, ұзақ жедел хабрлама (ЖХ) сеансы немесе қос компьютерді ортақ пайдалану), мазмұн бейненің соңғы нұсқасында дұрыс көрінбеуі мүмкін болуына назар аударыңыз. Сонымен қатар, жазудың жедел хабарлама бөліміндегі хабарламалар әдетте шектелген енге байланысты бейненің соңғы нұсқасында қысқартылады.

  1. Жиналыс не сөйлесу терезесінің мәзір жолағындағы Параметрлер түймешігін басыңыз. (Егер Параметрлер мәзірі көрінбесе, Қосымша параметрлер түймешігін, содан соң, Мәзір жолын көрсету түймешігін басыңыз.)

  2. Жазу параметрлері түймешігін басыңыз.

  3. Lync – Жазу параметрлері диалогтық терезесінде ағымдағы Lync жазуына қосылуын қалайтын мазмұн түрлерінің жанындағы ұяшықтарға құсбелгі қойыңыз. Егерағымдағы мазмұн түрі қол жетімді болмаса, ұйымыңыз бұл мазмұн түрін жазуға рұқсат етпеуі мүмкін.

  1. OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сөйлесуді не жиналысты жазу

Егер бетпе-бет Lync cөйлесуінде болсаңыз, әр қатысушы ұйымы рұқсат еткен бойда жазуды бастай аласыз. Қалыпты телефон қолданып отырған адаммен сөйлесуді жаза алмайтындығыңызға назар аударыңыз. Lync жиналысында болғанда, егер баяндамашы не жиналысты ұйымдастырып, бастайтын адам болсаңыз, жазуды бастай аласыз.

  1. Жазуды бастау үшін жиналыс не сөйлесу терезесінде келесі әрекетті орындаңыз:

    • Қосымша параметрлер түймешігін, содан соң, Жазуды бастау түймешігін басыңыз.

    • Мәзір жолында Әрекеттер түймешігін, содан соң, Жазуды бастау түймешігін басыңыз. (Егер Әрекеттер мәзірі көрінбесе,Қосымша параметрлер түймешігін, содан соң, Мәзір жолын көрсету түймешігін басыңыз.)

  2. Жиналыс жазылып жатқанда, жазуды тоқтата тұру, жалғастыру не тоқтату үшін терезенің төменгі жағындағы бақылауларды қолдана аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сөйлесуді не жиналысты кім жазып отырғанын қарау

Жиналыс жазылып жатқанда, Сіздің дауысыңыз жазылып жатыр, Өзгелердің дауысыңыз жазылып жатыр немесе Сіздің және өзгелердің дауысы жазылып жатыр хабарламалары сөйлесу не жиналыс терезесінің төменгі жағында пайда болады. Егер өзгелердің дауысы жазылып жатса, меңзерді хабарламаға бағыттап, жазу кімнің бастамасы екенін көре аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жазуды тоқатып, оны сақтау

Жазуды тоқтатылған кезде, Lync қызметі жазуды автоматты түрде сақтайды. Әдепкі бойынша, жазулар компьютердегі C:\Қолданушылар\<қолданушы аты>\Lync жазулары қалтасында сақталады. Сондай-ақ, Lync қызметі желідегі орналасудасақтау арқылы өзгелерге жариялауға болатын жазудың Windows медиа нұсқасын құру мүмкіндігін береді. Егер SharePoint Server 2010 не SharePoint Online қызметтері және қажетті рұқсаттарыңыз болса, жазуды Microsoft SharePoint aрхив кітапханасында сақтай аласыз.

Ескерту :  Егер жазудың жарияланатын Windows медиа нұсқасын құруды жоспарласаңыз, Lync сеансының түпнұсқасындағы белгілі бір мазмұнның өлшемі тым үлкен болса (мысалы, үлкен тақта, ұзақ жедел хабрлама (ЖХ) сеансы немесе қос компьютерді ортақ пайдалану), мазмұн бейненің соңғы нұсқасында дұрыс көрінбеуі мүмкін болуына назар аударыңыз. Сонымен қатар, жазудың жедел хабарлама бөліміндегі хабарламалар әдетте шектелген енге байланысты бейненің соңғы нұсқасында қысқартылады.

  1. Жиналыс не сөйлесу терезесінде келесі әрекетті орындаңыз:

    • Қосымша параметрлер түймешігін, содан соң, Жазуды тоқтату түймешігін басыңыз.

    • Мәзір жолында Әрекеттер пәрменін таңдап, Жазуды тоқтату түймешігін басыңз. (Егер Әрекеттер мәзірі көрсетілмесе, Қосымша параметрлер түймешігін, содан соң, Мәзір жолын көрсету түймешігін басыңыз.)

    • Сөйлесу не жиналыс терезесінің төменгі жағындағы Жазуды тоқтату түймешігін пайдаланыңыз.

  2. Жазуды тоқтату диалогтық терезесі пайда болады. Жазудың атын өзгерту үшін Жазу тақырыбы жолағының астындақажетті атты енгізіңіз.

  3. Жазудың Windows медиа нұсқасын құру үшін Жариялау жолағының астында Сондай-ақ, өзгелерге жарияланатын нұсқасын құру (.wmv) жолағының жанындағы ұяшыққа құсбелгі қойыңыз.

  4. Жарияланатын бейнеқамтитын мазмұн түрін таңдау үшін Параметрлер пәрменін басыңыз. Бейнедегі мазмұн жолағының астында қосқыңыз келетін мазмұн түрлерінің жанындағы ұяшықтарға құсбелгі қойыңыз. (Егер мазмұн түрі қол жетімді болмаса, ол бастапқыда Lync сеансына қосылмаған.) Содан соң, OK түймешігін басыңыз.

  5. Жазудың Windows медиа нұсқасы сақталатын орынды өзгерту үшін Сақтау жолағының астында келесі әрекетті орындаңыз:

    • Шолу түймешігін басып, бейнені сақтағыңыз келетін орынға нұсқаңыз.

    • Мәтін ұяшығына SharePoint Server 2010 архив кітапханасының URL мекенжайы секілді веб-мекенжай қойыңыз.

Ескерту :  Егер файлды SharePoint Server 2010 қызметіне кері жүктеуге қатысты қиындық туындаса, SharePoint әкімшісінен әдепкі максималды кері жүктеу өлшемін (әдепкі 50 MB) және кері жүктеуді күту параметрін ұлғайтуды сұраңыз.

  1. OK түймешігін басыңыз.

Ескерту : Жазуларды басқару не қайта ойнату үшін тікелей Microsoft Lync жазу басқарушысына өту үшін Жазуларды басқару түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жазуды ойнату

Жазылған жазуларды Lync жазу басқарушысын ашу арқылы ойната аласыз. Microsoft Lync жазу ойнатқышында ашылған жазуларды осы жерден көруге болады.

  1. Жазу басқарушысын келесі әрекеттердің бірін орындау арқылы ашуға болады:

  2. Қосымша парамтерлер түймешігін, содан соң, Жазуларды басқару түймешігін басыңыз.

    • Бастаутүймешігін басып, Барлық бағдарламалар пәрменін таңдаңыз да, Microsoft Lync жолағын басыңыз, содан соң, Microsoft Lync жазу басқарушысытүймешігін басыңыз.

    • Lync мәзір жолынан Әрекеттер пәрменін таңдап, Жазу басқарушысы түймешігін басыңыз. (Егер Әрекеттер мәзірі көрсетілмесе, Қосымша параметрлер түймешігін, содан соң, Мәзір жолын көрсету түймешігін басыңыз.)

  3. Жазу басқарушысында жазуды басып, Ойнату түймешігін басыңыз.

Егер өзге біреу жазудың Windows медиа нұсқасын жариялап, оны желіде не SharePoint торабында орналастырған болса, оны Windows Media Player бағдарламасында ойнату үшін аша аласыз. Ойнатудың жоғары дәрежеде жүзеге асуын болдыру үшін Windows медиа жазуын алдемен компьютеріңізде сақтап, оны компьюетрде сақталған орыннан ойнатыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жазудың өзгелермен ортақ пайдаланғыңыз келетін нұсқасын құру

Lync жазуларын түгелдей не оның бөліктерін Windows медиа пішімінде сақтау арқылы және ортақ пайдаланылатын желілік орналасуда не Microsoft SharePoint Server 2010 архив кітапханасында сақтау арқылы жазуды өзгелер үшін қол жетімді ете аласыз. Жазудың Windows медиа нұсқасын құрудың екі жолы бар: жазуды тоқтатып, сақтау кезінде автоматты түрде құра аласыз (егжей-тегжейлі ақпаратты мақаланың “Жазуды тоқтатып, оны сақтау” бөлімінен ала аласыз), немесе жазу басқарушысында құра аласыз (егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін Lync жазу басқаушысында жазуларды басқару бөлімін қараңыз).

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×